Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


 

Қазақстан Республикасы 



Ішкі істер министрінің 

2016 жылғы «____»______ 

№ ____ бұйрығымен 

бекітілген 

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу 



орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, 

педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының  

біліктілік сипаттамалары 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1. Осы  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  әскери, 



арнаулы  оқу  орындарында,  азаматтық  қызметшілердің  лауазымдарын 

қоспағанда,  педагог  жұмыскерлер  мен  оларға  теңестірілген  адамдар 

лауазымдарының  біліктілік  сипаттамалары  (бұдан  әрі  –  Біліктілік 

сипаттамалары)  «Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.  

2.  Біліктілік  сипаттамаларында  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ жоғары оқу  

орындары  мен  оқу  орталықтары)  педагог  жұмыскерлер  мен  оларға 

теңестірілген адамдар лауазымдарын алмастыратын қызметкерлердің (бұдан әрі 

–  ғылыми-педагогикалық  қызметкерлер)  лауазымдық  міндеттері  мен  кәсіби 

білімдеріне қойылатын талаптар қамтылған. 

3. Біліктілік сипаттамалары:  

құрылымдық бөліністер туралы, олардың  ІІМ жоғары оқу орындары мен 

оқу орталықтарындағы ролі мен орнын айқындайтын ережелер жасау;  

қызметкерлердің  міндеттерін,  құқықтары  мен  жауапкершілігін  бекітетін 

лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу;  

кадрларды іріктеу, орналастыру және жылжыту; 

аттестаттау кезінде негіз болып табылады.   

4.  Әрбір  лауазымның  біліктілік  сипаттамасы  «Лауазымдық  міндеттері» 

және «Білуі қажет» деген екі бөлімнен тұрады. 

«Лауазымдық  міндеттері»  деген  бөлім  қызметкерге  жүктелген  негізгі 

қызметтік функциялар мен міндеттерден тұрады.  

«Білуі  қажет»  деген  бөлім  қызметкердің  арнайы  біліміне,  сондай-ақ 

заңнамалық  және  нормативтік  құқықтық  актілерді,  ережелерді,  нұсқаулықтар 

мен  басқа  да  материалдарды  білуіне  қатысты  қойылатын  негізгі  талаптардан 

тұрады.   

5. Біліктілікке қойылатын талаптар (кәсіби даярлық денгейі және  жұмыс 

өтіліне  қойылатын  талаптар)  «Қазақстан  Республикасы  ішкі  істер  органдары 

лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрінің  2015  жылғы  5  мамырдағы  




 

№  432  бұйрығына  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу 



тізілімінде № 11357 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.  

 

 



2.  ІІМ жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық 

қызметкерлері лауазымдарының  біліктілік сипаттамалары 

 

1-параграф. Жоғары оқу орнының бастығы 

 

6. Лауазымдық міндеттері: жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) жалпы 

басшылықты  жүзеге  асырады.  ЖОО  мақсаты  мен  даму  стратегиясын 

анықтайды. ЖОО-ның оқу, ғылыми, қызметтік, қаржы қызметіне және  тылдық 

қамтамасыз  ету  қызметіне  басшылық  етеді.  ЖОО-ның  барлық  құрылымдық 

бөліністерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады. 

ЖОО-ның  барлық  бағыттар  бойынша  қызметінің  сапасы  мен  тиімділігін 

қамтамасыз етеді.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  бұйрықтар  шығарады.  ЖОО-ның  оқу 

жоспарларын, ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарларын бекітеді.  

ЖОО-ның  ведомстволық  білім  беру  және  ғылым  саласындағы 

халықаралық  ынтымақтастығын  ұйымдастыруды,  қолдауды  және  дамытуды 

қамтамасыз  етеді.  ЖОО-ның  оқу-тәрбие  және  ғылыми  қызметі  мәселелері 

бойынша ЖОО-ның басқа білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен өзара 

іс-қимыл  жасасуын  қамтамасыз  етеді.  ЖОО-ның  Қазақстан  Республикасы  ішкі 

істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) практикалық бөліністерімен және басқа да 

құқық  қорғау  органдарымен  оқу  және  ғылыми  қызмет  мәселелері  бойынша 

өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді.  

Мемлекеттік  мүліктің  сақталуын,  оның  тиімді  және  ұтымды 

пайдаланылуын  қамтамасыз етеді. ЖОО-ны тиісінше материалдық-техникалық 

қамтамасыз  етуге,  оның  ішінде  ЖОО-ның  қызметіне  инновацияларды  енгізу 

бойынша  шаралар  қабылдайды.  Бюджеттік  қаражатты  ұтымды  және  тиімді 

жұмсауды қамтамасыз етеді.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  қызметкерлерді  қабылдауды,  ауыстыруды 

және  қызметтен  шығаруды,  сондай-ақ  білім  алушыларды  қабылдауды, 

ауыстыруды  және  оқуға  қайта  қабылдауды  жүзеге  асырады.  Лауазымдарды 

білікті кадрлармен жасақтау, ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру 

бойынша  шаралар  қабылдайды.  ЖОО  қызметкерлерінің  салықтарды  және 

бюджетке  басқа  да  міндетті  төлемдерді  уақтылы,  толық  және  объективті 

декларациялауын  қамтамасыз  етеді.  Қызметкерлердің  еңбекақысын  уақтылы 

және толық төлеуді қамтамасыз етеді.  

Қолайлы  және  қауіпсіз  еңбек  жағдайын,  жұмыс  уақыты  мен  демалыс 

режимін,  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  талаптарының  сақталуын 

қамтамасыз  етеді.  ЖОО-да  құпиялылық  режимін  және  оның  сақталуын 

қамтамасыз  етеді.  ЖОО  қызметкерлерінің  қызметтік  тәртіп  пен  заңдылықты 



 

сақтауын  қамтамасыз  етеді.  ЖОО-да  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 



жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.  

Сотта,  сондай-ақ  басқа  да  мемлекеттік  органдарда,  ведомстволарда  және 

мекемелерде  ЖОО-ның  мүддесін  білдіреді.  Бұл  ретте  ЖОО-ның  атынан 

сенімхатсыз әрекет етеді. 

ІІМ-ге ЖОО-ның қызметі туралы есеп береді.  

7.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының Конституциясын,   Қазақстан 

Республикасының   кодекстерін, Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік 

құпиялар  туралы»,  «Білім  туралы»,  «Құқық  қорғау  қызметі  туралы», 

«Азаматтық  қорғау  туралы»,  «Ішкі  істер  органдары  туралы»,

 

  «Қазақстан 



Республикасының  Ұлттық  ұланы  туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-

қимыл  туралы»  заңдарын  (бұдан  әрі  –  Қазақстан  Республикасының  заңдары), 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №1118 

Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасын  және  жоғары  оқу  орнының  білім  беру,  ғылыми, 

шаруашылық,  қаржы-экономикалық  қызметін  регламенттейтін  басқа  да 

нормативтік  құқықтық  актілерді,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 

білімі  бар  мамандарды  даярлау  саласындағы  әдістемелік  материалдарды, 

жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  (қосымша  білім  беру) 

саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен  озық  

тәжірибелерін, еңбек заңнамасын білуі қажет. 

 

 



2-параграф. ЖОО бастығының орынбасары (көмекшісі) 

 

8. Лауазымдық міндеттері: ЖОО қызметінің жекеленген бағытына жалпы 

басшылықты  жүзеге  асырады.  Жетекшілік  ететін  бағыт  бойынша  ЖОО-ның 

даму стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады.  

Тиісті 

құрылымдық 



бөліністердің 

қызметін 

ағымдағы 

және 


перспективалық  жоспарлауды  қамтамасыз  етеді.  Берілген  өкілеттіктер  шегінде 

ЖОО-ның  тиісті  бағыты  бойынша  бағдарламаларды,  жоспарларды  және  басқа 

да  құжаттарды  дайындауды  және  олардың  орындалуын  қамтамасыз  етеді. 

Жетекшілік  ететін  бағыт  бойынша  ЖОО  мен  оның  құрылымдық  бөліністері 

қызметінің  сапасын,  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  Жетекшілік  ететін  бағыт 

бойынша ЖОО-ның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 

Берілген өкілеттіктер шегінде жетекшілік ететін қызмет бағыты бойынша 

ЖОО-ның 


және 

оның 


құрылымдық 

бөліністерінің 

халықаралық 

ынтымақтастығын  ұйымдастыруды,  қолдауды  және  дамытуды  қамтамасыз 

етеді.  Жетекшілік  ететін  қызмет  бағыты  бойынша  басқа  білім  беру 

ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен, ІІО-ның практикалық бөліністерімен және 

басқа  да  құқық  қорғау  органдарымен  өзара  іс-қимыл  жасасуды  қамтамасыз 

етеді. 


ЖОО-ның  сеніп  тапсырылған  бөліністерінде  мемлекеттік  мүліктің 

сақталуын,  оның  тиімді  және  ұтымды  пайдаланылуын  қамтамасыз  етеді. 




жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау