Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

20 

 

Ғылыми-практикалық,  ғылыми-теориялық  конференциялар,  семинарлар, 



дөңгелек  үстелдер  мен  ғылыми  және  педагогикалық  қызмет  саласында 

кафедраның басқа да іс-шараларын ұйымдастырып, өткізуге қатысады. 

Кафедра  қызметкерлеріне  педагогикалық  шеберлік  пен  кәсіби 

дағдыларды  меңгеруде  қажетті  әдістемелік  көмек  көрсетеді.  Кафедрадағы 

ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға жетекшілік етеді.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедрадағы  тәрбие  жұмысының 

орындалуын үйлестіреді. 

Кафедраға  бекітілген  білім  алушылардың    практикасының  барлық  түрін 

ұйымдастырады  және  жетекшілік  етеді.  Бекітілген  пәндер  бойынша  білім 

алушылардың білімін бақылаудың барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді.  

Кафедраның,  факультеттің,  білім  беру  ұйымының  халықаралық 

ынтымақтастығын  ұйымдастыруға,  қолдауға  және  дамытуға  қатысады. 

Кафедраның  басқа  да  білім  беру  ұйымдарының  ұқсас  құрылымдарымен, 

сондай-ақ  ІІО-ның  практикалық  бөліністерімен    және  басқа  да  құқық  қорғау 

органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді. 

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедрадағы  мемлекеттік  мүліктің 



сақталуын,  оның  тиімді  және  ұтымды  пайдаланылуын  қамтамасыз  етеді. 

Кафедра қызметіне инновациялар енгізуге ықпалын тигізеді. 

 

Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру жұмысына қатысады. 



Жұмыс  уақытының  режимін,  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы 

талаптарын сақтайды. Құпиялылық режимін, қызметтік тәртіп пен заңдылықты 

сақтайды.  Кафедрада  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жасау  жөніндегі 

жұмысқа қатысады. 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  жетекшілік  ететін  бағыт  (бағыттар) 

бойынша  кафедра  қызметінің  сапасы  мен  тиімділігін  қамтамасыз  етеді. 

Кафедра қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 

 

Кафедра бастығына жетекшілік ететін бағыт (бағыттар) бойынша кафедра 



қызметі туралы есеп береді. 

35.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерді,  оқу 

жоспарларын  әзірлеу  тәртібін,  әдістемелік,  ғылыми-әдістемелік,  ғылыми-

зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарттарын,  жетекшілік  ететін  пәндер  бойынша  білім  саласындағы  қазіргі 

жағдайды,  оқу  ісі  бойынша  құжаттама  жүргізу  қағидаларын,  педагогиканы, 

физиологияны,  психологияны,  кәсіби  оқыту  әдістемесін,  білім  алушыларды 

оқыту  мен  тәрбиелеудің  қазіргі  заманғы  нысандары  мен  әдістерін,  қауіпсіздік 

және өртке қарсы қорғау техникасын білуі қажет. 

 

 



 

 

 




21 

 

16-параграф. Доцент 

 

36. Лауазымдық міндеттері: жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу, оқу-



әдістемелік  және  ғылыми-зерттеу  жұмысын  жоспарлауды,  ұйымдастыруды 

және  бақылауды  жүзеге  асырады.  Кафедраның  даму  стратегиясын  әзірлеуге 

және іске асыруға қатысады. 

Оқу  жылына  жеке  жұмыс  жоспарын  және  оны  орындау  туралы  есепті 

жасайды.  Бекітілген  пәндер  бойынша  кафедраның  бағдарламаларын, 

жоспарларын,  оқу-әдістемелік,  ғылыми-әдістемелік  құжаттарын  үйлестіреді, 

оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. 

Оқу  сабақтарының  барлық  түрлерін  өткізеді,  курстық  және  диплом 

жұмысына  (жобаларға),  магистранттардың  және  PhD  докторанттардың 

ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік етеді. 

Кафедраға  бекітілген  пәндер  бойынша  оқулықтар,  оқу  және  оқу-

әдістемелік  құралдар  дайындау  қызметін  үйлестіреді  және  дайындауға 

қатысады. 

Кафедрадағы 

ғылыми-зерттеу 

жұмысын 


үйлестіреді. 

Ғылыми 


зерттеулерді  жүзеге  асырады.  Кафедрада  білім  алушылардың  ғылыми-зерттеу 

жұмысына,  оның  ішінде  ғылыми  үйірмелер  мен  секциялар  қызметіне 

жетекшілік етеді. Берілген өкілеттіктер шегінде кафедра қызметкерлерінің және 

білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялауға ықпал етеді. 

Ғылыми-практикалық, 

ғылыми-теориялық, 

ғылыми-әдістемелік 

конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кафедраның ғылыми және 

педагогикалық  қызмет  саласындағы  басқа  да  іс-шараларын  ұйымдастыруға 

және өткізуге қатысады. 

Кафедра  қызметкерлеріне  педагогикалық  шеберлік  пен  кәсіби 

дағдыларды  меңгеруде  қажетті  әдістемелік  көмек  көрсетеді.  Кафедрада 

ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға қатысады. 

Берілген өкілеттіктер шегінде білім алушылармен тәрбие жұмысын, оның 

ішінде кураторлық жұмысты жүзеге асырады. 

Кафедраға  бекітілген  білім  алушылардың    практикасының  барлық  түрін 

ұйымдастырады  және  жетекшілік  етеді.  Бекітілген  пәндер  бойынша  білім 

алушылардың  білімдерін  бақылаудың  барлық  түрлерін  өткізуді  қамтамасыз 

етеді. 

Кафедраның,  факультеттің,  білім  беру  ұйымының  халықаралық 



ынтымақтастығын  ұйымдастыруға,  қолдауға  және  дамытуға  қатысады. 

Кафедраның  басқа  да  білім  ұйымдарының  ұқсас  құрылымдарымен,  сондай-ақ 

ІІО-ның пратикалық бөліністерімен  және басқа да құқық қорғау органдарымен 

өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді және қатысады. 

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедрадағы  мемлекеттік  мүліктің 



сақталуын,  оның  тиімді  және  ұтымды  пайдаланылуын  қамтамасыз  етеді. 

Кафедра қызметіне инновациялар енгізуге ықпал етеді. 

 

Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру жұмысына қатысады. 




жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау