18
14-параграф. Кафедра бастығының орынбасары
32. Лауазымдық міндеттері: кафедра бастығымен бірлесіп кафедры
қызметіне тікелей басшылық етуді жүзеге асырады. Кафедраның даму
стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады. Жетекшілік ететін
бағыт (бағыттар) бойынша кафедра қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді және
бақылауды жүзеге асырады.
Жетекшілік
ететін
бағыт
(бағыттар)
бойынша
кафедраның
бағдарламаларын, жоспарларын, басқа да оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік
құжаттарын әзірлеуді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізеді, курстық және диплом
жұмысына (жобаларға), магистранттардың және PhD докторанттардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік етуді
жүзеге асырады.
Кафедраның қызметкерлері өткізетін оқу сабақтарының сапасын
бақылауды жүзеге асырады.
Берілген өкілеттіктер шегінде кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысын
ұйымдастырады. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады. Кафедра білім
алушыларының ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуін, оның ішінде ғылыми
үйірмелер мен секциялардың қызметін қамтамасыз етеді. Берілген өкілеттіктер
шегінде кафедра қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жариялауға ықпал етеді.
Кафедра бастығымен бірлесіп, ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кафедраның ғылыми және
педагогикалық қызмет саласындағы басқа да іс-шараларын ұйымдастырады
және өткізеді.
Берілген өкілеттіктер шегінде кафедрада тәрбие жұмысын орындауды
ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Кафедраға бекітілген білім алушылардың практикасының барлық түріне
жетекшілік етеді. Кафедра пәндері бойынша білім алушылардың білімін
бақылаудың барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді.
Кафедра бастығымен бірлесіп, кафедраның, факультеттің, білім беру
ұйымының халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыруды, қолдауды және
дамыту қамтамасыз етеді. Кафедраның басқа да білім ұйымдарының ұқсас
құрылымдарымен, сондай-ақ білім беру ұйымының пратикалық бөліністерімен
және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын
қамтамасыз етеді.
Кафедра бастығымен бірлесіп, кафедрадағы мемлекеттік мүліктің
сақталуын, оның тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Берілген өкілеттіктер шегінде кафедраны тиісінше материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, кафедраның қызметіне инновациялар енгізу бойынша шаралар
қабылдайды.
Кафедра бастығымен бірлесіп, кафедраның лауазымдарын білікті
кадрлармен жасақтау, кафедра қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру
19
бойынша шаралар қабылдайды. Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру
жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады.
Кафедра бастығымен бірлесіп, кафедрада қолайлы және қауіпсіз еңбек
жағдайларын, жұмыс уақыты режимін, еңбек және қауіпсіздік техникасы
талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Құпиялылық режимін және оның
кафедрада сақталуын, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен
заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді. Кафедра бастығымен бірлесіп,
кафедрада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты
ұйымдастырады және жүргізеді.
Жетекшілік ететін бағыт (бағыттар) бойынша кафедра қызметінің сапасы
мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Кафедра қызметін жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізеді.
Кафедра бастығына жетекшілік ететін бағыт (бағыттар) бойынша кафедра
қызметі туралы есеп береді.
33. Мыналарды: Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жұмыс істеу және даму
мәселелерін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, тиісті мамандықтар мен
мамандандыру бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және
бекіту тәртібін, оқу ісі бойынша құжаттама жүргізу қағидаларын,
педагогиканы, физиологияны, психологияны, кәсіби оқыту әдістемесін, білім
алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін,
экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, қауіпсіздік және өртке қарсы
қорғау техникасын білуі қажет.
15-параграф. Профессор
34. Лауазымдық міндеттері: Кафедра қызметінің жеке бағытын
(бағыттарын) үйлестіруді жүзеге асырады. Кафедраның даму стратегиясын
әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Оқу жылына жеке жұмыс жоспарын және оны орындау туралы есеп
жасайды. Жетекшілік ететін бағыт (бағыттар) бойынша кафедраның
бағдарламаларын,
жоспарларын,
оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік
құжаттарын үйлестіреді және оларды әзірлеуге, іске асыруға қатысады.
Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізеді, курстық және диплом
жұмысына (жобаларға), магистранттардың және PhD докторанттардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілікті жүзеге
асырады.
Кафедрадағы
ғылыми-зерттеу
жұмысын
үйлестіреді.
Ғылыми
зерттеулерді жүзеге асырады. Кафедра білім алушыларының ғылыми-зерттеу
жұмысына, оның ішінде ғылыми үйірмелер мен секцияларға жетекшілік етеді.
Берілген өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің және білім алушылардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялауға ықпал етеді.