Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

10 

 

да  оқу  және  ғылыми  іс-шараларын  ұйымдастыруға  және  оларды  өткізуге 



қатысады. 

Тиісті  бөліністің  оқытушы-әдіскерлеріне  кәсіби  дағдыларды  меңгеруге 

қажетті көмек көрсетеді. 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  білім  алушымен  тәрбие  жұмысын,  оның 

ішінде жетекшілік ету жұмысын жүзеге асырады. 

Білім алушылардың практикасының барлық түрін ұйымдастырады. Білім 

алушылардың білімдерін бақылаудың барлық түрлеріне қатысады.  

 

Тиісті  бөліністің,  білім  беру  ұйымының  халықаралық  ынтымақтастығын 



ұйымдастыруға,  қолдауға  және  дамытуға  қатысады.  Тиісті  бөліністің  басқа 

білім беру ұйымдарының ұқсас құрылымдық бөліністерімен, сондай-ақ ІІО-ның 

практикалық бөліністерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-

қимыл жасасуы жөніндегі жұмысқа қатысады. 

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  тиісті  бөліністегі  мемлекеттік  мүлікті 



сақтау,  оны  тиімді  және  ұтымды  пайдалану  бойынша  шаралар  қабылдайды. 

Тиісті бөліністің қызметіне инновацияларды енгізуге ықпал етеді. 

 

Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру жұмысына қатысады. 



Жұмыс  уақытының  режимін,  еңбек  және  қауіпсіздік  техникасы  

талаптарын сақтайды. Құпиялылық режимін, қызметтік тәртіп пен заңдылықты 

сақтайды.  Тиісті  бөліністе  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жасасу 

жөніндегі жұмысқа қатысады. 

Тиісті бөліністің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 

 

Тиісті бөліністің басшылығына кәсіби қызмет туралы есеп береді. 



19.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйелерінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім  берудің 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарын,  оқу  жоспарларын,  оқу-

әдістемелік құжаттарды жасау тәртібін, оқу ісі жөніндегі құжаттаманы жүргізу 

қағидаларын білуі қажет. 

 

 

8-параграф. Оқытушы-әдіскер 



 

20.  Лауазымдық  міндеттері:  тиісті  бөліністе  оқу  және  оқу-әдістемелік 

жұмыс жүргізеді.  Тиісті бөліністің даму стратегиясын әзірлеуге және  оны  іске 

асыруға қатысады.  

Оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспарын және оны орындау туралы 

есеп  жасайды.  Тиісті  бөліністің  бағдарламаларын,  жоспарларын,  оқу-

әдістемелік,  ғылыми-әдістемелік  құжаттарын  әзірлейді  және  оларды  іске 

асырады.  

Тиісті  бөліністің  ғылыми-практикалық,  ғылыми-теориялық,  ғылыми-

әдістемелік конференцияларын, семинарларын, дөңгелек үстелдерін және басқа 

да  оқу  және  ғылыми  іс-шараларын  ұйымдастыруға  және  оларды  өткізуге 

қатысады. 




11 

 

Берілген өкілеттіктер шегінде білім алушылармен тәрбие жұмысын, оның 



ішінде жетекшілік ету жұмысын жүзеге асырады. 

Білім алушылардың  практикасының барлық түрін ұйымдастырады. Білім 

алушылардың білімдерін бақылаудың барлық түрлеріне қатысады.  

 

Тиісті  бөліністің,  білім  беру  ұйымының  халықаралық  ынтымақтастығын 



ұйымдастыруға,  қолдауға  және  дамытуға  қатысады.  Тиісті  бөліністің  басқа 

білім беру ұйымдарының ұқсас құрылымдық бөліністерімен, сондай-ақ ІІО-ның 

практикалық бөліністерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-

қимыл жасасу жөніндегі жұмысқа қатысады. 

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  тиісті  бөліністегі  мемлекеттік  мүлікті 



сақтау,  оны  тиімді  және  ұтымды  пайдалану  бойынша  шаралар  қабылдайды. 

Тиісті бөліністің қызметіне инновацияларды енгізуге ықпал етеді.  

 

Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру жұмысына қатысады. 



Жұмыс  уақытының  режимін,  еңбек  және  қауіпсіздік  техникасын  

талаптарын сақтайды. Құпиялылық режимін, қызметтік тәртіп пен заңдылықты 

сақтайды.  Тиісті  бөліністе  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жасасу 

жөніндегі жұмысқа қатысады. 

Тиісті бөліністің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.  

 

Тиісті бөлініс басшылығына кәсіби қызмет туралы есеп береді. 



21.    Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйелерінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім  берудің 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарын,  оқу  жоспарларын,  оқу-

әдістемелік құжаттарды жасау тәртібін, оқу ісі жөніндегі құжаттаманы жүргізу 

қағидаларын білуі қажет. 



 

 

9-параграф. Бөлім (орталық, зертхана) бастығы 

 

22.  Лауазымдық  міндеттері:  бөлімге  (орталыққа,  зертханаға)  тікелей 

басшылықты  жүзеге  асырады.  Бөлімнің  (орталықтың,  зертхананың)  даму 

стратегиясын  әзірлеуді  және  оны  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді.  Бөлімнің 

(орталықтың,  зертхананың)  қызметін  ұйымдастыруды,  үйлестіруді  және 

бақылауды  жүзеге  асырады.  Бөлім  (орталық,  зертхана)  қызметкерлерінің 

арасында міндеттерді бөледі.  

 

Бөлімнің 



(орталықтың, 

зертхананың) 

қызметін 

жоспарлауды 

ұйымдастырады.  Берілген  өкілеттіктер  шегінде  бөлімнің  (орталықтың, 

зертхананың)  бағдарламаларын,  жоспарларын  және  басқа  да  құжаттарын 

дайындауды  және  оларды  орындауды  қамтамасыз  етеді.  Бөлім  (орталық, 

зертхана)  қызметінің  сапасын  тиімді  және  сапалы  болуын  қамтамасыз  етеді. 

Бөлімнің  (орталықтың,  зертхананың)  жұмысын  жетілдіру  бойынша  ұсыныс 

енгізеді.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  ЖОО-ның  немесе  құрылымына  бөлім 

(орталық,  зертхана)  кіретін  институттың  халықаралық  ынтымақтастығын 




жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау