Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму


Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қатысу



жүктеу 454,88 Kb.
бет4/7
Дата20.05.2018
өлшемі454,88 Kb.
#14652
1   2   3   4   5   6   7

8. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қатысу




27. Келісімшарт қолданылу мерзімі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға _____________мөлшерінде (тендерге қатысу үшін ұсынылған конкурстық ұсыныста немесе тiкелей келiссөздер хаттамасында көрсетiлген, не аукцион өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мөлшерден төмен болмайтын соманы көрсету) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес «Жер қойнауын пайдаланушы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдар» 206114 бюджетті сыныптама кодына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органның бюджетіне жыл сайынғы аударымдарды жүргізеді.


28. Жер қойнауын пайдаланушы Заңның 76 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндеттенеді.

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қазақстандық өндірушілері болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.

Осы тармақтың ережелері келісімшарттардың мынадай:

кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды.

9. Салық салу


  1. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын мемлекеттiң салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.

  2. Қол қойылатын бонустың түпклікті мөлшері ________ (сомасы көрсетілсін).

  3. Келiсiмшартты жасасу кезiнде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгiленген сомасының елу пайызын 20__ жылғы «___»__________ №___ төлем тапсырмасы бойынша төледi.

32. Қол қойылатын бонустың мөлшердегi қалған ______ (сомасы көрсетiлсiн) елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлейдi.


10. Коммерциялық табу

33. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.



34. Құзыретті орган хабарламаны алғаннан кейінгі бір ай мерзімде, ал облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы хабарламаны алғаннан кейінгі жұмыстық он бес күнішінде бағалау жұмыстары кезегіне өтуге рұқсат береді. Бағалау жұмыстар кезегіне өту барысында келісімшарттың жұмыс бағдарламасына міндетті түрде өзгеріс енгізіледі.

35. Табуды растау мен оны бағалау мерзімін құзыретті орган жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша құзыретті органның тұжырымдамасы бойынша белгілейді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.

36. Жер қойнауын пайдаланушы бағалау жұмыстары кезеңіне өту кезінде Заңға сәйкес, бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді. Бағалау жұмыстарында тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы қосылуы мүмкін.

37. Коммерциялық табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының конкурс жүргізбестен тікелей келіссөздер негізінде өндіруге келісімшарт жасасуға ерекше құқығы болады.





жүктеу 454,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау