Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 258,44 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі258,44 Kb.
#9542


ҚAutoShape 47
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері

комитеті төрағасының

2017 жылғы _________

№ __ бұйрығына

3-қосымша




азақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

2015 жылғы «_____»_____

№ ____ бұйрығының

34-қосымшасы


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекетті
к нормативтер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ




Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАРЫ ҮШІН ТҰРҒЫНЖАЙ

ЖИЛИЩЕ ДЛЯ СОЦИАЛЬНО УЯЗВИМЫХ СЛОЕВ НАСЕЛЕНИЯ





ҚР ҚН 3.02-03-2017
CН РК 3.02-03-2017







Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

МАЗМҰНЫ



1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

3. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

4. МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары

4.2 Функционалдық талаптар

5. ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ (ТҰТЫНУШЫЛЫҚ) САПАЛАРЫ

6. ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ САПАЛАРЫН СИПАТТАЙТЫН ТАЛАПТАР МЕН ПАРАМЕТРЛЕР

7. ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

8. ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

9. ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША (міндетті) Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй үй-жайлары алаңдарының төменгі шектері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК БАСПАНА




1

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ





1.1 Осы құрылыс нормалары тұрғын үй заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға құқығы бар мұқтаж азаматтарға жалға берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін (бұдан әрі – әлеуметтік тұрғын үй) тұрғын ғимараттарды (пәтер үлгісіндегі тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қарттар және/немесе мүгедектерге арналған қызмет көрсетуі бар Арнайы тұрғын үйлерді, арнаулы пәтерлерді) жобалауға қолданылады.

1.2 Нормалар биіктігі 25 жерүсті қабатқа дейінгі тұрғын ғимараттарды жобалауға қолданылады.

1.3 Осы құрылыс нормаларының ережелері Қазақстан Республикасы аумағында, меншік және бағыныштылық формаларынан тәуелсіз, шетелдік қатысумен қоса алғандағы, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қолдануы үшін міндетті.

1.4 Осы құрылыс нормалары жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер мен жатақханаларды, «Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар. Жалпы техникалық шарттар» МЕМСТ 22853, «Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар, Сыныптама. Терминдер мен анықтамалар» МЕМСТ 25957 бойынша жүргізілетін құрылыс салу мұқтажына арналған шағын (инвентарлық) ғимараттарды, қысқа мерзімге тұруға арналған ғимараттарды (мотельдер, пансионаттар, қонақ үйлер), сонымен қатар мүгедектер мен қарттарға арналған интернаттар мен пансионаттар үйлерін және басқа медициналық-әлеуметтік мекемелерді жобалауға қолданылмайды.



2

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР





Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар керек:

«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі «бұдан әрі – Кодекс);



«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (бұдан әрі - ЭҚҚ) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген);

Ғимараттарды автоматты өрт дабылымен және өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен қорғауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылын жабдықтау жөніндегі техникалық регламент);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген).



3

ТЕРМИНдер мен анықтамалар





Осы құрылыс нормаларында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1  арнайы пәтер – халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтардың (қарттар мен мүгедектердің) өмір сүруінің ерекше өзгешіліктерін ескере отырып жобаланған пәтер;

3.2  балкон – ғимарат қасбетінің қабырғасының жазықтығынан толығымен сыртқа шығарып тұратын қоршалған алаң. Әдетте, балкон жеке алынған пәтердің бөлігі болып табылады, бірақ ортақ қолдануға арналған ғимараттың бөлігі де бола алады;

3.3 дәліз – сыртқа тікелей шығысы бар, жанастыра салынған (жанастыра-жапсарлас салынған) жылтылмайтын (әдетте – әйнектелген) үй-жай. Әдетте, дәліз жеке алынған пәтерге жалғанып салынады;

3.4  дәліздік (галереялық) үлгідегі тұрғын ғимарат – тұрғын үй-жайлардың (пәтерлерінің) ортақ дәліз (ортақ галерея) арқылы сыртқа немесе екі және одан да көп баспалдақ торларына шығысы бар ғимарат;  

3.5  денесі әлсіреген тұлғалар (денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар) – сау адамдарға жасалған сәулеттік ортада қимылдау мен өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде денсаулық жағдайына байланысты денесі қиындықтар шегетін тұлғалар (қарттар, әртүрлі нозологиялық топтардың мүгедектері, ауруы асқынған науқастар, жарақат алғандар, жүкті әйелдер, қолдарында немесе арбада балалары бар ересектер);



3.6 жаздық үй-жайлар – төмендетілген коэффициенттері бар пәтердің (тұрғын үйдің) жалпы ауданына кіретін балкондар, лоджиялар;

3.7  жертөле қабаты – еден белгісі жоспарланған жер белгісінен онда орналасқан үй-жайлардың биіктігінің жартысына қарағанда төмен қабат;

3.8  жерүсті қабаты – үй-жайдың еден белгісі жоспарланған жер белгісінен төмен болмайтын қабат;

3.9  жанастыра-жапсарлас салынған үй-жайлар – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған және оның бөліктеріне жапсарлас салынған үй-жайлар;

3.10 қызмет көрсетуі бар арнайы тұрғын үй (арнайы тұрғын үй) – медициналық, тұрмыстық және арнайы қызмет көрсетуге мұқтаж жалғыз басты мүгедектердің (соқыр, немесе қимыл-тіреу аппараттары бұзылған, соның ішінде кресло-арбамен қимылдайтындары да, тағы сол сияқтылар) немесе олардың отбасыларының және қарт жалғыз басты адамдар мен олардың отбасыларының ұдайы тұруына қызмет ететін пәтер үлгідегі арнайы тұрғын ғимарат;

3.11 мансардтық қабат – қасбеті толығымен немесе бөлініп көлбеу немесе бүгілген шатыр бетінен (беттерінен) құралған шатырда орналасқан қабат; бұл жағдайда шатыр мен қасбет жазықтығы қиылысу сызығының биіктігі мансардтық қабаттың еден деңгейінен 1,5 м артық болмауы қажет;

3.12 мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй – үнемі тұруға арналған және бекітілген техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа міндетті талаптарға жауап беретін, тұрғын заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға құқығы бар мұқтаж азаматтарға мемлекеттік тұрғын қордан берілетін тұрғын үй;

3.13 ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі);

3.14  санитариялық торап (санторап) – қолжуғышпен, унитазбен, ваннамен және/немесе душпен жабдықталған үй-жай. Санторап жеке болуы, біріктірілген де болуы мүмкін;

3.15  тамбур – ғимаратқа, баспалдақ торына немесе басқа үй-жайларға кіруде суық ауаның, түтіннің және иістің енуінен қорғайтын есіктер арасындағы өтпелі кеңістік;

3.16  терраса (тұрғын ғимараттарға қолданылатын) – ғимаратта жанастыра салынған, сүйенішпен (парапетпен, сәнді тормен, тіреу қабырғасымен, жасыл көшеттермен және сондай тағы сол сияқтылар) қоршалған және дайындалған топырақта, арнайы тақтада немесе төмен орналасқан қабаттың пайдалануға берілетін жабынында орналасқан ашық жазғы алаңқай. Терраса, әдетте, бір немесе бірнеше пәтердің (тұрғын үйдің) бөлігі болып табылады және демалуға арналған, төбесі (қалқа, тент, пергола ж.с.с.) болуы мүмкін;

3.17  техникалық қабат – инженерлік жабдықтар орналастыруға және коммуникациялар жүргізуге арналған қабат, төменгі (техникалық еденастында) және/немесе жоғарғы (техникалық шатырда) қабаттарда орналасуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда орташа жерасты қабаттарының бірін алуы мүмкін;

3.18  үлгілік тұтынушылық сапалардың тұрғын үй-жайы – тұруға қатысты бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап беретін, сол елді мекеннің жағдайына қолданбалы тұрмысқа ыңғайлы тұрғын үй-жай;

3.19  тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);

3.20 тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

3.21 тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;

3.22 тұрғын үйдегі кедергісіз орта – сипаттары мен байланыс жолдарының габариттері ерекше қиындықсыз және көмексіз әрекет ете алмайтын, қимылдау қасиеттері бұзылған (балдақ, таяқ, протез, мүгедек арбаларын тағы сол сияқтыларды пайдаланатын), дене бітімі әлсіреген тұлғалардың талаптарына сәйкес келетін пәтерлер, тұрғын ғимараттар;

3.23 тұрғын үйлерге қойылатын функционалдық (тұтынушылық) талаптар – тұру қауіпсіздігінің, энергияны тұтынудың, тұрудың санитариялық-гигиеналық және әлеуметтік-функционалдық ыңғайлылығының деңгейін анықтайтын тұрғын үй-жайлардың, тұрғын үйлердің, олардың орналасуының сипаттамалары мен параметрлері;

3.24  шатырасты – жабын (шатыржабын) мен жоғарғы қабаттың арақабырғасы арасындағы кеңістік;

3.25  цокольдық қабат – жоспарланған жер белгісінен төмен, жер асты биіктігі үй-жайдың биіктігінің жартысынан аспайтын төменгі қабат;



4

мақсатТАР және функционалдық талаптары





4.1  Нормативтік талаптардың мақсаттары




Осы құрылыс нормаларының мақсатына функционалдық талаптарды, сондай-ақ әлеуметті тұрғын үйдің, оның ішінде арнайы тұрғын үйлердің де, үйді жобалау және салу, жалдау, бірінші рет бөлу, сондай-ақ орналастыру мен есепке алу кезінде есепке алынатын тұтынушылық сапаларын сипаттайтын нормаланған объектінің параметрлерінің ең төменгі көрсеткіштері түрінде жұмыс сипаттамасына қойылатын талаптарды белгілеу болып табылады.




4.2   Функционалдық талаптар




Мемлекеттік тұрғын үйлерге қойылатын функционалдық (тұтынушылық) талаптар осы талаптарға сай келетін тұрғын объектілердің қауіпсіз өмір сүру жағдайын, энергияны үнемдеп шығындауды, психологиялық жайлылықты, қызметтің барлық қажетті түрлерін артық шығын, қимыл мен күтуге көп күш пен уақыт кетірмей орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін параметрлерін анықтайды.

5

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ (ТҰТЫНУШЫЛЫҚ) САПАЛАРЫ





5.1  Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үйді (әлеуметтік тұрғын үй) жобалауды тұрғын үйлердің әлеуметтік-тұтынушылық сапаларының, сондай-ақ тұрғын және пайдалы алаңның нормаланған төменгі шектерінің, тұрғын үйдің жайлылық деңгейінің есебінен жүзеге асыру керек.

Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үйдегі үй-жайлар алаңының төменгі шектері осы құрылыс нормаларының қосымшасында келтірілген.

Тұрғын, пайдалы және жалпы алаңдардың, сондай-ақ тұрмысқа жайлылық және инженерлік қамтамасыз ету деңгейлерінің жоғарғы шектері жобалау тапсырмасымен белгіленеді.

5.2 Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттарымен анықталатын мақсаттарға сәйкес келуі тиіс.

5.3 Әлеуметтік қолданудың тұрғын үй-жайлары орналасатын тұрғын ортаның сипаттамалары тұрғын үйге және қоғамдық ғимараттарға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 443) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4 Әлеуметтік тұрғын үйдің үй-жайларын функционалдық аймақтарға бөлу, олардың алаңдары, сәулет-жоспарлау және конструктивтік шешімдері, конструкция және әрлеу материалдары, инженерлік жабдықтың жүйелері мен түрлері сәулет-жоспарлау және техникалық өлшемдерге сәйкес келуі керек.

5.5 Тұрғын ғимараттардың сыныптамасына сәйкес тұрғын үй-жайлардың үлгілік тұтынушылық сапалары бар әлеуметтік тұрғын үйге сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жайлылық деңгейі бойынша ІІІ және ІV сыныбына жататын ортақ үлгідегі тұрғын үйлер, бір пәтерлі немесе көп пәтерлі тұрғын үйлер жатады.

5.6 Әлеуметтік тұрғын үйді онда бір отбасының тұру жағдайларын негізге ала отырып жобалау керек.

5.7 Әлеуметтік тұрғын үйдің түрі, оның қабаттылығы әрбір нақты жағдай бойынша «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қала құрылысы құжаттамасымен анықталады.

5.8 Сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтарда әлеуметтік тұрғын үйді жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

5.9 Әлеуметтік тұрғын үйді жобалау және салу кезінде құрылыс салынатын учаскенің радон қауіптілігінің деңгейін, техногенді радиобелсенді ластанудың және құрылыс материалдарының табиғи радиобелсенділігінің бар екендігін есепке алу керек. Бұл ретте радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарын сақтау керек.

5.10  Тұрғын үйге қойылатын экологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін құрылыста қолдануға рұқсат берілген құрылыс және әрлеу материалдарын пайдалану керек.

5.11 Арнайы тұрғын үйлерде тұрғын ортаны жобалау кезінде әртүрлі аурулары бар адамдардың (соқыр, қимыл-тірек аппараттары бұзылған, оның ішінде кресло-арбамен қимылдайтындары және тағы сол сияқтылар), сондай-ақ медициналық, тұрмыстық және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдардың өмір сүру шектеулерінің ерекшелігін ескеру керек.

5.12 Әрбір арнайы пәтер арбадағы мүгедектің тұру (ұдайы немесе уақытша) мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Ол үшін:

арбадағы мүгедектің функционалдық аймақтарының есебімен пәтер үй-жайының габариттерін және эвакуация жолдарын белгілеу;

арбадағы мүгедектер мен егде жастағы адамдарға арналған үй-жайларды арнайы жабдықтармен (қолтірегіш және тағы сол сияқтылар) жабдықтау;

пәтерде арбадағы мүгедектің тұру мүмкіндігін ескере отырып, дәретханалардың, ванналардың, ас үйлердің санитариялық жабдықтары мен өзге үй-жайлардың жабдықтарын қарастыру керек.

5.13 Мүгедектерге арналған әлеуметтік тұрғын үй тұрғын үйі кедергісіз тұрғын орта қалыптастыру қағидатын ескере отырып, жобалануы және мүгедектердің күнделікті өмірлеріне жағдайды және үй шаруашылығын жүргізуді қамтамасыз ететін арнайы жабдықтар мен қондырғылармен жарақтандырылуы керек.

5.14 Көзі көрмейтін мүгедектерге немесе осындай мүгедектері бар отбасыларға арналған әлеуметтік тұрғын үй тұрғын үйінде әдетте, жетектеуші иттерді ұстауға арналған орындар болуы керек.

5.15 Әлеуметтік тұрғын үй тұрғын үйінде кемінде, мынадай үй-жайлар:

тұрғын бөлмелер: қонақжай немесе ортақ бөлме, бір немесе бірнеше жатын бөлмелер;

қосалқы үй-жайлар: кіреберіс (пәтерішілік дәліз немесе холл), ас үй, санитариялық-гигиеналық үй-жайлар (ванна бөлмесі, дәретхана немесе біріктірілген санторап), қойма немесе кірістірілген шкаф, жаздық үй-жайлар (лоджиялар, балкондар, террасалар, дәліздер) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастырылуы керек.

Жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес пәтер үй-жайының құрамына еңбек реалибитациясына арналған үй-жайлар (кабинеттер, шеберханалар), дене тәрбиесімен айналысуға арналған бөлмелер, гардеробтар және тағы сол сияқтылар енгізілуі мүмкін.

5.16 Әлеуметтік тұрғын үй тұрғын үйінің сәулет-жоспарлау шешімі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес оларды инсоляциямен қамтамасыз етуі тиіс.

5.17  Дәліздік (галереялық) үлгідегі тұрғын ғимараттарда тұрғын бөлмелер, ас үйлер, ортақ дәліздер (галереялар), кіру тамбурлары мен баспалдақ торларында табиғи жарықтандыруы болуы керек.


6

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ САПАЛАРЫН СИПАТТАЙТЫН ТАЛАПТАР МЕН ПАРАМЕТРЛЕР





6.1 Әлеуметтік тұрғын үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құрылыс объектілеріне белгіленген барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі керек.

6.2 Әлеуметтік тұрғын үйлерде тұтынушылық сапасы оны жобалау, салу және пайдалануға беру кезінде мынадай талаптармен сипатталады:

өмір сүру қауіпсіздігі;

тұру кезіндегі санитариялық-гигиеналық жайлылық.

6.3 Өмір сүру қауіпсіздігі мынадай талаптармен қамтамасыз етіледі:

мехникалық беріктік пен төзімділік;

өрт қауіпсіздігі;

пайдалану үдерісіндегі қауіпсіздік;

денсаулық (адамдар мен жануарлардың) және қоршаған орта үшін қауіпсіздік;

экологиялық және радиациялық қауіпсіздік.

6.3.1 Техникалық қауіпсіздікке қойылатын талаптар (ғимараттарды пайдалануға берудің нормативтік мерзімінің кезеңінде және табиғи апаттар кезінде) мыналар есебінен қамтамасыз етіледі:

конструкциялардың механикалық беріктігі мен төзімділігі;



ғимараттың қоршау конструкцияларына арналған нормативтік жылу-техникалық сипаттамаларды сақтау;

әлеуметтік тұрғын үйдің бірінші қабаттарындағы лоджияларда қорғаныш қорғауларын, тиісті сөйлесу және кодтық құрылғысы бар домофондармен жабдықталған (көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін) күшейтілген сыртқы шығу есіктерін орнату;

шығыңқы конструкциялар мен цокольдық қабаттарды атмосфералық әсерлерден қорғау, кіреберістердің үстіне маңдайшалар орнату, тиімділігі жоғары оқшаулау және жабын материалдарын пайдалану, шатырдан судың ағуын ұйымдастыратын қондырғылар орнату, ұзақ уақытқа жарамды бояу құрамдарын пайдалану жолымен үйдің конструктивтік элементтері мен сыртқы әрлеуінің ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

6.3.2  Өрт қауіпсіздігі ғимараттарды, құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықтау жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ мыналардың есебінен қамтамасыз етіледі:

жанатын ортаны шектеу;

өртену көздерінің пайда болудың алдын алу;

адамдарды кедергісіз эвакуациялау және материалдық құндылықтарды құтқару мемкіндіктері;

ғимараттың өртке қарсы орнықтылығын, өртке төзімділіктің талапты дәрежесі;

өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматтық өрт сигнализациясы, түтін жою және адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйелері) жұмыс істеу мүмкіндігі;

өрттің таралу жолдарының алдын алу;

өртті анықтау және таратпау;

өртті жою (өшіру), адамдарды құтқару, өрт бөлімшелерінің қолжетімділік мүмкіндіктері.



6.3.3 Инженерлік жабдықты пайдаланудың қауіпсіздік талаптары:

белгілі тәртіпте сертификатталған инженерлік жабдықтар мен бұйымдарды қолданудың;

тұрғын үйлердің инженерлік жабдығын бөтен адамдардың қолжетімділігінен және тұрғын үйдің қосалқы үй-жайларындағы газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау көздеріне қасақана немесе кездейсоқ механикалық әсерлерінен қорғауды қамтамасыз етудің есебімен қамтамасыз етілуі керек.

6.3.4 Әлеуметтік тұрғын үйдің экологиялық және радиациялық талаптары мыналардың есебінен қамтамасыз етіледі:

қала құрылысы құжаттамасына сәйкес әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысын салу;

құрылыста рұқсат етілген құрылыс және әрлеу материалдарын қолдану.

6.4 Әлеуметтік тұрғын үйдің үй-жайларындағы санитариялық-гигиеналық жайлылықты қамтамасыз ететін талаптарға:

температуралық-ылғалды жайлылыққа және ауа алмастыру қарқындылығы;

ауыз судың сапасы;

сұйық қалдықтар мен жуындыларды жою;

қатты қалдықтарды жою;

үй-жайлардың инсоляциясы;

үй-жайлардың жарықтандырылуы;

акустикалық жайлылық жатады.

6.4.1 Әлеуметтік тұрғын үй жайларындағы температуралық-ылғалдылық ыңғайлылығына және ауа алмасу қарқындылығына қойылатын талаптар:

пәтердің үй-жайларында табиғи желдету мен микроклиматтың параметрлерін Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтері мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес пәтер үй-жайларындағы табиғи желдетуді және микроклимат параметрлерін қамтамасыз етуі керек;

үй-жайлардағы ауаның есептік температурасы мен ауа алмасу қысқалығы Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтері мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.



6.4.2 Әлеуметтік тұрғын үйлер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әлеуметтік нормативтерге сәйкес шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесі мен қамтамасыз етіледі. Ауыз судың сапасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

6.4.3 Сұйық жуындыларды ағызып жіберу үшін әлеуметтік тұрғын үйлер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орталықтандырылған (немесе жергілікті) шаруашылық-фекалдық кәріз жүйесімен жабдықталады.

6.4.4 Қатты қалдықтарды жою үшін:

пәтерлік үлгідегі тұрғын үйлерде және жерүсті қабаттарының саны 4 және одан да асатын жатақханаларда қоқыс құбырларын қарастыру қажет;

қоқыс құбырларымен жабдықталмаған ғимараттардың тұрмыстық қоқыстарын жоюды қамтамасыз ету үшін арнайы берілген алаңдарда қоқыс жинайтын контейнерлерді орнатуды қарастыру қажет;

жерүсті қабат саны үш және одан көп қарттарға арналған тұрғын үйлерде және жерүсті қабат саны 2 және одан көп мүгедектерге арналған тұрғын үйлерде қоқыс құбырларын қарастыру талап етіледі.



6.4.5  Әлеуметтік тұрғын үйдің үй-жайларын жарықтандыруға қойылатын талаптар:

тұрғын бөлмелер, ас үйлер, кіру тамбурлары (тікелей пәтерге апаратындардан басқаларының) баспалдақ торларының, ортақ дәліздердің (дәліздік үлгідегі тұрғын ғимараттардағы галереялардың), сондай-ақ жатақханалардағы қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың және қарттар мен мүгедектері бар отбасыларға арналған тұрғын үйлердің үй-жайларының табиғи жарықтандыруы болуы керек;

жарық ойықтары алаңының тұрғын үй-жайлар, ас үйлер және ас үй-асханалар едендерінің алаңына қатынасын кемінде 1:5,5 және 1:8 аспайтын, ал мансардалық қабаттарда орналасқан үй-жайлар үшін, иілмелі мансардалық терезелер орнату кезінде – кемінде 1:10 етіп алу керек;

тұрғын үй-жайлардың жарық ойықтарының алаңын табиғи жарықтандыру коэффициентінің нормативтік мәніне сәйкес қабылдау керек. Ғимарат қасбетінің қажетті сәулеттік айқындылығына қолжеткізу мақсатында жеке жарық ойықтарының алаңдарын ұлғайтуға рұқсат беріледі.

6.4.6 Тұрғын үй-жайлардың акустикалық ыңғайлылығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әлеуметтік нормативтердің талаптарына сәйкес жобалау кезінде үй-жайларды шудың сыртқы және ішкі көздерінен қорғау жөніндегі шаралармен қамтамасыз етілуі керек.


7

ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




7.1 Пәтерлерде унитазбен жабдықталған үй-жайға тікелей ас үйден және тұрғын бөлмелерден (7.2-тармақта көрсетілгендерден басқа) кіруге жол берілмейді.

7.2 Арбадағы мүгедектері бар отбасыларға арналған пәтерлерде ас үйден және тұрғын бөлмелерден унитазбен жабдықталған үй-жайға кіруге рұқсат беріледі.

7.3 Жатын бөлмелерді өтпелі емес етіп жобалау керек. 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің жалпы бөлмелерін өтпелі етіп жобалауға жол берілмейді.

7.4 Санитариялық тораптардың аспаптары мен құбырларын тұрғын бөлмелерді қоршап тұрған пәтераралық қабырғалар мен арақабырғаларға тікелей бекітуге жол берілмейді.

7.5 Эвакуация жолдарында өтуге кедергі жасайтын, төсемдерді сыртқа (ортақ дәлізге, галереяға, баспалдақ алаңшасына) қарай ашылатын пәтерге (тұрғын ұяшыққа) кіру есіктерінің құрылғысына жол берілмейді.

7.6 Қоғамдық мақсаттағы және шағын кәсіпкерліктің тұрғын емес үй-жайларын пайдалану ғимараттың тұрғын бөлігінде ауа ортасының, шудың, дірілдің, электрмагниттік өрістің нормативтік параметрлерін қамтамасыз етуі, ғимараттың немесе оның бөлігінің бұзылуына, бүлінуіне және тұрғындардың өмір сүру жағдайларының бұзылуына әкелмеуі керек.

7.7 Тұрғын ғимараттардың бірінші, екінші, цокольдық және жертөле қабаттарында тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда көрсетілген объектілерді орнатуға болмайды.


8

ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




8.1 Суық сумен (шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы) және ыстық сумен жабдықтауды, сондай-ақ кәріз жүйесін және суағарларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес, берілген елді мекеннің инженерлік қамтамасыз ету шарттарынан тыс қарастыру керек.

8.2 Тұрғын ғимараттарды жылыту мен желдетуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастыру керек.

8.3 Берілген елді мекеннің (ауданның, қаланың) жағдайын ескере отырып, жобалауға арналған тапсырмада көзделген жағдайларда, мемлекеттік санитариялық қызмет органдарымен келісу бойынша жылытудың дәстүрлі емес жүйелерін (оның ішінде – дербес жүйе) жобалауға болады.

Бұл ретте, қатты отындағы пәтерлік су жылытқыштарды (оның ішінде шағын аумақты жылу қазандықтары да) биіктігі 2 жерүсті қабатқа дейінгі тұрғын ғимараттарда қарастыруға рұқсат беріледі.

Қатты отынмен жұмыс істейтін пәтерлік жылу генераторларын ас үйде немесе жеке арнайы үй-жайларда орнату керек. Бір-екі пәтерлі үйлерде, жылу генераторы орналасқан үй-жайға кіреберісіндегі пәтердің қосалқы үй-жайынан орнатуға жол беріледі.

Қатты отынмен жұмыс істейтін қайнату және жылыту пештерін (тақталарды) биіктігі 2 жерүсті қабаттан аспайтын тұрғын үйлерде орнатуға болады.

8.4 Тұрғын ғимараттарға жанастыра салынған тамақтану кәсіпорындарында қатты отынмен, мангалмен, каминмен жұмыс істейтін қайнату пештерін орнатуға рұқсат жоқ.

8.5 Сыртқы қоршаудың мөлшерлі термикалық кедергісін қамтамасыз ету кезінде 1-үлгідегі түтіндемейтін баспалдақ торларын жылытпауға жол беріледі.

8.6 Қоғамдық мақсаттағы және шағын кәсіпкерліктің тұрғын емес үй-жайларында жылыту мен желдетудің дербес жүйелері қарастырылуы керек.

8.7 Шуы аз сорғысы бар басқару және есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған көп пәтерлі тұрғын ғимараттардың жеке жылу пункттерін (ЖЖП) тұрғын бөлмелерден оқшауландырылған жеке үй-жайларда орналастыру керек.

8.8 Су шығынын есептеу үшін тұрғын ғимараттардағы суды есептеу аспаптарын: тұрғын үйлерді орталық жылу пунктінен (ОЖП) қосу кезінде – үйдің суық су құбырының жүйесінде; бақылау-тарату пунктінен (БТП) – суық және ыстық су құбырының жүйесінде жобалау керек.

8.9  Тұрғын ғимараттарға жанастыра-жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларда (қоғамдық мақсаттағы және шағын кәсіпкерліктің) суық және ыстық су үшін қосымша суды есептеу аспаптарын орнату керек.

8.10 Тұрғын ғимараттарда электрмен жарықтандыруды, күш электр жабдығын ЭҚҚ талаптарына сәйкес қарастыру керек.

Тұрғын ғимараттарда байланыс және дабыл жүйелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастыру керек.

8.11  Биіктігі 11 қабатты және одан биік тұрғын үйлердің ас үйлерінде электр плиталарын орнатуды қарастыру керек.

8.12 Тұрғын үйлерге жанастыра салынған қоғамдық мақсаттағы және шағын кәсіпкерліктің тұрғын емес үй-жайларында газ жабдығын орнатуға рұқсат етілмейді.

8.13 Жерүсті қабаттарының саны 6 және одан көп асатын көп пәтерлі тұрғын ғимараттар лифттермен жабдықталуы керек.

Қарттар мен мүгедектерге арналған мамандандырылған үйлер жерүсті қабат саны 3 және 2 болған кезде, тиісінше жабдықталады.

8.14 Лифттердің машиналық үй-жайын тұрғын бөлмелердің тікелей үстінде, астында, сондай-ақ оларға шектес орналастыруға болмайды. Лифтілер шахтасы тұрғын бөлмелермен шектесе орналаспауы тиіс.


9

ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




9.1  Әлеуметтік тұрғын үйдің көлемдік-жоспарлау шешімдерінің энергиялық тиімділігіне қоршау конструкцияларының алаңын қысқарту – ішкі қабырғалардың параметрлерін ғимарат алаңына ең төменгі ықтимал қатынасы жолымен қол жеткізу керек.

9.2  Тұрғын үйлердің қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына талаптарына сәйкес келуі керек.



9.3 Применяемые в социальном жилье системы теплоснабжения, отопления и вентиляции должны обеспечивать расход тепловой энергии не выше удельного нормативного значения.

9.3  Әлеуметтік тұрғын үйлерде қолданылатын жылумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелері жылу энергиясының шығындары үлестік нормативтік мәнінен аспайтындай етіп қамтамасыз ету керек.






ҚОСЫМША

(міндетті)

Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй жайлары алаңының төменгі шектері

бір бөлмелі пәтердегі тұрғын бөлме

15 м2;

екі және одан көп бөлмелі пәтердегі ортақ (қонақ) бөлме

16 м2

екі және одан көп бөлмелі пәтердегі жатын бөлме

9 м2;

ас үй

ас үй-қуыс бөлме

тұрғын бөлмелердің саны екіден артық болған кезде ас үй


9 м2; 6 м2;

12 м2








ӘОЖ 728 МСЖ 91.040.30
Негізгі сөздер: мемлекеттік нормативтік-техникалық құжат, құрылыс нормалары, мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй, әлеуметтік тұрғын үйдің тұтынушылық (функционалдық) сапалары, негізгі тұтынушылық сапаларға қойылатын талаптар, тұрғын ғимараттардың элементтеріне қойылатын талаптар



жүктеу 258,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау