Ќазаќстан Республикасы Ѓылым жєне білім министрлігі


Б) 1998- 2002 жж экономикалық реформалар



жүктеу 1,08 Mb.
бет3/6
Дата14.11.2017
өлшемі1,08 Mb.
#440
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Б) 1998- 2002 жж экономикалық реформалар.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динмикасының сипатына бұл жылдарды бөлек алып қарауға болады. Аталған жылдар салыстырмалы түрде тұрақтылығымен ерекшеленеді. № 5 кесте Қазақстанның 1998 – 2002 ж экономикасының даму динамикасындағы тенденцияларды сипаттайды.



5- кесте

1998-2002 жылдар аралығындағы Қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы

Көрсеткіштер

1998

1999

2000

2001

2002

ІЖӨ

-1,9

2,7

9,8

13,5

9,8

Өнеркәсіп өндірісі көлемі

-2,4

2,7

15,5

13,8

10,5

А/ш жалпы өнімі

41,9

33,0

48,5

17,3

3,4

Негізгі капиталға инвестиция (қаржыландырудың барлық көздері)

7,1

8,3

13,2

44,7

19.0

Тұтыну бағаларының индексі

7,1

8,3

13,2

8,4

9,5

Бөлшек тауар айналымы

19,1

2,3

7,1

15,7

8,2

Экспорт

-14,9

2,0

55,1

-3,9

12,5

Импорт

-7,0

-15,3

21,2

11,1

0,5

АҚШ долларының теңгеге қатысты орташа бағамын

78,30

119,52

142,13

146,74

153,28


Декректер: (31,26-б.),(32,9-б.),(33,9-б.),(34,3-б.),(35,3-б.)

1998-2002 жж аралығында ЖІӨ, өнеркәсіп өндірісі, инвестиция көлемі және тағы да басқа маңызды көрсеткіштердің өсуі басталды. Алайда Қазақстан экономикасы дамуының жағымды динамикасы, таралу географиясы біртіндеп кеңейе түскен осы жылдары болған әлемдік қаржы дағдарысы, біршама баяулатты. 1997 жылы азияның Оңтүстік – Шығысында басталған дағдарыс, 1998 жылы Ресейге келіп жетті де, Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізді. Осылайша 1998жыл елдің ІЖӨ төмен көрсеткіш көрсеткен, осы кезеңдегі жалғыз жыл болды, ал 1999 ж ұлттық валюта маңызды девольвацияға ұшырады.

1997 жылдан Қазақстанда ақша – кредиттік методологияны жүзеге асыру, дамыған елдердің стандарттарына сәйкес, толық қалыптасты және ҚХБ ресми мөлшерінің өзгерісін, міндетті резервтен нормаларын ашық рыноктағы операцияларды және ішкі валюталық рынлктағы интервенцияларды қосты. Инфляция қарқынының төмендеуінің салдарына сәйкес сыйлықтардың ресми мөлшері төмендетілді – ломбардтық кредиттер бойынша сыйлықтар мөлшері реқаржыландырудың ресми мөлшері т.б

1998 жылы ақша – кредиттік саясат әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және осы ақуалға тән қажеттіліктер көрініс тапты. Сондықтан да Қазақстанның қаржы секторын қорғау қатал сипатқа ие болды. Соған қарамастан 1999 жылы ұлттық валютаның бағамының еркін ағымы режимі қабылданды және ол маңызды көлемде девольвацияланды. Бұл жағдайда ақша – кредиттік саясаттың басты мақсаты инфляцияның өсу қарқынын болдырмау болып табылды. Бұдан банк, бұрынғыдай екінші дәрежедегі банктердің кредиттік белсенділігін арттыру актуалды мәселе болып қала берді, соған байланысты ҚҰБ жыл бойына қайтақаржылау мөлшерін, бұл көрсеткіш кейіннен қаржы ақуалы толық тұрақтанды 14 пайызға азайды. [ 37,22-23-б.]

Бюджеттік – салықтық саясат реформалардың бұл кезеңі мемлекеттік бюджеттің орындалуының тұрақтануы, мемлекеттік бюджет дефециті мөлшерінің азаюы (ІЖӨ салыстырғанда), салықтық заңдарпдың отандық тауар өндірісін қолдауға қарай бейімделуі сияқты негізгі ерекшеліктерімен сипатталады. Салықтық механизмдер белгілі бір салалардың дамуын қолдауға бағыттала отырып бұрынғыға қарағанда дәлірек қолданылтын болды. Мысалы, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру үшін 1999 ж салық заңдарына өзгерістер енгізілді, онда машина жасау және химия өнеркәсіптері үшін НДС-ті төлеу уақыты 90 күнге ауыстырылды, ал жеңіл өнеркәсіп үшін, бұдан бөлек, НДС-ң нольдік мөлшері енгізілді. 2000 жылы салық заңдарының жекелеген жағдайларына өзгертудің негіздемелерін әзірлеу жұмыстары жалғастырылды. Онда, ішкі рынокқа қарай бейімделген машина жасау кәсіпорындары, өнеркәсіптің химиялық, мұнайхимиялық және ағаш өңдеу салалары үшін жұмсақтау салық тәртібін енгізуді қарастырылды.

Бұл кезеңде Қазақстанның сыртқы сауда саясатында отандық тауар өндірісін қорғау құралы ретінде сыртқы эконмика заңдық база кеңейтілді, Қазақстан республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігінде антидемингтік бақылау Комитеті құрылды. Шетелдік рыноктарда қазақстандық компаниялардың мүдделерін белсенді түрде қорғау басталды (мысалы , өткізу рынктарын кеңейту қызметі шеңберінде АҚШ – та бірқатар антидемингтік жанжалдарда ұтысқа қол жеткізілді).

2000-2002 жж сыртқы сауда саясатын іске асыруда ТМД елдерімен еркін сауда жасау режимімен және Қазақстанның БСҰ- на кіруге белсенді күш жұмсалынуымен сипатталды.

Үшінші кезеңде жүзеге асырылған көптеген қадамдардың ішінен, ең прогрессивті деген макроэкономикалық дәреженің мынадай шараларын ерекше бөліп қарауға болады:



  • жекешелендіру және меншіктік басқару процесстерінің жетілдірілуі;

  • жерді рыноктық айналымға түсіруге мүмкіндік берген «Жер туралы» заңның 2001 ж. қаңтарында қабылдануы. Ауылшаруашылықтағы жерді мемлекеттің меншігінде сақтай отырып, мемлекеттік емес жерді пайдаланушылар тең құқықтарға ие болды және ұзақ мерзімге уақытша жалгерлік шартпен жерді пайдаланушыларға айналды.

  • өңдеу өнеркәсіптері кәсіпорындарын қайта қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берген отандық тауар өндірушілер мен импорттарын толтырушыларды қолдайтын іс – шаралар комплекстері қабылданды.

  • Банктық секторды әрі қарай нығайтуға және тұрғындар қаржыларын инвестициялық процесстерге тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформалардың тереңдетілуі (екінші дәрежедегі банктердің депозиттеріне салымдардың кепілдемелік қоры құрылды, сақтандыру рыногында маңызды реформалар жүргізілді)

  • Әлемдік рыноктардың бағалық конъюктураларындағы жағымсыз өзгерістерге елдің тәуелділігі төмендетілді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж 23 тамызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» №402 жарлығы және Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен 28 қаңтар 2001 жылы №543 «Қазақстан Республикасы ұлттық қорын құру және пайдалану тәртібі» жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының құрылуымен қалыптасты. Қордың қаржысы жекеменшік немесе мемлекеттік ұйымдарға беру үшін, сондай – ақ міндеттерді қамтамасыз ету үшін қолдануға тиым салынды.

Жалпы алғанда, бұл кезеңді Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қарастыруға болады. Эконимкалық қайта құрулардың және дамудың бұл кезеңінің негізгі нәтижесі ретінде мына жайларды айтуға болады:

1. Бұрынғы шаруашылық жүйе ыдырауының және әлеуметтік – эконмикалық формацияның радикалды трансформациясының жағымсыз салдарын негізінен жеңуі. 90-жылдардың басында Қазақстан респуликасы тап болған өткір проблемалардың басым көпшілігі, үлкен немесе аз көлемде болса да шешімін тапты; рноктық типтегі экономика қалыптасты; ол өз кезеңінде елдегі қаржы – экономикалық ақуалды тұрақтандыруға қол жеткізу негізінде әрі қарай өсу үшін алғы шарттар жасады.Осының негізінде 2000-2003жж ІЖӨ нің тұтас өсуі - 42,3 пайызды құрады, бұл жағдай Қазақстанға экономиканың даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік берді.

2. Қазіргі заманғы рыноктық шаруашылық стандарттарына бара- бар нормативтік – құқықтық базаның қалыптасуының аяқталуы. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынас және экономиканың басқа да көптеген салаларында дамытылған заңдар қабылданды және жұмыс істеуде.

3. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру және экономиканың қуатты жекеменшік бизнеспен араласқан типін құру сияқты процесстердің негізгі бөлігінің аяқталынуы. Жүзеге асырылған институтционалды қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфраструктура компанияларының кең көлемдегі ортасы қалыптасты, ұсақ және орта бизнес белсенді түрде дамыды. Қызмет көрсету саласының тез өсуімен ел эконмикасы құрылымындағы диспронорция реттелді.

4. Мемлекеттің қаржы саласындағы барлық негізгі бағыттарда орнықты тұрақтылыққа қол жеткізілді; мемлекеттік қаржылар облысында, ұлттық валюта бағамында, банктік жүйенің орнықтылығы мен ливидтылығында, ҚҰБ алтын валюталық резервтерінде, инфляция динамикасында, ақша рыногында және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы пайыздық мөлшерлерінде. Қаржы тұрақтануы тұрғындардың бос қаржыларының маңызды көлемін айналымға түсіруге және экономиканың нақты секторын банкілердің көлемді түрде кредиттеуінің өсіруіне мүмкіндік берді. 1998 жылдан 2002 жылға дейін тұрғындардың банктердегі салымдары 10 сеге өсті. [ 38, 54-б]

5. Эконмикада инвестициялық - өндірістік процестердің белсенді әрекет етуі. 90 жылдардың соңына қарай ЖІӨ динамикасы көлемінде, өнеркәсіп өндірісінде, инвесттициялық қызметте, және бірқатар басқа да маңызды көрсеткіштерде үлкен көлемдегі прогресс байқалады. Экономиканың барлық салаларында - өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт және байланыста, саудада және т.б даму процессінің жүзеге асырылуы республиканың комплексті және жүйелі даму сипатын дәлелдейді.

6. Нақты құрылымдық қайта құруларға жүйелі түрде бейімделуі. Рыноктық институттар және шаруашылық механизмдерін қалыптасыру облысында бірқатар нақты қадамдардың жасалынуы нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалау қарқыны бойынша ТМД елдерінің басым көпшіліген басып озып кетті. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында мынадай іс – шараларды алғашқы болып енгізді: зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдеу жүйесі, ҚҰБ линиясы бойынша Дүниежүзілік банктегі қарызды мерзімінен бұрын жабу, Ұлттық қорды қалыптасыру, ұлттық валятаның девальвациялануының салдарынан орын алған банктердің салушлар мен зейнетақы қорларының бағамдық шығындарының орын толтыратын мемлекеттік компенсация, авто иелерінің міндетті сақтандыру жауапкершілігі т.б. Қазақстан ТМД елдері ішінде инвестиция тарту көлемі жағынан сөзсіз лидерлік жағдайға көтерілді. Мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыны басқаруда бүгінгі заманғы оптимизация әдістерін белсенді түрде қолдануда:

шетелдік рыноктарға құнды қағаздарды шығару, қайта сақтандыру т.б іс – шаралар.

Тәуелсіз Қазақстанның 10 жыл ішінде жүргізген экономикалық реформасынан қортындылайтын болсақ, жалпы нәтижелері республика алдында тұрған күрделі міндеттердің табысты атқара алғандығын дәлелдейді. Жүргізілген көлемді қайта құрулардың нәтижесінде негізінен шаруашылық жүйе реформаланды, либералды ашық рыноктық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастар жүйесі қалыптасты, рынок стандарттарына және ұлттық экономикалық орта ерекшеліктеріне сәйкес комплексті басқару жүйесі құрылды және әрі қарау даму үстінде.


1.3. Өнеркәсіп дамуының Қазақстан Республикасындағы ахуалы /1991-2001/

Қазақстан бұрынғы КСРО-дағы басқа республикаларға қарағанда нарық қатынастарын бұрын бастап кетті. Алайда нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашпады.Қайта өнеркәсіп салалары, әсіресе,ауыр индустрия, халыққа аса қажетті жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі бірқатар себептермен, қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсерін тигізді. Инвестициялық процестің төмендеуі қоғамдық өндірістің тоқырауына соқтырды. Экономиканың тұрақтануына қаржы- ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Мемлекеттікбюджеттің тапшылығы – бір жағынан, кәсіпорындар мен мекемелер қорының өсуі, халықтың бар ақшасын «шұлық ішінде» немесе банкте жинақтауы – екінші жағынан, инфляцияны одан әрі жоғарылатты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 24,7 есе артты.[29,15-б.]Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда алаңдатарлық жағдай қалыптасты. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға кеміді. Осы уақыт ішінде, әсіресе, Жамбыл, Маңғыстау,Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарының кәсіпорындары едәуір құлдырады. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды, электр қуатын өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық өсті. Жыл бойында металлургия өнеркәсібіндегі жағдай күрделі қалыпында қалды: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металдар –магний, тазартылған мыс, қорғасын, титан, цинк өндірісі қысқарды. Металлургия және химия саласындағы өнеркәсіп жұмыстарының нашарлауымен байланысты құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. Тракторлар, экскаваторлар және бульдозерлер шығару екі есе, металл кесетін станоктар – үштің біріндей қысқарды. Орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өнеркәсібінің кәсіпорындары өз жұмыстарын айтарлықтай нашарлатты.

Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1995 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 325 өндірістік қуаттар мен обьектілердің тек екеуі ғана іске қосылды. [27,15-б.]

Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1 пайызға азайды. Оның ішінде электр қуатын өндіру 13 пайызға, мұнай өндіру 9 пайызға, көмір өндіру 17 пайызға төмендеді. Ал 1994 жылы республикада тұтастай тауарлар 41 пайызға кеміді. Денемен, 1995 жылы республикада тұтастай алғанда, өнеркәсіп өнімнің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген эсалаларында 1994 жылмен салыстырғанда: газ өнеркәсібінде – 29,3 пайыз, қара металлургия – 17,4 пайыз, химия және мұнай өнеркәсібінде – 3,4, түсті металлургия өнеркәсібінде – 1,9 пайыз өсім байқалды. [29,22-б.] Бірақ инвестициялық мақсаттағы өнімдер және тұтыну тауарларын шығаруға бағытталған салаларда өндірістің едәуір құлдырауына жол берілді. Өнім өндіру жеңіл өнеркәсіпте 59,8 пайызға, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде – 45, тамақ өнеркәсібінде – 20,7 пайызға артта қалды. 1995 ж. республика бойынша түгелдей алғанда кәсіпорындардың 44 пайызы (4743 тің 2088 – і) 1994 жылғы өндіріс көлемінің деңгейіне жете алмады. Өндіріс көлемін төмендеткен кәсіпорындардың басым көпшілігі Торғай, Талдықорған, Алматы, Атырау, Көкшетау және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. [50,315-б.]Соның нәтижесінде Қазақстан кәсіпорындары 166,5 млрд. Теңгенің өнімдерін кем берді. Бұл республикада шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 26 пайызын құрады. Бір ескеріп айтатын жайт 1995 жылы 1994 жылмен салыстырғанда электр қауатын, газ конденсатын, табиғи газ, темір және хром рудасын өндіру ұлғайды. Солай бола тұра жылу эенргиясын, мұнай, мырыш өндіру төмендеді. [50,316-б.]

1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі обьектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Жетекші ірі кәсіпорындар өнімдерінің бағасы мен тарифтеріне бақылау жасау, сондай – ақ , оларды шағындау және бәсекелестік орта құру жөнінде салиқалы саясат жүргізілді. Бірақ осыған қарамастан 1996 жылы өндірістің құлдырауы тоқтамады. Өндірістің құлдырауы энергетика кәсіпорындарында 8,9 пайыз, қара металлургияда – 17,8, машина жасауда – 9,9, химия және мұнай – химия өнеркәсібінде – 27,2, құрылыс материалдары өнеркәсібінде – 31,8, ұн тарту- жарма және құрама жем өнеркәсібінде – 9,5 пайыз болды. [19,22-б.] Дегенмен 1996 жылдың соңыеа қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, аздап өскендігі байқалды. Мәселен, осы жылы 1995 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру – 16,1, түсті металл өндірісі – 2,7 пайызға өсті. Инфляция мөлшері де ауыздықтала бастады. 1992 жылғы теңге енгізудің қарсаңында ол 3060 пайызға жетсе, 1996 жылы 28,7 пайызға дейін, 2000 жылы 9,8, 2001 жылы – 6,4, ал 2002 жылы – 5,9 пайыз төмендеді. [сонда]

Жалпы құлдырау кезіндегі өнеркәсіптің жеке салаларын алып қарайтын болсақ, олардың шығаратын өнімдерінің қысқаруы төмендегідей болып келеді:


6-кесте

Өнеркәсіп түрлері

1990

1991

1993

1995

1996

1997

1998

1999

2000

Электр қуатын өндіру

(млрд.квт.с)



87,4

86,0

76,1

66,6

59,0

52,0

49,1

47,4

51,6

Мұнай (млн.т)

25,8

26,6

23,0

20,6

22,9

23,4

23,8

26,7

30,6

Көмір (млн.т)

131,0

130,0

112,0

83,3

76,8

72,6

69,7

58,3

74,8

Шойын (млн.т)

5,2

5,0

3,5

2,5

2,5

3,0

2,6

3,4

4,0

Болат (млн.т)

6,7

6,4

4,5

3,0

3,2

3,8

3,1

4,1

4,7

Минералдық тыңайтқыш (млн.т)

1656

1516

304

197

190,0

151,

24,2

-

-

Цемент (млн.т)

8,3

7,6

4,0

1,8

1,1

0,65

0,62

-

-

Кестеде көрсетілгендей 1998 жылы 1990 жылмен салыстырғанда электр эенргиясын өндіру – 28,3 млрд.квт. сағатқа, көмір – 61,3, шойын – 2,6, болат – 3,6, цемент – 7,6 млн.тоннаға, минарлдық тыңайтқыш – 1,6 млн.тоннаға қысқарған, тек мұнай шығару сол бұрынға көлемінде қалған. [9,115-б.]

Өндірістің құлдырауының басты себебі – Одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің екінші бір кері кетуі - өз жеріміздегі өндіріс кәсіпорындарының бір – бірімен байланысын, кірігуін, тұтасуын дұрыстап ұйымдастырып, дайын өнім өндіруге бағытталған нақтылы істің болмауы. өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі – оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші анықталып жарияланбады, еңбекке ақы төлеуде оның нәтижесі, өнімділігі, олардың арасындағы байланыс еске алынбады, бір сөзбен айтқанда, жалақы өз алдына, еңбек өнімділігі өз алдына жүрді. Мұндай жағдай экономикасы жақсы дамыған елдерде, нарықтық экономикада болмайтын құбылыс екені белгілі.

Өнеркәсіп өнімінің күрт төмендеу себептерінің бірі – жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу кең өріс алмады. Бұл іс бұрыннан ақсаулы болатын. Оның себебі біздің адамдардың жаңа технологияны игеріп, қолданудағы білімі мен шеберлігінің жеткіліксіздігі еді.

Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың ХХғ. 90-шы жылдары тиісті дәрежеде жаңаланып отырмауы, олардың 50 пайызға дейін ескіріп кетуіне әкеп соқтырды. Кәсіпорындарды жөндеуге қыруар қаржы керек болса, республикада жоқ болып шықты. Экономиканы, еңбектің тиімділігін арттыруда еліміздің егемендігін, экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде энергетиканы, мұнай, темір, көмір, түсті металл өндіретінірі кәсіпорындарды дамытудың маңызы зор екені белгілі. Бірақ осы бағытта тындырылған іс мардымсыз болды. Елдегі өнеркәсіп саласының құлдырап кетуінің тағы бір себебі, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындарда қатаң тәртіптің жоқтығы еді. [29,115-б.]

Жоғарыдағы айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпыра шараларды іске асыруға күш салды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мұнай – газ өндіру, металлургия,, химия, полиграфия және тоқыма – тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1 пайызға, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8 пайызға өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд.долларға жетті. 2000 – шы жылы Үкімет Алматы облысындағы Текелі сілті, Степногорск подшипник, Оралдағы «Зенит» зауыттарына, Павлодардағы трактор зауыты мен «Асыл ағаш» жићаз фабрикасына жеке – жеке бағдарламалар бекітіп, оларды тез арада сауықтыру шараларын белгіледі. Сонымен қатар дәрі – дәрмек және медициналық өнеркәсіптегі өрістету көзделді. [сонда]

Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру барысында (2000-2002 жылдары) республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Едәуір деңгейде бұл өзгерістер өнеркәсіп саласында импортты алмастыру бағдарламасын іске асыруда өзінің тиісті нәтижесін бере бастады. Тек соңғы үш жылда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 42,9 пайызды құрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мұнай – газ өндірісі елеулі орын алып, ол жалпы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды.

Қара металлургия шойын, болат, прокат, ферросплав құю артты. Түсті металлургия глинозем, мырыш, қорғасын, мыс т.б өндіру өсті. Бұл жылдары тек газ – мұнай шығару кәсіп салаларын дамытуға 9,5 млрд доллар шетел инвестициясы тартылды. Нәтижесінде елімізде 2002 жылы 40 млн.тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндірілді. Мұның өзі 1997 жылғы деңгейден 1,5 есе артық. [27,116-б.] Қазірде мұнай – газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.

Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мұнай – газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мұнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орын игеру жұмысы басталды. Каспий құрлықтық мұнай құбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мұнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нұсқалары – Атырау – Баку – ЖейЋан, Қазақстан – Түркісенстан – Иран, Батыс - Қазақстан – Қытай бағыттарының да үлкен болашағы күтіп тұр. [24,11-б.]

Қазақстанның біріккен энергия жүйесі 2000 жылдан бастап, Ресей мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйесімен қапталдас режимде жұмыс істеуге кірісті. Мұның өзі республикамызға Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетика проблемаларын шешуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, оңтүстік аймаққа Екібастұз ГРЭС – терінің артық электр қуаты жеткізіле бастады.

Соңғы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық – Алашанькоу шекаралық өткелін және Достық – Ақтоғай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмысы, Сесейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу – Дегелең теміржол құрылысы аяқталды. Алтынсарин – Хромтау арасындағы теміржол құрылысы басталды. Белгіленген жоспарға сәйкес Алматы – Астана автожолын жаңалау жұмысы 2003 жылы аяқталғалы отыр. Сонымен қатар республиканың барлық автомобиль жолдарын жағыртуға да едәуір қаржы бөлінген. Астанада халықаралық әуежай құрылысы қолға алынды. Алматыдағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. Жалпы 2002 жылы бұрынғы 2001 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты. Инвестициялық қаржыны және т.б түрлерін тарту күрделі құрылысты – 7,7 пайызға, жеңіл өнеркәсіп тауар өнімдерін – 8,7 пайызға, көлік пен байланысты – 10,3 пайызға көтеруге мүмкіндік берді. Бұл жылдары әуе жол және автомобиль көлік қатынасы едәуір артты. 2002 жыл оның алдындағы жылмен салыстырғанда автомобиль жол қатынасы 129,6 пайызға өсті. [29,200-б.]


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау