Ќазаќстан Республикасы Ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 1,08 Mb.
бет1/6
Дата14.11.2017
өлшемі1,08 Mb.
#440
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6

Ф – ОБ – 001/035

Қазақстан республикасының Білім және

Ғылым министрлігі
Қ.А.ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

Шымкент институты

Бүкіләлем тарихы кафедрасы



ДИПЛОМДЫҚ ЖұМЫС
Тақырыбы: 1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының

әлеуметтік - экономикалық дамуы

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Шымкент – 2008

Мазмұны:
Кіріспе.........................................................................................................3

І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар....................................................9
1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар...............................................................................9

1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері......................

1.3. Өнеркәсіп дамуының Қазақстан Республикадағы ақуалы / 1991-2001/..................................................................................................................

1.4. Республика ауыл шаруашылығының даму жағдайы /1991-2001/......


ІІ–тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы даму жане басты мәселелердің шешілуі..........48
2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі....................................................................

2.2. Халықты зейнетақы,тұрғын үй,азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі............................................................................................................52

2.3. Қазақстан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету саласындағы мәселелер мен қиыншылықтар......................................................................58

Қорытынды....................................................................................69

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.......................73

КІРІСПЕ

Зерттеудің тақырыбының өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылдарда әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы - ел тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген шаруашылығы бар ебедейсіз экономикалық жүйе біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен даңғыл жол басындағы тәй-тәй басқан сәби секілді күй кешті. Біршама уақыттан соң жағдай мүлдем өзгерді. Еліміз президенті Н.Ә. Назарбайев бұл жайында былай деген болатын : «Бұл тарихтың жаћандық сындары және жаңа экономика модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі туындады . ... Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш- жігеріміз бен жетістіктермізге қарап нық сеніммен былай деуге болады: «Біз стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдадық. Құқықтық және әлеуметтік саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамай, жақсы нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялық процесстер серпінді дами отырып, республикамыз орынды түрде өңір лидер саналды және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда».

Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Ол тек қана ертеде өткен қатал да қарама – қайшылыққа толы өмірді еске түсіру және оны қайта қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге егемендік идеясы орын алған бүгінгі таңда қазіргі заман процестерін жете түсінуге мүмкіндік береді; Отанымыздың тарихын зерттеу алдымен өзіміздің қауым жастарының жалпы ізгі ұрпақтарының жаңа саяси тарихи ахуалды саяси мәдениетін, дербес ел мүддесіне сай көзқарастар жүйесін қалыптастыру үшін өте қажет екендігін өмір шындығы дәлелдеп отыр. Сондай – ақ елімізбен терезесі тең іргелес және шалғай орналасқан дүние жүзі мемелкеттері отанымыздық кешегі мен бүгінгі өмірін білуге ерекше ден қойып отырған шақта, республикамыздың кейбір ғылым, қоғамдық ой жүйесінің жеке қайраткерлері мен жазушылары қазақ тарихының кешегі оқиғаларын әдейі бұрмалауы аяғынан енді тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикасының әрі қарай қарқынды дамуына әсерін тигізіп отырғандығы қазіргі заманғы тарихи дамуымызды бұрмалаудан, не көмескі білуден екендігі сөзсіз.

Бір жүйеге келтірілмей, шашырай зерттелінген мәселелердің бірі – тәуелсіз Қазақстанның дамуының алғашқы белесі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік - экономикалық дамуы болып табылады. Қазіргі таңдағы даму сатысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету және осының негізінде халқының әл – ауқаттық деңгейін көтеруді негізгі мақсаты етіп қойып, бұл үшін елдің экономикалық мүмкіншіліктерін өрістетуге және әлемдік шаруашылық пен жалпы аймақтық нарықтарға енуін түзетуге қажетті макроэкономикалық жағдайлар мен алғышарттарды өзекті мәселе етіп қалыптастырған Қазақстан Республикасының КСРО ыдырап егемендік алғаннан кейінгі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді орындауды жүктейді:

  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдау жолын зерттеу және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның негізіне анықтама беру;

  • КСРО ыдыраған тұста және мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі (1991-1993жж) Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық ақуалға анализ жасау;

  • 1993-1997жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға беру; Инфляцияны тоқтату саясатына сипатама жасау;

  • 1998-2002 жж. экономикалық реформаға анализ жасау; Банк жүйесіндегі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді анықтау;

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар мен күрделі мәселелерді шешудегі іс – шараларға сараптама жасау, азаматтарының жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін қоғам орнатудағы үкімет саясатын зерттеу;

  • Қазақстандықтардың әл – ауқатын көтеру, тұрғын үй, азық – түлікпен қамтамасыз ету,медециналық көмек көрсету сияқты әлеуметтік проблемаларды шешу жолына анализ жасау;

  • Зейнетақы реформасының еаекшеліктері мен жүргізілу барысн зеріттеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Тақырыптың деректемелік қорын мынадай баспасөз құралдары мен Қазақстан Республикасының зерттеу және статистикалық Агенттігі басылымдарынан алынған материалдар құрады: «Егеменді Қазақстан», «Жас Алаш», «Аль-пари», «Казакстанская Правда», «Финансист», «Экономика и статистика», «Общество и экономика», « Хозяство и право», «Деловая неделя», «Понарама», «Мысль», « Исследования и результаты», «Вопросы экономики», «Экономист», «Экономика и жизнь», «Аналитическое оброзование», «Вести Казакстана», «Деловой мир», «Статистический бюллетень. Минирстерство финансов Республиуки Казахстан», «Статистический бюллетень. Национальный банк Казахстана» т.б . Сонымен бірге, елдің әлументтік- экономикалық дамуы туралы «Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі», «Қазақстан – цифраларда», «Қазақстан өңірлеріндегі халықтың экономикалық белсенділігі», «Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы» сияқты әр жылға шығатын статистикалық жинақтар құнды материалдар береді.

Тәуелсіз мемлекеттер Достығының Статистикалық комитеті шығаратын «Статистикалық жинақтарының» да маңызы ерекше.

Тақырыптың тарихнамасы: Жоғарыда баяндағанымыздай Қазақстанның 1991-2001жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы шашырай, жүйесіз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. Десек те, тақырыпқа қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:

Бірінші топта, көрсетілген он жыл ішінде үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн.

Сондай – ақ әр түрлі кезеңдрде үкіметті басқарған Ә.М.Қажыгелдиннің, Қ.Тоқаевтың, Н.Балғынбаевтың, Қ.Тоқаевтың, И.Тасмағанбетовтың еңбектері мен баспасөз беттерінде жарияланған баяндамаларында құнды материалдар беріледі.



Екінші топқа, тақырыпта қарастырылуы тиіс мәселелерді жеке – жеке бөліп зерттеген арнайы мамандар – эконмистердің, әлеуметттанушылардың және тарихшылардың еңбектерін жатқызуға болады. Олардың қатарында Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев, Т.Бондорь, Ч.Мусиннің, Б.Р.Амангельдиевтің, С.Байтіленовтың, Ә.Әбдікәрімұлының, Ұ.Рысбайұлының, Г.К.Габдулинаның, Ю.К. Шокмановтың, А.Касеновтың, А.Алібаевтың,А.Морозовтың, В.А.Ермековтың, М.Х.Абусейтованың, Д.А.Муркиннің және т.б авторлардың зерттеулері тақырыптың мәнін ашуда сындарлы мағлұматтар береді.

Сонымен бірге осы топқа А. Ашімбаевтың жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зеріттеу институты қызметкерлерінің зеріттеу жұмыстарын да жатқызуға болады.



Тақырыптың хронологиялық шегі: Зеріттеу жұмысы КСРО ыдырап Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бсталып, егеменді дамуының алғашқы он жылдағы уақыт аралығын қамтиды. Сондай-ақ статистикалық деректерді салыстыру мақсатында тәуелсіздік алғанға дейінгі кезең және он жылдан кейінгі 1-3 жыл аралықтарындағы мәліметтер де қамтылып өткен.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, деректік материалдар көзі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, методологиялық негізі айқындалған.

«Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері» -деп аталатын бірінші тарауында Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық реформалар процессі эволюциясының ел экономикасына ықпалы, көрсетілген уақыт аралығындағы республика өнеркәсібінің дамуы мен ауыл шаруашылығындағы ахуал зеріттеледі. Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Егемеді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанннан кейінгі он жылдығында әлеументтік дамуында туындаған мәселелер мен олардың шешілуі, әлументтік салада жүргізілген саясат пен олардың нәтежиелері баяндалады.

Қорытындысында, он жыл көлемінде республика үкіметінің жүзеге асырған әлеументтік-экономикалық іс-шараларының нәтежиелеріне тұжырым жасалады.

Зертеу әдістері: Дипломдық жұмысты жазу барысында жинақтау жүйелеу, салыстыру, талдау және т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Дипломдық жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, салыстырмалылық, объективтілік сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды.

І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар

1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастыудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.

Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.

Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.

Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.

Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылату керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекетгік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада— "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".



Бірақ жекешелеңдіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты.

Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарыңда Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны тоқтату қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны -ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге мүмкіндік берді.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі.Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншідең, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама кабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан - 2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына "Қазақстан — 2030" деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді Онда елдің ішкі және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.

Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту: 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.

"Қазақстан — 2030" бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот және қүқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті.

Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыпасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, БҰҰ-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді. "Қазақстан - 2030" стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000-2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен іс-шаралар бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндетгерді шешіп берді:

Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды кұрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашьшық байланысқа белсенді кіріту қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. — Егемен Қазақстан, желтоқсан 2004).

Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін ұлғайту болып табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық.

"Казақстан — 2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты.

Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі - Казақстан), тек 11 ел ғана - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау