14 Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
Әдістемелік ұсыныстар.
Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы
Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.
Қаратырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспек жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.
Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тақырып 1. Гидропневмомашиналар мен жетектердің негізгі элементтері.
Сабақ мақсаты: Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау. Қысымды анықтау әдістері меңгеру.
Есепті шешуге арналған нұсқау.
«Негізгі физикалық қасиеттер. Гидростатикалық қысым» тақырыбын қарастырғанда сұйықты физикалық дене деп қарастыратын негізгі теңдеулерді есте сақтау керек. Физикалық шамалардың өлшем бірліктеріне және оларды есептеу формуласына ерекше көңіл бөліңіз.
Қысымды анықтау есептерін шешкенде қысымның сандық мәні туралы жақсы білу керек.
Абсолютті қысым –абсолютті нольден басталатын және тек оң мәнге ие болатын. Егер есеп шешер алдында атмосфералық қысым берілсе, есеп соңында алынған қысымды артықша қысым деп атайды
Артықша қысым оң және теріс болуы мүмкін. Артықша қысым теріс болады егер абсолютті қысым атмосфералықтан аз болса.
Бақылау сұрақтары.
1. Газды сұйық деп қабылдауға бола ма? 2. Сұйықтың негізгі қасиеттерін атаңыз? 3. Сұйықтың және газдың сығылғыштығын сипаттайтын теңдеуді жазыңыз? 4. Беттік керілісті қалай түсіндіресіз? 5. Тұтқырлық дегеніміз не? 6. Ньютон тағайындаған, сұйықтың үйкеліс заңдылықтарының теңдеуін жазыңыз 7. Динамикалық тұтқырлық коэффициентінің физикалық мәнін түсіндіріңіз. 8. Энглержәне Гепплер вискозиметрінің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Тұтқырлықты анықтауға арналған теңдеуді жазыңыз. 9. Оствальд және Уббелод капиллярлы вискозиметрінің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. 10. Тұтқырлық коэффициенттерінің және СИ жүйесі бойынша өлшем бірліктері қандай? 11. Қандай жағдайда нақты сұйық идеал сұйық қасиетіне ие болады? 12. Сұйықтың қандай қасиеттерін буғаайналу деп атайды? 13. Кавитация дегеніміз не? 14. Гидростатикалық қысымды анықтауға арналған теңдеуді жазыңыз? 15. Гидростатикалық қысымды қасиеттерін атаңыз және түсіндіріңіз? 16. Қандай қысымды абсолютті деп атайды? 17. Артықша қысым дегеніміз не? 18.Абсолютті және артықша қысымдар теріс болуы мүмкін бе?
19. Есептерді шешіңіз:
1. Қысымы құбырөткізгішті гидравликалық сынау кезінде қанша сұйық көлемі кететінін анықтаңыз, егер оның ұзындығы , ішкі диаметрі болса.
Достарыңызбен бөлісу: |