Эмульсорлы машиналар деп ортадан тепкiш сораппен жұмыс iстейтiн гомогенизаторларды айтамыз. Гомогенизациялау мақсаты сүт түйiршiктерiн бiр қалыпқа келтiру болса, ал эмульсорлау дегенiмiз сүтке жақын келетiн май дәрежесiндегi дисперстi эмульсия компоненттерiн алу.
Сұйық ашық сепараторға немесе ортадан тепкiш сорапқа түсiп машинаның айналу бұрыштық жылдамдығына ие болады. Кориолис-тiң үдеуiмен, барабанның айналуына қарама-қарсы шетке шығады, мұны болдырмау үшiн ортадан тепкiш сораптың қабырғалары сияқты кедiр-бұдырды жасау керек. Барабанмен iлесетiн сұйықтың айналмалы жылдамдығына салыстырғанда, сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы тура және көлденең радиусының қатынасынан өте үлкен болады.
Барабанның айналу жылдамдығынан сұйықтың бұрыштық айналу жылдамдығының айырмашылығы аз, онда саңылау алдындағы қысым:
(2.2.-4)
мұндағы:
- эмульсор барабанның айналу бұрышының жылдамдығы;
- сұйықтың тығыздығы, кг/м3;
- сұйықтық сақинаның сыртқы радиусы,м;
- сұйықтық сақинаның iшкi радиусы,м.
Саңылау биiктiгi:
мұндағы:
- өнiмдiлiк, л/сағ;
- ағын коэффициентi .
Эмульсор барабаны цилиндрлi болаттан жасалынған табақша түрiнде болады, ол тiк бiлiкке кигiзiлген, айналу жылдамдығы 10000 айн/мин. Сұйық тiк бiлiктегi саңылау арқылы барабанға келедi.
ВНИМИ эмульсоры ортадан тепкiш сорап сияқты құрастырылған. Оның роторы электр қозғалтқыш бiлiгiне орналасқан және қабырғасында тесiктерi бар.
Эмульсорлардың жақсы ерекшелiктерi:
Құрылымының қарапайымдылығы, бiр роторда бiрнеше сатылы эмульсорлау, тоқтаусыз жұмыс iстеуi.
Есеп беру мазмұны
1.Үш плунжерлi гомогенизатордың өнiмдiлiгiн және сұйықтың жылуын анықтау. Егер плунжердiң диаметрi d, плунжердiң жүру жолы S, иiндi бiлiктiң айналу саны n, гомогенизация қысымы P белгiлi болса. Гомогенизаторға керектi қуатты тап. Берiлгенiн 2-кестеден аламыз.
2-кесте
Белгiленуi
|
Өлшем бiрлiгi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
D
|
|
24
|
25
|
18
|
22
|
25
|
S
|
|
85
|
80
|
82
|
80
|
83
|
N
|
|
3,17
|
3,17
|
3,08
|
3,12
|
3,08
|
P
|
|
25
|
20
|
30
|
25
|
22
|
2. Үш плунжерлi гомогенизатордың кинематикалық сұлбасын сызу.
3. ВНИМИ эмульсорының конструкциясының эскизiн сызу.
Тексеру сұрақтары
1. Гомогенизацияның қажеттi қуаты қандай заңдылықпен өзгередi?
2. Үш плунжерлi гомогенизаторда 1200-қа кривошиптi иiндi бiлiк неге қысылған?
3. Седло мен клапан бiр бөлiгi симметрия пiшiндi, бұл қандай мақсатпен жасалынған?
4. Гомогенизациядан кейiнгi сұйықтың температурасы не себептен жоғарылайды?
5. Гомогенизаторды эмульсорға қай уақытта ауыстырады?
6. Екi сатылы гомогенизацияны қандай себепте қолданылады?
15 зертханалық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |