Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет27/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57

 
61 
Балнұр. Мамам ... дүкеннен ... сатып әкелді. 
Тәрбиеші  сұрақтар  қою  арқылы  балалардың  барлығымен  сөйлеседі, 
кейбіреулерінің  киінуіне  көмектеседі.  Әрқайсысының  киімдерін  түсін  атап 
айтып немесе басқа бір белгілерін (бауы, өрнегі, лента, т. б.) мақтап балаларды 
әңгімеге  тартады.  Балалар  жауап  қайтарады,  өз  ойларынан  бір  сөздерді  тауып 
қосып айтады. 
Тәрбиеші.  Алмас,  бас  киіміңді  құлағыңа  түсіріп  ки!  Ол  құлақты  желден 
сақтауы керек. Түсірдің бе? Енді жылы болған шығар, саған? Алмас -Түсірдім. 
Жылы.  Осындай  сұрақтарды  тәрбиеші  әрқайсысына  әр  түрлі  формада  барлық 
балаға қояды. Серуендеп жүргенде тәрбиеші оңтайлы сәтті тауып,  балалардың  
көңілін  тағы  да  бас  киімдеріне  аударады.  Онда  мынадай  сұрақтар  қойылуы 
мүмкін:— Сезесіңдер ме, сыртта қандай салқын? 
– Қазір жылдың, қай маусымы? Күз? 
– Жазда жылырақ еді.
 
Естеріңде ме, жазда біз өзен жағасына барғанда күн 
қатты ысып кетіп еді, ә? 
– Балалар жазда қалпақ киеміз, иә? 
– Қазір қалпақпен жүруге болмайды! Салқын! Қазір тоқыма бас киім кию 
керек,  әйтпесе  құлақтарыңа  салқын  тигізіп  аласыңдар.  Ауырып  қалуларың  да 
мүмкін. 
Бес жастағы балалармен: Балалар бақшасының үстел басында әзірленбеген 
әңгіме. 
Тәрбиеші. Балалар! Көкөніс туралы кім қандай жұмбақ біледі? 
Жазира: Қалдырып сыртқа бұрымды, қызыл қыз жерге бұғынды. 
Тәрбиеші. – Сенің жұмбағың жақсы екен, Жазира. 
Мақсат, осы жұмбақтың шешуін білесің бе? 
Мақсат: Білмеймін.  
Асқар: Ол — сәбіз, сәбіз.  
Тәрбиеші.  Жақсы!  Асқар!  Жара-айсың  .  Ал  сен,  Мақсат,  ас  үйге  барып, 
аспаз Рәзия апайдан біліп келші, бүгінгі түскі тамаққа сәбізден қосылған тамақ 
дайындады  ма  екен?  (Тәрбиеші  жүгіруге  ұмтылған  Мақсатты  бөгеп.)  Балалар, 
Мақсат Рәзия апайдан қалай сұрауы керек? 
Алмас:  Бүгін  бізге  түскі  тамаққа  сәбіз  қосылып  дайындалған  тағам  бере  
ме? 
Дәулет: Рәзия апай, сіз бүгін сәбізден бір нәрсе әзірлейсіз бе? 
Сарагүл: Рәзия апай, тілеуіңіз болсын, айтыңызшы, сіз сәбіз әзірлейсіз бе? 
Олжас: Рәзия апай, мархабат! Сіз сәбіз әзірлейсіз бе? 
Дәния: сіз сәбіз әзірлейсіз бе? Немене деуші еді...тілегіңіз орындалсын! 
Тәрбиеші:  Алдымен  мазалағанымыз  үшін  Рәзия  апайдан  кешірім 
сұрауымыз  керек,  содан  кейін  сұрақ  беруте  болады.  Енді  сен  айтшы,  Майя, 
(Тілі жетіктеу бір баланы тұрғызады.) 
Майя:  Рәзия  апай,  кешіріңіз,  тілеуіңіз  болсын,  сіз  бүгін  түскі  тамаққа 
сәбізден тағам әзірлейсіз бе? 
Тәрбиеші.  Жарайды,  жақсы,  Айқын,  (сұрақты  басқа  балалардан  гөрі  тілі 
нашарлау  балаға  қояды.)  қайталашы.  Ал  Мақсат,  сен  енді  Рәзия  апайға  бара 
бер. 


 
62 
Жоғарыда әңгіме басталардан бұрын тәрбиеші аспазбен келісіп алуы керек: 
барған бала «Мен бүгін сендерге екінші дәмге сәбіз котлетін дайындадым» — 
деген жауап алып қайтатындай болуы керек. 
Әр  жастағы  балалармен  еркін  қатынас  жасаудан  тұрған  жоғарыда 
келтірілген  үш  әңгімедегі  тәрбиеші  сөзін  талдай  келе  айтарымыз:  ол  ең 
алдымен  балалардың  сөздік  қорының  молаюы  үшін  белсене  қызмет  етеді; 
олардың өздеріне таныс сөздердің мағынасын түсінуіне көмектеседі; балаларды 
тәрбиеші  қолданған  сөйлемнің  синтаксистік  құрылымын  қайталап  айтуға 
жетелейді,  сөйтіп,  олардың  тілінде  жоқ  грамматикалық  дағдыларды 
қалыптастырады. Балаларды ұялтып, не әңгімеге араласудан алшақтатып алмау 
үшін,  әңгіме  үстінде  тәрбиеші  балалардың  фонетикалық  қателерін  көп 
түзетпейді . 
 
3.  Үш-төрт  жастағы  балалармен  өткізілетін  арнайы  әңгімелесу 
сабақтары  
Диалог  түрінде  байланыстыра  сөйлеуге  үйрететін  арнаулы  сабақтар 
сөйлесу (әңгімелесу) және еліктету әдісімен өткізіледі . 
Көрсетілген этюдтер көбінесе мына екі жағдайда іске асырылады: 
1) алдын ала әзірленген әңгімелесулер сөйлесу тәсілдерімен; 
2) сахналық түрге бейімдеу; еліктету, қайталап айту тәсілдерімен. 
Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесулердегі  басты  міндет—балаларды 
әңгмелесе  білуге  үйрету,  айтушыны  тыңдауға,  оның  сөзін  бөлмеуге,  өзін-өзі 
ұстауға,  сөз  қыстырудың  ретін  таба  білуге,  өз  ойын  әңгімелесуші  адамға 
жеткізуге  баулу;  екіншіден,  жанама  міндет  –  сөзді  дұрыс  айта  білу  және 
грамматикалык  дағдыларды  қалыптастыру;  балаларға  таныс  сөздердің 
мағынасын анықтау. 
Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесулер  дегеніміз  –  сабақ  өту  қарсаңында 
(бірнеше күн бұрын) тәрбиеші балалардың назарын өздерін қоршаған ортаның 
келесі  әңгімеге  тақырып  боларлық  бір  құбылысына  аударады.  Сөйтіп,  алдағы 
әңгімелесулер  тақырыбы  нақты  материал  балаларға  бұрыннан  таныс  болуға 
тиіс. Әңгіме сабағына әзірленудің ең тиімді тәсілі: 
Сабақ  өтпес  бұрын  соған  жақын  тақырыпқа  еркін  түрде  алдын  ала 
әзірленбеген  әңгіме  өткізіп  алу  керек.  Біз  әр  жастағы  балалармен  өткізілген 
сабақтардан мысал үзінділерлер келтірдік, ондағы мақсат — әңгімелесуге дейін 
жұмыс  әдістерімен  барлық  топтарда 
 
бірдей  екендігін  көрсету.  Әңгімелесу 
арқылы 
балалар 
сөздік 
қорларын 
молайтады, 
фонетикалык 
және 
грамматикалық  дағдыларды  жетілдіреді;  айырмашылығы  тек  сабақтың 
мазмұнында  ғана:  балалар  өскен  сайын  сабақтың  мазмұны  қиындай  түседі, 
оларға  күрделірек  грамматикалық  формалар,
 
бейнелі  сөз  құралдары 
қолданылады. 
Мысалы:  Көркем  шығарма  оқылғаннан  кейін  өткізілетін  әңгімелесулер 
туралы мысалдарды қарастырып көрелік: Тақырыбы: «Қарлығаш пен торғай». 
Тәрбиеші: Кәне, балалар, кім торғайды, қарлығашты көрді? 
Алмас: – Мен көрдім. 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау