Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет22/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57

 
49 
Көк көбелек. 
Көп көбелек,                         Ұш, ұш, ұш! 
Неге сендер жүресіңдер       Ұшсаң былай 
Көз алдымда                          Құсша  ұш! 
көлбелеңдеп?                                
                                                  (авторлық өлеңдерден алынған үзінділер) 
Дауысты  дыбыстарды  дауыссыз  дыбыстармен  қатар  беруге  болатын 
деңгейге  жеткен  уақытта  халық  жырынан  алынған  «Өс,  бөпем»  үзіндісін 
балаларға  толығымен  жағдаятқа  енгізе  қолдандыру  тиімді.  Әже  рөліне  енген 
бала  ананың,  не  әженің  мейірімді  даусымен  халық  жырының  толық  үлгісін 
әуенімен орындағаны тартымды болмақ. Мәтіні: 
Өс-өс, балам, өсе бер, 
Батыр бол-балуан білекті, (екі білегін екі жаққа қозғайды). 
Батыл бол таймас жүректі, (қолдарын айқастырады). 
Аяғыңды созайық, (аяқтарын төмен қарай созады) 
Саусағыңды жазайық, (саусақтарын жазады) 
Өс-өс, балам, өс балам. 
Көрініп тұрғандай, сенсорлы тәрбие жолымен (көріп әрі сипап, әрі сөйлеп) 
тіл үйренуші балалар айтылуы қиындық туғызатын дыбыстарға осылай жаттыға 
алады. Жақан Смақовтың «Қаз, қаз бас...» атты өлеңі де тіл сындыруға сұранып 
тұр.  Тіпті  бұл  өлең-жырды  алдыңғы  «Тәй-тәй»  жырының  негізіндегі  ойынға 
жалғастыра енгізу ойынды тіпті мазмұнды ете түспек. Құлап қалған бала болса, 
тәрбиеші оны орнынан тұрғызып: 
Қаз-қаз-қаз 
Қаздаң бас. 
Бір, екі, үш, 
Аздан бас, 
Қаз-қаз бас, 
Құлама, 
Құласаң,  жылама!»  –  деген  осы  автордың  өлең  шумағын  ескерту  дауыс 
мәнерімен  айтып  шықса,  қазақ  тіліне  жаңадан  баулына  бастаған  баланың  тіл 
табиғатына  мойын  ұсынуына  жол  ашылады.  Өлеңді  жаттап  алған  бала  кейін 
топта  өз  қатарластарымен  қатынаста  сөздік  қорына  осы  шығарманы  еркін 
қосып, пайдалана бастайды.  
Байқалып  тұрғандай,  бұл  жырда  қайталанып  келетін  «Қ»,  «Ү»,  «Ұ» 
дыбыстары,  олармен  келетін  сөз  тіркестері  балалардың  қазақ  тіліне  тән 
дыбыстарды  дұрыс  айтып  жаттығуларымен  қатар,  сөйлеу  тілінде  жиі 
қолданылатын қарапайым сөйлемдерді де тұтастай үйреніп шығуларына жағдай  
жасайды, тілді бөлшектемей, тұтастай меңгеруге жол ашады. 
 


 
50 
4.  Сөздің  дыбыстық  жағын  қазақ  тілі  грамматикасымен  қатар 
үйрету 
Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру ісі  олардың тілінде айтуға ауыр 
тиетін  грамматикалық  құрылымдарды  нормаға  сай  қолдануларына  себін 
тигізеді.  Қазақ  тіліне  алғаш  үйретіле  бастағаннан-ақ  балаларды  тілдік 
қатысымға  енгізетін  кіші-гірім  грамматикалық  құрылымдағы  сөйлемшелер 
алынады.  Балалардың  сол  тілде  коммуникативтік  тілдік  қатынасқа  түсу 
мүмкіншіліктеріне  қарата  күнделікті  режимдік  сәттерде  және  арнайы 
сабақтарда төмендегідей грамматикалық құрылымдар беріледі: 
а) Морфологиялық сөз тұлғалары: 
1. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, ол; 
2. Сұрау есімдіктері: кім. не, қайда, шеше, нешеу; 
3. Сан есімдер: реттік-1-10-ға дейін, топтау-1-7 ге дейін;  
4. Сын есімдер: кішкентай, үлкен, жақсы, әдемі, дәмді, ащы, т.б. қатыстық 
және түр-түсті білдіретін сапалық сын есімдер; 
Үстеу сөздер: биік, аласа, жоғары, төмен. 
ә) Қазақ тілі жалғаулары: 
1.  Көптік  жалғаулар.  Зат  есім  мен  есімдіктерге  көптік  жалғауларды 
жалғап үйрету: қуыршақ-қуыршақтар; сен- сендер, ол-олар; 
2. Жіктік жалғаулары. Зат есім мен етістіктердің жіктелуін үйрету. (Мен-
Анармын. Сен-Олясың. Қоян келді. Ол сәбіз жеді.  
3.  Тәуелдік  жалғаулар.  Заттың  өзіне  нее  басқаға  меншіктілігін 
білдіретінін  меңгерту.  (Менің  досым.  Сенің  үйің.  Қуыршақтың  қолы,  басы, 
шашы, т.б.) 
4.  Септік  жалғаулар.  Зат  есім  мен  жіктеу  есімдіктерін  жіктеп  сөйлету. 
Доптың түсі қандай? Сенің көйлегің әдемі. 
б) Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің қарапайым түрлері: 
1.  Сын  есім  мен  зат  есімнен  жасалатын  сөз  тіркестері:  (Әдемі  қуыршақ. 
Қызыл алма). 
2. Сан есім мен зат есімнен жасалатын сөз тіркестері (екі алма, екі қалақ). 
3. Үстеу мен түбір етістіктен жасалатын сөз тіркестері: Тез жүгір. 
Жай сөйле. Ақырын жүр. 
4.  Үстеу  мен  септелген  зат  есімнен,  жіктелген  етістіктерден  жасалатын 
сөз тіркестері. Қазір келдім. Оңға бұрыл. Машинаға мін. 
5. Септік жалғауындағы сөздер мен етістіктен жасалатын сөз тіркестер. 
Үйдің терезесі. Ваняның шешесі. Автобуспен келдім. 
в) Сөйлемнің қарапайым типтік құрылымдары: 
1. Бұйрық райдағы етістік тұлғалы сөйлемдер: Нан же. Шай іш. 
2.  Баяндауышы  кім?  не?  сұрақтарына  жауап  беретін  атау  тұлғалы  жай 
сөйлемдер: Мынау кім? Мынау қыз.  
3.  Баяндауышы  қандай?  сұрағына  жауап  беретін  тәуелдік  жалғаулы 
сөздермен тіркескен жайылма сөйлемдер: Сенің бөлмең қандай? Менің бөлмем 
кең және таза. 
4.  Баяндауышы  қайда?  сұрағына  жауап  беретін  жатыс  септігіндегі  зат 
есімнен жасалған жалаң сөйлемдер: Бала қайда? Бала балабақшада. 


 
51 
5.  Баяндауышы  сан  есімнен  жасалған  сөйлем  құрылымдары:  Қол  екеу. 
Сәбіз бесеу. 
6. Баяндауышы не істеді? қайтті? Деген сұраққа жауап беретін етістіктен 
жасалған сөйлем құрылымдары. Асан су ішті. Оля ойнады. 
7.  Бар,  жоқ,  аз,  көп  сөздерінің  қатысымен    жасалатын  сөйлем 
құрылымдары. Доп бар, қуыршақ жоқ. 
8.  Үш-төрт,  одан  да  көп  сөздерден  тұратын  жайылма  сөйлем 
құрылымдары. Вова гүлге су құйды. Сәния кітапты сөреге қойды. 
г) Қарапайым құрмалас сөйлем құрылымдары: 
1. Компоненттері қарсы мәндес құрмалас сөйлемдер: Менің добым үлкен, 
Оляның добы кішкентай. 
2.  Мезгілдес  салалас  сөйлемдер.  Миша  сурет  салды,  Марат  машинамен 
ойнады. Саша, машинаға отыр. 
3.  Бастауышы,  не  баяндауышы  бірыңғай  мүшелі  сөйлем  құрылымдары. 
Алма, өрік, жүзім-жемістер, ал құлпынай, қарақат-жидектер. 
4.  Кім,  не  сұрау  есімдіктерінің  «керек»,  «керек  емес»  сияқты  модаль 
етістіктермен  байланысындағы  сөйлемдер:  Оляға  не  керек,  саған  не  керек?  
- Оляға дәптер керек, маған өшіргіш керек.  
Балабақшада өткізілетін қазақ тілі сабақтарында грамматикалық тұлғалар 
ереже  түсіндіру  жолымен  жүргізілмейді.  Балалардың  қазақша  сөйлей  бастауы 
негізінен  еліктеу  әдісімен  жүзеге  асады  «Қуыршақты  тамақтандырайық», 
«Қуыршақты жуындырайық» , «Қуыршақты  ұйықтатайық» атты дидактикалық 
ойындарға  қатыстыра  отырып:  «Шай  (шырын,  компот)  іш.  Нан  (тәтті  нан, 
бауырсақ) же. Қолы кәне? Қолын жу. Беті кәне? Бетін жу; Мынау қуыршақтың 
көрпесі.  Мынау  кереуеті.»  тағы  осы  сияқты  жоғарыда  келтірілген 
грамматикалық  тұлғаларға  негізделген  сөйлемдер  арқылы  балалар  қуыршақ 
кейіпкерлердің сөздеріне еліктете отырылып, сөйлеуге қатыстырылады. 
Грамматикалық  формаларды  балалар  ойын  түрінде  сабақ  жүйесінде 
бірізді  қайталап  отырса,  ол  формалар  автоматты  түрде  санада  жаттала  береді. 
Ал  сөйлесуге  қажетті  формалардың  өлеңді  мәтіндерде  қайталанып  берілуі  – 
коммуникативті  қатысымға  да  балалардың  автоматты  түрде  жетуіне  негіз 
болады. Балаларға жыр арнаған  белгілі автор Қ. Ыдырысовтың  «Жақсы көру» 
деп аталатын өлеңі тәуелдік жалғауын бекітуде тиімді өлең. Баласын айналып –
толғанған    әжесінің  сөздерін  кейіпкерлендіру  тәсілімен  балаға  айтқызу  кейін 
оның  кез  келген  жақсы  көру  сөздерін  еркін  меңгеріп  әкетуіне  жол  ашады. 
Шығарма мәтіні:  
– Жүрегім менің? (кім?) 
– Мен. 
– Тірегім менің? 
– Мен. 
– Жаным менің? 
– Мен. 
– Сәнім менің? 
– Мен 
– Ботақаным, бағыланым, қозым, 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау