3.2-мақсат. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 016, 018, 020, 022, 024, 025, 031, 033
Нысаналы индикатор, міндеттің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезең) көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезең
|
Қол жетпеушілік себептері
|
2014 ж. жоспар
|
2014 ж. нақты
|
Нысаналы индикатор
|
|
|
|
|
|
Қауіпті және апаттық гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауыл ескертулерінің алдын ала уақытын ұлғайту
|
ведомств.
деректер
|
сағат
|
48
|
48
|
-
|
Республика аумағын атмосфералық ауаның ластануы жай-күйі туралы мониторингпен қамтамасыз ету
|
ведомств.
деректер
|
%
|
46
|
46
|
-
|
Авиация үшін ауа райы қауіпті құбылыстарының өзін-өзі ақтауын жақсарту
|
ведомств.
деректер
|
%
|
95,4
|
95,4
|
-
|
3.2.1-міндет. Гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын көтеру және атмосфералық ауа мониторингісі жүйесін жетілдіру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
Республика аумағын мониторингпен қамтамасыз ету:
|
ведомств.
деректер
|
%
|
|
|
|
агрометеорологиялық
|
72
|
72
|
|
метеорологиялық
|
71
|
71
|
|
гидрометеорологиялық
|
59
|
59
|
|
Автоматты режимде жұмыс істейтін, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын бекеттердің саны
|
ведомств.
деректер
|
дана.
|
58
|
58
|
|
Климаттық жүктемелер бойынша карта алу (барлық жұмыстардың көлемі)
|
ведомств.
деректер
|
%
|
80
|
80
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
|
Бақылау бекеттерін қайта құралдандыру және жаңадан жабдықтандыру
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 031 бюджетті бағдарлама аясындағы 2014 ж. 23 қаңтардағы №07-01-3 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №5 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
-2014 ж. 28 қаңтардағы №15-14-ЗН келісім-шарты бойынша мопедтер сатып алынды, растама құжаттар мамыр айындағы есепте көрсетілген;
- 2014 ж. 28 қаңтарындағы №16-14-ЗН келісім-шарт бойынша топырақ ылғалдылығын өлшегіштер сатып алынды, растама құжаттар қазан айындағы есепте көрсетілген;
- 2014 ж. 14 қазандағы №13-14-К және 2014 ж. 21 қазандағы №12-14- келісім-шарт бойынша таразылық қар өлшегіштер сатып алынды. Есептер қабылданды.
- 2014 ж. 22 мамырындағы №03-14-К келісім-шарт бойынша атмосфераны зондтайтын 3 дана болатын аэрологиялық кешендер сатып алынды. Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
|
Сандық үлгілерді сатып алу, бейімдеу
|
Іс-шаралар 2016 ж. жоспарланған.
|
Астана қ. ахуалдық орталық құруын мониторингілеу
|
Іс-шаралар 2017 ж. жоспарланған.
|
Метеорология жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешен сатып алу, ендіру
|
Іс-шаралар 2016 ж. жоспарланған.
|
Экология жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешен сатып алу, ендіру
|
Іс-шаралар 2016 ж. жоспарланған.
|
Гидрология жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешен сатып алу, ендіру
|
Іс-шаралар 2016 ж. жоспарланған.
|
Электрондық архивті қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық кешенін сатып алу, ендіру
|
Іс-шаралар 2017 ж. жоспарланған.
|
Бақылау пунктерінің, соның ішінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағын қайта жабдықтау және қайта жарақтандыру
|
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша «2014-2016 ж.ж. арналған Ақмола облысы Щучье-Бурабай курортты зонасын (2 кезең)» дамыту жоспарын орындау үшін:
- 1 дана мобилді экологиялық кешен сатып алынды;
4 бақылау пункті жаңғыртылды;
Зертхана үшін:
- үздіксіз су сынамаларының алу үшін тіркемесі бар электрлі қозғалтқышымен моторлы қайық сатып алынды;
- Спутникті GPS-навигатор сатып алынды.
|
Климаттық сипаттамасы бойынша қазақстан территориясын аудандастыру
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 025 бюджетті бағдарлама аясындағы 2013 ж. 01 сәуіріндегі №07-1-56 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №4 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
- Климаттық ерекшеліктер бойынша 15 карта макеті құрылған болатын. Есеп қабылданды.
4 тәсілді әзірлеу:
Көктайғақ қалыңдығы бойынша ҚР территориясын аудандастыру тәсілін әзірлеу;
Найзағайдың қайталануы бойынша ҚР территориясын аудандастыру тәсілін әзірлеу;
Нольдік изотерманың максималды кіруі бойынша ҚР территориясын аудандастыру тәсілін әзірлеу;
Жылдық найзағайдың созылуы бойынша ҚР территориясын аудандастыру тәсілін әзірлеу.
Картаның 15 макетін қабылдау:
грунтқа қар жүктілігі бойынша (жылдық асып кету мүмкіндігі 0,02 анықталатын сипаттық мәні);
грунтқа төтенше қар жүктілігі бойынша (ықтималдығы өте төмен қардың жаууы нәтижесінде);
В қосымшасы Еврокод 1991-1-3 (ықтималдығы өте төмен қардың қат-қабатталуы нәтижесінде) төтенше үйінділер алып келген жабындыларға қар жүктілігі бойынша;
төңіректің биік жағдайы мен қар жүктілігін біріктіретін таулы аудандар бойынша қар жүктілігі бойынша;
желдің базалық жылдамдығы бойынша арту мүмкіндігі 0,02 бойынша;
қысқы маусым кезінде желдің орташа жылдамдығы бойынша;
көлеңкедегі максималды ауа температурасы жылдық арту мүмкіндігі 0,02 бойынша;
көлеңкедегі минималды ауа температурасы жылдық арту мүмкіндігі 0,02 бойынша;
қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы бойынша;
шілдедегі ауаның орташа айлық температурасы бойынша;
қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасынан тәуліктік ең суық ауа температурасының ауып кетуі бойынша;
қалыңдығы бойынша;
найзағайдың жылдық ұзақтығы бойынша;
найзағайдың жылдық қайталануы бойынша;
нольдік изотерманың грунттың тереңдігіне максималды кіруі бойынша.
|
Мониторингтің автоматты гидрометеорологиялық бекеттерінен алынған деректерді автоматты/автоматтандырылып берілуін қамтамасыз ету
|
Казіргі күні 132 автоматтық метеорологиялық станса мен 33 гидробекеттерден бекеттерден мәліметтерді автоматты түрде жіберуін қамтамасыз етеді.
«Қазгидромет» РМК ақпаратты қабылдау және өндеу жүйесіне ақпарат күнделікті беріледі.
|
Компьютерлік сауаттылықты меңгерген, гидрометеорологиялық қызмет персоналының сандық жылдық өсімі, 2014 жылдан бастап 1% құрайды
|
Компьютерлік сауаты бар қызметкерлердің санын анықтау үшін "Қазгидромет" РМК компьютерлік сауаты бар қызметкерлерін 2015 жылдың ақпанның 15 дейін тестілеу жүргізілді. Тестілеу аяқталған соң анализ жүргізіліп, "Қазгидромет" РМК, оның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің компьютерді меңгеру пайызы анықталған болатын. 2014 жылға компьютерлік сауаты 66 % екені анықталды.
|
Химия-аналитикалық зертханаларды құрал-жабдықтармен жабдықтау
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 018 бюджетті бағдарлама аясындағы 2014 ж. 23 қаңтардағы №07-1-4 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №5 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
-2014 ж. 28 қаңтардағы №10-14-ЗН келісім-шарт негізінде «Флюорат 02-2М» -4 дана су анализаторы сатып алынды. Растама құжаттар тамыз айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
- 2014 ж. 28 қаңтардағы №11-14-ЗН келісім-шарт негізінде спектрофотометр -4 дана сатып алынды. Растама құжаттар тамыз айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
- 2014 ж. 28 қаңтардағы №23-14-ОИ келісім-шарт негізінде кондуктометр -2 дана, иономер-3 дана, рН-метр -9 дана сатып алынды. Растама құжаттар тамыз айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
- 2014 ж. 11 маусымдағы № 33 келісім-шарт негізінде зертханалық үстелдер -8 дана сатып алынды. Растама құжаттар қыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 12 маусымдағы № 34 келісім-шарт негізінде жуу үстелі -3 дана сатып алынды. Растама құжаттарқыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 12 маусымдағы № 36 келісім-шарт негізінде титрлеу үстелі-2 дана сатып алынды. Растама құжаттар қыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 12 маусымдағы № 35 келісім-шарт негізінде вибрацияға қарсы таразыға арналған үстелдер -4 дана сатып алынды. Растама құжаттар қыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 12 маусымдағы № 38 келісім-шарт негізінде реактивті сақтайтын шкаф -1 дана сатып алынды. Растама құжаттар қыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 12 маусымдағы №37 келісім-шарт негізінде сығынды шкаф-1 дана сатып алынды. Растама құжаттар қыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 28 желтоқсандағы №06-14-ЗН келісім-шарт негізінде электртермикалық атомизаторы бар атомды-абсорбциялық спектрометр -5 дана сатып алынды. Растама құжаттар желтоқсан айындағы
есепте көрсетілген.
|
Атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған станцияларын және жылжымалы зертханаларды сатып алу
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 018 бюджетті бағдарлама аясындағы 2014 ж. 23 қаңтардағы №07-1-4 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №5 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
Келесі келісім-шарттар негізінде 28 автоматты бекет сатып алынды
1) 2014 ж. 23 мамырдағы № 05-14-К келісім-шарт,
2) 2014 ж. 30 мамырдағы № 04-14-К келісім-шарт.
Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 28 қаңтардағы № 12-14-ЗН келісім-шарт негізінде жылжымалы зертханалар -2 дана сатып алынды. Растама құжаттарқыркүйек айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
|
«Қазгидромет» РМК филиалдарының химиялық- талдамалық зертханалары үшiн өндiрiстiк үй-жайлар сатып алу
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 018 бюджетті бағдарлама аясындағы 2014 ж. 23 қаңтардағы №07-01-4 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №5 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
Филиалдардың зертханаларына өндірістік бөлмелерді сатып алуға жоспарланған сома жетпейді, Министрлікте қосымша қаржы бөлу қолдау таппады. 42 288, 0 мың.теңге көлемінде сома республикалық бюджетке қайтарылды.
|
Химиялық зертханалар мен қадағалау бекеттерін (ЛБП) ағымдағы жөндеу
|
Бұл іс-шара ҚР ЭМ мен «Қазгидромет» РМК арасында 018 бюджетті бағдарлама аясындағы 2014 ж. 23 қаңтардағы №07-01-4 және 2014 ж. 19 желтоқсандағы №07-01-4 қосымша келісім-шарты негізінде орындалды.
-2014 ж. 31 шілдесіндегі № 60 келісім-шарт негізінде Ақтөбе облысы бойынша филиалында ағымдық жөндеу жүргізілді. Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
- 2014 ж. 24 шілдесіндегі № 62 келісім-шарт негізінде Онтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында ағымдық жөндеу жүргізілді. Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
- 2014 ж. 27 қаңтардағы № 6 келісім-шарт негізінде Қарағанды облысы бойынша филиалында ағымдық жөндеу жүргізілді. Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
-2014 ж. 27 қыркүйектегі № 159, 2014 ж. 27 қыркүйектегі № 160, 2014 ж. 27 қыркүйектегі № 161 келісім-шарттар негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ағымдық жөндеу жүргізілді. Растама құжаттар қараша айындағы есепте көрсетілген. Есеп қабылданды.
|
Атмосфералық ауа мониторингінің автоматты бекеттерінен деректердің автоматты/автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ету
|
Қазіргі күні атмосфералық ауаны бақылайтын 58 автоматтық станса мәліметтерді жібереді.
Мәліметтер күнде түседі
|
3.2.2-міндет. Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету бөлігінде авиациялық қауіпсіздікті арттыру және авиациялық метеорологиялық өнімнің сапасын арттыру
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
Қазақстанның әуежайлары бойынша радиолокациялық ақпаратпен қамтамасыз етілу
|
ведомстволық деректер
|
%
|
20
|
20
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
|
Қос полярлы доплерлік метеорологиялық локаторлар жүйесін құруын мониторингілеу
|
Бюджеттік қаражатты игеру мақсатында, мынадай шаралар жүргізілді:
1. Орнату орнын белгілеу бойынша. 7 өкілдік үшін жер телімін жалға алу келісім-шарты жасалды. Бірақ ҚР Жер кодексінің 43 бабында көрсетілген талаптарға сәйкес жер телімін таңдау рәсімі «Радиотехникалық объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкестігіне жер теліміне «Радиолокациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» гигиениалық нормативтерге сәйкестігіне дозиметрлік бақылау жүргізу ұзақ мерзімді алды ( 1,5 - тен 3 айға дейін). Сонымен қатар, ЖСҚ әзірлеу бойынша конкурс жариялау үшін ҚР заңнамалық нормаларымен көзделген мерзімге сәйкес ұзақ уақыт алатын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын рәсімдеу, әлсіз қайралған желі және электр жабдықтауға техникалық шартты алу талап етіледі (15 - тен 30 күнге дейін).
2. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша. Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген рәсімдердің нәтижесі бойынша Қоғаммен 7 өкілдік бойынша ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды. Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Петропавл қалаларының 7 өкілдігі бойынша ағымдағы датада халықаралық әуежайлардың және Арал қ. метеорологиялық белгілеудің радиотехникалық құралдарын орнатуға техникалық жарақтандыру құрылысы жобасы бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК оң қорытынды алынды. Сонымен қатар, 19.08.2002 ж. ҚР №918 қаулысымен бекітілген ЖСҚ сараптама жүргізу ережесіне сәйкес жобаға сараптама жүргізу мерзімі 45 күнтізбелік күнді алады.
3. Бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша. Конкурстық рәсімдерді жүргізгеннен кейін Қоғаммен Қоғамның 9 өкілдігі үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен МАРС метеорологиялық автоматтандырылған радиолокациялық желінің жұмыс станциясын сатып алуға шарт жасалды.
4. ДМРЛ сатып алу бойынша. Атырау қ. бойынша толық аяқтау мердігерлік әдісімен ДМРЛ орнатуға құрылыс-монтаж жұмыстары және ДМРЛ сатып алуға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін жабдық құнының қымбаттауы себебінен қатысуға өтініштің болмауынан өтпеді. 2 кезеңде мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесі бойынша, ДМРЛ сатып алуға шарт жасалды. Ағымдағы күні СМР жүргізуге және техникалық қадағалауға конкурс жарияланды.
Нысаналы индикаторлар бойынша көрсеткішке жету мақсатында Қоғамның Стратегиялық жоспарына өзгерту енгізілді, «Бюджеттік бағдарламалар» №7 бөлімінде 2014 жылы 1 ДМРЛ ғана сатып алу, 2015 жылы 2014 жылы сатып алынған 1 ДМРЛ есебімен 8 ДМРЛ орнату.
|
Жергілікті аэродромдар үшін метеорологиялық жабдықтар сатып алу
|
Іс-шаралар 2017 ж. қарастырылған.
|
16 өкілдікті резервтік жабдықпен жабдықтау
|
Іс-шаралар 2017 ж. қарастырылған.
|
2. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша талдау
Стратегиялық бағытты жүзеге асыру бойынша жоспарланған іс-шаралар және есепті жыл бойынша мемлекеттік органның мақсаттары
|
Іс жүзінде орындалуы
(есепті кезең бойынша мемлекеттік органдар қызметі нәтижелерінің жақсаруына бағытталған іс-шаралар)
|
Орындамаудың себептері
|
1
|
2
|
3
|
Бюджеттік бағдарламалардың игерілу дәрежесін талдау және айқындау, бюджеттік бағдарламаларды тиімді басқару үшін бюджеттің толық орындалмауының себебін айқындау.
|
99,7%
|
2014 жылы Министрлікпен 35 бюджеттік бағдарлама 103 030,8 млн. теңге нақтыланған көлемімен іске асырылды, жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы нақтыланған жоспарға 102 738,3 млн.тенге немесе 99,7% құрады.
|
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
|
Барлығы -97, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңдары –0;
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары–1;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қауылдары –37;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері–1;
Министрліктің бұйрықтары – 58.
|
|
Ағымдағы жылға Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау жөнінде сапалы есептік ақпараттарды беру
|
Ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылады. Тиісті бағыттар бойынша бағалау бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен әзірленген әдістемелерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілген.
|
|
Министрлік функцияларын автоматтандыру
|
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Министрліктің ережесіне сәйкес, Министрлікпен «Автоматтандыруға жататын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызмет тізілімін бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленіп, 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 26-01-02/13520 және 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26-01-02/383/и Министрліктің хаттарымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және дамыту министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне жолданды.
|
|
Шешім қабылдау деңгейде биліктегі әйелдердің үлесін кемінде 30 % ұлғайту
|
Гендерлік теңдік шеңберінде және басшылық лауазымдарға шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді ұлғайту мақсатында 01.10.2014 ж. тағайындалды:
1) департамент директорлары – 5 әйел (19 адамнан, 26 %);
2) директор орынбасары – 11 әйел (28 адамнан, 39 %)
3) басқарма басшылары – 30 әйел (59 адамнан, 50 %). Барлығы: 43,3%.
|
|
Министрлікте жастар тәжірибені жүргізілуі
|
2014 жылы Министрлікте «Жас Отан» бағдарламасы және Жұмысбастылық орталығы бойынша 6 жас маман тағылымдамадан өтті.
|
|
Мемлекеттік тіл функцияларын одан әрі кеңейту және нығайту
|
-Мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылды. 25 қызметкер 3 топта оқытылды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар тест тапсырып, сертификат берілді.
-ҚР халықтары тілдерінің күніне орай Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында «Мемлекеттік тіл-бірліктің алтын кілті» атты конурсы өткізілді.
-«Қазтест» жүйесі бойынша Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін булі деңгейіне тест өткізілді.
-Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жөнелтілетін мемлекеттік тілде әзірленген құжаттарға сараптама жүргізілді.
-Ағылшын тілін оқыту курсы ұйымдастырылды. 12 қызметкер қатысып, сертификат берілді.
-2011-2020 жылдары тілдерді қолдану және дамыту арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат әзірленіп жөнелтілді.
-Қызметкерлер қазақ-орыс және орыс-қазақ терминологиялық сөздіктермен қамтамасыз етілп отырды.
-Құжат әзірлеуде мемлекеттік тілді қолдану бойынша қызметкерлерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіліп отырды.
|
|
3. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша талдау
Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттердің көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын жоспарланған шаралар
|
Есепті кезең бойынша міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шаралардың іс жүзінде орындалуы
|
Есепті кезең бойынша мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жетпеушілік себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1-стратегиялық бағыт. Электроэнергетика, көмір өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану саласын дамыту
|
1.1-Мақсат Экономиканың энергияға өсіп келе жатқан қажеттiлiгiн қамтамасыз ету
|
1.1.1-міндет. Электр энергиясын дамыту (инфракұрылымы)
|
Электр энегиясын өндіру көлемі
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энергия» АҚ
|
Электр энергетика саласындағы жобаларды іске асыру
|
Қазақстан Республиткасы Энергетика министрлігімен 013 «жылу энергетикалық жүйесін дамытуға Облыстық бюджеттер, Астанамен Алматы қаласы мақсатты трансферт» бюджеттік бағдарламасы аясында үш обыс әкімдіктеріне (Маңғыстау, Ақмола және Шығыс Қазақстан) және Алматымен Астана қаласы әкімдіктеріне 54 301 919 мың. Тенге қаржы бөлінді. 2015 жылғы 1 қаңтар бойынша игеру 54 301 919 мың. Тенге 100% құрады.
|
|
ҰЭМ
|
Электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын баға бойынша іске асыратын энергия шығаратын ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерін орындауы туралы келісімдер жасасу.
Электр энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын келісу.
|
1.1.3-міндет. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту
|
Жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясы көлемі
|
ҰЭМ, АШМ, ИДМ, ІІМ
|
Жаңартылатын энергия көздеріне қатысты ұсыныстарды әзірлеу және нормативтік құқықтық құжаттарды уақтылы келісу; IRENA-ға қатысу
|
2014 жылдың ішінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бектіліген ЖЭК саласындағы барлық қабылданған НҚА мүдделі ОМО және ЖАО-мен келісілген.
Қазақстан Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) (бұдан әрі – Агенттік) толық құқылы мүшесі болып табылады. 2013 жылғы 22 наурызда «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» № 82-V Заңы қабылданды.
Агенттікпен ынтымақтастық шеңберінде 2015 жылдың аяғына дейін Қазақстанда ЖЭК әлеуеті бойынша талдау жүргізу жоспарлануда.
Агенттік бағдарламаларының бірі «Энергетикалық ғаламдық ауысуын жоспарлау» – Remap 2030 бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – 2010 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай әлемдік энергия теңгерімінде ЖЭК үлесін екі есе арттыру болып табылады.
Осы бағдарлама елдегі қол жетімді секторлар және технологияларға, әлемдегі барлық энергия тұтынудың ¾ бөлігі келетін 37 қатысушы-елдерде талдау жүргізеді. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Агенттік көрсетілген көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ететін ғаламдық жол картасын әзірлейді.
Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру жаңартылған қағидаларына (2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 ҚР ҮҚ) сәйкес, ЖАО-мен ЖЭК пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынудың нұсқасы бекітілген. Мониторингтың мәліметтері бойынша 2014 жылы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО облыстар әкімдіктерімен ЖЭК объектілерін салуға жер учаскелері берілген.
|
-
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы құрылыс объектілері үшін жер учаскелерін резервтеу және беру
|
1.2-мақсат. Атом энергиясын пайдалану саласының дамуы үшін жағдайлар жасау
|
1.2.1-міндет. Атом өнеркәсібі мен энергетикасын дамыту, Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
Уран өндіру көлемін 2018 жылға қарай 2012 жылғы деңгейден 18 %-ға ұлғайту.
Атом өнеркәсібінде еңбек өнімділігін арттыру
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
|
Атом өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Атом энергетика саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу.
|
2014 жылы жоспарланған 10%-дан өндіріс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 7,5% -ға артты. 2014 жылы еңбек өнімділігі 1,434 уран тоннасы /адам құрады.
|
2014 жылғы жоспарлық өндіріс көлемін орындамау келесі себептермен байланысты:
«Орталық» ЖШС. Мердігер магистралды труба жөнелткіш салу бойынша жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамаған, нәтижесінде орындалмаған көлем – 200 тоннаны құрады.
«Ыңқай» ЖШС. Өндірістің күрделі геотехнологиялық жағдайына байланысты орындалмау – 100 тоннаны құрады.
«Аппақ» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС. Барланған қордың расталмағанына байланысты орындалмау – 170 тоннаны құрады.
|
1.2.2-міндет. Атом энергиясын пайдалану саласында ғылым мен технологияларды дамыту
|
Атом және термоядролық энергетика саласында ғылыми жобалардың саны
|
ҰЭМ, БҒМ, СІМ, ИДМ
|
Ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, бағдарламаның үлгілі мазмұның анықтауға ұсыныс енгізу.
|
Дайындалған ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларына МҒТС және ҰҒК шешімі алынды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жарияланды.
|
|
1.2.3-міндет. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу
|
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті инспекциялаумен қамту деңгейі (тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес).
Ядролық материалдардың бар болуы мен қозғалысы, ядролық отын циклі объектілерінің қызметі туралы есептерді АЭХА ұсыну.
|
Мүдделі мемлекеттік органдар
|
Атомдық энергияны пайдаланумен байланысты, реттемелеуші әрекеттер, ереже мен нормаларды әзірлеуге байланысты ұсыныстар енгізу.
Заңнамалық актілерді әзірлеу мен өзгертуге ұсыныстар енгізу.
Атомдық энергияны пайдалану жөніндегі сұрақтарға халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
|
«Атом энергиясын пайдалану туралы» дайындалған Заң жобасы 2014 жылы ҚР Парламент Мәжілісіне жіберілді.
Кәзіргі уақытта Мәжілісте құрылған жұмыс тобы заң жобасын талқылау жүргізуде.
ҚР ядролық қондырғыларда ядролық материалдардың түгендеу санының өзгерісі бойынша 87 есеп;
Қазақстанға/нан жоспарланған ядролық материалдарды әкелу/шығару туралы 98 алдын-ала хабарлама;
жөнелтілген табиғи уран туралы 123 хабарлама;
табиғи уранның экспорты бойынша 4 есеп және Қырғыстанға/нан уран өнімдерін жеткізу бойынша 8 есеп;
ядролық отындық циклдерімен байланысты кәсіпорындар қызметі бойынша 20 есеп;
Қосымша хаттаманың ықпалына кіретін жабдықтарды немесе материалдарды экспорттау туралы 4 тоқсандық есеп;
сұрауларға 14 түсіндірме дайындалды және АЭХА-ға жіберілді.
|
|
2-Стратегиялық бағыт. Мұнайгаз және мұнайгазхимиялық салалардың дамуы
|
2.1-Мақсат 2025 жылға қарай өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен қамтамасыз ету.
|
2.1.1 -міндет. Мұнай ресурстарын игеру және пайдалану
|
Мұнай тасымалдаудың көлемі
|
ІІМ
|
Мұнай өндіру мен тасымалдау кезіндегі мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
|
2014 жылы өндіріс қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторларымен магистральды 25 құбыр жүргізу ұйымдары тексерілді. Тексеру барысында 141 объект қаралды, қолданыстағы ереже мен өндіріс қауіпсіздігі нормаларына сәйкес 373 бұзушылық анықталды, 4 объект тоқтатылды.
2555,8 мың теңге мөлшерінде 36 лауазымды тұлғалардан әкімшілік айыппұл ілінді.
Бақылау-профилактикалық саласы көрсеткіштерінің төмендеуі 2014 жылға 2 сәуірдегі кіші және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийге байланысты.
Толық айтқанда, бақылау-профилактикалық жұмыстарының қорытындысы бойынша өндіріс қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік магистральды құбыр жүргізу объектілерінің жағдайы қанағат.
2013-2014 жылдары апаттар болмаған.
|
|
3-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту
|
3.1-мақсат Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру және төменкөміртекті дамуға көшуі бойынша жағдай жасау
|
3.1.1-міндет. Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыруы және мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру
|
Стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындылары
Ластаушы заттар төгінділерінің нақты мәндерінің көлемі
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындыларын тұрақтандыру
|
1. Статистика жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан NEM Республикасы Статистика комитеті) қалыптастырған стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары туралы ақпарат. 2014 ақпарат кезінде уақтылы қалыптастырылатын болады. 2013 жылы ауаға тұрақты көздерден шығатын ластаушы заттардың шығарындылары 2.17 млн. тонна
(http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/ecolog-A-1?_afrLoop=657219252085663#%40%3F_afrLoop%3D657219252085663%26_adf.ctrl-state%3Dd81hae6sx_80).
Динамика. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, «2005 жылы жасалған -. 2,968 млн тонна 2006-2,921млн. тонна, 2007 жылы -2,915 млн тонна, 2008 жылы - 2,643 млн тонна, 2009 жылы -2,320 млн тонна, 2010 жылы -2,226 млн. тонна, 2011 жылы -2,346 млн тонна, 2012 жылы – 2,384 млн. тонна. Мысалы, ұлттық экологиялық саясатты реттеу Эмиссиялар нормативтерiн қайта қарау және кері қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметі үшін олардың лицензиялар мен рұқсаттардың негізінде беріледі, сондай-ақ экономикалық құралдарын қолдану және тұрақты қоғамдық хабардарлығын жақсарту мүмкін түсінікті проблема нысаны және оны қалай шешу.
2. Ластайтын заттарды тастау нақты мағынасының көлемі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 жылы тастау көлемі 4,16 млн.тоннаны құрады. Динамикада 2013 жылмен салыстырғанда тастау көлемі сол деңгейде қалды.
|
|
Ластаушы заттар төгінділерін тұрақтандыру
|
3.1.3-мақсат. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігін ендіру
|
Электроэнергетикада көмірқышқыл газы шығарындыларының 2012 жылға қатысты көлемі
|
ҰЭМ, СІМ, ИДМ, Облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
ПГ шығарындыларына квоталамен сауда жасау жүйесінің жұмыс істеуі;
Киото хаттамасының міндеттемелерінің әрекет етуінің екінші кезеңі бойынша келіссөздер процесіне және БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде жаңа келісімді жасауға қатысу;
ICAP, PMR WB халықаралық көміртегі алаңдарына қатысу
|
Табиғат пайдаланушылардан келіп түскен 158 квота беруге өтініштері қарастырылды, олардың 158 қондырғы паспорттары министрдің бұйрығымен бекітілді және МКЭРБжМИК жалпы квота көлемі 305,354 млн СО2 тоннасымен тиісті сертификат беру үшін қорытындылар жолданды.
Бұл ретте Парниктік газдар шығарындыларына 2014-2015 жылдарға арналған квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына энергетикадан, өнеркәсіптен және көмір, мұнай және газ өндірісінен 166 кәсіпорын кірді, олардың шығарындыларының жалпы көлемі 2014 жылы – 155,353 млн. СО2 тоннаны және 2015 жылы – 153,024 млн. СО2 тоннаны құрайды;
22 компаниядан келіп түскен өтініштер негізінде өтініштер қаралып және 12 млн СО2 тоннансынан аса қосымша квота көлемі берілді (барлығы 32 өтініш келіп түсті).
28.03.2014 «Каспий» Тауар Биржасында» алғашқы парниктік газдар шығарындыларына квоталармен биржалық сауда өтті. Саудаға 20 компания қатысты. Барлығы 35 мәміле жасалды. Биржалық мәміленің жалпы көлемі СО2 1 271 289 тонна. СО2 квота бірлігінің 1 тоннасы үшін орташа баға 406 тенге 4 тиынды құрады.
Департамент халықаралық донарлармен және біріккен бірлестірмен бірлесіп үлесті коэффициенттеді қолданумен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің басқа әдісі – бенчмаркке көшу мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыс жүргізіп отыр.
Вице-министр Т. Ахсамбиевтің төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. 2014 жылдың қазанынан қарашасына дейін әр сектордан жеке кәсіпорындармен Жұмыс тобының кіші топтарының 4 отырысы өткізілді. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша жиналыс 2014 жылы 28 қарашада өтті, мұнда талқылау үшін алдын ала есептер ұсынылды. Бенчмарктердің қорытынды нұсқасы әзірлеу сатысында.
БҰҰ КӨНК 20-шы Тараптар Конференциясы және Киото хаттамасының 10-шы тараптар кездесуінде (1-12 желтоқсан 2014 ж., Лима қ., Перу) «Лиманы климаттық әрекеттерге үндеу» деген құжат «Келіссөздер үшін мәтін жобасының элементтері» қосымшамен қабылданды, ол 2020 жылдан кейін қабылданады; КХ 3-бабының 7тер тармағын түсініктеме беру бойынша консенсусқа қол жеткізбегендіктен аталған тармақты қарастыру келесі отырысқа қалдырылды.
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Нарықтық дайындық бойынша серіктестік (PMR) шеңберінде «Елдердің парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауда жасау жүйесіне дайындық» жобасы жүзеге асырылуда. 2014 жылдың 13 қарашасынан бастап жоба өкілдерімен жиналыс өтті, онда жобаның бірінші сатысы бойынша есепті, сондай-ақ – қазақстандық ПГ шығарындыларымен сауда жүйесін басқа әрекет ететін сауда жүйелерімен «біріктіру» бойынша мүмкіндіктерді талдау – екінші сатысы бойынша міндет бойынша талқылау және келісу болды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |