«Ќазаќстан Республикасы Еѕбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігініѕ Еѕбекті ќорєау жґніндегі республикалыќ єылыми-зерттеу институты»



жүктеу 161 Kb.
Дата03.02.2020
өлшемі161 Kb.
#28092


Павлодар облысы әкімдігі, «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы

2018-2020 жылдарға арналған

КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Павлодар облысы әкімдігі, «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау қажет деп есептейді.

Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып,

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Облыстық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.



I бөлім

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту
Тараптар:


  1. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны құруға ықпал ету.

  2. Төртінші Өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу есебінен отандық экономиканың дәстүрлі базалық салаларының бәсекелес басымдықтарын кеңейту.

  3. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеу.

1.4. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру бағыттарында бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
1.5. Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға.

    1. Бизнесті және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.

    2. Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың кірісінің төмендеуіне жол бермеу үшін еңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруды және кәсіпорындардың, салалардың және өңірлердің ішінде және олардың арасында кадрлардың икемді ауысуын қамтамасыз етуге.

    3. Экономика салаларын технологиялық жаңарту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ынталандыруға.

    4. Инвесторлардың облыспен өзара іс-қимылын реттеуді жаңғырту есебінен инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.

    5. Тиімділігі жоғары жобаларды қолдау үшін инвестицияларды өндіріске бағыттауға уағдаласты.


Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.11. Инновацияларды қолдау және инвестицияларды тарту үшін нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін қамтамасыз ету.

1.12. Ұлттық экспорттық стратегияның, Ұлттық инвестициялық стратегияның және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуын тиімді үйлестіруді жүзеге асыру.

1.13. Экономиканы жаңғырту шеңберінде ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.14. Жаңа, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу кезінде компаниялардың өз кадрларына білім беруді және оларды даярлауды өз бетінше инвестициялауы бойынша жұмысты үйлестіру.

1.15. Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, кәсіпорындарды негізгі құралдарды жедел жаңартуды жүргізуге тарту.

1.16. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға, оның ішінде жұмыс берушілерге әлеуетті босатылатын кадрлардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету бойынша көмек шараларын көрсету арқылы ықпал ету.
Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.17. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін:

- еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеуріндеріндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;



- өндірісті технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) шеңберінде еңбек нарығы шиеленісті бәсеңдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолымен еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға ықпал ету.

II бөлім

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту
Тараптар:


  1. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға.

  2. Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендетуге.

  3. Кәсіпкерлік бостандық және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласудың алдын алуға.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде бизнес негіздеріне оқыту және халыққа микрокредиттер беру бөлігінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге.

  2. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға.

  3. Бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.


Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


  1. Бизнесті реттеуді азайту бойынша бірлескен жүйелік шараларды қабылдау.

  2. Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.

  3. Халық үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және реттеліп көрсетілетін қызметтердің бағалық қолжетімділігін, инфляция деңгейін төмендетуді қамтамасыз ете отырып, баға белгілеуді одан әрі ырықтандыруға бағытталған баға саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

  4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тарифтердің бағаларына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайларында өңірлерде құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бірінші кезекте қажет тауарларды әртараптандыруды жүргізу.

  5. Тарифтердің деңгейінің болжамдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде табиғи монополия субъектілерін реттеуді жетілдіру.

  6. Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінiң теңгерiмiне қол жеткізу негізінде тарифтік саясатты жүргізу.


Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру операторы болу.

  2. Кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтингілік қызметтер көрсету.


Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


  1. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.



III бөлім

Халықты формальді және нәтижелі жұмыспен қамтуға

және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу
Тараптар:


  1. Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға.

  2. Формальді және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге.

  3. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға.

  4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға.

  5. Жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту үшін тиісті жағдай жасауға бағытталған бірлескен күш салуға міндеттенді.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


  1. Жұмыспен қамтуды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде жұмыспен қамтуды ресмилендіруді ынталандыруға.

  2. Білім беру жүйесінің мазмұнын кәсіптік стандарттардың негізінде экономиканың даму қажеттіліктеріне орай бейімдеуге және еңбек ресурстарының құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауға.

  3. Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіптік дамуын, кәсіптік дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

  4. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға уағдаласты.


Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


  1. Тараптардың пікірін ескере отырып, еңбек нарығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге Тараптарды тарту.

  2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға жалпы үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыру.

  3. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендіру бойынша жол картасын қабылдау және еңбек қатынастарын заңдастыру және халықтың формальді емес түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуын қысқарту үшін жүйелі және тактикалық шаралар кешенін әзірлеу.

  4. Еңбек ресурстарының дамуын болжау бойынша жүйені құру, еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг және талдау жүргізу, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа болжау жасау.

  5. Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру.

  6. Халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялауды жүргізу және жұмыс іздеп жүрген адамдардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін жақсарту.

  7. Экономиканың шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін анықтау және квоталарды қалыптастыру тәртібін жетілдіру.

  8. Еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау.


Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.18. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бизнестің қатысуына ықпал ету.

3.19. Кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын таратуға жәрдемдесу.

3.20. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.

3.21. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу.

3.22. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жекеше жұмыспен қамту агенттіктерін тартуға жәрдемдесу.

3.23. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

3.24. Әкімдіктермен бірлесіп, ірі кәсіпорындарда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру бойынша жол карталарын әзірлеу.
Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.25. Салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу және «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру үшін жұмыскерлерді өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

3.26. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

3.27. Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыруға және әзірлеуге қатысу.
IV бөлім

Адами капиталдың сапасын жақсарту
Тараптар:
4.1. Білім беру жүйесін экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны ретінде анықтау үшін қажетті шараларды жүргізуге, оның ішінде:

- білім беруді жаһандық ортаға интеграциялауға;

- технологиялық дағдыларды ескере отырып, барлығын қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізуге;

- экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандармен қамтамасыз етуге, білімді, ғылымды және инновацияны интеграциялауға;

- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруға.

4.2. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін:

- аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу;

- денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру;

- медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жаңғыртуға;

- денсаулық сақтау жүйесін қажетті цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз ету арқылы жаңғырту.

4.3. Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде:

- халыққа арналған ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын арттыруға;

- әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға;

- нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі дамытуға;

- халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылықты күшейтуге;

- арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын күшейтуге бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.


Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
4.4. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге.

4.5. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және қашықтағы, ауылдық өңірлердегі білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасауға.

4.6. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге.

4.7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға.

4.8. Ғылыми зерттеулер мен технологиялардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайдың жасалуына ықпал етуге.

4.9. Педагог кадрлардың беделін көтеруге және оларды ынталылығын арттыруға.

4.10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық және білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге.

4.11. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.

4.12. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

4.13. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын анықтау әдістемесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың мұқтаждығын бағалау үшін медиандық кірісті енгізуге ықпал етуге.

4.14. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыруға.

4.15. Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.).

4.16. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыруға.

4.17. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

- ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;

- балаларды күтуді және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді теңдей құқықтарда қолдауға;

- шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

4.18. Ұжымдық шарттарды жасасу кезінде жалақылардың инфляция деңгейіне индексациялау бойынша міндеттемелерді қосу ұсынылсын.

4.19. Заңнамамен көзделген өтемақы төлемдер бөлігінде бюджеттік сала жұмыскерлерінің әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша жұмысы күшейтілсін.
Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:
4.20. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және ақпаратты дербес іздеу дағдыларын дамытуға оқу бағдарламаларының мақсатты бағытталуы бойынша шараларды іске асыру.

4.21. Қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту.

4.22. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету.

4.23. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы кәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамтамасыз ету.

4.24. Белгіленген экономика шеңберінде жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды іске асыру.

4.25. Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және білім беру бағдарламалары мазмұнының кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету.

4.26. Жоғарғы оқу орындарының кадрлық құрамына, олардың материалдық-техникалық қамтылу деңгейіне және білім беру бағдарламаларына қатысты бақылауды және талаптарды күшейту.

4.27. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға бәсекелестікті дамыту үшін тең жағдай жасау.

4.28. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу мерзіміне сәйкес 2020 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттің есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының қатысуын қамтамасыз ету.

4.29. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

4.30. Барлық дәрілік заттардың бағасын заңнамалық деңгейде реттеуді енгізу.

4.31. Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету:

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету және халықтың күнкөрісі төмен топтарын әлеуметтік қолдау арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша;

- әлеуметтік төлемдер көздерін әртараптандыру есебінен барлық деңгейдегі жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша.

4.32. Аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

4.33. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты:

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;

- әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық төлеу);

- еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.34. Арнайы салалық дағдылары және жоғары біліктілігі бар кадрларды даярлауға жәрдемдесу:

- жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру.

4.35. Ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды дамытуға ықпал ету.

4.36. Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

4.37. Адамның мүмкіндігін және еңбек ету қабілеттілігін арттыру бойынша саясатты және практиканы әзірлеп, пайдалану арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету.
Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.38. Өмір бойы үздіксіз білім алу бойынша білім беру жүйесінің беделін арттыру және білім беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу.

4.39. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру


іс-шараларын жүргізу.

4.40. Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу.



V бөлім

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
Тараптар:
5.1. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.

5.2. Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде жағымды еңбек жағдайларын жасауға.

5.3. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуын сақтауды ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға.

5.4. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға.

5.5. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге.

5.6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге.

5.7. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
5.8. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруға.

5.9. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптердің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіруге.

5.10. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.

5.11. Кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

5.12. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлердің алдын алуға немесе оларды төмендетуге, кәсіпорындарда еңбектің қорғалуын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргізуге ықпал етуге.

5.13. Республика кәсіпорындарында және ұйымдарында өндіріс жағдайларында ғылыми зерттеулердің апробациясын жүргізуге және нәтижелерін енгізуге жәрдемдесуге.

5.14. Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жасау үшін ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға ықпал етуге.

5.15. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді, мемлекеттік нормативтерді және стандарттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестерде, техникалық комитеттерде және жұмыс топтарында бірлескен жұмыс жүргізуге.

5.16. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды төмендету үшін еңбекті қорғау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа инновациялық технологияларды және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға.

5.17. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.

5.18. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясын іске асыру жұмысын жалғастыруға.

5.19. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша симпозиумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізуге.

5.20. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға және экологиялық ынталандырылған мәдени дағдыларды қалыптастыруға.

5.21. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытуға.

5.22. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге уағдаласты.
Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
5.23. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын жұмыс орнындағы нақты еңбек жағдайларына байланысты беру тәсілдерін жетілдіру.

5.24. Тиісті кәсіптік стандарттарды және заманауи технологияларды пайдалануды ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

5.25. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін келісілген түрде шешу.

5.26. Халықаралық нормалармен және стандарттармен қажетті үйлесімділігін ескере отырып, сақталуы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормативтік-техникалық құжаттарды қабылдау.

5.27. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін аттестаттау және олардың білімін тексеру рәсімдерін жетілдіру.

5.28. Өнеркәсіптік және экологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру.

5.29. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
5.30. Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.

5.31. Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

5.32. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізу.

5.33. Еңбек ұжымдарымен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

5.34. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясына сәйкес өз жұмыскерлеріне қолайлы еңбек және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету.

5.35. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу шараларын қабылдау.

5.36. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріп қаралуын және жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексеріп қаралуының нәтижелері бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.

5.37. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

5.38. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті декларациялау бойынша жұмыс жүргізу.

5.39. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

5.40. Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.

5.41. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.

5.42. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаторий-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.
Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
5.43. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға және олардың жұмысына қатысу.

5.44. Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың адын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.

5.45. Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

5.46. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаторий-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.

5.47. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

5.48. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер туралы ұйым әкімшілігіне шұғыл түрде хабарлау.

5.49. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені дамыту.
VI бөлім

Әлеуметтік әріптестік
Тараптар:
6.1. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргізуге.

6.2. Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге.

6.3. Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

6.4. Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарын іске асыруға жәрдемдесуге.

6.5. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріс саясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
6.6. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келісімде айқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

6.7. Кәсіподақтардың, жұмыс берушілер ұйымдары және олардың бірлестіктерінің қызметіне кепілдік беру мен құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, Қазақстан қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарды және ұлттық заңнаманы бұзудың анықталған фактілерін жою шараларын қабылдау мақсатында олар туралы ақпарат алмасуға.

6.8. Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеумен қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.

6.9. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға және талаптарын жетілдіруге.

6.10. Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар кешенін қабылдауға.

6.11. Облыстық келісімнің орындалуына жыл сайынғы негізде талдау жүргізуге.

6.12. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын, ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға.

6.13. Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

6.14. Еңбек нормативтерін іске асыруды және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз етуге.

6.15. Тең және бірдей біліктілікке сәйкес келетін жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекке ақы төлеу саласындағы теңдік және мүмкіндік қағидаттарын сақтауға.

6.16. Экономика салаларында еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу жөнінде консультациялар өткізуге.

6.17. Келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді көздеуге, оның ішінде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктейтін салалық коэффициенттерді қосуды қамтамасыз етуге.

6.18. Әрбір жұмыскердің ұйым қызметінің түпкі нәтижелеріне қосқан үлесін ескеретін және жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеудің тиімді және икемді жүйелерін қолдануға.

6.19. Уақтылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын іске асыру бойынша мәселелерді шешуде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға.

6.20. Еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру жағдайына талдау және бағалау жүргізуге, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

6.21 «Жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы» . Халықаралық еңбек ұйымының № 131 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультациялар өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

6.22. Жұмыскерлерді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау мақсатында жекешелендіру объектілерді сату бойынша аукцион өткізу кезінде техникалық ерекшелікте ұйымдарда кәсіподақтарды сақтап қалу жағдайы қарастырылсын
Облыс әкімдігі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.23. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпаратпен алмасу, консультациялар, келіссөздер, кеңестер, жұмыс кездесулері нысанында қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.

6.24. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және облыстық деңгейде тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.

6.25. Халықаралық еңбек ұйымының «Ұжымдық келіссөздерге көмек көрсету туралы» № 154 Конвенциясын ратификациялау бойынша техникалық консультациялар өткізу.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.26. Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркіндігі туралы», № 135 «Кәсіпорында еңбек ететін өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкіндіктері туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

6.27. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулерді ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдау.

6.28. Жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты іс-шараларды жүргізу.

6.29. Жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.30. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қолдану.

6.31. Келісім комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін жағдайлар жасау.

6.32. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруда қолдау жасау.
Облыс кәсіподақтар орталығы өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.33. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негізіне оқытуды және түсіндіруді, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.34. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу және заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.




VII бөлім

Қорытынды ережелер
Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:
7.1. Осы Келісім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.

7.2. Облыстық келісім мемлекеттік органдарға, жұмыскерлер мен олардың өкілдеріне, меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге, Павлодар облысының аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

7.3. Тараптар Келісімді 2018 – 2020 жылдарға арналған Павлодар облысында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

7.4. Келісім ұйымдарда және кәсіпорындарда салалық және өңірлік келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасау және келіссөздер үшін негіз болады.

7.5. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары (шешімдері) салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілуге тиіс.

7.6. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

7.7. Облыстық келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Комиссия ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

7.8. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.9. Тараптарға салалық және аудандық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе Облыстық келісімге сәйкес жаңаларын жасау қажет.

7.10. Тараптар Келісімде көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапты болады.

7.11. Тараптар нақты мерзімдерін және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Комиссия бекітеді.

7.12. 2018 жылғы « » __________ Павлодар қаласында ___ данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы болады.



Осы Облыстық келісімге мыналар қол қойды:
Павлодар облысы әкімдігінен:


Павлодар облысы

әкімінің орынбасары



М.М. Бегентаев __________________________

 

Қызметкерлердің бірлестіктерінен:


«Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы



Б.Қ. Оразғұлов __________________________

 Жұмыс берушілердің бірлестіктерінен:




Павлодар облысы

кәсіпкерлер палатасы

директорының орынбасары

С.М. Әбілтаев _______________________







жүктеу 161 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау