Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 3,06 Mb.
бет8/19
Дата09.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#7223
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

138. Санитарлық-техникалық жүйелер мен

жабдықтың монтажшысы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Санитарлық-техникалық жүйелерді іске қосу және баптау. Қазандықтарды қатты отыннан газ тәріздес отын шығару кезінде автоматты өрт сөндіру жүйелерін, газшілтерлі құрылғыларды монтаждау. Жабдық пен аппаратураны сынақтан өткізу және реттеу.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық жабдықты сынақтан өткізу және қабылдау ережелері, автоматты өрт сөндіру жүйелерін монтаждау технологиясы, жаңа ұрпақты қазандық жабдығын реттеу тәсілдері.

Орта арнайы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

Байланыс монтажшысы - антеннашы

139. Байланыс монтажшысы-антеннашы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенналық-мачталық құрылғыларды монтаждау жөніндегі жеке жұмыстарды орындау. Металды беттерді майлау. Дәл мөлшерді қажет етпейтін ұсақ бекітпе бөлшектерін жасау. Оларды дайын белгілер бойынша орнату. Оқшаулауышты жуып-шаю.

Білуге тиіс. Ең қарапайым жабдық бекітпелерінің, антенналық-мачталық құрылғылардағы кабельдердің және сымдардың негізгі түрлері, жабдықты бумадан босату және метал бөлшектерді майлау тәсілдері, қолмен сырлау тәсілдері.

140. Байланыс монтажшысы-антеннашы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Центрленген фидерлер мен толқынжолдардың бөлшектерін, діңгектердің сигналдық арматурасы. Фидерлерде жалғызсымдық мойнақтар орнату. Аралық фидерлік тіректерде сымдар бекіту. Диаметрі 16 мм дейін болат арқандарға коуштарды және оқшаулауыштарды өру, сопақ қосындылармен немесе қыспақтармен бекіту. Діңгектерге бекітпе бөлшектерін, антисептирофидерлі тіректерді және орнатылмаған діңгектер мен мұнараларды ілмектеу және көтеру. Тіректер мен діңгектерді нөмірлеу. Жоғары жиілікті жерге қосу сымдарын төсеу. Белгіленген жерлерде саңылаулар бұрғылау және басып тесу.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдар түрлері, ағаш, металл және асбестцементті діңгектер мен фидерлік тіректердің, антенналық-фидерлік құрылғылар мен мачталарды сигналдық жарықтандыру номенклатурасы, ағаштың негізгі түрлері, ақаулары мен қасиеттері, жай көтергіш-такелаждық құралдардың құрылғысы мен оларды пайдалану, жүктерді ілмектеу ережелері, қолданылатын механикаландырылған аспаптың құрылғысының негіздерін, жоғары жиілікті жерге қосуды монтаждау тәсілдері, антисептикалайтын заттарды қолдану ережелері және оларды әзірлеу әдістері, электротехника туралы мәліметтер.


141. Байланыс монтажшысы-антеннашы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Антенналар құрылымдарын бақылағыш жинау үшін қиюластыру. Антенналар, вибраторлар және фидерлер ернемектеріндегі түйіспе беттерді қырғыштау. Бақылағыш жинаудан кейін тораптарды бөлшектеу және таңбалау. Қатты толқынжолдар секцияларын және құбырлардан центрленген фидерлер жинау. Биіктігі 25 м дейін бір оқпанды ағаш және асбестцементті діңгектерді жинақтау және орнату. Жай фидерлік тіректерді жинақтау және орнату. Орнатылған діңгектерді антисептикалау. Антенна-діңгектердің фундаменттерін экрандау және жоғары жиілікті жерге қосу шиналарын монтаждау. Жай сымды фидерлерді және антенналарды экрандау, ағаш және асбестцементті біроқпанды діңгектерді жинау және орнату тәсілдері, күш қабельдері оқшаулауышының кедергісін өлшеу әдістері, радиотехника бойынша жалпы мәліметтер.

142. Байланыс монтажшысы-антеннашы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сымдардан күрделі (центрлес, тоғысқан) фидерлер монтаждау. Тік желілі учаскелерде толқынжолдар мен центрлес фидерлер монтаждау. Жоғары жиілікті жерге қосу құрылғыларын монтаждау. Биіктігі 25 м асатын антенналық-діңгекті имараттарды сырлау. Зәкірлер орнату. Биіктігі 55 м дейін біроқпанды ағаш және асбестцементті діңгектерді жинау және орнату. Базасы 400 м дейін торлы метал діңгектерді жинау. Күрделі фидерлік (бұрыштамалық, анкерлік және т.б.) тіректерді жинау және орнату. Антенналық ауыстырыпқосқыштарды монтаждау.құрылымдарды көтеру үшін діңгектер мен мұнараларды жабдықтау. Діңгектер мен мұнараларда күрделі сым антенналарын монтаждау. Діңгектер мен мұнаралар бойынша кабель өткізу. Діңгектердің сигналдық жарықтандыруын монтаждау. Төлкелерге сымдар мен болат арқандарын бітеп салу. Арқандар мен созбаларды сынақтан өткізу.

Білуге тиіс. Антенналық-фидерлік жүйелердің нұсқаулығы, мақсаты және электр қасиеттері, монтаждық схемаларды оқу ережелері, күрделі фидерлік тіректерді жинау әдістері, біроқпанды ағаш, асбестцементті және метал торлы діңгектерді монтаждау тәсілдері, діңгектер мен мұнараларды жабдықтау әдістері, кабельдерді діңгектер мен мұнаралар бойынша өткізу және діңгектердің сигналдық жарықтандыруын монтаждау, Проматомнадзордың такелаждық жабдыққа қоятын талаптары, радиотехника негіздері.

143. Байланыс монтажшысы-антеннашы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің және антенналар мен фидерлер құрылымдрының жасақталуын тексеру. Көтергіш-такелаждық айлабұйымдарды және анкерлер орнатылатын жерлерді белгілеу. Күрделі сым антеналарын және мұнараларды көтеру. Діңгек антенналарды монтаждау. Антенналарды қатты вибраторлармен және ультрақысқа толқындар мен мұнаралардың антенналарын монтаждау. Біроқпанды метал діңгектерін жинау және орнату. Базасы 400 мм дейін торлы метал діңгектерді орнату. Шпренгелді діңгектер жинау және орнату. Қиюластыру және өлшеу құбырларынан толқынжолдар мен центрленген фидерлер монтаждау. Діңгектерді, антенналарды, фидерлерді және антенналық ауыстырыпқосқыштарды механикалық реттеу. Фидерлер мен толқынжолдар төсемдері трассаларын бөлшектеу, антенналар бөлшектерін және оларды діңгектер мен мұнараларға бекіту құрылымдарын бекіту. Антенналардағы басты фидерлердің жоғары жиілікті кабельдерін бөлшектеу. Көтергіш құрылғыларды тексеру және сынақтан өткізу. Антенналардың, фидерлік және толқынжол трактілерінің түрлі параметрлеріне өлшеу жүргізу. Механикалық кермелердің тіктігін тексеру.

Білуге тиіс. Діңгектер мен мұнаралардағы күрделі сым антенналарын көтеру тәсілдері, діңгек антенналарды, мұнараларында қатты вибраторлары бар антенналарды, құбырлар мен құбыржоларынан центрленген фидерлерді көтеру тәсілдері, фидерлік желілерді бөлшектеу тәсілдері, центрленген фидерлер трассаларын, толқынжолдар, антенналарды орнату орындарын, оларды діңгектер мен мұнараларға бекітуге арналған бөлшектер трассаларын белгілеу ережелері, метал діңгектерді жинау және орнатудың, діңгектерді, антенналарды, фидерлерді және антенналық ауыстырыпқосқыштарды механикалық реттеу, антенналардың, фидерлік және толқынжол трактілерін өлшеу тәртібі, көтергіш-көлік құралдарын сынақтан өткізу тәсілдері.


144. Байланыс монтажшысы-антеннашы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металконструкциялардың және антенналар мен фидерлер бөлшектерінің жасақталуын тексеру. СПК-5/4 кранының көмегімен базасы 2400 мм антенналар мен діңгектерді монтаждау. Діңгектердің тартуларын жасау және монтаждау. Спутник байланысы антенналарын монтаждау. Антенналық имараттар элементтеріндегі бақылау монтаждық тартпаны өлшеу және реттеу.

Білуге тиіс. Көтерілу үстіндегі антенналық-діңгектік имараттарға арналған жобалау-техникалық құжаттаманы әзірлеу, спутниктік байланыс антенналарының радиорелейлі және телевизиялық желілерін монтаждау тәсілдері, антенналық имараттар элементтеріндегі бақылау-монтаждық тартуды өлшеу және реттеу тәсілдері.

Орта арнайы (кәсіби) білімның болуы талап етіледі.

Байланыс монтажшысы-кабельші


145. Байланыс монтажшысы-кабельші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топыраққа жерге қосу электродтарын қағу. Кабельді барабандар қаптамасын алу және қалпына келтіру. Кабельмен қоса құбыржолдарының саңылауларын жабу. Кабельден жұт жабынын ағыту. Кабельді траншеяларды кірпішпен қаптау. Кабельді құдықтарды төсеуге дайындау (қоршаулар орнату, құдықтарды ашу және жабу және т.б.).

Білуге тиіс. Кабельдер мен сымдарды бекітуге арналған материалдар мен конструкциялар түрлері, кабельдерді бекіту және механикалық зақымданудан қорғау тәсілдері.

146. Байланыс монтажшысы-кабельші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабельдерді шахталарда, құдықтарда және қабырғалар бойынша бекітуге арналған бөлшектер мен арматураны орнату. Кабельді барабандарды козелдар мен домкраттарға орнату. Қолмен төсеу кезінде кабельдерді, сымдарды, тростарды тарқату. Өлшеу бағаншаларын орнату. Тірек құрылғыларын сырлау және нөмірлеу. Жерге қосу шиналарын монтаждау. Құдықтарды желдету.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің маркаларын және оларды қолдану ережелерін, механикаландырылған аспапты қолдану ережелері, телефон аппараттарын және қоректендіру батареяларын қосу тәсілдері, кабельдерді найзағайдан және коррозиядан қорғау тәсілдері, электр байланысы бойынша жалпы мәліметтер.

147. Байланыс монтажшысы-кабельші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабельдерді қабырғалар, конструкциялар және ашық каналдар бойынша төсеу. Каналдарды кабельді тартып өткізу үшін дайындау. Барабандарды кабельмен қоса кабель төсеушіге орнату. Монтаждалған учаскелерді және пупинизация қадамдарын қолмен және жоғары қысымды баллондардың көмегімен төсеуден кейін барабандардағы кабельдің герметикалылығын тексеру. Вентильдерді кабельдердің қабығына қалайылау. Кабельдердің ұштарын қалайылау. Кабельдерді коррозиядан сақтау үшін электродтар орнату. Қорғағыш тростар мен сымдарды жалғастыру. Құдықтардағы қолданыстағы кабельдерді түзеу. Бақылау-өлшегіш пунктердің құрылғысы.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің конструкциясын, кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге, топыраққа және хабарламаға тексеру тәсілдері, кабельдердің зақымдану түрлері және оларды тауып алу тәсілдері.

148. Байланыс монтажшысы-кабельші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Траншеяларда, коллекторларда, құбырларда және жасырын сым блоктарында кабельдер төсеу. Ауыл байланысының және радиофикация кабельдерін механикаландырылған түрде төсеу. Салмағы 2 кг дейін кабельдерді канттарға ілмектеу. Кабельдерді құдықтың не қазаншұңқырдың қалыпы бойынша бүгу. Кабельді кассетаға орау және кабельтөсеушінің пышағын орнату. Қорғасын таспасын кабельдердің қабығына қалайылау. Кабельдердегі пережимдерді түзеу. Кабель тіректерін жабдықтау. Үлестіру қорапшаларын, шкафтар мен бокстар, кабель жәшіктерін және қорғағыш жолақтар орнату. Абоненттерді шкафтар мен кросстарда кроссирлеу. Кабельді ғимаратқа енгізу.

Білуге тиіс. Байланыс желілерін ұйымдастыру схемалары, кабельдерді жерде және кабельді канализацияда өткізу жөніндегі жұмыстар технологиясы, кабельдер өткізуге арналған машиналар мен механизмдердің құрылғысы және қолдану ережелері.

149. Байланыс монтажшысы-кабельші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Трассаны кабельдер төсеу үшін бөліп қою. Қалаларалық және қалалық кабельдерді механикаландырылған түрде төсеу. Кабельдерді су кедергілері арқылы төсеу. Кабельдерді салмағы 2 кг асатын арқандарға асу.

Білуге тиіс. Күрделі жағдайларда кабельдерді төсеу жұмыстарының ұйымдастырылуы және технологиясы.

150. Байланыс монтажшысы-кабельші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабельді канализацияны оптикалық кабельді өткізуге дайындау. Полиэтилен құбырларын кабельді канализация каналдарында төсеу. Кабельді канализацияда төсеу үшін құрылғылар мен айлабұйымдар дайындау. Кабельді ашық траншеяға белгілеу және төсеу. Темір және тас жолдардың қиылысында оптикалық кабельді төсеу.

Білуге тиіс. Қалалық және аумақ ішіндегі телефон байланысы желілерін төсеу технологиясы.

Орта арнайы (кәсіби) білімнің болуы талап етіледі.

Байланыс монтажшысы - желіші


151. Байланыс монтажшысы - желіші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қазықшалар мен қадалар дайындау және қағу. Орама төсемін дайындау. Барабандар мен сым орамдарын бумадан босату. Барабандарды сымымен қоса жазу айлабұйымдарына орнату және босатып алу. Шұңқырларды көміп тастау.

Білуге тиіс. Байланыстың әуе желілерін және радиотрансляциялық желілерді құрастыру кезінде қолданылатын тіректердің, оқшаулауыштардың және аудармалдар бекітпелерінің түрлері, байланыс желілерін монтаждауға арналған айлабұйымдар мен материалдарды дайындау түрлері мен әдістері.

152. Байланыс монтажшысы - желіші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тіректерге тартулар дайындау. Тіректерде саңылаулар бұрғылау. Орнатылмаған тіректерде траверстерді, қадалық ілгекті және оқшаулауыштарды орнату және босату. Бастырмалар мен кронштейндер жинақтау. Траверстерді жабдықтау. Жерге қосуларды (жай тартқыш), тіректерді нөмірлеу. Тіректер, қосымша құралдар және материалдар. Тіректерді сүйремелеу. Тіректерді босату. Антисептикалық құрам мен антисептикалық тірек дайындау.

Білуге тиіс. Тіректердің, оқшаулауыштардың, сымдардың және және оларды тіркеуге арналған арматураның маркалары мен құрылымдары, механикаландырылған аспапты қолдану ережелері, телефон аппараттарын және қоректендіру батареяларын қосу тәсілдері, байланыс желілерін найзағайдан қорғау тәсілдері, антисептикалық құрамдарды қолдану және оларды дайындау тәсілдері, электрбайланысы бойынша жалпы мәліметтер.


153. Байланыс монтажшысы - желіші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жеке дара аралық тіректерді жинау және орнату. Қосымша құралдар мен тартулар құрылғысы. Траверстерді, ілгектерді, қадалықтарды және оқшаулауыштарды орнатылған тіректерге орнату. Жапсырмалар, аспалы ілгектер мен баспалдақтардың кронштейндерін орнату. Тіректерді түзеу. Сымдарды жазу, көтеру және созу. Сымдарды алып тастау. Тіреуіштер орнату кезінде шатыр учаскелерін бітеу. Телефон аппараттарын, оларға қосымша аспаптарды, төмендететін трансформаторларды, шектеу қорапшаларын, дыбыс қаттылығын реттеушілерді және т.б. орнату және алып тастау. Ғимараттар шатырларында сақтандыру құрылғыларын орнату. Дала дауыс зорайтқыштарын орнату.

Білуге тиіс. Жай тіректерді, қосымша құралдар мен тартуларды жинау және орнату тәсілдері, сымдарды жазу, көтеру және созу тәсілдері, сақтандырғыш құрылғыларды орнату ережелері.

154. Байланыс монтажшысы – желіші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тіректерді жинау және орнату. Тіректерді тексеру. Сүйеуіштерді орнату. Сымдарды өру. Сымдарды қайта төсеу. Оқшауланған сыммен перекидкалар мен отводтардың құрылғысы. Тіреуіштерді, кабель тіректерін және радиотрансляциялық құбырлардың шықпа құбырларын орнату және алып тастау. Тіректер мен тіреуіштерден сымдарды енгізу. Сымдарды асу және алып тастау.

Білуге тиіс. күрделі тіректерді жинау және орнату әдістері, тіректерді, кабель тіректерін және радиотрансляциялық желілердің шықпа құбырларын орнату тәртібі.

155. Байланыс монтажшысы – желіші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Желілер трассаларын бөлу. Баған желілерін нивелирлеу. Сымдарды созу, реттеу және тіркеу. Өтпе жерлерде сымдарды асу. Қолданыстағы сымдарды қайта төсеу. Қиылыстарды монтаждау және демонтаждау. Сымдарды реттеу.

Білуге тиіс. Әуе желілерінің және радиорансляциялық желілердің желілі имараттарын монтаждау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен олардың технологиясы, автострадалар, темір жолдар және жоғары вольтты электрберіліс желілері арқылы өтпелер жасау ережелері, сымдарға түсетін шекті жүктеме, сымдарды реттеу тәсілдері.


156. Байланыс монтажшысы-желіші 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Темірбетон тіректерін орнату және жабдықтау. Электр беріліс желілеріне радиотрансляциялық желі тізбектерін асу. Кабельді шкафтарда кроссировкалар орындау. Абонентті пунктерді жабдықтау. Кірме құбырын орнату және троста әуе желісінің кабелін асу.

Білуге тиіс. Түсті металдардан жасалған әуе тізбектерін монтаждау технологиясы, КСКПТ магистралды желілерінде кабельді әуе өтпе жолдарының құрылғысы, абонеттік пунктерді құру ережелері, әуе желілерінде электрлік өлшеулер жүргізу.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

Байланыс монтажшысы-дәнекерлеуші


157. Байланыс монтажшысы - дәнекерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалайылау шамына май құю және оны тұтату. Газ шілтерін қосу және тұтату. Битумды компаундтарды, кабель массаларын, мастикаларды, дәнекерді жылыту. Жіптер мен шпагатты балауыздау. Арнайы паяльниктерді қыздыру. Байланыс кабельдерін кесу. Кабельдерді түзеу және сүрту.

Білуге тиіс. Кабельдерді монтаждау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері, кабельдерді монтаждау үшін аспапты, айлабұйымдарды және материалдарды дайындау тәсілдері

158. Байланыс монтажшысы - дәнекерлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұт жабындысын және кабель сауытын бекіту үшін бандаж салу. Битумдық компаундтармен, кабельдік массалармен және муфталар мастикасы мен шеткі құрылғыларды толтырмалау. Нумерациялау сақиналарын жасау. Қазаншұңқыр немесе құдық үстінен палаткалар орнату және оларды алып тастау. Гильзаларды жидіту.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің маркаларын, кабельдерді қолданудың негізгі ережелерін, механикаландырылған аспапты қолдану ережелері, телефон аппараттарын және қоректендіру батареяларын қосу тәсілдері, шеткі құрылғыларды нөмірлеу, электрбайланысы жөніндегі жалпы мәліметтер.

159. Байланыс монтажшысы - дәнекерлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалалық кабельдердің сыймдылығы 100*2 дейін муфталарын және сыйымдылығы 14*4 дейін төменжиілікті симметриялы кабельдерді монтаждау. Кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге, жерге және қатынасуына тексеру. Шойын муфталар орнату және оларды толтырмалау. Кабельдердің ұштарын бітеу және дәнекерлеу.

Білуге тиіс. Байланыс кабельдерінің конструкциясын, кабельдерді герметикалылыққа, үзілуге, жерге және қатынасуына тексеру ережелері, сыйымдылығы шағын кабельдердің муфталарын монтаждау ережелері, төрттіктер мен кабель желілерін бөлшектеу ережелері, құдықтар мен каналдарды желдету тәсілдері, кабельдердің зақымдану түрлері және оларды табу тәсілдері.

160. Байланыс монтажшысы - дәнекерлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыймдылығы 300*2 дейінгі қалалық кабельдердің муфталарын, сыйымдылығы 14*4-тен артық төмен жиілікті симметриялы кабельдерді, жоғары жиілікті симметриялы кабельдерді монтаждау. Үлестіру қорапшаларын, бокстарды, үлестіру шкафтарын, кабельді жәшіктер мен қорғағыш жолақтарды монтаждау (қуаттау). Байланыстың жұмыс істеуін тоқтатпай кабельдерді қайта қосу. Симметриялы кабельдердің эпоксидті массадан жасалған газ өткізбейтін және оқшаулауыш муфталарын монтаждау. Кабельдерді жұптылыққа тексеру. Қорғасын кабельді НУП-қа кіргізу.

Білуге тиіс. Байланыс желілерін ұйымдастыру схемаларын, сыйымдылығы орташа симметриялы кабельдердің муфталарын монтаждау тәсілдері, кабельді жұптылыққа тексеру тәсілдері, газоанализаторды қолдану құрылғысы мен ережелері.

161. Байланыс монтажшысы-дәнекерлеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 300*2-ден асатын қалалық кабельдердің муфталарын монтаждау. Коаксиалды кабельдердің муфталарын, симметриалы төменжиілікті кабельдердің компенсаторлық муфталарын монтаждау. Су асты кабельдеріндегі сымды сауытты муфтасыз жалғау. Кабельдің монтаждалған күшейіткіш учаскелерін үнемі қысымға орнату. Арнайы массамен толтырылған газ өткізбейтін және оқшаулауыш муфталарды монтаждау.

Білуге тиіс. Сыймдылығы үлкен симметриялы кабельдердің муфталарын монтаждау тәсілдері, кабельдер сауыттарын муфтасыз жалғау тәсілдері.

162. Байланыс монтажшысы - дәнекерлеуші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 1200*2 асатын қалалық кабельдердің муфталарын монтаждау. Комбинацияланған оптикалық кабельдердің муфталарын монтаждау. Қалалық телефон желілерінің оптикалық кабельдерінің тік және тармақталған муфталарын монтаждау. Магистрлады және аумақішілік оптикалық кабельдердің жалғаулық муфталарын монтаждау. Оптикалық станционды және желілі байланыс кабельдерінің, оптикалық байланыс желісі берілісінің тоғысу құрылғысын монтаждау.

Білуге тиіс. Талшықты-оптикалық және коаксиалды кабельдер арқылы қатынастың берілуінің негізгі сипаттамалары мен қағидаттары, қалааралық, қалалық телефон және аумақ ішіндегі желілер кабельдерінің муфталарын монтаждау тәсілдері, радиостанцияны және өлшеу аспаптарын қолдану ережелері.

Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы
163. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әуежолдарының, бұрандалар мен сомындардың тік және фасонды бөліктерін сұрыптау. Әуе жолдарының бөлшектері мен тораптарын тасымалдау. Жүктерді инвентарлық ілмектермен іліп көтеру. Қол аспабын қолданып, ауажолдарының және жабдықтың ернемекті және ернемексіз жалғауларының төсемдерін орнату және жинақтау.

Білуге тиіс. Желдету, ауаны кондициондау, пневмокөлік және аспирация жүйелері мен жабдықтарының негізгі бөлшектері мен тораптары, жүктерді ілмектеу мен олардың орнын ауыстыру ережелері, слесарлық аспаптың мақсаты, желдету бөлшектерін жалғау тәсілдері.

164. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Профильдік болатты кесу және шабу. Жақтаушаларды, май сүзгілерінің ұяшықтарын және қондырмалар қаңқаларын өзектер мен ілмектерге керу. Жай жалғауларды қиюластыру. Тораптарды қол және механикаландырылған аспаптың көмегімен ірілетіп жинақтау. Конструкцияларда саңылаулар бұрғылау және басып тесу. Бекітпелер орнату. Кронштейндерді орнату және бітеу. Желдеткіш бөлшектер мен жабдықтың ернемекті және ернемексіз жалғауларын электрификацияланған және пневматикалық аспап арқылы жинау.

Білуге тиіс. Тораптарды ірілетіп жинақтау тәсілдері, ауажолдары мен фасондық бөліктердің бекітпе үлгілерін, жай такелаждық айлабұйымдар және оларды қолдану ережелері, монтаждық жобаларда қолданылатын шартты белгілер, электрификацияланған және пневматикалық аспаптың құрылғысы және оларды қолдану ережелері.

165. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Зауытта жасалған дефлекторларды жинақтау. Гермоесіктерді, шиберлерді, жапқыштарды, воронкаларды, қаптамаларды, зонттар дефлекторларын, жұмсақ ендірмелерді, виброизоляторларды және жүйенің өзге де тораптарын монтаждау. Калориферлер, желдеткіштер және өзге де желдету жабдығы астына қойылатын тұғырнамалар, жақтаулар және алаңшаларды дұрыстаусыз орнату. От сөндірмейтін, жапырақты және автоматты кері клапандарды монтаждау. Жабдықтың жылжитын бөліктерінің қоршауларын орнату. Жылжымайтын жалюзийлік торларды орнату. Жабдықтың жеке тораптарын ревизиялауға жинау. Күрделілігі орташа желдету жүйелерін қиюластыру және элементтерді бекіту арқылы монтаждау. Бекітпелер орнатылатын жерлерді белгілеу. Монтаждық поршеньдік пистолеттің көмегімен құрылымдарды бекіту. Ауажолдарын және фасонды бөліктерді бланктер бойынша жасақтау. Шыныталшық пен металлопласттың бандаждық және рейкалық жалғауларында винипласттан жасалған ауажолдарын монтаждау.

Білуге тиіс. Ауажолдарын және күрделілігі орташа жабдықты монтаждау технологиясы, поршеньді пистолеттердің құрылғысы және олармен жұмыс істеу ережелері, қолмен іске қосылатын механикаландырылған жетегі бар жапқыштарды, қайтарым кері клапандарды, шиберлерді, дроссель-клапандарды, жұмсақ ставкаларды, дефлекторларды монтаждау ережелері.

166. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеке дайын камералардан, тораптар секцияларынан түрлі үлгілегі кондиционерлерді монтаждау. Калориферлер, желдеткіштер және басқа да желдету жабдығы астына қойылатын тұғырнамаларды, жақтауларды және алаңдарды дұрыстау. Желдету және жабдықтар жүйелерін дұрыстау. Монтаждалатын жүйелердің элементтерін орындары бойынша қиюластыру. Орны бойынша келтеқұбырлар және әрекеттер жасау. Жылжымалы жалюзийлік торлар орнату. Фрамугаларды ашуға арналған механизмдерді монтаждау. Желдеткіштерді № 6, 5 дейін монтаждау. Шкивтарды центрлеп желдеткіш пен электрқозғалтқыштың шкивтарына текстропты белдіктерді керіп орнату. Желдеткіштердің теңгерімділігін тексеру. Бекіткіш тігіс жерлеріндегі панельді желдеткіш блоктарын монтаждау. Ғимараттың төбесіндегі пайдаланылған газды шығаратын шахталарды төбе арқылы монтаждау. Ауа үлестіргіштерді, жергілікті сорғыларды, тозаңсыздандырғыш агрегаттарды, ұяшықты сүзгілер мен шүбәсеңдеткіштерін монтаждау. Винипласттан, шыныталшықтан және металлопласттан жасалған желдеткіш жүйелерін дұрыстау.

Білуге тиіс. Жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын тексеру тәсілдері, күрделі схемалар мен жабдықты монтаждау технологиясы, осьтік және центрге тепкіш желдеткіштердің, сүзгілердің, циклондардың, скрубберлердің нөмірлері мен үлгілері, ауаүлестіргіштердің үлгілері және оларды орнату тәсілдері, желдеткіштерді бөлшектеу және жинақтау ережелері, монтаждық жұмыстарды пайдалану және өндіру ережелері, шақтамалар мен қондырмалар жүйесі.

167. Желдету және пневмокөлік жүйелерінің монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эскиздер мен монтаждық схемалар орындау. Натурадан өлшеулер жасау. Ауаүрлегіш жүйелер мен жабдықтар қондырғысының осьтерін межелеу. Жеке бөлшектерден секциялар, камералар және тораптар жинақтау арқылы барлық үлгілдегі кондиционерлерді монтаждау. Ауа кіретін камералар мен аса күрделі ауаүрлегіш жүйелерді монтаждау. № 6, 5-тен артық желдеткіштерді монтаждау, циклондарды, скрубберлерді, рулонды және жеңді сүзгілерді монтаждау. Желдеткіштерді жүрісі кезінде тексеріп теңгерімдеу. Орны бойынша жасау үшін күрделі әрекеттерді таңбалау.


жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау