Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 2. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, ақпараттық жүйелер, құрылыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және жаратылыстану) мамандықтары.
С-О-5 санаты бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Достарыңызбен бөлісу: |