Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



жүктеу 448,58 Kb.
бет1/4
Дата15.05.2018
өлшемі448,58 Kb.
#13972
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»

Ғылыми және клиникалық

жұмыс жөніндегі проректор

_________ Нұрмашев Б.Қ.

«____»___________2014 ж.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық: 6М110100 - Медицина


Пәннің аталуы: Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі терапияның өзекті мәселелері
Кредиттер саны 3 (145 с)


  1. - оқу жылы (бейімдік бағыт)

Шымкент, 2014 ж.

Оқу жұмыс бағдарламасы 6М110100 - Медицина мамандығы бойынша ҚР ЖОО –дан кейінгі МББС №387 29.07.2009 ж, Астана негізінде құрастырған.
Жұмыс бағдарламасы Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасының мәжілісінде талқыланған
Хаттама №____ «_____»__________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Югай Н.В.


Клиникалық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясында келісілген

Хаттама № ____«____» ________2014 ж.

Төрайымы, м.ғ.к., доцент ______________________ Тұртаева А.Е.

ОҚМФА-ң Ғылыми кеңесінде бекітілген

Хаттама № ______«___»________ 2014 ж.

Төрағасы, м.ғ.к., доцент Нұрмашев Б.Қ.



Пәннің қысқаша мінездемесі

Алғашқы медико-санитарлық жәрдем (АМСЖ) бүгінгі күні БҰҰ адам ресурстарын дамыту әрекеттерінің бір бөлімі болып саналады. Отбасы деңгейіндегі медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы бүкіл денсаулық сақтау жүйесі қызметінің сапасы амбулаторлық-емханалық көмектің деңгейіне байланысты. АМСЖ-ң қайта құрылуы ресурстардың шектелуіне, жаңа сұраныстармен медициналық көмек тұтынушыларының пайда болуына, жаңа медициналық технологиялардың дамуына (күндізгі стационарлар, үй жағдайындағы стационарлар) байланысты. Сондықтан жанұялық медицинаға ауысу заңды және өте маңызды.

«Медицина» мамандығы бойынша магистрларды дайындаудың негізгі мәселелерінің бірі медицинаның белгілі бір бағыты бойынша магистранттарға жеке түрде терең теориялық және практикалық білім берудің сапасын көтеру, магистрантардың әлемдік ғылымды толық қабылдай алатын тұрақты білім алуы. Осы мәселелерді шешудің негізінде магистранттардың «Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі терапияның өзекті мәселелері» пәні бойынша қажетті білім және компетенцияларды игеру жатыр.
Оқыту мақсаты

Магистранттарда егде жастағы адамдар және жүкті әйелдерде кең тараған терапиялық жағдайларда дәлелдеу медицинасының заманауи принциптеріне сәйкес тұрақты білім және дағдыларды қалыптастыру және бекіту, магистранттарды профильді пәндерді игеруге дайындау.


Міндеттері

- магистанттарда қарттар және жүкті әйелдерде кең тараған ішкі ағзалар ауруларында сапалы терапиялық көмек көрсету дағдыларын бекіту;

- негізгі дәрігерлік емдеу-диагностикалық ісшараларды жүргізу дағдыларын дамыту, яғни аралас ауруларда және шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

- Отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды әдістерін дамыту;

- амбулаторлық-емханалық және үй жағдайында эксперттік, сауықтыру, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және реабилитациялық ісшаралар кезінде дәрігерлік этика және деонтология талаптарын сақтауды үйрету;

- дәлелдеу медицинасының принциптеріне сәйкес кәсіби шешім қабылдауды бекіту;

- бүкіл кәсіби жұмысында білімін және дағдыларын жетілдіру, үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті бекіту;

- АМСЖ жағдайында көмек көрсетуде деонтологиялық, моральді-этикалық және құқықтық мәдениетті бекіту;

- альтруизм, жанашушылық, жауапкершілік, шыншылдық және жасырындықтың ұстанымын сақтау сияқты кәсіби құндылықтарды бекіту;

- командада жұмыс істеу және көсемдік қасиеттерді бекіту.


Пәннің қысқаша мазмұны

ЖТД практикасындағы қарттар және жүкті әйелдерде ішкі ағзалар ауруларының этиология, патогенез, клиника, диагности­ка және емдеудің заманауи мәселелері .


Оқыту әдісі

Дәрістер: шолу-көрнекті, мәселелік.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, тестілеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс, интернеттен ақпарат іздеу, жеке және топтық тапсырмалар орындалу нәтижелерін талқылау.

Оқытушымен магистранттардың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ): үй тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын, есептерді орындау бойынша кеңестер, тренингтер өткізу, кіші топтармен жұмыс, дискуссиялар, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентациялар, кейс түзу, жобалар құрастыру (жеке және топтық).

Магистранттардың өзіндік жұмысы (МӨЖ): магистранттардың аудиториядан тыс негізгі және қосымша әдебиеттермен, электрондық тасымалдаушылардағы, интернеттегі әдебиетпен, өзіндік оқуға арналған тақырыптар бойынша, тестілеу, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, есеп, тестілік тапсырмалар дайындау, медициналық статьяларды жеке және топтасып талдау арқылы бағаланатын жұмыс істеу.

Сабақтардың оқу-тематикалық жоспары




п/п

Сабақтардың тақырыбы

Сағат саны

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

ОМӨЖ/ МӨЖ

(1:1)

Барлығы кредиттер 3

1

ЖТД тәжірибесіндегі диагностикалау және емдеу стандарты.

Диагностикалау және емдеу стандартын АМСЖ-ға енгізу



1

2

6




2

ЖТД-ң күнделікті жұмысындағы геронтологияның маңызды мәселелері. Геронтология және гериатрия – олардың ЖТД дайындаудағы орны. Адамның қартаюы тұралы заманауи көзқарастар

1

2

6




3

Егде жастағы адамдарда артериальді гипертензия

1

2

6




4

Госпитальға дейінгі кезеңде созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар егде жастағы пациенттерді диагностикалау және жүргізу алгоритмі

1

2

6




5

Егде жастағы адамдарда когнитивті бұзылыстар. Паркинсон ауруы. Егде жастағы адамдарда психосоматикалық ауытқулар

1

2

6




6

Егде жастағы адамдарда гемобластоздар

1

2

6




7

Жүкті әйелдерде артериалды гипертензия ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы

Аралық бақылау 1



1

2

6




8

Жүкті әйелдерде пневмония ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

1

2

6




9

Жүкті әйелдерде бронхиалды астма ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

1

2

6




10

Кардиологиядағы функционалды диагностика

1

2

6




11

Жүрек ырғағының бұзылысы бар жүкті әйелдерді жүргізу ерекшеліктері

1

2

6




12

Жүкті әйелдерде зәр шығару жолдарының инфекциясы ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

1

2

6




13

Жүкті әйелдерде қант диабеті ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы

1

2

6




14

Жүкті әйелдерде темір тапшылықты анемия ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы

1

2

6




15

ЖТД-ң алдын-алу жұмыстары. Алдын-алудың заманауи мәселелері. Қатер факторлары , инфекционды аурулардың эпидемиологиясы және алдын-алу. Аралық бақылау 2

1

2

6







Барлығы:

15

30

90

135

Дәрістердің тақырыптық жоспары

п/п

Дәріс тақырыптарының атауы

Қысқаша мазмұны

Сағат көлемі

1

ЖТД тәжірибесіндегі диагностикалау және емдеу стандарты.



БМСК-гі диагностикалау және емдеу стандарты. Оларды амбулаторлық практикаға бейімдеу ерекшеліктері.

Клиникалық нұсқаулары құрастыру және енгізу. Олардың клиникалық тиімділігін бағалау.



1


2

ЖТД-ң күнделікті жұмысындағы геронтологияның маңызды мәселелері. Геронтология және гериатрия – олардың ЖТД дайындаудағы орны. Адамның қартаюы тұралы заманауи көзқарастар

Геронтология және гериатрия – олардың ЖТД дайындаудағы орны. Адамның қартаюы тұралы заманауи көзқарастар Қартаю үрдісіне байланысты ағзадағы физиологиялық өзгерістер.

1

3

Қарттардағы артериалды гипертензия

Қарттарда артериалды гипертензия ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

4

Қарттарда созылмалы жүрек жетіспеушілігін диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

Қарттарда созылмалы жүрек жетіспеушілігі ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

5

Қарттардағы когнитивті ауытқулар Паркинсон ауруы. Қарттардағы психосоматикалық ауытқулар

Қарттарда когнитивті ауытқулар Паркинсон ауруы, психосоматикалық ауытқулар ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

6

Қарттардағы гемобластоздар

Қарттарда гемабластоздар ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

7

Жүкті әйелдерде артериалды гипертензия ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы


Жүкті әйелдерде артериалды гипертензия ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

8

Жүкті әйелдерде пневмония ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

Жүкті әйелдерде пневмония ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

9

Жүкті әйелдерде бронхиалды астма ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

Жүкті әйелдерде бронхиалды астма ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

10

Кардиологиядағы функционалды диагностика

Кардиологиядағы функционалды диагностиканың заманауи әдістері

1

11

Жүрек ырғағының бұзылысы бар жүкті әйелдерді жүргізу ерекшеліктері

Жүкті әйелдерде жүрек ырғағының бұзылысы ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

12

Жүкті әйелдерде зәр шығару жолдарының инфекциясы ағымының ерекшеліктері, ЖТД тактикасы

Жүкті әйелдерде бронхиалды астма ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

13

Жүкті әйелдерде қант диабеті ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы

Жүкті әйелдерде қант диабеті ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

14

Жүкті әйелдерде темір тапшылықты анемия ағымының ерекшеліктері және ЖТД тактикасы

Жүкті әйелдерде темір тапшылықты анемия ағымының ерекшеліктері: диагностикалау, госпитальға дейінгі кезеңде жүргізу алгоритмі.

1

15

ЖТД-ң алдын-алу жұмыстары. Алдын-алудың заманауи мәселелері. Қатер факторлары , инфекционды аурулардың эпидемиологиясы және алдын-алу.

Инфекционды аурулардың эпидемиологиясы және алдын-алу. Алдын-алудың заманауи мәселелері. Қатер факторлары ,

СӨС-ң медико-социалды аспектілері. Тұрғындарды гигиенаға оқыту және тәрбиелеу. «Пациентерге арналған мектептерде» жұмыс істеу. Пациенттерге арналған оқу бағдарламаларын амалға асыру.



1




Барлығы:




15

жүктеу 448,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау