2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару
2.1) Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Елімізде ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыруға, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нәтижесіз жұмыспен қамтылған санаттарының санын төмендетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.
Көші-қон процестерінің ауқымын, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсерін ескере отырып, белгіленген құзыретке сәйкес қызметтің өзекті бағыты көші-қон процестерін ұтымды басқару болып табылады.
Экономиканы әртараптандыру қажетті дағдылары бар еңбек ресурстарын көбейтуді қажет етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсімі халық санының өсуімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған. Еңбек заңнамасының негіздері және еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары мен біліктерін дамыту мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің сауаттылықтарын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасуда.
Соңғы үш жылда қызметтің осы бағытын дамыту мынадай жағдайды көрсетіп отыр.
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан айтарлықтай дамып, табыс деңгейі ортадан жоғары мемлекеттер қатарына өтті.
Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін айтарлықтай төмендетуге, халықтың маңызды бөлігін нәтижелі жұмыс орындарымен қамтуға, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өніміділігін арттыруға және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен қамтылған адамдардың, әсіресе ауылдық елді мекендерде, санын азайтуға мүмкіндік берді.
2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде жұмыс күшінің үлесі 50 %-дан асатын деңгейде қалды.
Еңбек нарығының динамикасы
2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 099,2 мың адамды құрады (2016 жылы – 2 210,5 мың адам, 2015 жылы – 2 328,9 мың адам).
Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы 5,0 %-дан 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4,9 %-ға дейін төмендеді (2015 - 2016 жылдар – 5,0 %).
2015 жылдан бері жұмыссыз халық саны 8,8 мың адамға азайып, 2017 жылы 442,3 мың адамды құрады (2016 жылы – 445,4 мың адам, 2015 жылы – 451,1 мың адам).
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылған жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3,9 %-ды құрады (2015 жылы – 4,3 %, 2016 жылы – 4,1%).
Соңғы үш жылда әйелдердің жұмыссыздық деңгейінің 2015 жылы 5,7 % -дан 2017 жылы 5,4% -ға дейін төмендеуі байқалды (2016 жылы – 5,5 %).
Соңғы жылдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң ахуал дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде іске асыруға да байланысты. Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен айналысатын және күнкөрісі төмен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жұмылдыру жұмыстары ЖЖК-2020, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүргізілді.
Жалпы, 2011 – 2016 жылдары ЖЖК 2020 іске асыруға 454,8 млрд. теңге бөлінді.
ЖЖК 2020 іске асыру кезеңінде 800 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын қабылдады. Осы уақыт ішінде 621 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |