Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ



жүктеу 1,18 Mb.
бет1/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,18 Mb.
#1754
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

_______ жылғы «____»

№____бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2017 - 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1 бөлім. Миссиясы және пайымы
Мемлекеттік органның миссиясы: Еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.

Мемлекеттік органның пайымы: Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.



2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару
1-стратегиялық бағыт. 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1) Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері

Министрлік 2050 стратегиясының негізгі мақсаты Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша өз қызметінде қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту принципіне сүйенеді.

Осы мақсаттарда әлеуметтік дамудың масылдықты болдырмайтын атаулылыққа және тиімділікке негізделген қазақстандық моделін дамыту принциптерінің бірі – азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру жалғасын табады.

Мемлекет адам туғаннан бастап оның өмірінің барлық кезеңдерінде сүйемелдей отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Осылайша, Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының мынадай принципі іске асырылуда – азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызметтерді көрсетудің – адамның өзін өзі дамыту үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.

Ана мен баланы қолдау жүйесі арқылы бала тууды арттыру және балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар үшін ықтимал әлеуметтік қатерлер басталған жағдайда және егде жастағы адамдарға лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді және жетілдірілуде.

Бұдан басқа, азаматтардың материалдық жағдайы белгілінген шектен (ең төменгі күнкөріс деңгейі, кедейлік шегі) төмен деңгейде нашарлаған, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда әлеуметтік қолдау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары қолданылады.

Кейінгі үш жыл қызметтің осы бағытын дамытудың мынадай ахуалын көрсетіп отыр.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту

Министрлік демографиялық процестерді басқару жүйесіндегі буындардың бірі болып табылатынлықтан бала тууды арттыру, балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге арналған.

Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2014 жылдың басындағы ұқсас көрсеткіш – 17,2 млн. адам құраса, 2015 жылдың басында – 17,4 млн. адамды, 2016 жылғы 1 қаңтарда ол 17,7 млн. адамды құрады.
Бала туу динамикасы

(1000 адамға шаққанда жалпы бала туу коэффициенті)



Халық санының өсуі, негізінен бала туудың өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 390 мыңнан асты (2013 жылы – 387,2 мың, 2014 жылы – 399,9 мың, 2015 жылы – 397,6 мың); бала туу коэффициенті 2013 − 2015 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады.

Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы айтарлықтай ықпал етті. Республикада халықаралық (оның ішінде Ресей Федерациясында, Беларусь және Украина Республикаларында) практикада кеңінен қолданылатын мынадай төлемдер төленеді:


Скругленный прямоугольник 10
жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау