Ќазаќстан республикасы білім



жүктеу 185,69 Kb.
Дата27.01.2018
өлшемі185,69 Kb.
#7969



«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ



ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ


«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»


АТҚАРУ КОМИТЕТІ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ КОМИТЕТ

ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
11.01.2017 ж. № 8, 1 т.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кадрлық саясат мәселелері

бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін жүзеге асыру

жөніндегі жұмысы туралы


Салалық Кеңес, мүшелік ұйымдар Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін жүзеге асыра отырып, кадрлық жұмыс мәселелері бойынша нақты жұмыс жүргізеді. Мүшелік ұйымдардың аппараттарын заңгерлердің білікті кадрларымен, ұйымдастырушылық және қаржылық қызмет және кәсіподақ жұмысының басқа бағыттары жөніндегі мамандармен нығайту мәселелеріне назар аудару күшейтілді.

Жамбыл, Павлодар, Қызылорда және басқа да бірқатар облыстық кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ кадрларымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мақсатты реттемелеуші құжаттар мен ұсыныстар әзірленіп, қабылданған.

Мүшелік ұйымдарда сайланбалы кәсіподақ органдары мен ұйымдарының басшыларына резерв құру жұмысы жүргізіледі. Кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс айтарлықтай жақсарды, бұл олардың кәсіби деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Мүшелік ұйымдардың жастар саясаты саласындағы жұмысын жандандыру нәтижесінде, Салалық кәсіподақтың, облыстық және аумақтық ұйымдардың алқалы органдарының құрамындағы жастар кеңестері мүшелерінің өкілеттігі артты.

Сонымен қатар, мүшелік ұйымдардың кадрлық жұмысты жүзеге асыру жөніндегі қызметінде әлі де нақты кемшіліктер мен шешілмеген мәселелер бар. Көптеген кәсіподақ органдарында кадрлармен жұмыс жүйесі қалыптаспаған, сайланбалы кәсіподақ органдары мен ұйымдарының басшыларына резервті құруда немқұрайлыққа жол беріледі. Кейбір кәсіподақ органдарының құрамында, әсіресе орта буын басшыларының арасында кадрлардың қартаю үрдісі байқалады, бірақ нақты және ықпалды резервті қалыптастыру жөніндегі жұмыстың болмауы кадрларды ауыстыру мен жасартуды белсенді жүзеге асыруға ықпал етпейді.

Бірқатар мүшелік ұйымдардың аппараттарын кадрлармен, құқықтық жұмыс және қауіпсіздік техникасы, кәсіподақ қызметінің басқа бағыттарының мамандарымен нығайту жөніндегі жұмыс толық түрде жүргізілмегендіктен, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүделерін қорғау саласындағы кәсіподақ жұмысының тиімділігіне кері әсер етеді.

Кәсіподақ оқуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыста да кемшіліктер бар, кейбір мүшелік ұйымдарда бұл жұмыс тиісті ұйымдастырушылық және әдістемелік даярлықсыз бір жолғы семинарларды өткізумен шектеледі.

Мүшелік ұйымдардың қызметіндегі нақты кемшілік кәсіподақ кадрларының тапсырылған жұмыс бөлігіне жауапкершіліктерін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақ органдарының тиімді жұмысын қамтамасыз етудегі олардың жарғылық міндеттерін орындау жөніндегі тиісті жұмыстың болмауы, бұл кәсіподақтың имиджі мен беделіне зор нұқсан келтіреді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару Комитеті

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының қызметіндегі басты бағыттардың бірі жүйелі және мақсатты кадрлық жұмысты жүзеге асыру, кадрлық жұмыс саласындағы XIII съездің шешімдері мен салалық Кәсіподақ Жарғысының ережелерін орындау жөніндегі тәжірибелік іс-әрекеттер жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс болып есептелсін.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кадрлық саясат мәселелері бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» анықтама шаралар қабылдау және тәжірибелік жұмыста қолдану үшін мүшелік ұйымдарға жіберілсін.

2. Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарына:

- мүшелік ұйымдағы кадрлық жағдайды толық талдау және алқалы органдардың мәжілістерінде талқылау, әрбір облыстық, аумақтық ұйымдарда кадрлық саясатты жүзеге асыру жөнінде тәжірибелік шараларды белгілеу; кәсіподақ кадрларымен жұмыста қолдану үшін кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің деректері туралы электрондық банк жасау;

- кәсіподақ кадрларымен жұмыста жас кәсіподақ белсенділерінің сайланбалы кәсіподақ органдарының құрамына келіп қосылуына басты назар аударып, барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары мен ұйымдарының басшыларына нақты және әрекетті кадрлар резервін қалыптастыру;

- Кәсіподақтың алқалы органдарының шешімдеріне сәйкес, облыстық және аумақтық ұйымдар мен олардың филиалдарының аппараттарын білікті және әзірленген маман кадрлармен толықтыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- кәсіподақ оқуының тиімділігін арттыру жөніндегі мәселенің маңыздылығын ескере отырып, кәсіподақ ұйымдарының жаңа жұмыс жағдайларын ескерумен кадрлар мен активтің оқуын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру, бір жолғы және бір күндік нұсқамалық семинарлардан кәсіподақ кадрлары мен активінің жүйелі, жоспарлы және сараланған оқуын ұйымдастыруға ауысуды қамтамасыз ету;

- кәсіподақ кадрларының резервін даярлаудың жоспарларын әзірлеу және бекіту, олардың кәсіподақ органдарының аппараттарында тағылымдамасын тәжірибелеу ұсынылсын.


3. Барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдарына тапсырылған жұмыс бөлігі үшін кәсіподақ кадрларының жауапкерішілктерін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу, олардың еңбегін жүйелі әділ бағалау, Кәсіподақтың жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөнінде кәсіподақ мүшелерінің алдында және алқалы органдардың мәжілістерінде кәсіподақ органдары мен кәсіподақ ұйымдары басшыларының өз жұмыстары туралы есептері мен ақпараттарын тәжірибелеу ұсынылсын.
4. Мүшелік ұйымдар осы Қаулының орындалу барысы туралы 2017 жылдың 1-қазанына дейін кәсіподақтың Салалық Кеңесіне ақпарат тапсырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Кәсіподақ төрайымының орынбасары А.М.Мұқашеваға жүктелсін.

Төрайым М.Т.Амантаева
жүктеу 185,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау