Азаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 250,47 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі250,47 Kb.
#4593

МУ 042-18-3.1.15/04-2013

Басылым №3______

-бет беттен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

МУ

МУ 042-18-3.1.15/04-2014



Әдістемелік нұсқау

«Аудит» пәнінен курстық жұмысты орындаудың

әдістемелік нұсқаулары

Басылым №3 _________





«АУДИТ» пәнінен ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

және курстық жұмысты орындаудың

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы студенттері үшін


Семей


2014
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші _________ Искакова Марал Серікқызы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № 1 «29» тамыз 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.

Хаттама № 1 «9» қыркүйек 2014 жыл


ОӘБ төрағасы ______________ С.Тойкин

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ................................................................................................................. 4


1 Пәннің мақсаты және оның құрамдас бөлімдері ............................................ 5
2 «Аудит» пәннің жұмыс жоспары ...................................................................... 6
3 «Аудит» пәнінің жұмыс бағдарламасы ............................................................ 6
4 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері .................................................. 9
5 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі ................................ 10
6 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар ..................................... 10
7 Курстық жұмыстың мазмұны .......................................................................... 12

8 Курстық жұмысты қорғау және бағалау ........................................................ 13


9 Курстық жұмыстың тақырыптары ................................................................. 13
10 Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі ................................................................ 15


11 Қосымшалар ...................................................................................................... 16




КІРІСПЕ
Аудиторлық қызмет бүгінгі таңда әлем дік тәжірибеде өзінің белсенді қолданылуын ХХ ғасырдың І жартысындағы әлемдік экономика дағдарысының кезінен экономикалық қатынастың ажырамас бөлігі ретінде, экономиканы басқару құралы және аудиторлық қызметтегі негізгі объектіге айналдыра отырып трансформацияның сферасымен анықталған.

Қазақстандағы шаруашыландырудың қазіргі этапы басқарудың жаңа концепциясының қалыптасуын сипаттайды, соған сәйкес қызмет саласы экономикалық дамуының жылжушы күшіне айналады. Жалпы әлемдік тенденциядағы «қызмет көрсетудің» алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикасы соңғы 10 жылда Қазақстанда да көрініс табуда. Нарықтық қатынастардың дамуы нарықтық инфрақұрылымның даму және кеңеюінің негізгі факторы болып табылады, оның негізгі элементі болып аудиторлық және консалтингтік компания табылады.

Қазақстанда аудит және консалтингтің қалпытасу және дамуы 90-жылдардан бастап дамып келеді. 2 анықталған факторлар: бизнес қалыптасуының құқықтық негіздемесі және консалтингтік қызметтің қажеттілігінің артуы.

Бизнеске кіріспе шарттарының тұрақты негізінде оның құқықтық басқарылуы және салық салынатын, Қазақстанда инвестициялық климат жақсара түсті, ол отандық және шетелдік инвесторлар үшін де жақсы еді. Осылайша, инвестиция көлемі ұлғайды, соған сәйкес аудиторлық-консалтингтік қызмет нарығының өсуі сақталып қалды. Қазіргі қазақстандық кәсіпорындар үшін кәсіби аудиторлармен кеңес берушілердің қызметі сапаны жоғарылату және басқарушылық шешімдердің негізділігі қаржылық және шаруашылық тәуекелділіктердің азаюы, ресурстарды рационалды қолдану есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың резерві болып саналады.

Отандық кәсіпорындардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі де аудиторлық-консалтингтік қызметке деген сұраныстың өсуіне әкелді.

Аудитті оқып-үйренудің тәртібі алдында ұсынылатын курстардың логикалық жалғасы, олар «Статистика», «Макро және микроэкономика», «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Басқарушылық есеп», «Қаржылық есеп», «Салық есебі» және т.б. Аталған курс нарығының элементтерінің басқа ұғымдарымен кешенді түрде аудитордың негізгі ұғымдарын береді. Онда теорияны, кәсіпорындарды, технология және өткізу әдістемесін, аудиторлық тексерудің материалдарын қарау және оны рәсімдеуді өлшейтін анықтама мен терминдер аудит нормасы, стандарты, есептің халықаралық жалпы қабылданған жүйесінен шыға отырып жеткізілген.

Аталмыш курс курстық жұмыстың орындалуын қарастырады.



  1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІМДЕРІ


Аудит – бұл тәуелсіз зерттеу, ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экономикалық ақпаратын талдау, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сонымен қатар әртүрлі сұрақтар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету.

Аудиттің негізгі қағидаларын, аудиттің негізгі анықтамаларын қарастырады. Аудиттің стандарттарын, аудиторлардың мамандық этикасын, аудиторлық қорытынды есепті оқытады.


Курстың мақсаты мен міндеті – студенттерге аудиттің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту.

«Аудит» пәнін оқытудың мақсаты аудиттің стандарттарын, принциптерін, аудиттің әдістері мен тәсілдерін, аудитті жүргізу тәртібі мен аудиторлық қорытынды жасауды үйрету.

«Аудит» пәнін оқытудың міндеттері – студенттерге аудиторлық тексерудің әдістерін меңгертіп, ұйымның мүлкі мен олардың қайнар көздеріне тексеру жүргізуді үйрету.
Студент меңгеруі керек:


  • Аудиттің әдістері мен тәсілдерін;

  • Аудиторлардың этикалық кодексін;

  • Аудит стандарттарын;

  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңды;

  • Аудитордың жұмыс құжаттарын және аудиторлық дәлелдемелерді;

  • Аудитті жоспарлауды;

  • Аудиторлық тәуекелділікті;

  • Аудиттті ұйымдастыру тәртібін;

  • Аудиторлық тексерудің теориялық негіздерін білуі керек;

  • Аудиторлық қорытынды жасай алуы керек.



  1. «АУДИТ» ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ



Тақырыптар


Сағаттар саны


Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

1 Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны

4

2

2 Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті нормативті реттейтін жүйе

4

2

3 Бақылау және аудит

5

3

4 Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы

5

2

5 Кәсіпорындар мен аудиторлық дәлелдеулерді алу әдістемесі

4

2

6 Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі

4

2

7 Аудит сапасын бақылау

4

2

Жиыны


30

15



3 «АУДИТ» ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1-тақырып. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны

Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны. Аудиттің тапсырмалары мен мақсаты. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері. Аудит функциялары мен объектілері, пәні. ҚР аудиторлық қызмет нарығының қазіргі жағдайы. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары. Аудиттің халықаралық стандарты 200 «Қаржылық есептілік аудитін басқаратын жалпы принциптері мен мақсаты». Қаржылық есептілік – аудиттің ақпараттық базасы. Қаржылық есептілікке жалпы шолу. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар. Қаржылық есептілік элементтері аудит мақсаты және оларға жету әдістері. Аудитті жүргізудің циклдік және объектілері бойынша қарастыру. Аудит түрлері. Аудиторлық қызмет пен аудитордың түрлері. Шаруашылық жүйенің ішкі және сыртқы аудиті. Оладың өзара байланысы және ерекшеліктері. Ішкі аудиттің мақсаты. Ішкі аудитордың жұмыстарының тесті және бағалау түсінік. Халықаралық аудит стандарты «Аудитордың ішкі жұмыстарын қарастыру».



2-тақырып. ҚР-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе

Шетелде аудиторлық қызметтің бақылау тәжірибесі. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР-дағы аудиторлық қызметті лицензиялау. Аудиторлардың жауапкершіліктері, міндеттері және құқықтары. Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі. Аудит мамандық ретінде. Аудиттің халықаралық стандарты. Кәсіби этикалық кодексі. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.



3-тақырып. Бақылау және аудит

Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны. Тәуелсіз аудиттің қаржы-экономикалық жүйесіндегі ролі. Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құылымы. Тексеру жүргізу шарттары. Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті. Ішкі бақылау жүйесін бағалау. Жүйенің құжаттық рәсімделуі. 315 ХАС «Субъектілерді білу және оның аумағы, бұрмалаушылықтардың мәнді тәуекелділіктерін бағалау».



4-тақырып. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы

Аудиттегі маңыздылық концепциясы. Маңыздылықты бағалау критерийлері. Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары. Аудиттің талдау нәтижелерінде маңыздылық қағидасының қолданылуы. Құжаттық рәсімдеудегі бұрмалаушылық белгілері. Алаяқтылықты анықтау және қателіктер. ХАС 240 «Қаржылық есептілік аудиті барысында алаяқтық қатынастарындағы аудитордың жауапкершілігі».

Аудиторлық тәуекелділік. Маңызды бұрмалаушылықтардың тәуекелділігі. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың өзара байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақышау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділілік. Аудиторлық тәуекелділікті бағалау: аудиторлық тәуекелділіктің моделін ұсыну. Аудиторлық тәуекелділікті азайту стратегиясы. ХАС 200 «Қаржылық есептілік аудитін реттейтін жалпы қағидалары мен мақсаттары».

5-тақырып. Кәсіпорындар мен аудиторлық дәлелдеулерді алу әдістемесі

Аудиторлық дәлелдеулерді жүргізудің ерекшеліктері. Аудиттте қолданылатын бақылау әдістері және қабылдау жіктемесі. Сапалы белгілері бойынша құжаттардың жіктелуі. Тексеру қабылдамасы. Аудиторлық дәлелдеу мен оның аудиттегі ролі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар. Аудиторлық қызметті алу процесі. Дәлелдеулер жіктелімі. Аудиторлық дәлелдеулерді жинау мақсаттарын орнату. ХАС 500 «Аудиторлық дәлелдеулер». Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық процедуралар. ХАС «Бағаланған тәуекелділікке қатысты аудиторлық процедуралар». ХАС «Аналитикалық процедуралар».



6-тақырып. Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі

Аудиторлық таңдау. Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдау өлшемін анықтау. Таңдамалы элементтерін таңдап алу әдістері. Таңдап алуға әсер ететін факторлар. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар. ХАС 530 «Аудиторлық таңдау және басқа да таңдамалы тестілеудің процедуралары».

Аудитті жүргізу этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. ХАС «Қаржылық есептіліктің аудитін жоспарлау». Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі. Аудит туралы келісім-хат. ХАС 210 «Аудиторлық келісімнің шарттары». Аудитті жүргізу туралы келісім құру. Аудиттің бағдарламасын және жоспарды жалпы дайындау тәртібі. Аудиттің қорытынды этаптарындағы аудитордың жұмысы. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі. ХАС 700 «»қаржылық есептіліктің барлық жиыны бойынша тәуелсіз аудитордың есебі (қорытындысы)». Аудиторлық есептің нысандары. ХАС 701 «Тәуелсіз аудитордың есебінің модификациясы».


7-тақырып. Аудит сапасын бақылау

Сапаны басқару жүйесі. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудың негізгі қағидалары. Аудиттің сапасын басқару процедуралары мен саясаты. Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудит сапасы үшін жауапершілік. ХАС 200 «Ескі қаржылық мәліметтердің аудитінің жұмысының сапасын бақылау».

Аудитті құжаттау. Жұмыс құжаттарын дайындаудың мақсаттары мен анықтамалары. Аудиторлық құжаттардың сипаты. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмы құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру. ХАС 230 «Аудиторлық құжаттау».

4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Студенттердің өзіндік жұмысының ең маңыздыда, жауапкершілікті түрі- бұл курстық жұмысты орындау және «Аудит» пәнән оқып үйренуде соңғы бекіту кезеңі болып табылады. Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде материалдар негізінде жазылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:



  • Жеке мәселелер немесе бекітілген курс тақырыптарын тереңдете игеру барысында студенттердің теориялық білімін нығайту;

  • Аудит әдістері мен процедураларын қорыту барысында жалпы теориялық базаның пайдалануды студенттердің өзіндік жұмыс дағдысына қалыптастыру және аудит ақпарат көздеріне: алғашқы құжаттар қолданылатын есеп регистрлері мен қаржы және салық әдістемелеріне талдау жасау;

  • Аудиторлық пікірлерді қалыптастыру, маңыздылықпен тәуекелділікті анықтау, ішкі бақылау жүйесін түсіну, талдау және таңдап алынған бағыт бойынша аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құрып, құжаттарын жинау;

  • Таңдап алынған тақырып бойынша жалпы құжаттарды талдап, аудиторлық ұсыныс жасау және аудиторлық есеп құру;

  • Шаруашылық субъект есебін бақылауды ұйымдастыру, ішкі аудит мәселелерін шешу жолынісдестіру және студенттердің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге дайындықтарын тексеру.

Экономиканы тиімді басқаруды арттыру, бұл – қалыпты деңгейде ұсынылған қаржылық есептегі экономикалық ақпараттардың нақтылығына байланысты. Осыған орай, аудит алдында қаржылық есептің нақтылығын анықтау міндеті тұрады. Қаржылық есептің ұсынылуы мен концептуальдық негізінің ашылуы аудиторлық пікірге байланысты. Бұл міндеттің шешімі ұйымға есеп жүйесін талдауды, заң актілерін білуді, экономикалық теория негізін және клиент бизнесін тануды терең оқып үйренуге негіздейді.

Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.

Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Аудит стандарттарын, ғылым-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.


  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ МЕН

БЕКІТУ ТӘРТІБІ
Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына «Аудит» курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.

Студент таңдалған тақырып бойынша «Аудит» пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып, болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен таңдалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі.

Жұмыстың жоспарын құру жауапты кезең болып табылады. Себебі, кез келген тақырып, ерекше бағыттар алып бірнеше вариантта жасалуы мүмкін. Бірде теориялық бағыты басымболса, екіншісіндетәжірибелікжағына үлкен көңіл бөлінуі мүмкін. Кейде тақырыптың қазіргі жағдайы проблемалық мәселелері және тарихы баяндалып қана қойылуы мүмкін. Курстық жұмыстың бағыты қолданылған көрсеткіштермен тақырыптың ұйымдастырылу деңгейіне байланысты. Жоспар бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысты жазуға кіріседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді. Тақырыпты таңдау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді.



6 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

1. Курстық жұмыстың теориялық сұрақтарын Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканың қалыптасуындағы ерекшеліктерімен байланыстырылуы керек. Бұл үшін сандық көрсеткіштерді, шаруашылық қорытынды есептілігін пайдаланғаны жөн. Көрсеткіштерді кесте, график, диаграмма, тақырыптық есептеулер түрінде жүйелеу, қорытындылау керек.

2. Алынған білімді зерттеулердің мазмұнын сауатты, логикалық жүйемен түсінікті баяндалуы керек.

3. Курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс көрсету қажет.

Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылуы керек. Жұмыс машиналық жазба және қолжазба тәсілдермен орындалады.

Курстық жұмыс электронды есептеу машиналарында орындалғанда Microsoft Win Wort (версия 6.0), KZ Times New Roman шрифтымен, №14 кегльда жазылуы керек. Жұмыс машиналық тәсілде 35-40 бет көлемінде болуы керек.

Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында - 25 мм, оң жағында - 15 мм, жоғарғы жағында - 25 мм, төменгі жағында- 25 мм орын қалуы керек.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы: 1 тарау аты

1.1 бөлім аты

1.2 бөлім аты

Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.

Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:



  • титульдік бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.

Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.

Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.

Әдебиеттер тізімі анықталған ретпен құрылады:

- заңдылықтар мен нормативтік актілер;

- ережелер мен нормативтік актілер;

- статистикалық дерек көздері;

- монографиялар, мақалалар, оқулықтар және басқадақолданылған ақпарат көздері альфавиттік ретпен жазылады;

- кәсіпорынның ведомостволық нұсқаулықтары, нормативтік құжаттары, есептік және жоспарлық құжаттар.

Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.



7 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Курстық жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың мәні мен маңызы ашылып, зерттеу объектісі мақсаты, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін бір-екі бетте жазылады.

Бірінші бөлімде жалпы теориялық әдістемелік аспектілер негізінде аудит жүйесін оқып-үйрену қарастырылады: элементтер бойынша бақылау ортасы бухгалтерлік есепжүйесі мен принциптері және элементтердің бөлінуі бойынша бақылау процедуралары, клиент бизнесін тану сұрақтары, аудиторлық тәуекелділік компоненттерінің жоспарланған деңгейін және мңыздылықты анықтау. Сондай-ақ статистикалық, статистикалық емес аудиторлық сұрыптау және іріктеу әдістері қарастырылады. Алынған материалдар негізінде аудиторлық бағдарлама құрылады. Материалды статистикалық анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.

Екінші бөлімде есептік деректер негізінде аудитті ұйымдастыру тәжірибесі қарастырылып, шаруашылық процестері мен оның ақпарат көздері, құралдардың жеке түрлеріне жүргізілген аудит нәтижесі келтіріледі. Аудиторлық тексерудің жиынтық бағасы оқиға салдарымен байланысты жүргізілген аудиторлық жұмыстың аяқталуы болып саналады. Келтірілген ұсынымдар нақты және негізделген болуы тиіс. Ұсынымдар жекелеген салалар кәсіпорындарда тәжірибе ұштастыру негізінде жасақталып, баспасөз материалдарын немесе кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі мен талдау есебі жағдайын қарастырып, сонымен бірге ондағы жетіспеушіліктерді анықтайды.

Үшінші бөлімде Заң күшіндегі салық заңдылықтары негізінде аудитті ұйымдастыру ерекшеліктері мен ұйымның қаржылық есеп беруіндегі шектеулер келтірілуі тиіс.

Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.

Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Жалпы, қорытынды бөлімде аудиттің ұсынымдық талаптарға сәйкестігіне қысқаша баға беру, тақырыпты ашып көрсету мен бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруде автордың өз ұсынысы жазылады. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Ұсыныстар орынды болғаны жөн.

Қолданылған әдебиеттер тізімі курстық жұмыс жазу барысындағы барлық пайдаланылған ақпарат көздерін қамтиды.




  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Курстық жұмысты қорғаудың мақсаты- студенттің таңдалған тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, тәжірибелік тапсырмаларды орындауда теориялық білімді қолдана білу, негізделген экономикалық ұсынымдар беру және нақты пікір жасау болып табылады.

Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).

Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.

Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.

Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:



    • зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;

    • жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;

    • сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;

    • жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;

    • жұмысты жақсы безендіріліп, таза, қатесіз жазса.

Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда төмендетіледі:

  • курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;

  • жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;

  • қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.



  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ




  1. Аудит түсінігі және оның мазмұны. Аудит принциптері.

  2. Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу.

  3. Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.

  4. Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері.

  5. Аудиторлық тексеру жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері

  6. Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы

  7. Аудиторлық тәуекел компоненттері мен олардың өзара байланысы

  8. Аудиторлық дәлелдеулер және олардың аудиттегі ролі

  9. Аудиттегі таңдамалы әдіс. Аудиторлық таңдама

  10. Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен типтері

  11. Аудит жүргізу тәртібі мен оны ұйымдастыру. Аудит кезеңдері

  12. Аудиттегі жоспарлау

  13. Есептілік және аудитор қорытындысы

  14. Аудиттегі жұмыс сапасын бақылау

  15. Мүмкін болатын қателер мен аудиттелінетін қаржылық есептіліктің зиян шегуі

  16. Қаржылық есептілік аудиттің ақпараттық базасы ретінде

  17. Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит

  18. ҚР қаржылық бақылау жүйесі. Аудит түсінігі. Аудиторлық қызмет мақсаты мен міндеттері

  19. «ҚР аудиторлық қызмет туралы» заң, оның мазмұны, аудиттің дамуы мен қалыптасуындағы оның мәні мен ролі

  20. Аудитке қатысты қызметтер. Қатысты қызметтердің маңызы мен қысқаша сипаттамасы

  21. Міндетті аудит. Міндетті аудит мазмұны, субъектілері

  22. ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеу. ҚР аудитті құқықтық қамтамасыз ету

  23. Аудиторлық бірігулердің ішкі ережелері (стандарттар), аудиторлық (түсінігі, құрамы, жіктелуі, арналымы)

  24. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау

  25. ХАС сәйкес, аудиторлық дәлелдеулердіжинау әдістерінің мазмұны мен құрамы

  26. ХАС сәйкес, аудитордың жұмыс құжаттарын рәсімдеуі, талаптар және мазмұны

  27. ХАС сәйкес, аудиттегі маңыздылық дәрежесін қолдану мен орнату

  28. Аудиторлық ұйымның сыртқы құжаттары

  29. Аудиторлармен персоналды компьютерді қолдану кезінде, мәліметтердікомпьютермен өңдеу жүйесіндегі аудит жүргізудің ерекшеліктері

  30. Аудиторлық қызметті автоматизациялау жүйесінің функционалдық құрылымы. Міндет құрамы және олардың арналымы

  31. Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдерінің аудиті кезінде, персоналды компьютерлерді қолдану

  32. Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру

  33. Ішкі бақылаудың негізгі мақсаты мен міндеттері

  34. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ішкі бақылау құралдары

  35. Ішкі бақылау процедураларын жіктеу

  36. Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы


10 ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер

  1. ҚР азаматтық кодексі

  2. ҚР кодексі «О налогах и других платежах в бюджет»

  3. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности»

  4. Международные стандарты аудита. Т. 1,2 – Алматы: Раритет, 2003

  5. Международные стандарты аудита, 2006

  6. Международные стандарты финансовой отчетности. – М.: Аскери, 2007

  7. Адамс Р. «Основы аудита» М.: ЮНИТИ, 2005

  8. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және тереңдетілген аудит: теория, әдістемесі, тәжірибе. Алматы: Экономика – 2007

  9. Абленов Д.О. Профессиональный аудит, Алматы: Экономика – 2007

  10. Алборов Р.А. Аудит в организациях промышленности, торговлииАПК. – М.: Делоисервис, 2005

  11. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. – М.. Финансы и статистика, 2005

  12. Аудит: Учебное пособие. Проект по разыитию предпринимательства в Центральной Азии (USAID). – Алматы, 2003

  13. Ажибаева З.Н. Аудит. – Алматы: Экономика, 2004

  14. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К.Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности.- Алматы: Қаржы-қаражат, 2006

  15. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита. – Алматы: Экономика, 2005

  16. Ержанов М.С. Аудит 1. Алматы: изд. Экономика, 2005

  17. Нурсеитов Э.О. Аудит. Краткое руководство – Алматы: LЕМ, 2009

  18. Нурсеитов Э.О. Аудиторская деательность . – Алматы: LЕМ, 2005

  19. Нурсеитов Э.О. , Нурсеитов Д.Э. МСФО: теория и практика – Алматы: LЕМ, 2007

  20. Нурсеитов Э.О. , Нурсеитов Д.Э. Международные стандарты аудита: принципы и практика – Алматы: LЕМ, 2008


Қосымша әдебиеттер

  1. Витулева Г.П. Бухгалтеру о б аудите // Библиотека бухгалтера и предпринимателя. – 2001

  2. Суйц В.П., Ахметбеков А.М., Дубровина Г.А. Аудит: общий, банковский, страховой. – М.: ИНФРА-М, 2000

  3. Тулаходжаева М.М., Джураев Т.И., Гулямова Ф.И. Аудит. Т 1. Издательско-информационный Центр Национальной ассоциации бухгалтеров и аудиторов Узбекистана. – Ташкент, 2003

  4. Четыркин Е.М., Васильева Н.Е. Выборочные методы в аудите. – М.: Дело, 2003

  5. Шуремов Е.Л., Умнова Э.А., Воропаева Т.В. Автоматизированные информационные системы бухгалтерского учета, анализа, аудита. – М.: Перспектива, 2001

  6. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: ИНФРА, 2001



11 ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Есеп және аудит» кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы __________________________________________________

Орындаған ______________________________

(студенттің аты-жөні, тобы)

Тексерген _______________________________ (оқытушының аты-жөні, қызметі)



Семей

2015



жүктеу 250,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау