ИМПУЛЬСТІК ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Дербес компьютерлер (ДК) тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби (әмбебап) деп аталатын үш түрге бөлінеді. Бірақ олардың құрылымы кез-келген компьютерде мынадай негізгі құрылғыларды анықтайтын жалпы логикалық принциптерге негізделген:
-нөмірленген ұяшықтардан тұратын жады: (жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ));
-басқару құрылғысы (УУ) мен арифметикалық-логикалық құрылғыны (АЛУ) қамтитын процессор;
-енгізу-шығару құрылғысы.
Бұл құрылғылар бір-біріне информация беретін байланыс каналдарымен жлғанған. Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың арасындағы байланыс келесі сызбада көрсетілген.
Енгізу-шығару құрылғысы
|
|
Жады
|
|
Сыртқы жады
|
|
|
ОЗУ
|
ПЗУ
|
|
ҚМД
|
ЖМДЖ
|
CD-RW
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орталық процессор
|
|
|
|
|
|
|
АЛУ(алқ)
|
УУ(БҚ)
|
|
|
|
|
Жады функциялары:
-Басқа құрылғылардан информация қабылдау;
-Иформацияны есте сақтау;
-Машинаның басқа құрылғыларының сұранысы бойынша информацияны беру.
Процессор функциясы:
-Арифметикалық және логикалық операцияларды орындау жолымен берілгендерді сәйкес пограммма бойынша өөңдеу;
-Компьютердің құрылғыларының жұмысын программалық басқару.
Процессордың командаларды орындайтын бөлігі арифметико-логикалық құрылғы (АЛУ (АЛҚ)) деп аталады, ал басқа құрылғыларды басқару функцияларын орындайтын құрылғы басқару құрылғысы (УУ) деп аталады.
Регистр – ортақ басқару жүйесінің белгілі әдісімен бір-бірімен байланыстырылған триггерлердің жиынтығы. Регистрдің негізгі элементі – триггер деп аталатын электрондық схема.
Базалық аппараттық конфигурация.
Дербес компьютердің аппатарттық конфигурациясы дегеніміз – компьютердің аппараттық құрылғыларының жиынтығы. Дербес компьютердің базистік аппараттық конфигурациясы деп – компьютердің жұмыс істеуіне қажет ең аз аппараттық комплектіні айтады.
Қазіргі ДК базалық аппараттық конфигурациясына: жүйелі блок, монитор, клавиатура (пернетақта), тышқан кіреді.
Жүйелі блок – компьютерлік жүйенің негізгі блогы. Онда ішкі құрылғылар орналасқан. Жүйелі блокқа сырттан қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар немесе периферийялық құрылғылар деп атайды.
Монитор – символдық және графикалық информацияны бейнелеуге арналған құрылғы.
Клавиатура (пернетақта) – компьютермен жұмысты басқару және информацияны енгізуге арналған құрылғы.
Тышқан – «графиктік» басқару құрылғысы. Пернетақтадан айырмашылығы тышқан үшін аппараттық қамсыздану жеткіліксіз, арнайы бағдарлама қажет.
Компьютердің сыртқы қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, колонка, микрафон және т.б. жатады.
Жүйелі блоктың ішіндегі құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары.
Микропроцессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Онда барлық есептеулер жүргізіледі. Процессордың негізгі сипаттамасы – тактілі жиілік (МГц). Тактілік жиілік неғұрлым көп болса, соғұрлым процессордың жұмыс өнімділігі жоғары болады.
Оперативті жады – компьютер іске қосылып тұрған кездегі көп ұяшықтарда берілгендер мен командалар сақталып тұратын ұяшықтар массиві.
Процессор оперативті жадымен бірге жұмыс істейді. Оперативті жадының өлшем бірлігі – байт, Мбайт.
Процессор кез-келген уақытта байтқа, яғни операттивті жадының ұяшығына адресі бойынша бара алады. Бұл кезде процессор кез-келген биттің күйін өзгерте алады. Ол үшін:
Ұяшықтың ішіндегісін процессордың бір регистріне көшіреді;
Кез-келген битті немесе биттер тобын өзгертеді;
Регистрден кері оперативті жадыға көшіреді.
Қатты диск – программалар мен берілгендерді ұзақ сақтайтын құрылғы. Қатты диск – дегеніміз бір-бірімен байланысқан бірнеше дискіден тұратын батарея. Дисктердің беттері концентрациялық жолдарға, ал жолдар секторларға бөлінген. Берілгендер адресі бет нөмірі, жол нөмірі және сектор нөмірімен белгіленеді. Қатты диск өте нәзік құрылғы.
САНДЫҚ ТЕХНИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Санау жүйесі дегеніміз – сандарды санаудың, жазудың ережелері. Кез-келген санау жүйесінде жазу үшін символдар таңдап алынады.
Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.
Позициялық санау жүйесі дегеніміз – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесі. Позициялық санау жүйелеріне ондық, он алтылық, екілік, сегіздік санау жүйелері жатады.
Ондық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9}
Он алтылық санау жүйесінің алфавиті {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; А; В; С; D; E; F}
Сегіздік санау жүйесінің алфавиті {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7}
Екілік санау жүйесінің алфавиті {0;1}
Екілік сану жүйесі компьютерде барлық есептеу, өңдеу амалдарын жүргізгенде қолданылады. Кез-келген санау жүйесінен санды басқа санау жүйесіне көшіруге болады. Ондық санды екілік жүйеге көшіру үшін санды екіге бөліп, қалдығын белгілеп қоямыз. Қалдықтары 0, 1. Шыққан бүтін бөлікті тағы 2-ге бөліп, қалдығын белгілейміз. Осы амалды бүтін бөлігі 2-ден кіші болғанша қайталаймыз. Қалдықтарды кері ретпен тізбектеп жазамыз. Нәтижесінде екілік сан алынады. Мысалы 23 ондық санын екілік санға айналдыру мысалын қарастырайық:
23
|
2
|
|
|
|
22
|
11
|
2
|
|
|
1
|
10
|
5
|
2
|
2
|
|
1
|
4
|
2
|
1
|
|
|
1
|
0
|
|
Нәтижесі - деген екілік сан болып шығады.
Екілік сандарды екілік сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне – 1, 2, 4, 8, 16, т.с.с. көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, болып жазылатын екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі:
- екінің осындай дәрежелері санның разрядтарымен көбейтіліп қосылады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |