Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
70
(Условие отбора) жолына мына шартты енгiзiңiз: <500. Сонда кестеден көлемi 500-ден
аспайтын кiтаптар iрiктелiп алынады.
7.
Бағасы өрiсiне сұрыптау шартын берiңiз. Сәйкес жолға <150 өрнегiн енгiзiңiз. Ендi
кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана iрiктелiп алынады.
8.
Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жабыңыз. Сұранысты жабу кезiнде оған
Кiтаптарды таңдау деген ат берiңiз.
9.
Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде жаңа құрылған сұранысты
ашыңыз да, қорытынды кестенi қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық
жұмыста Оқулықтар кестесiне енгiзiлген жазбаларға тәуелдi. Егер ешбiр басылым
сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бiрде-бiр
мәлiметтер болмаса, онда негiзгi кестелерде оған сұраныстың жұмысын тексеруге
мүмкiндiк беретiн мәлiметтермен толтырыңыздар.
10.
Зерттеу аяқталған соң ашық объектiлердiң барлығын жауып, Microsft Access
программасын жабыңыз.
Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Параметрлi сұраныс құру.
Сұрыптау шарты қалай жұмыс iстейтiнiн бiз жоғарыда қарастырдық, бiрақ оның
өзiндiк кемшiлiктерi бар. Мәлiметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған
сұраныстармен жұмыс iстейдi. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан
кiтаптарды iрiктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан
кiтаптарды iрiктей алмайды, өйткенi сұраныс жоқ.
Парметрлi сұраныс қолданушыға мәлiметтердi сұрыптаудың критериiн өзi енгiзуге
мүмкiншiлiк туғызады.
Кiтаптарды iрiктегенде сұранысты iске қосқаннан кейiн ақырғы бағаны
қолданушының өзi енгiзетiндей сұраныс даярлайық.
1.
Microsoft Access программасын iске қосыңыз.
2.
Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных)
ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын
таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3.
Отырар Кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запрос) панелiн
ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұраныс құру таңбашасына екi рет шертсенiз, үлгi
бойынша сұраныстың бланкiсi ашылады.
4.
№ 8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесiне негiзделiнген, келесi
өрiстерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:
-кiтаптың аты мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк
-бағасы қаржылық
-баспасы мәтiндiк
5.
Сұранысты iске қосқанда қолданушы қажеттi мәндi енгiзетiн хабар ала алатындай етiп
Бағасы өрiсiнiң Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.
Қолданушының назарына арналған мәтiн тiк жақшаға алынуы қажет. Егер бiз
бағалары 400-ден қымбат кiтаптарды iрiктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едiк. Егер
бағасы 100-теңгеден арзан кiтаптар қажет болса, онда <100 деп енгiзер едiк. Бiрақ бiз
бағаны таңдау мүмкiндiгiн қолданушының өзiне берсек, онда < [Ең жоғарғы бағаны енгiз]
деп жазуымыз қажет.
6.
Сұраныс (Запросы) терезесiн жабыңыз. Жабу кезiнде оны Оқулықтарды таңдау
деген атпен сақтап қойыңыз.
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
71
7.
Отырар кiтапханасы:мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн
ашыңыз және Кiтаптарды таңдау сұранысын iске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдiң
мәнiн енгiз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.
8.
Өзiңiз қалаған мәндi енгiзiп, ОК батырмасын басыңыз.
Оқулықтар кестесiндегi енгiзiлген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесi –
қорытынды кесте алынады.
9. Мәлiметтер қорының барлық объектiлерiн жабыңыз. Microsoft Access
программасын жабыңыз.
Лабораториялық жұмыс
Мақсаты:Қорытынды сұраныс дайындау
Оқулықтар кестесiне кiтапханадағы барлық оқулықтардың параметрлерiн енгiзе отырып
түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемiн және орташа бағасын бiлуге
болады. Қандай да бiр сандық өрiстiң барлық жазбаларына қолднатын есептеулердi
қорытынды сұраныс дейдi. Қорытынды сұраныста өрiстiң барлық ұяшықтары бойынша
орта мәннiң шамасы мен мәндерiнiң қосындысын есептеуге, өрiстегi мәлiметтердiң ең
үлкен немесе ең кiшi мәндерiн табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға
болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгi бойынша сұраныс
бланкiсiнiң көмегiмен дайындалады.
Айталық, кiтапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және
техникалық болсын. Бiздiң мақсатымыз -- әрбiр категориядағы әдебиеттiң орташа бағасын
анықтайтын қорытынды есептi шығару.
1.
Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft
Access).
2.
Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных)
ауыстырып-қосқышын қосып, бұрын даярланған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз
да, ОК батырмасын шертiңiз.
3.
Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiндегi Кестелер (Таблицы)
панелiн ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесiн таңдаңыз.
4.
Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестенi жобалау режiмiнде ашшыңыз –
мұнда бiз әрбiр кiтап қай категорияға жататыны туралы мәлiметтер сақталынытын
қосымша Категория өрiсiн құра аламыз.
5. Кестенiң құрылымының басына жаңа өрiс енгiзiңiз.Ол үшiн бiрiншi өрiстi (Кiтаптың аты)
ерекшелеп алып,INSERTбатырмасын басыңыз.
6. Жаңа өрiстiң атын еңгiзiңiз- Категория және оның типiн анықтаңыз-мәтiндiк.
7. Конструктор терезесiн жабыңыз. Жабар алдында, кестенiң құрылымын өзгерту
қажеттiлiгiн құптаңыз.
8. Оқулықтар кестесiн ашып, оның әрбiр категориясын мазмұнды мәлiметтермен
толтырыңыз. Әрбiр категориядағы басылымдардың бағасын еркiңiзше қойыңыз.Кестенiң
басқа өрiстерiн толтырмай-ақ қоюыңызға болады, өйткенi олар қорытынды есептеулердi
жүргiзгенде қатыспайды.
9. Оқулықтар кестесiн жабыңыз.
10. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы)панелiн
ашыңыз.
11. Конструктор режiмiндегi сұранысты құру белгiсiн екi рет шертiңiз. Ашылған Кестелердi
қосу (Добавление таблицы)терезесiнен Оқулықтар кестесiн таңданыз, соның негiзiнде
қорытынды сұраныс дайындалады.Кестелердi қосу терезесiн жабыңыз.
12. Оқулықтар кестесiнiң үлгi бойынша сұраныс бланкiсiне келесi өрiстердi енгiзiнiз:
Категория, Кiтаптың аты және Бағасы.
13. Бағасы өрiсi үшiн өсуi бойынша сұрыптауды қосыңыз.
100>150>
Достарыңызбен бөлісу: |