-
химиялық ластану:уытты және су ортасының табиғи
құрамын бүлдіретіндер.
- физикалық ластану:
жылу, қызу, электромагнитті
өріс, радиоактивті заттар.
Өзен-көлдердің
ластануы тазартылмаған ағын
суларды жіберу арқылы айқындалды. Қалдық сулар,
өнеркәсіп орындары, ауылшаруашылығын химияландыру,
тұрғын
үй
коммуналдық
шаралар,
халық
шаруашылығының басқа салаларының әсерінен пайда
болады.
Лас сулар бірнеше топқа бөлінеді:
1.Ерімейтін, коллойдты, еритіндер ( қоспалар )
2.Минералдық,
органикалық,
биологиялық,
бактериалдық ( лас сулар ) .
34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
Сарқынды суларда органикалық заттар 58 %,
минералдық заттар 42 %.
Судың ластанудағы ең қауіпті химиялық ластану .
Соның ішінде синтетикалық жуатын заттармен өнеркәсіп
пайдаланатын сулармен ластану өте қауіпті. Қазақстанда
ауыл шаруашылық минералды тыңайтқыш қалдықтарымен
ластану кең етек алған. Қазіргі кезде ашық өзен, көл
суларымен қатар жер асты сулары да ластанып отыр.
Олардың негізгі ластаушы көздері өнеркәсіп өнімдерін
сақтайтын қоймалар, химиялық заттармен тыңайтқыштар,
тұрмыстық заттар, жер асты сумен жалғанатын
құбырлар, ірі құрылыс учаскелері, сұзгі алаңдар, бұрғы-
скважиналар, жер асты суларда әр түрлі жұқпалы ауру
тарататын микробтар мен вирустар кездеседі.
Қазақстандағы өзен-көлдердің ластануы өнеркәсіп
шоғырланған аймақтарда полигондар мен мұнай өндіретін
жерлерде жаппай сипат алуда. Сонымен бірге еліміздің
шекаралық аймақта орналасқан өзен-көлдері көрші
мемлекеттердің өнеркәсіп қалдықтарымен т. б.
қалдықтармен ластану дәрежесі жоғарлауда.
Қазақстандағы ең ірі су алабы Ертіс өзені.Ертіс өзені
аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Ертістің
барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолааушылар және
жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін
барады. Ертістің суын электр энергиясын өндруге
пайдаланады. Өзен балыққа бай және онда кәсіптік
маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан
балық, алабұға, қара балқ ауланады.Ертіс өзенінің
шаруашылық үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де
жеткілікті пайдаланбай келеді. Ертіс өзені Бұқтырма және
Қара Ертіс арқылы Қытай Халық Республикасының,
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Лениногор
35
қорғасын зауыты, Зырян зауыты, Березов кенінен шыққан
сарқынды суларымен ластануда. Осының әсерінен судағы
ауыр металдар мөлшерінен асып кетуі жиі байқалады.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу
өзендері өнеркәсіп қалдықтарынан біршама таза деп
есептелгенімен, ауылшаруашылығын химияландырылған
қалдық сулармен, өзендер бастау алатын шекаралық
мемлекеттердің сарқынды суларымен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге
байланысты судың мұнай қалдықтарымен ластану
дәрежесі жоғарылауда. Өйткені жағалау шекарасының
29%-ы Қазақстанға (2340км), 16%-ы Ресейге, 20 %-ы
Әзербайжанға, 21%-ы Түрікменстанға,14%-ы Иран Ислам
Респуликасына тиесілі. Сонымен бірге Еділ мен Жайық
өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. 1999
ж 20-30 мың итбалық,100-ген құсстардың өлуі теңіз
суының бүгінгі сапасын көрсетіп отыр. Каспий мұнай
игеру
саласына
бүкіл
әлемді
дүрліктіріп шетел
инвесторлары өз қызығушылығын тудыруда. Каспий
жағалауындағы 5 мемлекеттердің ең басты мақсаты
Каспийдің қара алтынын игеруге ұмтылу. Ал олардың
суының сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық
нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр. Қазір теңіздің
мұнаймен ластану аймағы 200 мың га. Қоймаларда 200
мың тонна, мұнай қалдықтарында 40 мың тонна
көмірсутегі жинақталған. Су ресурстарының биолигиялық
ластануы Арал аймақтарында, Батыс Қазақстанда жиі
кездеседі. Жайық өзені Орал тауларынана бастау алып
Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп
өтіп Каспий теңізіне құяды. Батыс салалары Самара,
Шаған,Елек,Ор,ал Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл,
Сағыз деп аталатын салалары Жайыққа жетпей құмға сіңіп
36
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
тартылып қалады.Екі жарым мың шақырымға созылып
жатқан Жайық өзені ұзындығы бойынша Еділ мен
дунайдан
кейінгі
үшінші
орында.
Ол
Ресей
Федерациясының
Челябі,Орынбор
облысы
және
Башқұртстан
Республикасы
мен
Ақтөбе,Батыс
қазақстан,Атырау облысының аумағымен ағып өтеді.
Өткен ғасырдың 70 жылдары әлемдегі бекіре тұқымдас
балықтың
үштен
бірі
Жайықтан
ауланса,
қара
уылдырықтың 40 пайызы осында өндірілген. Жайық
өзенінен Жем мұнай кәсіпшілігі су құбыры тартылған.
Жайық өзенінің жылдық орташа ағыс көлемі 9,46 млрд.
текше метр болатын, бірақ соңғы жылдары 2007 жылы
11,6, 2008 жылы 7,28, 2009 жылы 5,3 , 2010жылы 7,0 млрд
текше метрді құраған. Жайық өзені суының 19,6 пайызы
Илек, 47,6 пайызы Самара өзендерінің суы арқылы
толығады. Жайық өзенінің экологиялық проблемалары
антропогендік
іс-әрекеттің
әсерінен
қалыптасуда.
Ақтөбедегі шайынды сулар шартты түрде тазаланып,
құрамында хром тәрізді қоспаларымен бірге жер асты
сулары арқылы Елек өзеніне құйылады.Ал Елек Ойыл
өзенімен бірігіп Жайыққа құяды. Ол сулардың құрамында
адам денсаулығына зиян 6 эквивалентті бор, хром
қоспалары бар. Сонымен бірге Жайықтың бойында
таязданып кеткен жерлер өте көп. Ол жерлерде су аз
сондықтан тез бұзылады. Балықтардың өмір сүруіне
қолайлы болмайды, су астында шірінділер жиналып
қалады.Жайық өзені жағалауындағы ауылшаруашылық
алқаптардың, басқа да өндірістік қалдықтардың әсерінен
экологиялық проблемалар қалыптасуда. Жайық өзенінің
трансшекаралық суларын қорғау және бірлесе пайдалану
жөнінде Ресей Федерациясымен келісімге қол қоюды
жеделдету
қажеттігі
туындауда.
Өйткені
Жайық
37
траншекаралық өзен болғандықтан Ресей мен қазақстан
мүддесіне ортақ. Жайық өзеніннің ластануына жол бермеу,
оның экологиялық мәселелерін шешу, су ресурстарын
тиімді пайдалану екі мемлекеттің проблемасы. Қытайдан
Қас, Текес, Күнгес өзендерінен бастау алатын Іле өзенінің
бастауында Жырынтай СЭС-і салынған. Бөгеттің
ұзындығы - 30 шақырым, биіктігі 2000 метрден асады. Бұл
СЭС-ті басын мәңгілік мұз басып жатқан Еренқабырға
тауының екінші бетінде сусыз жатқан Жың ауданы үшін
пайдаланбақшы. Қазір Қытайда Еренқабырға тауын тесіп
туннель салу жұмысы жүргізілуде. Туннель іске қосылған
кезде Іле өзенінің бізге келетін суы 30 пайызға кемиді.
Ертіс пен Іле өзенін бұру -Қытай үшін сусыз жатқан
Шыңжаңды игеру үшін керек. Текес өзенінде мұндай СЭС-
тің екеуі салынған. Қас,Текенс, Күнгес суға ғана бай емес
кенге де бай. Қас өзенінің бойында 17 кен шайқау орны
ашылған. Сонымен қоса бұл өзендердің алабында Қытай
мемлекеті егістік шаруашылығын арттырып отыр. Бұл
Қазақстанға экологиялық апат әкелетіні сөзсіз. Еліміздегі
трансшекаралық
экологиялық
проблемалар
елдің
экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы қатер
болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар
шеңберінде көршілес мемлекеттердің бірлескен іс-
қимылдарымен қамтамасыз етіледі. 2003 жылдың басында
Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау
туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауіпті
қалдықтарды декларациялау жөніндегі жаңа кеден
ережелерін белгілеуге және кейіннен олардың шикізат пен
өнім түрінде республика аумағына түсуін болдырмауға
мүмкіндік береді.
38
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
Қазақстан
трансшекаралық
өзендерді
ұтымды
пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай
құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін
трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендерді
қорғау
мен
пайдалану
жөніндегі
Хельсинки
конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия
елдерінің
қалған
елдері
бұл
конвенцияға
қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны
дұрыс та әділ пайдалануды қамтамасыз ету, қауіпті
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердің
алдын алу, « ластаушы төлейді » қағиданы орындау
жөнінде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің
алдын алу және жою үшін:
1.2005-2007
жылдары Қазақстан мен іргелес
мемлекеттердің шекаралас аудандарын экологиялық
бақылау жөніндегі бірлескен зерттеулер жүргізу;
2.
Орталық Азия мемлекеттерінің Хельсинки
конвенциясына
қосылуы
жөніндегі
Қазақстанның
бастамасын
өткізу
арқылы
трансшекаралық
су
проблемаларын шешу;
3. Бірегей табиғи кешендерді сақтау мақсатында
2005-2006 жылдар барысында ішінде Батыс Тянь-Шань
мен Алтай-Саян өңірінде шекаралық биосфералық
аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелері ықтимал
трансшекаралық, экологиялық қатерлерді анықтауға,
азайтуға және жоюға жәрдемдесетін болады.БҰҰ-ның
толыққанды мүшесі бола отырып, Қазақстан жаһандық
серіктестіктің негізінде мемлекеттік экологиялық
саясатты тиімді жүргізудің кілті ретінде халықаралық
ынтымақтастықты пайдалануы тиіс.
39
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа барған сайын
жақындай түскенін ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-
Жанейрода
негізі
салынған
және
2002
жылы
Йоханнесбургте өткен дүниежүзілік саммитте расталған
тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы
ынтымақтастық пен серіктестік саясатының негізі болуы
тиіс.Осы саясаттың негізгі бағыттары:
- халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық
іске асыру;
- қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-
күйін бақылаудың жалпы тәсілдерін, әдістерін, өлшемдері
мен рәсімдерін әзірлеу;
- үйлестірілген іргелі және қолданбалы экологиялық
зерттеулерді жүргізу;
- экологиялық қауіпсіздік проблемасын шешуде
халықаралық тәжірибені пайдалану;
- қоршаған ортаны қорғау мен елдің тұрақты дамуы
саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге
халықаралық
ұйымдардың
қаражатын
тартуды
жандандыру.Мұндай саясатты практикалық іске асыру
Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымның дамыған
демократиялық мемлекеттерімен үйлесімділігі үшін оған
прогрессивтік қолдау табуға ықпал етуі тиіс.Маңызды
халықаралық экологиялық конвенцияларға, сондай-ақ
халықаралық
деңгейде
табиғат
қорғау
қызметіне
республиканың неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз
ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық
әзірленетін
бағдарламаларда
халықаралық
ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды іске
асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар белгілеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |