Қорғалжын мемлекеттік қорығы.
Бұл қорық
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Ол
Тың өлкесінің табиғатының әсем де бағалы жерін қорғау
мақсатында 1958 жылы ұйымдастырылған. Қорық
қорғалжын көлінің оңтүстік жағалауын алып жатыр. Жер
көлемі 183,7 мың гектар, құрамына Асаубұлақ, Қоқай, Есей,
Қорғалжын және Теңіз көлдері енеді. Бұл жерде қорық
62
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
ұйымдастырудың өзінше ерекшелігі бар. Көктемде осы су
торабы арқылы Каспий теңізі жағалауында, Пакистан,
Үндістанда және Солтүстік Африкада қыстап шыққан жыл
құстарының солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Бұл
кездерде көптеген құстардың мамырлауына өте ыңғайлы
орын.Сондықтан да, бұл тамаша жерді қорғау және оның
байлығын зерттеу қорық қызметкерлерінің ең басты
міндеті. Қорық жерінде шағын өзендер мен көлдер де көп.
Бұл мұнда шөл мен далалық өңірдің өсімдіктері мен
жануарларының мол болуына ықпалын тигізеді. Теңіз-
Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз
бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1968
жылы қайта ұйымдастырылған еді. Алайда, үш жылдан
кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналдырылды
да, кейіннен қайтадан қорық болып құрылды. Бастапқыда
15 мың гектардай жерді алып жатқан болса, қазіргі уақытта
Қорғалжын қорығының аймағы 23 661 гектарға тең. Оның
көп бөлігін көлдер алып жатыр.Қорғалжын қорығы шөлді,
дала аймағына орналасқан. Қорғалжын көлінің көлемі 39,6
мың гектардай, орташа теереңдігі екі метрдей. Көл суы
ертеректе өте мол болған, бірақ кейінгі жылдары Нұра
өзенінің суын кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы
қажетіне көбірек пайдалануға байланысты ол көлге жетпей
қалады да, көл бірнеше ұсақ көлшіктерге бөлініп кетті.
Қорғалжын көлінде суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі
кездеседі. Олардың ішінде құрақ, қоға, көл қамысы және
жебе жапырақ кең тараған Қорғалжын мемлекеттік
қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар
сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған. Қорық
аймағында құстардың 225 түрін, сүт қоректілердің 30 түрін,
қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың
оншақты түрін кездестіруге болады. Қорғалжын көлінде
63
балықтардан шортан, мөңке, қарабалық, аққайран, шабақ,
алабұға, сазан мекендейді. Қорғалжын және Теңіз
көлдерінің басты табиғи байлықтарының бірі- су құстары.
Бұл көлдерде олар- дың 119 түрі жұмыртқалайды, 106 түрі
мұнда қоныс аудару және қыстайтын жеріне қайту кезінде
мекендейді. Олардың барлығы да қамқорлыққа алынған.
Әсіресе, дүниежүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды
қорғап, қорын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше.
Алайда бір ескеретін жай бар.Соңғы жылдары көл суы
деңгейінің Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек
кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы
қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар
тіршілік етеді. Қорық қызметкерлерінің есебі бойынша
аққу саны мынадай ретпен өсуде: 1971 жылы – 7, 1972
жылы -135, 1973 жылы -165, 1974 жылы – 207, 1975 жылы –
236 аққу жұбы кездескен. Көктемде аққулар қайтып
келгенде қорық аймағындағы көлдерден тіршілігіне қажетті
барлық жағдайларды табады. Сұлулық пен тазалықтың
символы – аққуды қорғап, санын көбейте беру қорық
қызметкерлерінің міндетіне кіреді.
Республикамызда
Қорғалжын
қорығын
ұйымдастырудың басты мақсаты- ондағы құстардың
тіршілігіне жағдай жасап, санын арттыра беру және аққу,
қоқиқаз, қоңырқаз сияқты бағалы құстардың биологиясын
зерттеу, көлдерді жер жүзі халықтары назар аударып
отырған қоқиқаздың мекеніне айналдыру болып табылады.
64
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
Достарыңызбен бөлісу: |