Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 157,84 Kb.
бет26/123
Дата26.01.2022
өлшемі157,84 Kb.
#35229
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
типовой 2016

Пікір берушілер:


Низамова М.Н. – п. ғ. к., доцент, Алматы технологиялық университеті Жұмабаева Ə.Е. – п. ғ. д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


  1. ҚР БҒМ Републикалық Оқу-əдістемелік Кеңесі мəжілісінде

ҚАРАСТЫРЫЛҒАН 30.06.2016 ж., Хаттама 2.

Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»

тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.

Түсінік хат



«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі мамандығы бойынша типтік жұмыс жоспарына сəйкес кəсіптік пəндер блогына енеді.

Бағалаушылық қызмет мəселелері – педагогикалық теориядағы да, пелагогикалық тəжірибедегі де өзекті мəселелердің бірі. Білім берудің білімдік парадигмасы аясында қалыптасқан бағалау жүйесі меңгеру үдерісін емес, білімді игеру нəтижесін бейнелейді, яғни іс-əрект тұрғысынан қарау көзқарасы талаптарына толыққанды сəйкес келмейді. Бұған қоса, бағалаудағы негізгі мəселе тіпті оқытудың бастауыш деңгейінің өзінде байқалатын мектеп бағасының субъективизмі болып қалып келеді. Сондықтан жалпы бастауыш білім беретін білім берудің мемлекеттік стандартында бағалау үдерісі білім беру үдерісінің құрамды бөлігі ретінде дамып отыруы қажет.

Мұндай даму тəжірибеге критериалды бағалауды енгізген кезде ғана мүмкін болады.

Критериалды бағалау деп оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сəйкес білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп əкімшілігі, ата- аналар, заңды тұлғалар жəне т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі деп түсінеміз.

Бағалаудың өлшемдік технологиялары тəжірибеге енгізу үш негізгі мақсаттық блокқа топтауға болатын бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, мұндай көзқарас мұғалім мен оқушыға оң нəтижелі үлгерімнің негізі болатын жекелеген тапсырмаларды оқушылардың табысты орындауларын анықтауға арналған жеткілікті деңгейде ашық, нақты жəне шынайы құрал береді.

Екіншіден, белгілі бір параметрлерді қолдану жекелеген оқу курсының ғана емес, мектептік білім берудің сəйкес деңгейлерінің білімін алудағы мақсаттық нұсқауымен бағалау жүйесін байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағалау критерийі əр оқушының қандай деңгейде игергендігін анықтауға мүмкіндік беретін нақты түрде қалыптасқан оқыту мақсаттары түрінде болғанда ғана мүмкін болады.

Бағалаудың өлшемдік технологиялары осы қасиетінің екінші жағы мұғалім өз жұмысын жоспарлау кезінде оқу үдерісінің жалпы мақсаттарын үнемі есте ұстап отыруында. Олардың ешқайсысын ұмыт қалдыруға болмайды, өйткені, олардың барлығы, əрқайсысына лайық тапсырмалар іріктелуі жəне оны орындау үшін дайындық жүргізу бойынша əрекеттер жүйесі қажет болатын бағалау критерийіне салынған.

Үшіншіден, критериалды бағалау жүйесінің ашықтығы мен процедуралық анықтылығы оқу орнының əкімшілігіне де, ата-аналарға да оқу

үдерісіне белсене қатысуға мүмкіндік беретін əлдеқайды мықты аспап етеді. Білім беру мекемелері басшыларының мұғалімнің көп аспектілі жəне үнем ақпарат беріт отыратын қызметінің нəтижелерін тексеру құралы пайда болады. Өз кезегінде, ата-аналар өз балаларының жетістіктері жайлы толық мағлұмат алады жəне олардың мектепте оқушыларға жалпы нені үйрететінін білуге мүмкіндігі болады.

Ақырында, жоғарыда келтірілген жағдайлар білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы қатынастың əлдеқайда ашық болуына себепкер болады. Бұл əсіресе оқушыларға қатысты, өйткені критериалды бағалау олардың оқу əрекетіне (мақсат пен міндеттерді өз бетімен анықтауға, тапрсыманы орындаудың критерийлерін белгілеуге, жауаптарын дайындауға, қиындық келтірген мəселелердің себептерін анықтауға, қателіктерді түзету бойынша жұмыстар жүргізуғе) белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:



  • Сапалы нəтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

  • Өз жұмысын талдау жəне жоспарлау үшін ақпарат алуға;

  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

  • Əрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

  • Бағалаудың əр түрлі тəсілдері мен құралдарын қолдануға;

  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

  • Нəтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу жəне түсінуге;

  • Рефлексияға қатысу, яғни өзін жəне өз достарын бағалауға;

  • Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата-аналарға:

  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

  • Баласының оқу үдерісін бақылай алуға;

  • Баласына оқу үдерісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының негізгі қызметі білім берудің заманауи стратегиялық міндеттерімен, халықаралық стандарттар мен білім берудің сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескеріп, білім беру деңгейін көтерудің қажеттігімен, қазақстандық мектептер түлектерінің елден жырақ жерде бəсекеге қабілеттілігін жəне оқыту нəтижелерінің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың бірыңғай талаптарын жасау қажеттігімен анықталады.

Бұл пəнді оқып үйрену студенттердің педагогиканың, жалпы жəне жас ерекшелік психологиясының бөлімдері бойынша негізгі білімдер жəне біліктермен қарулануына негізделеді.



жүктеу 157,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау