II. «Педагогика» пəнінің мазмұны Кіріспе
Пəннің мақсаты студенттерде білім берудің бастауыш сатысындағы қазіргі педагогикалық үдерістің негізгі міндеттер тобын шешуге бағытталған базалық кəсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу болып табылады:
- кіші мектеп жасындағы оқушылардың жас жəне жеке ерекшеліктерін, олардың қажеттіліктерін ескере отырып тұлғасын дамытуға бағытталған білім беру үдерісін құру;
- дамытушы ортаны (мектептің, сыныптың жəне білім беру үдерісінің басқа да субъектілерінің білім беру кеңістігі) педагогикалық мақсатта құру жəне қолдану;
- кəсіби жағынан өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |