Актінің құрамы мынандай деректерден тұрады: Кəсіпорынның атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту
белгісі, тақырыбы, мəтіні, қосымшасы бар екендігі туралы белгі, қолы.
Актіге комиссия төрағасының жəне мүшелерінің қолы қойылады.
Актінің мəтіні екі бөліктен тұрады: 1. кіріспеден жəне 2. белгілеуші
бөліктен.
Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күні
көрсетіледі. Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақ
тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады.