Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет164/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

16.1-сурет. Байланыстың сымсыз желісі

Əрбір түйін антеннамен жабдықталады, олар бір уақытта электр магнитті толқындарды жіберуші жəне қабылдаушы болып табыла- ды. Электр магнитті толқындар атмосферада немесе вакуумда 3*108 м/с жылдамдықпен барлық бағытта немесе нақты бір сектордың шеңберінде таралады.


Таралудың бағытталған немесе бағытталмаған екендігі ан- тенна типіне байланысты болады. Жоғарыдағы 16.1-суретте параболалық антенна көрсетілген, бұл бағытталған таралу бо- лып табылады. Антеннаның басқа типі – изотроптық антенналар, бұл антенналар сəулелену толқынының ширек ұзындығындай тік өткізгіш жəне бағытталмаған болып табылады. Олар автокөліктер мен портативті құрылғыларда кеңінен қолданылады. Сəулеленудің барлық бағыттарда таралуын бірнеше бағытталған антенналардың көмегімен қамтамасыз етуге болады.
Қысқа толқынды жəне инфрақызыл диапазондар ақпараттың сымсыз берілуінде кеңінен қолданылады. Инфрақызыл сəулелену қабырға арқылы кіре алмағандықтан инфрақызыл толқындар
жүйесі бір ғимарат шеңберінде жергілікті желілердің үлкен емес сегменттерін құру үшін қолданылады (16.2-сурет).



æǻdzǮǴ



æǻdzǮǴ



16.2-сурет. Инфрақызыл диапазондар

Өткізгішті екі нүктелі арнаның типтік сызбасы сымсыз байланыс үшін танымал болып табылады (16.3-сурет).





16.3-сурет. “Нүкте”-“нүкте ” арнасы

Екі нүктелі сызба бойынша жиіліктің əртүрлі диапазондарын қолданатын əртүрлі қызметтегі сымсыз арналар жұмыс жасай алады. Мəліметтерді сымсыз тасымалдаудың аймағында Intel WiMAX стандартқа көп үміттенеді. Серіктестік 2,5-3,5 ГГц жиілік диапазон- да жұмыс жасайтын WiMAX ұтқыр адаптерді шығаруды жобалады. 2008-ші жылдан пайда болатын ұтқыр платформаларға жасағанда


Wi-Fi жəне WiMAX технологияларды бір құрылғыға біріктіреді.
WiMAX аймағында Intel-дің тəжірибелік əрекеті осы технологияның (802.16d) бекітілген нұсқасының Rosedale тұқымдасындағы микрокестеден басталды. Содан кейін олар жаңа өнімді шығаруды жоспарлады – «бір кристаллдағы жүйе» – Rosedale Ол WiMAX (стандарт 802.16d) жəне ұтқыр (802.16e) бекітілген түрлерін қолдайды.
АҚШ-та екі ұтқыр сервис-провайдерлер Sprint жəне Clearwater 2007 жылда 802.16d негізінде желілердін құруын бастады.
Виртуалдық жеке желілер (Virtual Private Networks, VPN) белгіленген байланыс арналарын жалға бермей немесе сатып алмай жергілікті желілердің шектеулерін кеңейтуге болады. Серіктестіктер ұтқыр пайдаланушыларға корпоративті желіге қатынау құралдарын

беру үшін жəне географиялық таратылымдағы ішкі бөлімдерін қосу үшін VPN-ды қолданады. Осы əрекеттермен бірге, ішкі серверлер- мен əрекеттесетініне негізделген қосымшаларды пайдалануға бола- ды.
VPN-ды құрған кезінде екі негізгі тəсілдеріне сүйенді. Біріншісі

  • телекоммуникациялық серіктестікте жеке байланыс арналарын жалға беру (осы тəсіл «сенімді VPN» деп аталады). Екіншісі – Internet арқылы шифрланған трафикті тасымалдауға негізделген («қорғалған» VPN).


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау