Зертханалық тəжірибе
Тақырып: “Ақпараттық технологиялар”.
1-сабақ.
Тақырып: “Мəтіндік, графикалық жəне мультимедиялық ақпараттарды өңдеу технологияларын оқыту əдістемесі”.
Дидактикалық мақсаты: Мəтіндік, графикалық жəне мультимедиялық ақпаратты өңдеу технологияларын оқытудың əдістемелік тəсілдерін бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың білімдік құраушысын меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: ұжымдық, сараланған- топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдайлық есептерді шешу əдістері.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [1-10], программалық құралдар – мəтіндік редакторлар, растрлық жəне векторлық редакторлар, презентацияларды əзірлеу программалары.
Студенттердің алдын ала дайындығы: мəтіндік, графиктік жəне мультимедиялық ақпараттарды өңдеу технологияларын оқытудың əдістемелік тəсілдерімен танысу, оқу ақпаратын құрылымдайтын
№1 тапсырманы орындау.
Теориялық мəліметтер
Іскерлік ойын жаңа материалдарды меңгеру, материалды бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастырудың кешендік есептерін шешу үшін қолданылады; оқушыларға əртүрлі тұрғыда оқу материалын түсінуге жəне оқуға мүмкіндік береді.
Іскерлік ойын технологиясы 3 кезеңнен тұрады: Дайындық кезеңі: а) ойынды əзірлеу (іскерлік ойынның сценариі, жоспа- ры, ойынның жалпы сипаттамасы, нұсқау мазмұны, материалдық қамтамасыздандырудың дайындығы); б) ойынға кіру (мəселе мен мақсаттардың қойылымы, шарттар мен нұсқаулар, регламент жəне ережелер, рөлдерді тарату, топтарды құру, кеңестер). Жүргізу кезеңі: а) тапсырмаларға топтық жұмыс (əдебиеттермен жəне АКТ құралдарымен жұмыс, тренинг, ми шабуылы жəне т.б);
б) топтар арасындағы дискуссия (топтардың сөз алуы, нəтижелерді қорғау, дискуссия ережелері, сарапшылар жұмысы). Талдау жəне жалпылау кезеңі: талдау, рефлексия, жұмысты бағалау жəне өзіндік бағалау, қорытындылар мен жалпылаулар, ұсыныстар.
Іскерлік ойынның түрлеріне байланысты қатысушылардың əртүрлі типтік рөлдік ұстанымдары енгізілуі мүмкін: 1) топта жұмыстың мазмұнына қатысты анықталатын ұстанымдар (идея
генераторы, əзірлеуші, талдаушы); 2) ұйымдастырушы ұстанымдар (ұйымдастырушы, координатор, интегратор); 3) жанашылдыққа қатысты анықталатын ұстанымдар (инициатор, сыншы, консерватор); 4) əдіснамалық ұстанымдар (əдіснамашы, сыншы, мəселе туындатушы (проблематизатор), бағдарламалаушы); 5) əлеуметтік-психологиялық ұстанымдар (көшбасшы) [11].
Информатика сабақтарында қандай да бір ұйымның, мекеменің жəне оның бөлімшесінің қызметін имитациялайтын іскерлік ой- ындар жиі қолданылады. Осындай ойынның сценарийі: оқиға сюжетінен басқа имитацияланатын үдерістер мен қызметтерінің си- паттамасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |