Программалауды оқытудың жалпы білім беру тұрғысынан дамуы. Оқушылардың алгоритмдік мəдениеті
Математикалық бағыттағы мектептерде программалауды оқыту, оқу өндiрiстiк комбинаттардағы сияқты, көбінесе, арнайы, кəсіби бағытталған мүдделерді көздеді. Бірақ сол кезде адамзат қызметінің жаңа саласы ретінде ЭЕМ мен программалаудың жаппай орта мектептiң оқыту мазмұнына жалпы білім беру ықпалын зерттеу табандылықпен жүргізілді. О бастан-ақ, программалау саласынан алынған идеялар мен əдістердiң жалпы бiлiм берерлік күшінің жал- пы мектепте білім беру мазмұнының жаңа іргелі компоненттерiн дамытатындай аса үлкен əлеуеті бар екендігі түсінікті болған бо- латын. Практикалық программалаудың жалпы білім берудегі құндылығының ашылуына сол кезде (XX ғасырдың 60-70 жыл- дары) өтіп жатқан адам мен ЭЕМ арасындағы қатынастың табиғи түрлерінің дамуына бағытталған оның сырт əлпетінің тез өзгеруі де себепші болды. Программалаудың жалпы білім берудегі құндылығы мен ЭЕМ-дi қолданып есеп шығарудың жаңа əдіс-тəсілдерінен жал- пы білім беруге не енуі тиіс жəне ол мектепте оқытудың əдістемесi мен мазмұнына қалай əсер етеді – міне, дербес компьютерлер мен мектеп информатикасының пайда болуы кезеңінiң алдында ғалым- педагогтардың белсенді түрде қызығушылығын тудырған сұрақтар болды.
ЭЕМ-ге программалаудың негізінде берiлген тiлдiң құралдары- мен алгоритмдi құрастырып, сипаттау үдерісі ретінде кең көлемде қарастырылатын алгоритмдеу түсiнiгі жатыр. Бірақта, алгоритмдеу
формальды орындаушы (автомат) мен адамның қатынасы сүйенетін əдіс ретінде ЭЕМ-ге программа құруға ғана байланысты емес. Мо- дельдеу сияқты алгоритмдеу де кибернетиканың жалпы əдісі.
Түрлі жүйелердегі басқару үдерістері белгілі бір алгоритмнің жүзеге асырылуына келтіріледі. Алгоритмдерді құрумен ең қарапайым автоматты құрылғылардың жасалуы да, күрделi өндірістік үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасап шығу да байланысты. Алгоритмдеудің іргелі негіздері, бүтіндей, заманауи математиканың теориялық саласында – алгоритмдер теориясында жатыр, бірақ алгоритмдеу, кең практикалық мағынада, алгоритмдер туралы ұтымды ойлаудың ерекше өзіне тəн дағдыларына негізделген белгілі бір практикалық тəсiлдердiң жиынтығы ретінде түсініледі.
Оқушылардың санасында алгоритмдік үдерістер мен оларды сипаттаудың тəсiлдерi туралы түсiнiктер информатика мен есеп- теу техникасының пайда болуына дейін мектеп пəндерін оқу ба- рысында (айқын емес болса да) қалыптасқандығы бiзге жақсы белгiлi. Ол кезде мектеп пəндерінің арасында негізгі басты рөлді операциялық жəне алгоритмдік амал-əрекеттер оның оқу қызметінің маңызды элементтері болғандықтан математика атқарды. Шынын- да да, математикалық алгоритмдерді тұжырымдау, жазу, тексе- ру, сонымен бірге оларды дəл орындау біліктіліктері, “алгоритм” терминінің өзі мектептің оқу бағдарламасында қолданылмаса да, əрқашан да оқушылардың математикалық мəдениетінің маңызды құрамды бөлігі болды. ЭЕМ мен программалаудың тарап, дамуы нəтижесінде математикалық мəдениеттің бұл бөлiгi өзіндік мəнге ие бола бастады, тек оны алгоритмдеудің жалпы маңызды құрамды бөліктерімен толықтыру қажет болды. Осылайша құрылған өзіндік ерекшілігі бар, қазіргі заман адамының жалпы мəдениетінің жаңа элементін анықтайтын жəне сол себептен де мектеп жалпы білім беру мазмұнына қосуға болатын ұғымдар, іскерліктер мен дағдылар жиынтығы – «оқушылардың алгоритмдік мəдениеті» деген атау алды (М. П. Лапчик [6, 7, 9, 11]).
Алгоритмдеудің жалпы білім берерлік негiзiн талдау нəтижесiнде құрастырылған алгоритмдік мəдениеттің құрамды бөліктерінің тізбесі мен сипаттамасын қарастырайық.
Алгоритм ұғымы жəне оның қасиеті. Алгоритм ұғымы
алгоритмдеудің негізгі ұғымы жəне тиісінше, алгоритмдік мəдениеттің құрамды бөлігі болып табылады. Алгоритмдеуді оқу
барысында осы ұғымның қатаң математикалық егжей-тегжейлі анықтамасын пайдаланудың қажеті (иə, мүмкіндік те) жоқ, тек оны интуициялық көрнекілік деңгейде түсіндіру жеткілікті. Баяндау барысында алгоритмнің түсiнiктiлiгі, жалпыға бiрдейлiгi, анықталғандығы мен нəтижелілігi сияқты мазмұнды қасиеттері маңызды мағынаға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |