Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатикадан сыныптан тыс жұмысты жүргізу əдістемесі



жүктеу 5,38 Mb.
бет78/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатикадан сыныптан тыс жұмысты жүргізу əдістемесі




Сыныптан тыс сабақтар өткізу кезеңі
Жоғарыда аталған талаптар тəжірибеде жүзеге асу үшін сынып- тан тыс жұмыс ұйымдастырудың анықталған тізбегі болады. Ол жеке немесе жаппай жұмыста қолданыла береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көп жағдайлар мазмұн таңдаудағы, сабақ əдісі мен форма таңдаудағы мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Алайда, оларды қолдану əдістемесі бойынша кейбір жалпы кезеңдер бола- ды: тəрбиелік кештің негізгі кезеңдерін жүзеге асыру. Бұл тəрбие міндеттерін қою мен шешу, сыныптан тыс жұмысты дайындау мен модельдеу, өткізілген сабақтың талдау мен тəжірибелік орындалуы болып табылады.

  1. Тəрбиелік міндеттерді қою жəне шешу. Бұл кезең əрбір оқушының ерекшелігін танып білуге арналған. Кезең мақсаты – педагогикалық нақтылықтың объективті бағалануы.

Үйрену педагогикалық зерттеудің белгілі əдістерімен анықта- лады, мұнда бақылау жетекші рөл атқарады. Бақылау арқылы мұғалім оқушылар мен ұжым жайлы ақпарат жинақтайды. Ақпараттық əдіс ретінде əңгімелесу қолданылады, ол тек қана оқушылармен емес, сонымен қатар ата-аналармен, мұғалімдермен, сыныпта жұмыс жа- саушылармен əңгіме жүргізеді.
Жеке жұмыста баланың əрекетін үйрену маңызды: суретіне, қылығына, əңгімесіне қарап. Ұжымды бақылауда əлеуметтік өлшем əдісі ақпаратты болып табылады. Əлеуметтік өлшем арқылы педа- гог атақты немесе керісінше, атақты емес оқушыларды анықтауға, кіші топтардың бар жоғын анықтауға, олардың арасындағы қарым- қатынасты анықтауға мүмкіндік болады.

  1. Дайындық жəне модельдеу. Бұл кезде сыныптан тыс жұмыстың негізгі тəрбиелік жұмысы белгілі бір əрекет бойынша мұғалімнің модель құруымен аяқталады. Тіпті тəжірибелі мұғалімге де сынып- тан тыс жұмысты өткізбес бұрын оған дайындық қажет болады. Сондықтан əрбір кешті əдістемелік тұрғыдан құрастырып, оның өтілуін модельдеу қажет болады. Жоспарды мұғалім оқушылар қызығатындай етіп құрайды. Жоғары сыныптара бұл жұмысты оқушылар мұғалімнің басқаруыменжасайалады. Тəрбиелік жұмысты жоспарлай білу мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастыруының бір элементі болып саналады.

Модельдеу нəтижесі сыныптан тыс жұмыс жоспарында көрініс табады, оның құрылымы келесідей: аты; мақсаты, міндеті; мате- риалдары, құралдары; өткізу формасы; өткізу орыны; өткізу жоспа- ры.
Алдымен сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы көрсетіледі. Оның тек қана мазмұнды нақты көрсетуі керек емес.
Дайындықты кештің тəрбиелік жəне білімдік мақсаттары мен міндеттерін айқындаудан бастау керек.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты дамытушы, түзетуші, құрушы, тəрбиелік қызметтегі сипатта болу керек. Жаңа білімдер ғана кештің мақсаты бола алмайды. Міндеттер нақты, мазмұнды бейнелейтіндей болуы керек. Мақсат пен міндет нақты болған сайын, педагогтың күтілетін нəтижесі айқын болады.
Мақсат, міндет, приоритетті қызметтерге сəйкес мазмұн анықталып, нақты формалар, құралдар, əдістер анықталады.
Сыныптан тыс жұмыс жабдықталуына түрлі құралдар жатқызылады: құралдар, ойыншықтар, бейнефильмдер, диапози- тивтер, программалық құралдар, ақпараттық ресурстар, музыкалық сүйемелдеу жəне т.б. жатады. Маңыздысы төрешілер мен команда мүшелеріне орындықтар үстелдерді дайындап қою; одан басқа ват- ман, қарындаш, қалам, тапсырмалар орындауға тақталар, бор жəне шүберектер дайындап қою.
Орынды безендіруде атақты ғалымдардың айтқан сөздері бар
плакаттар, ғалымдардың суреттерін, ауызша есептелген плакаттар, ребустар, кроссвордтар іліп қоюға болады.
Сыныптан тыс сабақты өткізу формасы экскурсия, виктори- на, конкурс, олимпиада жəне т.б. болуы мүмкін. Мұндай кезде сабақты өткізу формасының жоспарына атын біріктіріп жазу керек болады: «Информатикадан викторина», «Программистер турнирі»,
«Есептеуіш орталығына экскурсия», «Компьютерлік карикатуралар туры».
Өткізілу орны қатысушылар санына, кеш формасына, материалдық база талабына (информатика кабинеті, акт залы, спорт зал) жəне т.б. сай анықталады.
Ұйымдастырушы жұмысты кешті дайындаудың маңызды элементі ретінде атап көрсетуге болады. Мұғалім оны оқушыларды еліктіре отырып басқарады. Мұғалім тапсырманың орындалуын қадағалайды. Жауапты тапсырмалар сыныпқа, оқушылар тобы- на берілуі мүмкін. Үлкен кештерді ұйымдастыру мақсатты түрде ұйымдастырушы комитет құруды қажет етеді, ол үшін өте жақсы дайындыққа байқау жариялайды.

  1. Модельдің тəжірибелік орындалуы. Бұл ойланған тəрбие жұмысының нақты педагогикалық үдерісте орындалуы. Оқушылардың қызығушылығын сақтау үшін кеш ұйымдастырылған, үзіліссіз болып өтуі керек. Көпшілігі жүргізушіге, оның дайындығына, жақсы ұйымдастырушы бола білуіне, тапқырлық танытуына, тыңдаушыларды тарта білуіне, олармен байланыс орната алуына байланысты.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда барлық қатысушалыр- дың өз орындарында болуын қадағалау керек, техникалық құралдарды тексеруі керек, жоспар уақытында орындалуына назар аудару керек, əйтпесе жақсы ойластырылған, нақты жоспарланған істің тиімділігі төмен болуы мүмкін. Тиімді практикалық орындалу- да сабақтың негізгі төрт кезеңі сақталуы керек:
І. Ұйымдастыру кезеңі (0,5-3 мин).
Педагогикалық мақсаты: оқушылардың зейінін сыныптан тыс жұмысқа аудару, оған қызығушылығын арттырып, жағымды эмоция тудыру.
Тəн қателер: сабақтың басталуының қайталануы, ұзаққа созы- луы.
Ұсыныстар: оқушылардың тиімді жұмылдырылуы ұйымдасты-
рушылық кезеңдегі дəстүрлі емес, маңызды материал үлкен əсер етеді: жұмбақтардың қолданылуы, мəселелік сұрақ, ойындық кезең, дыбыстық жазба, оқушылардың басқа орынға ауысуы жəне т.б.
ІІ. Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5 не 1/3 бөлігі)
Педагогикалық мақсаты: оқушыларды белсендіру, тəрбиелік əсер бойынша орналастыру. Мұғалім оның педагогикалық болжамы оқушылардың мүмкіндігімен қаншалықты сəйкес келетіндігін анықтайды. Бұл кезеңде оқушыларды тартып қана қоймай, мұғалімге сабақ кезінде түзетулер енгізу керек пе жоқ па, соны анықтайды.
Тəн қателер – оқушылардың күтпеген реакциясынан мұғалімнің қорқуы.
Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнына сəйкес кіріспе əңгімеден (танымдық, эстетикалық) немесе бой жазудан (викторина, жарыс, КТК) тұрады.
Бірінші жағдайда сұрақтар, екінші жағдайда-тапсырмалар қызықты болуы керек. Кіріспе бөлімде оқушыларда кештің өткізілуі жайында алғашқы түсініктер болуы керек, олардың əрекеттері ұйымдастырылған болуы қажет. Бағалаудың нақты көрсеткіші беріліп, қажетті ережелер түсіндірілуі қажет.
ІІІ. Негізгі бөлім уақыты бойынша ең ұзақ (сабақтың 1/3 бөлігінен сəл көп).
Педагогикалық мақсат: кештің негізгі идеясының жүзеге асуы. Тəн қателер: мұғалімнің белсенділігі, көрнекіліктің болмауы,
құралдар мен əдістердің жалпылама қолданылуы, сабақтың оқу атмосферасын құру.
Ұсыныстар: сыныптан тыс жұмыстың қызметінің жүзеге асуындағы оқушылардың максимальды белсенділігі тəрбиелік тиімділігінің жоғары болуын көрсетеді. Сыныптан тыс сабақтарда оқушыны белсендіру кəдімгі сабақтан ерекшелендіреді.
IV. Қорытынды бөлім (сабақтың 1/4 не 1/5 бөлігі). Педагогикалық мақсаты: оқушыларды алған білімдерін тəжіри-
беде қолдануға баулу. Осылайшы, қорытынды бөлім оқушыға мұғалімнің тəрбиелік əсерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Тəн қателер: «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сұрақтар типімен еленбейді.
Ұсыныстар: Тестік үлгідегі нақты тапсырмалар беру: кроссворд, мини-викторина, блиц, ойындық жағдаят жəне т.б.
2. Өткізілген жұмысты талдау. Талдау жүйелі түрде орында-
лады. Мұндай талдау қорытындысы екі негізгі функцияны құрайды: ұйымдастырушылық жəне тəрбиелеушілік.
Тəрбиелік кешті талдай отырып, жағымды нəтижелерді анықтау керек, сəтті қолданылған əдістерді, шарттарды атап көрсету керек. Сəтсіздіктің орын алған себептерін анықтау керек. Əрбір өткізілген кештің педагогикалық талдауы мына негізгі критерийлермен сай келеді: 1) мақсаттың болуы; 2) тақырыптың көкейкестілігі мен заманауилығы; 3) оның бағыты; 4) мазмұнының ғылымилылығы мен тереңдігі; 5) кешті өткізу мен ұйымдастырудағы мұғалім мен оқушының даярлығы.
Сыныптан тыс жұмыстарды педагогикалық кеңестер мен əдістемелік кеңестерде талқылап отыру керек. Тəрбие жұмыстарын бағалау кезінде оқушыларды да тарту керек. Мұндай мақсатта мек- теп радиосын, қабырға газетін, көрмелерді қолдану керек. Мұндай жұмыс формалары ұжымда кең талқылануды талап етеді.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау