Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру



жүктеу 5,38 Mb.
бет4/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру


Орта мектептiң оқушыларына арналған бірінші ресми про- граммалау курсы бойынша оқу бағдарламаларының пайда болуына 60-жылдардың басында жалпы орта білім беру негiзiнде есептеуіш



  • программалаушыларды алдын ала кəсіби дайындауды іске асыра- тын, математикаға мамандандыратын мектептердің ашылуы себеп- кер болды. Сол жылдары С. И. Шварцбурдтың Мəскеу қаласының Первомайский ауданындағы №425-ші мектептің сыныптарының

бірінде 1959 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізген тəжірибе жұмысы кеңінен белгілі болды [15-17].
1960-1961 оқу жылынан бастап программалаушылар дайындай- тын мектептердің саны өсе бастады. Мəскеулік №425-ші мектеп пен басқа да есептеуші-программалаушылар дайындайтын мектептердің тəжірибесі негізінде 1961 жылдың маусымында Ресейдiң ағарту министрлiгi математикаға мамандандыратын мектептер үшін оқу жоспарына, математиканың жалпы курсы бойынша «Математикалық машиналар жəне программалау», «Есептеуіш математика» (бұл пəн алғашқыда «Жуық есептеулер» деп аталды) оқу пəндері бойынша бағдарламалардың алғашқы нұсқасын бекітті.
Сол кездерде Қазақстанда Республикалық физика-математика мектеп-интернаты мен С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында есептеуші-программалаушы қосымша мамандыққа даярлау бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілді.
1976-1984 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А. Т. Лукьяновтың жетекшілігімен С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің маман- дандары мектеп оқушыларын программалау мен ЭЕМ-де жұмыс істеуге үйрету жұмыстарын жүргізді [18, 19]. Бұл жұмыстардың бір ерекшелігі модельдеуге, математикалық модельдеуге көңіл бөлінуінде екендігін атап өткен жөн. Осыған ұқсас жұмыстар Ядролық ғылыми зерттеу институтында, тағы басқа жерлерде де жүргізілді.
Программалау саласындағы мамандықтары бар мектептер қатарының дамуы оқушыларға программалауды оқыту мəселелеріне арналған көптеген мақалалар мен əдістемелік зерттеулердің, құралдардың шығуына үлкен ықпал жасап, барынша маңызды оң рөл атқарды. Мысалы, 1960 жылдардың басынан шыға бастаған «Ма- тематика в школе» журналы үшін оғаштау программалауды оқыту бойынша материалдарды (С. И. Шварцбурд [15,17]), сонымен қатар, математикаға мамандандырылған мектептер үшін арнайы матери- алдарды (мысалы, 1965-1970 жылдары шыққан «Проблемы мате- матической школы» атты тамаша сериясының алғашқы мақалалары жинағын [20] атап өтсе де жеткілікті) айтуға болады.
Осы жылдары математикаға мамандандыратын мектептер үшін дайындалған А. Л. Брудноның [21] мазмұнды белгілеулердегі про- граммалау жүйесіне негізделген оқу құралы кеңінен танымал бол-
ды. Жоғары əдістемелік деңгейде жазылған бұл кітаптар програм- малау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуына да елеулі рөл атқарды.
1980 жылдардың басында Қазақстан мектептерінде програм- малау тілдері бойынша арнайы курстар жүргізілді, ал Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интер- натында 8-10 сынып оқушыларына программалау тілі ретінде ФОРТРАН тілі оқытылып, мектеп бітіргенде оқушыларға бірінші разрядтағы есептеуші-программалаушы куəліктері берілді.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау