Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар
Қарастырылатын сұрақтар:
Информатиканың алғашқы тарихы (ЭЕМ-ге дейінгі).
Программалық жабдық жəне АКТ тарихы.
Ақпараттық құралдар дамуының тарихын сипаттауда адамның ақпараттық іс-əрекеті үш құраушыдан тұрады (ақпараттық үдерістердің үш типі): ақпаратты сақтау, ақпаратты тасымалдау жəне ақпаратты өңдеу. Адамның ақпараттық іс-əрекетінің құралы алдыңғы кезекте осы үш бағытпен жеке дамыды. Ақпаратты
сақтау аясында уақыт өте келе ақпараттық тасымалдаушыларды ауыстыру жүзеге асырылды: тас пен сүйектен қазіргі магиниттік жəне оптикалық дискілерге дейін. Бұл тарихтың маңызды кезеңі қағаздың жəне қағаздағы хаттың (Қытай, ІІ б.э.д), сонымен қатар ХV ғ. Еуропадағы кітапты басып шығарудың пайда болуы болды. Бұл оқиғалар сауаттылықтың жаппай таралуына мүмкіндік берді, ал сауаттылық ретінде оқу, жазу, есептеу, сондай-ақ ақпаратпен жұмыс істеу түсіндіріледі. Кітапты басып шығарудың пайда болу салдарын өркениет тарихындағы алғашқы ақпараттық революция деп атауға болады. Екінші ақпараттық революцияның себебі ХХ ғасырда компьютердің пайда болуы болып табылады.
Ақпаратты тасымалдау құралдарының даму тарихын алғашқы пошталық байланыстардан қазіргі ғарыштық байланыс құралдарына дейін қарастыруға болады. Оқытушыға оқушылардың назарын келесідей кезеңдерге аударту керек: қазіргі уақытта ақпараттық қоғам туралы көп айтылып жүр, соның ішінде ақпарат адамзат өміріндегі маңызды ресурс болып табылады. Ақпараттық қоғамда оның мүшелерінің ақпараттармен алмасуының қарқынды үдерістері орын алуда. Мұндай қоғам соңғы мыңжылдықта ұзақ байланыстың алғашқы құралы – поштаның пайда болуынан бастап бірте-бірте қалыптасуда. Алыс аралықтағы ақпаратпен алмасуды қазір телеком- муникация деп атау қабылданған. Мұнда байланыс құралдарының дамуының екі революциялық буыны туралы айтуға болады. Бірінші кезең: ХІХ ғасыр, электр байланыс құралдарының пайда болуы (телефон, телеграф), радиобайланыс жəне теледидар (ХХ ғ. бірінші жартысы). Екінші кезең: ХХ ғ. екінші жартысында компьютерлік телекоммуникациялардың, ұялы телефондардың пайда болуы мен таралуы. Көптеген физикалық жаңалықтар мен техникалық жаңалықтар ақпаратты тасымалдау құралдарының дамуына бағдарланады. Мұның барлығы адамзат қоғамы үшін ақпараттық ал- масу үдерістерінің маңыздылығын көрсетеді.
Ақпаратты өңдеудің барлық түрлерінен күрделісі математикалық есептеулер болып табылады. Адамзат жұмысын жеңілдететін құралдарды ойлап табуға көптеген күш жұмсалуда. Оқушылар санау жүйесі тарихы жəне есептеуді механизациялау мен автоматтандыру құралдарын ойлап табу тарихы туралы хабардар болуы тиіс. Ондық позициялық санау жүйесі таралғанннан кейін есептеу механизмдері: ондық есепшот, Паскальдың есептеу машинасы жəне арифмометр,
қазіргі калькулятор белсенді ойлап табыла бастағандықтан, біреуі екіншісімен тығыз байланысты. Ч. Бэббидждің аналитикалық ма- шиналар жобасымен жұмысының маңыздылығын атап өту керек. Қорытындысында дəл осындай машина құрастырылмағандығымен, Бэббидж программалық-басқару есептеуіш автоматының жобасын алғаш рет ұсынған жəне электрондық-есептеуіш машиналарды ой- лап табушыларға бірнеше идеяның негізін салған.
Электрондық-есептеуіш машина тарихын компьютерлердің буындарын ауыстыру контексінде дəстүрлі түрде түсіндіреді. Мұғалім бұл материалды курсты оқытудың əртүрлі кезеңінде пайда- лануына болады. ЭЕМ тарихы туралы сабақтың басында, алғашқы сабақтарда айтылады. Бұл əбден мүмкін. Компьютерлік техниканың дамуы туралы қызықты əңгіме оқушылардың пəнге қызығушылығын арттырады. Бірақ ЭЕМ тарихын курстың соңында оқыту туралы көзқарастар да жоқ емес. Бұл материалды түсіну оқушылардың арнайы деңгейдегі компьютерлік сауаттылығын талап етеді. Егер оқушылар ЭЕМ жады мен процессор, программалау, ЭЕМ-мен шешілетін есептерді білмесе, олар бұл құралдардың жəне компью- тер мүмкіндіктерінің қалай дамығандығы туралы əңгімені түсінбеуі мүмкін. Сабақта құрылғы жəне қазіргі компьютерді қолдану аясы туралы түсінік ала отырып, оқушылар бұрынғы буындағы техника- ны бағалай алады.
Екінші нұсқа да мүмкін. Тарихи ақпаратты мұғалім курстың əртүрлі тарауына кішкенеден «бөлшектеп» береді. Мысалы, бірінші кіріспе сабақта алғаш рет ЭЕМ ХХ ғасырдың 40-жылдарының аяғында пайда болғандығы, математикалық есептеулер жүргізу үшін қолданылғандығы жəне өнімділігі секундына 1000 арифметикалық операцияларғажуыққұрағандығытуралы əңгімелеугеболады. Қазіргі ЭЕМ кез келген ақпаратпен жұмыс істей алады: сандармен, мəтінмен, графикалық бейнелермен, дыбыспен; ал олардың жылдамдылығы секундына миллион, миллиард операцияларды құрайды. Дербес компьютер құрылғысы, алақанға сиятын микропроцессор тура- лы айта келе, бірінші лампалық машиналарда мұндай құрылғылар үлкен болғандығын жəне бірнеше шкафтарды құрағандығынан ха- бардар ету керек. Оқушыларды қазіргі ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларымен (пернетақта, монитор) таныстыра отырып, ақпаратты енгізу үшін бұрын перфорациялық тасымалдағыштар
перфоленталар, перфокарталар қолданылғандығын айту керек.
Егер мүмкіндік болса, онда мұндай перфотасымалдаушылардың үлгілерін көрсету керек.
ЭЕМ тарихымен таныса отырып, оқушылар міндетті түрде Джон фон Нейманның атын міндетті түрде естуі, компьютерлік техниканың дамуы үшін жасаған жұмыстарының маңызы туралы білуі қажет. Академик С. А. Лебедевтің ЭЕМ дамуы мен қалыптасуындағы рөлін əңгімелеу керек.
Қазіргі компьютер – бұл аппараттық құралдар мен программалық жабдықтаудың бірлігі. Мұндай түсінік оқушылардың санасын- да базалық курсты оқып-үйрену барысында қалыптасуы қажет. Курстың тарихи мазмұны осы құраушылардың эволюциясын бейнелеуі тиіс. ЭЕМ программалық қамтамасыз ету тарихы [2] оқулықта қарастырылған.
ЭЕМ эволюциясының сипаттамасы қазіргі компьютердің программалық қамтамасыз етілуінің құрамымен, яғни жүйелік, қолданбалы жəне программалау жүйесімен сəйкестікте құрылымдануы тиіс. Программалық жабдықтаудың əрбір класының даму тарихын талқылай келе, базалық курсты оқып-үйрену бары- сында танысқан программаның барлық түрлерін еске түсіру қажет: операциялық жүйелер, жалпы сипаттағы қолданбалы программалық жабдықтау (редакторлар, электрондық кестелер, МҚ желілік ПҚЕ), жоғары деңгейдегі тілде программалау жүйесі. Бұл базалық кур- ста оқушылардың алған білімдерін тағы да жүйелеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оқушылар оларға таныс емес, бірақ олардың əрі қарай оқуының немесе кəсіби іс-əрекетінің негізі болып табы- латын программалық жүйелер туралы жалпылама түсінік алуы тиіс. Бұл веб-программалау, арнайы қолданбалы ПҚЕ жүйелері. Программалық жабдықтаудың түрлерін талқылау, АКТ қолданудың негізгі саласы туралы əңгіме аясында болуы тиіс.
Тақырып қорытынды, шолу сипатта, оқушылардың дүниетаным шеңберін кеңейтеді. Компьютерлік техника тарихы, программалық жабдықтау, АКТ оқушылардың реферат жұмыстарының тақырып- тары болуы мүмкін. Бұл тақырыпқа арнайы əдебиеттер бар. Реферат жазуға ақпаратқа бай – Интернет ресурсы болып табылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
электрондық-есептеуіш техника жəне программалық жабдықтаудың даму кезеңдерін, информатика ғылымының пайда болуы жəне жаңа ғылым ретінде дамуын білуі керек;
ЭЕМ пайда болуына дейінгі ақпаратты сақтау, тасымалдау жəне өңдеу құралдарына мысалдар келтіре білуді үйренуі керек;
білімін көтеруді жоспарлауда, компьютерлік техника жəне информатика саласында ғылыми-техникалық прогресстің жылдам қарқынын, сəйкесінше, бағалауда алынған білім жəне біліктілік- терін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |