Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет171/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

17-ТАРАУ


ƏЛЕУМЕТТІК ИНФОРМАТИКА МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ


    1. Информатика тарихы


Оқу пəнінің қазіргі кезеңдегі маңызды сипаттамаларының бірі информатиканың əлеуметтік мəселелеріне баса назар аудару. Бұл алдыңғы кезекте, қазіргі уақыттағы қоғамды ақпараттандыру үдерістерімен байланысты. Бұл үдеріс адамзат өмірінің көптеген қырларына əсер етеді: өндірістік жəне оқу іс-əрекеті, тұрмыс, де- малыс, ойын-сауық жəне т.б. қазіргі уақытта Интернеттің, ұялы телефонның кеңінен таралуы адамзат өміріне əсер ететін маңызды жағдайлардың біріне айналды.


1990 жылдары информатиканың жаңа тарауы – əлеуметтік ин- форматика қалыптасты. Əлеуметтік информатика – əлеуеттегі ақпараттық үдерістердің өтуімен байланысты мəселелердің жиынтығын оқып-үйрететін ғылым болып табылады. Əлеуметтік информатика мəселелері ғылыми жəне жоғары мектептегі оқу əдебиеттерінде кездеседі.
Əлеуметтік информатика тақырыбы мектеп информатикасының нормативтік құжаттарында да бар. Жалпыға міндетті білім беру стандартында жəне информатика оқу бағдарламасында «Əлеуметтік информатика» тарауы қарастырылған [1]. Бұл тарауда ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі, атап айтқанда қоғамның ақпараттық ресурстары, ақпараттық ресурстар нарқы, ақпараттық қызметтер, ақпараттық қоғамның негізгі белгілері, ақпараттық дағдарыс себептері мен оны жеңу жолдары жəне ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланысты өзгерістер мəселелері талқыланады.
Жалпы əлеуметтік информатика тарауын үш тақырыптық бағытта бөліп қарастыруға болады:

  1. Информатика тарихы.

  2. Қазіргі əлеуметтік аспектілер.

  3. Ұйымдастырушылық-технологиялық аспектілер.

А. П. Ершовтың «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері»
атты алғашқы оқулығынан бастап мектеп оқулықтары үшін тарихи
тақырыптар дəстүрлі қарастырылып келеді. Авторлар компьютерлік техниканың тарихын ЭЕМ-ның дамуына байланысты түсіндірумен шектеледі. Ақпараттандырудың қазіргі əлеуметтік аспектілері бүгінгі күнде бірқатар оқулықтарында қарастырылған. Əзірше ақпараттық ресурстарды ұжымдық пайдаланудың ұйымдастырушылық- технологиялық аспектілері оқулықтарда қарастырылмай келеді. 12-қосымшада тақырыптың негізгі ұғымдары қарастырылған.
Кез келген білім беретін мектеп пəнінде тарихи сипаттамалар бар. Пəннің тарихын білу оқушылар санасында оның мазмұны ту- ралы біртұтас түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы, фи- зиканы оқып-үйрене отырып, Ньютон, Фарадей, Резерфорд, Бор, Эйнштейннің жаңалықтарын, Эдисон, Попов, Вильсонның ойлап тапқан жаңалықтарын жəне т.б. білмеу мүмкін емес. Пəн тарихы – бұл «идеялар драмасы» жəне оның даму логикасы.
Мектеп информатикасы жалпы білім беретін пəн ретінде əлі де болса қалыптаспады. Ол əлі де болса өзінің іргелі мазмұнын іздеуде. Осы мазмұнда тарих орын алуы міндетті.
Н. Ермеков, Н. Стифутинаның оқулығында «Есептеуіш техникасының даму тарихы» деген тарау бар. Тарау мазмұнында есептеуіш құралдар мен ЭЕМ-нің пайда болуына дейінгі тарих сипатталады: абак, есептеуіштер, Паскаль мен Лейбниц машина- лары, арифмометр, Беббидждің аналитикалық машинасы, Холле- рит есепші-перфорациялық машинасы. Содан соң ЭЕМ-нің даму буындары қарастырылады. Əрі қарай машинаның техникалық сипаттамасының эволюциясына назар аударылады. Тараудың соңында қазіргі ЭЕМ жіктемесі, мүмкіндіктері жəне əртүрлі сыныптағы компьютерлердің қызметі келтіріледі [1].



жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау