ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
__________________________________________________________________
010008, Қазақстан, Астана қ.., Қажымұқан к. 11, Оқу-зертханалық ғимараты.
Тел.: 709-500 ( 32-309).
e-mail: ahmetova_mk@enu.kz; bagira_03_05@mail.ru; suleimenova.shynar@mail.ru
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2017 жылдың 21-22 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін «Жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беру: қостілді, көптілді маман даярлау мәселесі және оны шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Мақсаты - көптілді білім берумен айналысатын тәжірибелі мамандар мен зерттеушілер арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң құру.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
Жоғары мектепте көптілді білім беру: қазіргі таңдағы мәселелер мен олардың жүзеге асырылу жолдары;
Қостілді, көптілді білім беруді енгізудің тиімді модельдері: шетелдік және отандық тәжірибе;
Жаһандану, интеграция жағдайында қостілді, көптілді кәсіби білім беру;
Қостілді, көптілді білім беру концепциясын жүзеге асырудағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі.
Конференцияның диалогтік алаңы (дөңгелек үстел):
Қазақстандағы үштілділік: модельдер, мониторинг, тәжірибе және социолингвистикалық ахуал.
Қосымша (қабырға) баяндамалар:
Құрметті әріптестер, сіздерді таныстырылымдарыңыз арқылы үздік іс-тәжірибелеріңізбен алмасып, конференция жұмысына үлес қосуға шақырамыз.
Постер-презентацияға қойылатын талаптар:
Плакат сіздің «Арнайы жобаңызды» немесе сіз бөліскіңіз келетін көптілді білім беруге байланысты, көптілді маман дайындау мен оны шешу жолдарына қатысты басқа да ақпаратты қамти алады.
Қабырға баяндама қағидаттары:
Қабырға баяндама конференция тақырыбына сәйкес мекеменің (ұйымның) соңғы тәжірибесін көрсетуі қажет;
Плакат нақты жобаларды таныстыру үшін дайындалу керек;
Сурет, график, диаграммалар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдануға болады.
Плакат мазмұны тақырыпты толық ашып, қосымша түсініктемелерсіз, логикалық жүйелілікке негізделу қажет.
Қатысу түрі – іштей.
Конференция тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 1 тамызына дейін ұйымдастыру алқасына:
Конференцияға қатысу үшін өтінім,
Талапқа сай дайындалған ғылыми мақала тапсырылу қажет.
Екі бөлек файлда «Тегі_Өтінім», «Тегі_Мақала аты» түрінде жазылып жіберіледі. Материалдар төмендегі электронды пошталарға қабылданады:
қазақ тілінде ahmetova_mk@enu.kz;
орыс тілінде bagira_03_05@mail.ru;
ағылшын тілінде suleimenova.shynar@mail.ru
Ұйымдастыру алқасы басылатын мақалаларды сұрыптау құқығына ие. Материалдар қабылданғаннан кейін 3 күн ішінде автор поштасына хат жіберіледі. Хат келмеген жағдайда материалдарды қайтадан жіберуі немесе ұйымдастыру алқасына хабарласуы сұралады. Телефон: 8 (7172)501644.
Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге немесе 10$.
Мақалаға қойылатын талаптар:
Мақала көлемі – А4 форматында 7 бетке дейін, жоларалық интервал – 1, мәтін форматы –Microsoft Word, *.doc, қаріп түрі - Times New Roman, көлемі 14, жиектері барлық жағынан 2 см, абзац 1,25 см, беттері нөмірленбей, тасымал автоматты түрде қойылып, библиографиялық тізім мақала соңында әліпби ретімен жазылады.
Конференцияға қатысушыға қалауына қарай сертификат беріледі (500 тг).
Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан к., 11, ОЗҒ. 201, 208, 228, 315-ауд. Тел.: 709-500 ( 32-309).
Халықаралық бағдарламалық-ұйымдастыру алқасының төрағасы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті деканы, ф. ғ. д., проф. Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы.
Жауапты хатшылар: Ахметова Маржан Кәкімқызы (тел.: +7 777 317 58 45), Аюпова Гульбагира Каирбековна (тел.: +7 777 100 55 44); Сулейменова Шынар Берденовна (моб.тел.: + 7 775 463 36 90).
Қатысушылар назарына!
Іссапаршығыны, қонақ үйге тапсырыс беру т.с.с. қатысушы тарапынан.
Тапсырыс беру телефондары: 8 (7172)32-24-18, 32-77-24 (баға шамамен 36$-дан басталады). Сайттар:
http://www.booking.com/city/kz/astana.
http://www.hotel.info/
http://www.astanahotels.kz/
Халықаралықғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
|
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
|
Жұмыс орны (толығымен)
|
|
Лауазымы
|
|
Телефондар (жұмыс, ұялы)
|
|
E-mail
|
|
Конференцияныңғылымибағыты
|
|
Мақала аты
|
|
Сертификат (иә/жоқ)
|
|
МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУ ҮЛГІСІ
Асанова С.К.
Еуразия гуманитарлық институты, Астана қ.
Asanova_k@gmail.com
Asanova S.K.
Eurasian Humanitarian Institute, Astana
Asanova_k@gmail.com
Достарыңызбен бөлісу: |