Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf просмотр
бет28/32
Дата22.05.2018
өлшемі1 Mb.
#15907
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

67 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТИПТІК  ОҚУ  БАҒДАРЛАМА 

 

 

 



 

 

 



КАОА 3302 Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі 

 

 

 

5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті  

 

 

 



2 кредит  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Алматы, 2016 

 



68 

 

Алғы сөз 

 

1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 



білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша Оқу-əдістемелік бірлестігінде  

ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 

 

 

 2.  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігімен  БЕКІТІЛГЕН  жəне 



ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   

 

 



3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартына  сəйкес  дайындалған.  (Типтік  оқу  бағдарлама  ҚР  БҒМ      30.06.2016  ж.,    №  2 

хаттамасымен  бекітілген) 

 

 



4. Пікір берушілер: 

Тебегенов Т.С.  – ф. ғ. д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ 

Икапова Д. – п. ғ. к.,  профессор Қазақ-Америка университетi 

 

 

5.  ҚР  БҒМ  Републикалық  Оқу-əдістемелік  Кеңесі  мəжілісінде  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    



30.06.2016 ж.,  Хаттама  № 2. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 

тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 

болмайды. 




69 

 

ТҮСІНІК ХАТ 

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  əдебиеті  пəнінің  басты  мақсаты  – 

өзге  тілде  оқитын  шəкірттерді  əдебиетіміздің  үздік  туындыларымен  түпнұсқада 

таныстыру  арқылы  қазақ  əдебиеті  туралы  ұғым  қалыптастырып,  көркем  мəтіндердің 

негізінде  қазақ  тілінде  ауызша  жəне  жазбаша  сөйлеу  тілін  дамыту,  сөйтіп  оқушылардың  

қазақ  əдебиеті  шығармаларын  өз  бетінше  оқып  түсіне  алуын  қамтамасыз  ететін  тілдік 

негіз  қалыптастыру.    Сонымен  бірге    басқа  ұлт  өкілдері  үшін  ұлттық  рухани  қазынаны, 

парасатты,  ізгілікті, салт- дəстүрді жинақтаған ауыз əдебиеті үлгілерін, жазба əдебиеттің 

түрлерін  тəлім-  тəрбие  құралы  ретінде  пайдалану  да  қарастырылады.  Осындай  мақсат- 

міндеттерді  іске  асыру  болашақ  мұғалімдердің  əдеби  білімдеріне,  іздемпаздығына,  бұл 

пəннің  өзіне  тəн  əдістемесін  терең  меңгерулеріне  байланысты.  Сондықтан  қазақ  тілінде 

оқытпайтын  мектептерде  қазақ  əдебиетін  оқыту  əдістемесі  пəні  негізінде  студенттерді 

осыған дейін меңгерген теориялық білімдері мен білік дағдыларын ұстаздық мамандыққа 

орай жүзеге асырып, күнделікті оқытушылық қызметке пайдалана білуге баулу жəне оның 

тиімді жолдарын ұғындыру, қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің қалыптасу, даму тарихы, 

бүгінгі  жағдайы  мен  проблемалары  жөнінде  мағлұмат  беру,  көркем  шығармамен  жұмыс 

істеу жолдарын, сабақ түрлері мен сыныптан тыс жұмыстарды жаңашыл технологияларға 

сəйкес ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерін үйрету көзделінеді. 

Болашақ    мұғалімнің    теориялық    білім  деңгейін  үзбей  арттырып  отыруы, 

педагогикалық,  психологиялық,  əдістемелік  білімін  үнемі  жетілдіруге,  осы  салада  озық  

тəжірибесімен  ерекше  танымал  болған  мұғалімдерден  үйренуге  мəн  беруі  жəне    қазақ 

тілінде оқытпайтын мектепте өткізілетін  орыс, өзбек, ұйғыр əдебиеті пəнінің мазмұнымен 

де  таныс  болуы  шартты.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  əдебиетті  оқыту 

əдістемесі  пəні  бойынша  оқылатын    дəрістердің,  практикалық,  семинар  сабақтарының, 

студентердің  өздігінен  атқаратын  жұмыстарының    педагогика  мен  əдістеме 

ұстанымдарына, мектеп алдына қойылған қоғам талаптарына  сəйкестігі де басты бағдар 

болып алынады. 

Семинар  сабақтарында  студенттер  алдын  ала  берілген  əдістемелік  тақырып 

бойынша  баяндамалар  жасайды,  пікірлесу,  ойталқы,  дебаттарға  қатысады  жəне  іскерлік 

ойын  сабақтарын  өткізеді.  Мұндай  сабақтарда  студенттің  іздену  нəтижелеріне, 

қорытынды  ой-түйіндеріне,  тақырып  мазмұнын  ғылыми  дəлелдеуге,  оның  мəнін  ашуда 

əдістемелік нұсқауларына шығармашылық түрде сын көзбен қарауға ұмтылу əрекеттеріне, 

əрбір  педтехнологияның  өзіндік  ерекшеліктерін,  қолдану  жолдарын  байқап,  меңгеруіне 

ерекше мəн беріледі.  

 

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі»  курсының 



мақсаты – студенттерге қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін оқытудың  

дербес пəн ретінде қалыптасуының негіздері, басты мақсат-міндеттері, мазмұны мен 

оқытудың дидактикалық, əдістемелік ұстанымдары, сабақ берудің жаңа технологиясы 

жөнінде мағлұмат беру, болашақ əдебиет пəні мұғалімдерінің кəсіби-педагогикалық 

құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.  

 Курстың міндеттері: 

«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнінің негізгі міндеттері: 

-  студенттерге  қазақ  əдебиетін  оқыту      əдістемесінің  қалыптасу,  даму  тарихы,  негізгі 

бағыттары, оқыту үдерісінің ұстанымдары жөнінде мағлұмат беру; 

-  қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  қазақ  əдебиетін  оқытудың  өзіндік 

ерекшеліктері мен əдістемесінің басты салаларымен таныстыру; 

-  студенттердің  осыған  дейін  меңгерген  теориялық  білімдері  мен  білік  дағдыларын 

ұстаздық  мамандыққа  орай  жүзеге  асырып,  күнделікті  оқытушылық  қызметке 

пайдалана білуге баулу жəне оның тиімді жолдарын ұғындыру. 

«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнін оқыту барысында студент:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау