Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Оқытудың техникалық құралдары деп нені түсінеміз?
Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының классификациясын көрсетіңідер.
Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын атаңдар.
14 -тақырып. Физикадан факультативтік курстар.
Дәріс мақсаты: Факультативтік курстардың мақсаты, мәнімен таныстыру және оларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Жоспар:
Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
Экскурсияны өткізу әдісі
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы
Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.
Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 1-суретте кескінделген.
1-сурет. Оқу процесінде өткізілетін экскурсиялардың жүйесі
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.
Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.
Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшелік – көрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсия – көрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.
Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.
Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.
Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.
2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер
Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің - әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді абиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.
Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналлардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінжде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызеткерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтыады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.
Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер
сынып
|
бағдарлама бөлімі
|
экскурсия жасалатын оьбектілер
|
VІІ
|
Кіріспе. Зат құрылысы туралы бастапқы мағұлыматтар. Денелердің өзара әсерлесуі.
|
Жөндеу шеберханасы.
|
Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы.
|
Өрттен қорғау депосы. Суқұбыры. Комбайнның, автомашинаның, трактордың гидроситемасы.
|
Жұмыс және қуат. Энергия.
|
Құрылыс алаңы. Гидротехникалық қондырғы. Жел двигателі.
|
VІІІ
|
Жылу құбылыстары
|
Малдарды тамақтандыру цехы. Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі.
|
Электрлік құбылыстар
|
Орталық шеберханадағы автотракторлы электр қондырғыларын ретке келтіру бөлімі.
|
Электромагниттік
құбылыстар
|
ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон станциясы.
|
Жарық құбылыстары
|
Оптикалық құралдарды, фотографиялық және проекциялық аппаратураларды жөндеу шеберханасы.
|
ІХ
|
Кинематика негіздері
|
Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш тазарту пункттері. Құрылыс алаңы.
|
Динамика негіздері
|
Жөндеу шеберханалары
|
Х
|
Молекула-кинетикалық теория негіздері
|
Астықты кептіру пункті.
|
Термодинамика негіздері
|
Суытқыш қндырғылар және сүт
өңдеу цехы. Сүт заводы. Метеорологиялық станция.
|
Электр өрісі. Тұрақты ток заңдары
|
Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру жүйесі.
|
ХІ
|
Электромагниттік тербелістер мен толқындар
|
Трансформатор және электр станциялары.
|
Жарық кванттары. Жарықтың әсері.
|
Есептеу орталығы.
|
Атом және атом ядросы.
|
Мал өсіру мен жеміс өсіруде радиоактивті заттарды қабылдауға арналған тәжірибелік алаңдар.
|
Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексреу, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады.
3 Экскурсияны өткізу әдісі
Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.
Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады.
Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс.
Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс.
Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т.
Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады.
Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның мақсаты, баратны обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету.
Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, клесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады.
7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейін.
Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физкиадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.
Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.
Экскурсияның қорытныдылау тәсілдері. Экскурсия қортындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көген-білгендерін сыныпта баяндап береді.
Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.
Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.
Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» таруын оқып болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша адиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды.
Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып, оқушылар ғылыми-ехникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу матреиалын шын ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Эксукрсия деген не?
Эксукрсияның қандай түрлері бар?
Экскурсияның өткізу мақсаты қандай?
15 -тақырып. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері
Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Жоспар:
Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді: 1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу. физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау). физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу. оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу). Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. 2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету; қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу; физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады: 1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай ) а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау; г) көрнекіліктер жасау; е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат) а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кешті жүргізу, өткізу; б) кештің материалдарын жинау; III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау: ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу; в) кешті қорытындылап, баға беру. Физика және техника бойынша үйірмелер Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады. Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Физикалық үйірме деген не?
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?
3. Практикалық сабақтар
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1
ТАҚЫРЫБЫ: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту
Мақсаты: Орта мектеп физика оқулығы мен қолданыстағы бағдарламаларды талдау.
ТАПСЫРМА:
1.7-11 сынып бағдарламасы.
2. 7-11 сынып оқулығы.
Жоспары:
1. Физика бойынша бағдарлама – мұғалімнің негізгі құжаты. Деңгейлік және кәсіптік бағыт үшін бағдарламалар пакеті. Оларды салыстырмалы талдау.
2. Физика оқулығы. Физикадан қазіргі заманғы жаңа оқулықтар, оларды салыстырмалы талдау. Қолданыстағы физика оқулығына бағдарламаның сәйкестігі.
3. Жаңа оқу-әдістемелік оқулық.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-1- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.
Физика: учебник для 10 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ / Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшибаев. -Алматы: Изд-во «Мектеп», 2006.-352с.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Физика и астрономия: учебник для 9 классов общеобразовательных школ / Р.Башарулы, Д.Казахбаева, У.Токбергенова, Н.Бекбасар. 2-е изд.- Алматы: Изд-во «Мектеп», 2009.-248с.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Механика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Молекулярная физика. Термодинамика. 10-11 кл. (Для углубл. изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Электродинамика. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Дрофа, 2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Колебания и волны.10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Оптика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа, 2000.
Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000.
Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :
7-11 сынып бағдарламасының мазмұнын, құрылымын қарап шығу. Бағдарлама бойынша оқулықты талдау.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі.
Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Бағдарлама деген не?
Бағдарламаның басты мақсаты қандай.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3
ТАҚЫРЫБЫ: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық
МАҚСАТЫ: Мектеп физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі. Тақырыптық және сабақ жоспарын құрып үйрену.
Жоспары:
Жұмысты жоспарлау – оқу жұмысының негізгі кезеңі. Жоспарлау барысындағы тірек құжаттары.
Тақырыптық жоспар.
Сабақ жоспары.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Методика преподавания физики в 8–10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещ.,1981.
Вопросы методики обучения физики в современной школе и подготовки учителя физики: Сборник научных трудов. М.: Прометей, 1997.
Примерное планирование учебного материала по физике. Журналы “Физика в школе”, газеты “Физика”.
Семинардың соңында әрбір студент мектеп физика курсының тақырыптарының бірі бойынша тақырыптық жоспар құруға тапсырма алады.
ТАПСЫРМА:
7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасау.
ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР: Лекция материалдары,
Тақырып: Физика сабағы және оны талдау (2 с.)
Мақсаты: Физика сабағына қойылатын негізгі талаптарды зерттеу. Физика сабағын талдаумен танысу.
Жоспары:
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
Физика сабағына қойылатын талаптар.
Сабақ түрлері.
Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Физика сабағын талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя
/Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Урок физики в современной школе: творческий поиск учителей: кн. Для учителя. Сост. Э.М. Браверман; / Под. ред. В.Г. Разумовского. М.: Просвещение, 1993.
Современный урок физики в средней школе / Под ред. В.Г. Разумовского, Л.С. Хижняковой. М.: Просвещение, 1983.
В конце семинара студенты получают конкретное задание по составлению конспекта урока изучения нового материала.
Тақырып: Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы (2 с.)
Мақсаты: Физика бойынша зертханалық сабақтардың түрлерімен танысу, олардың мектеп курсындағы орнын анықтау.
Жоспары:
Физика курсындағы зертханалық жұмыстардың мәні.
Зертханалық сабақтардың түрлері.
Фронталь жұмыстарды жүргізу әдістемесі.
Физикалық практикумдар.
Зерттеулік зертханалық жұмыстар.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы. /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Хорошавин С.А. Физический эксперимент в средней школе: 6-7 классы. М.: Просвещение, 1988.
Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.1 /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978.
Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.2 /Под. ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978.
Тақырып: Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу (1 с.)
Мақсаты: Білімдерді тексеру және бақылау әдістері мен формаларын зерттеу, оқушылардың білімдерін бақылау үшін нақты тапсырмалар құруды үйрену.
Жоспары:
Білімді, іскерлікті және дағдыны жүйелі тексерудің мәні.
Оқушыларды жеке (индивидуальды) және фронтальды сұрау.
Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі.
Білімдерді тексерудің жаңа формалары: физикалық диктант, дидактикалық карточкалар, перфокарталар, бағдарламаланған тапсырмалар және т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Оноприенко О.В. Проверка знаний, умений и навыков учащихся по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1988.
Минькова Р.Д., Свириденко Л.К. Проверочные задания по физике в 7,8, и 10 классах средней школы: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1992.
Тақырып: Физика сабақтарында есептер шығару (2 с.)
Мақсаты: Физика бойынша есептер шығару әдістерін меңгеру, есептеу, графиктік және эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен танысу.
Жоспары:
Физиканы оқытудағы есептердің мәні.
Есептердің классификациясы.
Физика есептерін шығару әдістемесі. Есептер шығару жолдары, оларды жазу тәсілі.
Мектеп физика курсындағы графиктік есептер.
Эксперименттік есептер және олардың физика сабақтарындағы орыны.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.
Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1987
Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач.М.:Просвещ.,1992
Лукашик В.И., Иванова Е.В. Сборник задач по физике. 7-9 кл. М.: Просвещение, 2001
Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Дрофа, 2000
Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Просвещение, 2000
Козел С.М. Сборник задач по физике. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Просвещение, 2000
Семинар барысында жекелеген студенттер оқытушының алдын ала берген тапсырмасы бойыша есептеу, графиктік және эксперименттік есептердің әдістемелік талдауы жауап береді.
Тақырып: Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді) (2 с.)
Мақсаты: Физика кабинетін ұйымдастыру принципімен және оны жабдықтау тәсілдерімен танысу.
Жоспары:
Физика кабинетімен танысу (қарау) және мұғаліммен әңгімелесу барысында келесі қағидаларды анықтауы керек:
физика кабинетін ұйымдастыру принциптері;
кабинетті ұйымдастыру жоспары;
помещение;
қондырғылардың классификациясы;
физика кабинетін жабдықтаудағы политехникалық бағыттылық;
оқушылардың қолымен жасалған приборлар және қондырғылар;
приборлардың инвентаризациясы және каталогизациясы;
физика кабинетіндегі кестелер, плакаттар, дидактикалық материалдар;
физика кабинетінің даму болашағының жоспары;
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Учебное оборудование по физике в средней школе /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1973.
Кабинет физики средней школы /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1982.
Тақырып: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану (1 с.)
Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи материалдардың мазмұнымен танысу.
Жоспары:
Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолданудың мәні және орыны, ролі.
Орта мектепте физика бойынша тарихи материалдарды қолданудың негізгі бағыттары: ғалымдардың өмірбаянын, ашылулардың тарихын, ұғымдардың қалыптасу тарихын меңгеру.
Мектеп физика курсында тарихи материалдарды пайдаланудың формалары мен әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Кудрявцев П.С. Курс истории физики, М.: Просвещение,1975.
Спасский Б.И. История физики.Ч.1,2. М.: Высшая школа,1977.
Дуков В.М. Исторические обзоры в курсе физики средней школы. М.: Просвещение,1983.
Голин Г.И., Филонович С.Ф. Классики физической науки. М.: Высшая школа, 1989.
Храмов Ю.А. Физики: Биограф. справочник. М.: Наука,1983.
Тақырып: Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі) (1 с.)
Мақсаты: Физика сабағына қатынасу және оған толық талдау.
Жоспары:
Сабақты бақылау барысында студент келесі кезеңдеге көңіл аударуы керек:
Үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілді? Сабақ материалы өткен сабақпен қаншалықты байланысты болды?
Мұғалім оқушыларға қандай бағалар қойды? Олар дұрыс бағаланды ма?
Сабақтың тақырыбы ашылды ма және мақсатына жетті ме?
Материалды баяндау кезінде қандай әдістер қолданылды?
Мұғалім мен оқушылардың құралмен жұмыс жасауы.
Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары қалай ұйымдастырылды?
Сабақтың басы мен соңы қалай ұйымдастырылды?
Сабақтан соң ұсынылған жоба бойынша сабақ талданады.
Тақырып: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары (1 с.)
Мақсаты: Білімдерді жалпылау және қайталау сабақтарының мақсатын және әдістемесінің мәнін анықтау.
Жоспары
Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі.
материалды қайталаудың формалары мен әдістері.
Қайталу-жалпылаушы сабақтар.
Орта мектептің физика курсындағы оқу конференциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Тақырып: Физикадан сыныптан тыс жұмыстар (1 с.)
Мақсаты: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен және оларды жүргізу әдістемелерімен танысу.
Жоспары:
Сыныптан тыс жұмыстың мәні.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары.
Физикадан сыныптан тыс жұмысиардың жаңа формалары.
Семинар соңында студенттер тапсырма алады.
Оқытушы ұсынған тақырып бойынша физикалық кештің жоспарын жасау.
Физикалық КВН-ды, викториналарды өткізу жоспарын жасау.
ИФМ, Физика журналдарындағы сыныптан тыс жұмыстарға арналған мақалаларға шолу жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Юфанова И.Л. Занимательные вечера по физике в средней школе: кн. для учителя. М.: Просвещение, 1990.
Шишкин Н.Н. Клуб юных физиков: кн. для учителя: из опыта работы. М.: Просвещение, 1991.
Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике. М.: Просвещение, 1978.
Браверман Э.М. Внеклассная работа по физике: содержание и методика проведения: М.: Высш.шк., 1990.
Журналы “Физика в школе”, рубрика “Внеклассная работа”.
9.Газеты “Физика”, приложение к газете “Первое сентября”
Тақырып: Білім берудегі жаңа технологиялар (1 с.)
Мақсаты: Физиканы оқытудағы компьютерлік технологиялардың ролін, оның тиімділігін көрсету.
Жоспары:
Оқыту процесіндегі компьютерлік технологияның орны мен ролі.
Компьютерлік технологияны қолданып физика сабағын өткізуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік моделдеу – ғылыми таным әдісі ретінде.
Компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру.
Физика сабақтарындағы оқушылардың компьютермен өздік жұмысы.
Компьютерлік технологияларды қолданудың кейбір мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике: учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений /А.В.Смирнов-М.:«Академия»,2008. – 240с.
2. Теория и методика обучения физике в школе:общие вопросы /под ред.С.Е.Каменецкого,М.: 2000
3. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы /под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000
4. Лабораторный практикум по теории и методике обучения физике в школе /под ред.С.Е. Каменецкого, С.В.Степанова М.: «Академия», 2002. – 298с.
Физика. Математика. Информатика журналдары. 2000-2005 ж.
Газеты “Физика” приложение к газете “Первое сентября” за 2005-2010г.
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
Тақырып: «Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі. Физикадан экскурсияларды дайындау және өткізу» (2 с.)
Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу технологиясымен танысу, оларға әдістемелік нұсқаулар жиынтығын жасау. Физика бойныша экскурсиялардың міндеттерін, мақсатын және жоспарын жасау.
Тақырып: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)
Виртуаль лабораториялық жұмыстарды орындау және рәсімдеу, компьютерлік технологияны қолданып өткізген сабақтың фрагментін рәсімдеу және орындау.
Тақырып: «Механика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.)
Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Кішкене денелерді өлшеу», «Серпімді деформацияны зерделеу», «Сұйықтағы дененің жүзу шартын анықтау», «Архимед заңын тексеру», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау», «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау», «Суда толқынның таралу жылдамдығын анықтау».
Тақырып: «Молекулалық физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру», «Мұздың жылу сыйымдылығын анықтау», «Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру», «Тамшы әдісімен сұйықтың беттік керілуін анықтау»
Тақырып: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Өткізгіштерді аралас жалғауды зерделеу», «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу»
Тақырып: «Электр және магнетизм бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру»
Тақырып: «Оптика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».
5. СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1. 7-11 кл. Тақырыптық, календарлық жоспарды жасау
5.2. Физика бойынша экскурсия бағдарламасы мен жоспарын жасау
5.4. Есеп шығару сабақтарында электронды-оқытушы бағдарламаларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |