1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
БАКАЛАВРИАТ
5В010900 - Математика
Алматы, 2016
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
БАКАЛАВРИАТ
5В010900 - Математика
Алматы, 2016
3
МАЗМҰНЫ
1.
Бағалаудың өлшемдік технологиялары ..........................................4
2.
Профессиональный русский язык ..........................………………13
3.
Кəсіби бағытталған шетел тілі ........................................................27
4.
Математиканы оқыту əдістемесі......................................................56
5.
Элементарлық математика................................................................71
4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
BOT 2205 Бағалаудың өлшемдік технологиялары
5B010900 - Математика
2 кредит
Алматы, 2016
5
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Сыдыков Б.С. –п. ғ. д., профессор Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Мұхамбетжанова С.Т. – п. ғ. д., ҚР Білім беру жүйесінің басшы жəне
ғылыми-педагогикалық
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыратын
республикалық институты ХАА-ның академигі
5. ҚР БҒМ Републикалық Оқу-əдістемелік Кеңесі мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН 30.06.2016 ж., Хаттама № 2.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
6
Түсінік хат
Пəннің
мақсаты
негізгі
мектепте
математика
бойынша
білім
нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында
студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында
математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды
пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Пəннің міндеттері студенттерде
- математика бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау
əдістері мен құралдарының қазіргі жағдайы туралы білімінің;
- математика бойынша оқушыларды оқытудың нетижелерін бағалаудың
қазіргі құралдарын практикалық қолданудың біліктері мен дағдыларының;
- математикадан оқушыларды объективті бағалаудың негіздерін
меңгеруге қызығушылық жəне оң мотивация (уəждеме), шығармашылық іс-
əрекетке жетуге талпынуының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Пəнді меңгеру нəтижесінде қалыптасатын құзырлылықтар:
- талаптанудың жеке деңгейлерін объективті бағалау жəне қалыптастыру
қабілеттілігі, сонымен қатар оқушылардың интеллектуальдық даму
деңгейлерін көтеру дағдыларын иеленуі;
-
математика
мұғалімдерін
бағалау
іс-əрекетінде
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану қабілеттілігі;
- əртүрлі жастағы топтардағы оқушыларды математиканы оқытудың
нəтижелерін бағалауды жүргізу барысында адам дамуының психикалық жəне
психофизиологиялық жеке ерекшеліктерін жəне заңдылықтары есебінен
білімді қолдану қабілеттілігі.
Пəнді оқыту нəтижесінде студент көрсете білуі қажет:
- математика бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау
əдістері мен құралдарының қазіргі уақыттағы жағдайын;
- математика бойынша білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен
ролі,;
- өлшемдік бағалау технология моделі, оның принциптері, кезеңдері
жəне бағалау инструменттері,;
- математикадан білім нəтижелерін өспелі критерийлерін;
- портфолионің педагогикалық міндеттері, портфолио функциялары мен
құрамдарын білуі тиіс.
- математикадан оқушылардың оқыту нəтижелерін бағалау бойынша
мұғалім жұмысының мазмұнын сипаттау;
- нормативтік құжаттардың талаптарын жəне бақылау объектілерін
ескеріп, жоспарланған нəтижелерді бағалаудың тиімді технологияларын
таңдау;
- əртүрлі жастағы топтар мен оқыту деңгейлерінде оқушыларды
математика бойынша білім берудің мақсаты мен мазмұнына сəйкес бағалау
инструменттерін қолдану;