92
құрылымы, сипаттамасы жəне олардың өзара əрекеттестігі. Тəрбиелік
жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық,
интегративтілік. Тəрбиелік жүйенің құрылу жəне даму кезеңдері мен
əдістемесі, бағалау өлшемдері. Мектептің тəрбиелік жүйесін басқару.
Сыныптағы тəрбие жүйесі – тəрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі
ретінде жəне мектептің тəрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде (жүйе
ішілік). Сыныптағы тəрбие жүйесінің функциялары, мақсаты мен міндеттері.
Тəрбие жүйесін модельдеу технологиясы. Бірыңғай тəрбиелік ортада тəрбие
жүйесін құруға байланысты сынып жетекшісінің іс-əрекеті. Сыныптағы
тəрбие жүйесінің тиімділігін көрсететін өлшемдер мен көрсеткіштер.
Педагогикада
жинақталған
тəрбиелік
жүйелер:
А.С.Макаренко,
И.П.Ивановтың
(«Жалпы
қамқорлық
педагогикасы»),
Л.И.Новикова,
В.А.Караковский, Н.Е.Щуркованың тəрбиелік жүйелері. В.А.Сухомлинский
бойынша
мектептің
тəрбиелік
жүйесінің
ерекшеліктері.
Қазақстан
мектептеріндегі тəрбиелік жүйе. Қазіргі заман жағдайында тəрбиелік
жүйелердің
даму
тенденциялары:
қиыншылықтары
мен
қарама-
қайшылықтары.
Негізгі ұғымдар: тəрбиелік жүйе, құндылық негіздер, тəрбие жүйесінің
диагностикасы, модельдеу технологиясы, сынып жетекшісінің іс-əрекеті,
оңтайлылық,
құрылымдылық,
функционалдылық,
интегративтілік,
психологиялық ахуал, əлеуметтік-педагогикалық жəне психологиялық-
педагогикалық жүйе, жүйе ішілік.
3-тақырып. Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі
«Тəрбиелік іс-əрекет», «тəрбие жұмысы» ұғымдарының көптүрлілігі
жəне оларды жүйелеу. Қазіргі заманғы мектептегі тəрбие жұмысының
жүйесі. Тəрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері.
Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында тəрбие жұмысының стратегиялық
басымдылықтары: интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, еңбек, кəсіптік
бағдар, физикалық, экологиялық, экономикалық, денсаулық сақтау,
казақстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты қалыптастыру.
Сынып жетекшісінің іс-əрекеті – қазіргі заманғы тəрбиенің нəтижелі
шарттарының бірі. Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс-
əрекетінің түрлері.
Сынып жетекшісінің оқушыларды тəрбиенің жекеленуін, тұлғалық-
бағдарлық тұрғыларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, қоғамның ашық
кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу мен білім
бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі.
Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тəрбие жұмысының
қажетті компоненті.
Негізгі ұғымдар: нəтижелілік, сынып жетекшісі, қызметтері, біліктілік,
педагогикалық ұжым, дəстүрлі жəне дəстүрлі емес формалар, жекеленуді
педагогикалық талдау.
93
4 – тақырып. Тəрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы жəне
əдістемесі.
Жобалау іс-əрекеті – сынып жетекшісінің тəрбие жұмыстарын
басқарудың
негізі.
Жоспарлаудың
қызметтері.Тəрбие
жұмыстарын
жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау
үдерісі жəне сынып пен мектептегі тəрбие жұмыстарының стратегиясын
анықтау. Жоспарлауға қойылатын талаптар жəне жоспарлаудың түрлері.
Педагогикалық моделдеу қағидалары - сынып жетекшісі іс-əрекетінің негізі.
Жалпы мектептік тəрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен
мазмұны. Сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, əдістері
мен тəсілдері. Тəрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау
алгоритмі. Тəрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы. Тəрбие
жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау. Тəрбие жұмыстарын
жоспарлау үдерісінде педагогикалық жəне оқушылар ұжымының өзара
əрекеттестігі. Тəрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.
Негізгі ұғымдар: жоспарлау, болжау, ұжым, педагогикалық моделдеу,
жоспар, құрылым, мазмұн, өзараəрекет.
5–тақырып.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тəрбие
жұмысының ерекшеліктері.
Педагогика ғылымындағы «Ұжым» туралы түсінік. Жеке тұлға жəне
ұжым. Жеке тұлға жəне ұжымның өзара қатынасының моделі. Балалар
ұжымы əлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде. Тəрбиелеуші ұжым
оқушының жеке тұлғасын əлеуметтендіру факторы ретінде. Балалар
ұжымының түрлі типтері, олардың ерекшеліктері, өзара əрекеті, бірізділігі.
Ұжым тəрбиенің объекті жəне субъекті ретінде, ұжымның мəні.
Ұжымның теориясы мен практикасын қалыптастыруда А.С. Макаренконың
рөлі.
Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен қызметтері.
Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Ұжымдық өмірдің
эмоционалдық байлығы, оң əлеуметтік тəжірибені меңгеру үшін ұжымдық
дəстүрлердің мəні. Сынып ұжымын дамыту жəне қалыптастыру бойынша
сынып жетекшісінің əдістері мен тəсілдері оқушылардың тəрбиелеуші жəне
дамытушы ортасы ретінде, ұжым мүшелерінің өзін-өзі жүзеге асырылуы мен
қалыптасуының факторы ретінде.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы (мақсат, міндеттер, қызметтер,
ұйымдастыру формалары жəне т.б.). Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру
туралы əдістемелер.
Балалар ұжымы жағдайын анықтайтын мониторинг. Оқушылар ұжымын
қалыптастыруда мұғалімнің құзіреттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |