29
Отбасында
педагогикалық
үдерісті
ұйымдастыру.
Отбасындағы
педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тəрбиесінің мақсаты,
міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін
ұйымдастырудың құралдары, формалары, əдістері. Педагогикалық үдерістің
негізгі бағыттары. Отбасы тəрбиесінің қазіргі мəселелері. Отбасындағы
тəрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық
санасын қалыптастыруға ықпалы. Ата-ананың педагогикалық мəдениеті.
Ата-аналардың білім беруді басқаруға қатысуы. Отбасы жəне мектептің
ынтымақтастығының формалары.
Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің
рөлі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық жəне отбасылық тəрбие, отбасындағы
педагогикалық
үдеріс,
ата-аналардың
педагогикалық
белсенділігі,
ынтымақтастық түрлері, отбасы жəне мектептің тəрбиелік мүмкіндіктерінің
интеграциясы, отбасы құзыреттілігі.
3-тарау. Оқыту -- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
1-тақырып. Оқыту үдерісінің маңызы
Дидактика - оқыту жəне білім беру теориясы. Педагогика тарихындағы
дидактикалық теориялардың дамуы. Я.А.Коменскийдің педагогикалық
теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары. Дидактика - жеке
əдістеменің негізі. Оқыту үрдісінің мəні. Оқытудың əдіснамалық негізі.
Таным теориясы. Оқытудағы интербелсенді тəсілдер. Оқытудың мақсаты мен
міндеттері. Оқытудың заңдылықтары жəне қағидалары. Оқыту үрдісінде
педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тəрбиелік,
дамытушылық. Оқыту үрдісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.
Тұлғалық-бағдарлық оқытудың негіздері. Оқытудағы құзіреттілік тəсіл.
Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нəтижесі.
Оқытудың
психологиялық
негіздері.
Оқытудың
психологиялық
теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой əрекеттерін сатылап
қалыптастыру жəне т.б. Оқыту мен білім берудің тəрбиелік мүмкіндіктері.
12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылардың
танымдық іс-əрекетінің ерекшеліктері. Бағдарлы оқытудың мəні жəне оны
ұйымдастырудың ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning)
оқыту жүйесі. Өздігінен білім алу – қазіргі кезеңде оқытудың маңызды
шарты. Дидактикалық құзыреттілік – мұғалімнің кəсіби-педагогикалық
құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.
Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту үдерісі, оқыту функциясы, оқыту
заңдылықтар, қағидалары, түйінді құзыреттіліктер, бағдарлы мектеп,
электрондық оқыту, дидактикалық құзыреттілік.
2-тақырып. Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері
«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны - педагогикалық бейімделген
əлеуметтік тəжірибе. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - тұтас
30
педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-
педагогикалық негіздері. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім
мазмұнын іріктеу факторы жəне көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу
өлшемдерінің дидактикалық жүйесі жəне негізгі қағидалары.
Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тəрбиелік
аспектісі. Құзыреттілік тəсіл негізінде ҚР 12-жылдық мектептің білім
мазмұнын модернизациялау. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру,
этнопедагогикаландыру. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір
тіршілігінің əр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нəтижесі жəне негізі.
Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық мектепте білім
мазмұнын пəнаралық байланыс негізінде интеграциялау.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім
беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- əдістемелік кешендер (ОƏК).
Негізгі ұғымдар: білім мазмұны, бейіндік оқытудың білім мазмұнының
көздері, пəнаралық байланыс, функционалды сауаттылық, қосымша білім
беру, нормативті құжаттар.
3- тақырып. Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің
қозғаушы механизмі ретінде
Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары – іс-əрекет
түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Дидактикадағы дəстүрлі оқыту
құралдары жəне оларға сипаттама.
Мұғалім мен оқушының өзара əрекеттестігінің тəсілі ретінде оқытуды
ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы,
əдістері мен құралдары арасындағы арақатынас.
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары:
сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй
жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар жəне
т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пəндік үйірмелер, ғылыми
қоғам,
олимпиадалар,
байқаулар
жəне
т.б.
Педагогикалық
шығармашылықтың нəтижесі ретінде оқытудың инновациялық формаларын
қолдану. Оқушылардың оқу жəне оқудан тыс танымдық іс-əрекеттерін
үйлестіру.
Негізгі ұғымдар: оқытудың формалары, сабақ жəне сабақтан тыс
формалар,
оқытуды
ұйымдастырудың
фронтальды,
топтық,
дербес
формалары.
4-тақырып. Сабақ – оқытудың негізгі формасы
Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – педагогикалық үдерістің уақыт
бойынша шектелген, логикалық аяқталған бөлігі. Сабақ – тұтас жүйе, оның
компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық, тəрбиелік). Қазіргі
сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы жəне құрылымы.
Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық жəне əдістемелік
құрылымының арақатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |