Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 180 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Пререквизиттер: « Психология тарихы», «Қ.Р психология ғылымы», «Әлеуметтік психология».
Постреквизиттер: «Экстремальды жағ-дайда мінез-құлық психологиясы», «Экологиялық психология»,
«Тәуелділіктің алдын-алу мен психологиялық диагностикасы» пәндерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Құзыреттілік: топтардың, ұлт немесе этностың психологиялық ерекшеліктерін, оның қалыптасуы мен
дамуының заңдылықтарын оқыту, адамдар арасындағы тұрмыстық психикалық, этнос туралы негізгі
түсініктерді баяндау.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Этнопсихология – топтардың, ұлттар мен этностардың
психологиялық ерекшеліктерін, оның қалыптасуы мен даму заңдылықтарын психологиялық тұрғыда
талдап, зерттейтін пәнаралық ғылым саласы.
Этнопсихология пәні әр халықтың ӛзіне тән психологиялық ерекшеліктерін мінез-бітістік, сана-сезімдік
және танымдық негізде ажыратып зерттеу міндетін қарастырады.
Әсресе, әр халықтың ӛзіне тән психологиялық ерекшеліктерін мінез-бітістік, сана-сезімдік және
танымдық негізде ұлт ретінде қалыптасу, даму нәтижесінде ұлттық бірлікке жету амалдары мен
ұлтаралық қатынас, ұлттық мәдени ӛзара әрекеттестік, ӛзара ықпалдастық, сонымен қатар ұлттық
ӛркениеттілікке жетудің нәтижелі жолдары туралы білімдерді оқыта отырып, осы амалдарды
қарастыруды білімгерлердің алдына міндет етіп қояды.
Пәнді меңгеру барысында білімгерлердің теориялық білімдерін тереңдетуді, тәжірибелік іскерлікті
шыңдауды мақсат етеді. Білімгерлерге этнопсихологиялық, этнаграфиялық, салыстырмалы психология
туралы түсінік беріледі.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Бүйембаева Ш. Б., Оразбаева А. Ш.
Жаңа формация мұғалімі іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектілері (Психолого-
педагогические аспекты деятельности учителя новой формации. The psychologist - pedagogical
aspects of activity of the teacher new formacia).
Пререквизиттер: Пәнді жемісті меңгеру үшін «Жалпы психология», «Педагогика», «Әлеуметтану», «
Психология тарихы» пәндерімен таныс болуы қажет.
Постреквизиттер: Білімгерлердің оқу процесінде алған білімдері «Әлеуметтік психология»,
«Салыстырмалы психология», «Педагогикалық психология» пәндерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Құзыреттілік: «Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі»
курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын
дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда
ептілік пен дағдыны қалыптастыру.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: «Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-
педагогикалық аспектісі» пәнінің тарихы, психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары, адам санасының дамуы жайлы білімдерді меңгеру, теориялық білімдерді практикада
адекватты қолдану, ғылыми- ұғымды аппараттарды игеруге ептілік, оқу-зерттеу іс-әрекетіне деген
дағдылар, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу. Отандық психологиядағы іс-әрекеттік мектептің
шеңберінде жалпы психологияның пәні ретінде мінез- құлық механизмдері мен заңдылықтары,
фактілер, жекелеген адамдар іс-әрекеті мен олардың қарым-қатынас фактілерін оқып үйрену психология
ғылымдарының әдіснамалық мәселелері, оның ӛз құрылымы және пәнаралық байланыстары
қарастырылады.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Оспанбаева М. П., Оразбаева А. Ш.
Шығармашылық психологиясы. (Психология творчества. Рpsychology сreative). Пререквизиттер:
«Жалпы психология», «Әлеуметтік психология», «Педагогикалық психология», «Практикалық
психология» пәндерімен таныс болуы қажет.
Постреквизиттер: «Акмеология», «Әлеуметтік қолдау психологиясы», «Даму психологиясы» пәндерін
меңгеруі барысында толықтырылуы
Құзыреттілік: Білімгерлерге шығармашылық жетілу кезеңінде ӛзін белсендіру барысында теориялық
білімдерін меңгерту, тәжірибелік іскерлікті шыңдау. Шығармашылық жетілудің тұрақтануы, тұлғаның
рефлексивті басқарылуын жүйелі түрде меңгерту.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 181 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Тұлға шығармашылығының жетілу кезеңінің психологиялық
заңдылықтарын зерттеу, ең алдымен тұлғаның іс-әрекетіндегі бағыттылығын анықтау бұл ӛмірге деген
әлеуметтік бағдарын, негізгі ӛзектілігін құрайды, екіншіден, шығармашылық белсенділіктің негізгі
үстемдігі болып табылуы үшін, үшіншіден тұлғаның шығармашылық потенциалын дамытуға және оның
әлеуметтік ортада ӛзара әсер етуі қарастырылады. Шығармашылық дағдының қалыптасуы мен дамуы
жайлы теориялар мен тәжірибелер психологияның іргелі зерттеу мәселесінде байланыс тауып, ӛзара
қиылысып отыр. Шығармашылық белсенділік - тұлға үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде
қалыптастыруды қажет ететін күрделі құбылыс. Ол білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі
құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылық, танымдық іс - әрекет дамуының деңгейі ретінде
қарастырылады. Ал тұлғаның жеке бас қасиеттері психологиялық даралықтарда дамиды.
Шығармашылық психологиялық ізденістер оның тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.Ү, Сабралиева Ж.Т.
Коррекциялық психология (Коррекционная психология. Korrekcionnaya psychology)
Пререквизиттер: «Медициналық психология», «Эксперименттік психология», «Еңбек психологиясы»
пәндерімен таныс болуы қажет.
Постреквизиттер: «Экстремальды жағдайда мінез-құлық психологиясы»,
«Экологиялық психология», «Тәуелділіктің алдын-алу мен психологиялық диагностикасы».
пәндерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Құзыреттілік: Арнайы мекемелерде жұмыс істейтін психологқа қажетті кәсіби педагогикалық дағдылар
мен біліктілікті, теориялық білім алуды жүзеге асыру, жеке тұлғаны түзету негіздері бойынша білім
беру, психика және дене дамуында түрлі бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің дағдылары
мен біліктілігін білімгер бойында қалыптастыру.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Курс дамуында түрлі проблемалары бар балалар мен
жеткіншектерді психологиялық түзетудің теориялық және әдіснамалық мәселелерін, проблемалы даму
түрлерінің классификациясын, эмоционалдық бұзылыс барысындағы негізгі психокоррекциялық
технология мен кемістік сұрақтарын, психикалық дамудың дисгармониясын, бала – ата – ана қарым –
қатынасын психологиялық түзетуді қарастырады. «Коррекциялық психология» пәні басқа пәндермен
бірігіп,оның ішінде психологияның теориясы және методикасымен маңызды міндеттерді – психология
сферасында маманның кәсіби іс – әрекеті туралы біріңғай сабақ беруді білімгерлер бойында
қалыптастыруды шешеді. Бұл пәнді оқыту студенттердің арнайы дайындығын кӛтеруге және психолог –
оқытушыға қажетті білімдерді, біліктілікті және дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Сабралиева Ж.Т, Сабекова Д.Ә.
Дағдарыстық күй психологиясы. (Психология кризисных состоянии. Psychology crisis condition).
Пререквизиттер: « Психология тарихы», «Қ.Р психология ғылымы», «Әлеуметтік психология».
Постреквизиттер: «Экстремальды жағдайда мінез-құлық психологиясы», «Экологиялық психология»,
«Тәуелділіктің алдын-алу мен психологиялық диагностикасы».
пәндерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Құзыреттілік: Психофизиологиялық әлсіреу, психоэмоционалды ӛшу, тығырыққа тірелу, депрессияға
түсу жағдайларынан шығару жолдарын меңгерту, соққыдан кейінгі стрестік бұзылысты анықтау,
суицидалды мінез-құлықты алдын-алу және анықтау.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: ХХ ғасырда түрлі дағдарыс кезеңдері, күтпеген оқиғалар, яғни
әлеуметтік жағдайда болатын психикалық қысым, психологиялық кезеңдер жайлы түсінік
қалыптастыру. Психологиялық қолдау кӛрсетудің ерекшеліктерінің теориясы мен әдістемесін
қарастыру. Дағдарысты жағдайдан шығудың тиімді жолдарын кӛрсету.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Сматова К.Б.
Діни экстремизм мен антитерроризм психологиясы (Психология религиозного экстремизма и
антитерроризма. Рsychology of religious extremism and anti-terrorism)
Пререквизиттер: « Психология тарихы», «Қ.Р психология ғылымы», «Әлеуметтік психология».