Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті


Өнеркәсіптік ғимараттардың жаңа алдыңғы қатарлы шешімдерінің негізінде келесі принциптер жатыр



жүктеу 7,41 Mb.
бет4/9
Дата18.12.2017
өлшемі7,41 Mb.
#4651
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өнеркәсіптік ғимараттардың жаңа алдыңғы қатарлы шешімдерінің негізінде келесі принциптер жатыр:

1) Негізгі және қосылқы цехтерді, сонымен қатар жалпы технологиялық процестермен байланысқан көршілес өндірістерді бір төбе астына біріктіру. Бұндай ғимараттың, жоғарыда қаралған жеңіл құрылыстардан айырмашылығы, блок-талған деп аталады. Оларды қолдану едәуір өнеркәсіп мекемелерінің аумағын қыс-қартады.

2) Жұмыста қолдануы күрделі, конструкциясы қымбат тұратын және цехтерде күндізгі жасанды жарықпен (люминесценциямен жарықтандыру) жарықтандыру-мен жабдықтаудан бас тарту;

3) Бағаналар торларын ірілендіру;

4) Құламалы төбелерді құрудан бас тарту және аз еңісті немесе еңісі жоқ жалпақ төбелер салуға көшу;

5) Әсерлі құрылыс материалдары мен конструкция материалдарының берік-тік қасиеттерін барынша толық қолдану, конструкция салмағын азайту, еңбек шы-ғынын қысқарту және жергілікті құрылыс материалдарын қолдану. ­

Келтірілген азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың конструктивтік желілері ғимараттар және негізгі элементтердің міндеттері туралы тек алдын ала жалпы ұғым береді. Бұл үлгілермен конструктивті шешімдердің әр түрлілігі шек-телмейді, себебі олар құрылыс ғылымының дамуына сәйкес өзгереді және жетілді-ріледі, мысалы, ғимараттардың фермааралық қабаттары.

2 дәріс. Тақырып. Ғимараттардың көлемдік-жобалық шешімі. Ғимараттарды жобалаудың негіздері, ғимараттарға қойылатын талаптар.

Дәрістің жоспары:


  1. Өнеркәсіп ғимараттарының және үймереттерінің көлемдік-жобалық шешімі.

  2. Өндірістік кәсіпорынның көлемді-жобалау шешіміне өндіріс технологиясы мен қоршаған ортаның әсері

  3. Жобалау түрлері және ғимараттарға қойылатын талаптар

Жаңа өндірістің көпшілігі, яғни технологиялық процесстер, өзара өндіріс ғимараттарының құрама және көлемдік-жобалық шешімдерін негіздейді.

Жобалауға кірісу кезінде ең алдымен өндіріс процессін меңгеру керек, және оны анықтау үшін ғимарат арналған, яғни содан кейін ол анықтайтын және көлемдік-жобалық, құрама шешімдер анықтайтын талаптарды анықтау керек.

Бірақ өндіріс түріне байланысты, яғни технологиялық процесстің мінездемесіне байланысты олар түрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда шешуші болып, ауа құрамы мен метеорологиялық кондицинерленгендік ортамен қанағаттандыруға байланысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы, мәжбүрленген аэрациямен қанағаттандыруға байланысты талап ету (ыстық цехтар); келесі жағдайда өнім өлшемдері керекті аумақты анықтайды (самолет жинайтын цехтар немесе қайық құрайтын, басқаларында – қондырғылардың өлшемдері (мысалы, прокатты цехтар).



Өндірістің көпшілігі, сәйкесінше көлемді-жобалық және ғимараттардың құрама шешімдерінің көпшілігіне қарамастан, осы шешімдердің кейбір жалпы принциптері оқшаулануы мүмкін. Осылардың ішінде ең алдымен жалғыз өндіріс ғимаратында кейбір өндіріс орындарын шектеуді көрсетуге болады, жалғыз технологиялық процесстері бар кейбір цехтар немесе әртүрлі өндіріс орындарының қызмет көрсетуі.





1 Сурет. Екі мекеме текстильді фабрика мен электротехникалық бұйымдар зауыты блокталған ғимараттың жоспары мен қимасы.

Технологиялық қондырғыны эксплуатациялық және климаттық шарттар мүмкіндік берген жағдайда ғимараттар тыс ашық аумақта орналастырады.

Өнеркәсіп ғимараттардың көлемдік-жобалау және конструктивті көлемдеріне құрылыс орнының температуралық және желдік режимдер бойынша, жауын –шашын мөлшері мен басқа көрсеткіштері бойынша, табиғи-климаттық сипаттамалары әсер етеді.

Қатаң климаттық шарттарда жылу жоғалтуды азайту мақсатымен және эксплутация кезіндегі ғимараттың үнемділігін арттыру мақсатында сыртқы қоршау конструкцияларының (блокты, көпқабатты) азырақ ауданды ғимараттары болған жөн.

Қайталанушылық, желдің жылдамдығы мен бағыты, қартасымалылығының заңдылығы аэрация мен шам арқылы табиғи жарықтандыруды ескерсе төсеніш төсеніш профилін тандауына әсер етеді. Жарықтың климатының сипаттамасы табиғи жарықтандыркдың шешуін жарық саңылаулары мен шамдардың өлшемдерін анықтайды. Айтылғандардан жобалық шешімдерді қабылдау кезінде климаттық сипаттамаларды мұқият айқындайтыны және ескеретіні жайында қорытынды жасау керек.

Көлемдік жобалау және конструктивті шешімге өрт қауіпсіздігінің талаптары маңызды әсер етеді. Олар бойынша ғимараттардың ең үлкен жіберілетін қабаттылығы конструкциялардың талапты отқа төзімділігінің дәрежесі және өртке қарсы кедергілердің арасындағы қабаттың ең үлкен жіберілетін ауданы анықталады.

Егер технологиялық үрдіс мүмкіндік берсе, от қатынасындағы қауіпті өндірісті жайларды бір қабатты ғимараттарда сыртқы қабырғаның бойында, ал көпқабатты ғимараттарда – жоғарғы қабаттарда орналастырылады. Өрттің пайда болуы жағдайында ғимараттан адамдардың қауіпсіз – эвакуациясы мүмкіндігін қарастырады. Ол үшін эвакуациялық жолдар мен шығуды жобалайды.

Өндірістік гимараттары үшін темірбетон конструкциялары. Өнеркэсіптік ғимараттарына азаматтық үйлер құрылысындағы темірбетон номенклатурасына ұқсас бұйымдары мен конструкцияларын қолданады, бұлар тек өлшемдерімен, арматурасымен және пішіндерімен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік ғимараттары бірқабатты, бір – және көпаралықтықтары, биіктігі 3,6 -18 м көпқабаттылар болулары мүмкін.

Биіктігі 10,8 м жэне жүккөтерімдігі 20 т дейінгі крандары бар үйлер үшін қимасы тікбұрышты 40x60, 40x80 және 50x80 см жэне биіктігі 4,5 - 11,8 м темірбетон бағаналарын жасайды; биіктігі (құрылыс конструкциясы астына дейінгі 10,8-И8 м жүккөтерімдігі 50 т дейінгі көпірлік крандары бар үйлер үшін - екітармақты (двухветвовые), ұзындығы 11,85 - 19,35 м, кранастындағы бөлігінің қимасы 40x100 жэне 60 - 190 см бағаналар жасалынады. Қолданылатын бетон маркалары М300 - М500. Массасын төмендету мақсатында алдын - ала кернеуленген, қимасы екітавролық жэне сақиналық бағаналар жасалынып практикада қолдаңуда. Бірқабатты үйлер үщін, сурет 16.4. көрсетілгеңдей, темірбетон іргетастық блоктары жэне арқалары, итарқа жэне итарқа асты арқалықтары, фермалары, жамылтқы плиталары жэне кабырға панельдері шығарылады. Іргетастық арқалықтарын бағаналары 6 жэне 12 м қадамдарындағы ішкі жэне сыртқы қабырғалары астына қолданады. Тиісінше ұзындығы 5,95 және 11,96 м қимасы трапеция тәрізді немесе тавролық түріндегі арқаларды кернеуленбеген немесе алдын - ала кернеуленген арматурасымен жасайды. Крансаты арқаларын алдын - ала кернеулеп, тавролық қимасымен ұзындығы 5,95 м жэне екітавролық қимасымен ұзындығы 11,95 м маркалары М 400- М600 бетоңнан жасайды. 6 м аралық үшін - арқа биіктігі 80 см текше ені 60 см және қалыңдығы - 12 см. Қабырға қалыңдығы 20 см, үстіне қарай қалыңдалуы 25 см жэне таянышында 30 см дейінгі қалыңдалуы болатын - конструкциялары да пайдаланады.

12 м аралық үшін - арқа биіктігі 120 см үстіңгі текше ені 65 және төменгі текше ені 34 см. Кранасты рельстерді бекіту үшін арқалар текшелерінде крандық жүкті беру үщін құбырлар кесінділері бекітілген ұзьшдығы 75 см тесіктері орналастырылған.

Әрбір ғимараттың қанағаттандыратын негізгі талабы – оның мақсатқа лайықтылығы, өзі атқаратын міндетіне толық сәйкестігі. Бұл талапқа бүтіннен ғимараттың көлемі, жоспарлау және оның бөлмелерінің мөлшерлері, конструктивті шешімдердің сипаттамасы, санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтау, сонымен қатар сыртқы және ішкі түрі бағынышты болуы тиісті.

Олардың ішінде өте маңыздылары:

1) беріктік және тұрақтылық,

2) қажетті ­күрделілік,

3) ішкі сәулеттендіру,

4) үнемділік,

5) сәулеттік айқындық.

Беріктік және ғимарат тұрақтылығы өзара тығыз байланысты және бірін бірі қамтамасыз етеді. Ғимараттың беріктігі оның контрукцияларының беріктігі мен ғимаратқа көлемдік қаттылықты қамтамасыз ететін олардың өзара қатынасынан тәуелді. Ғимараттың және оның элементтерінің тұрақтылығына, яғни олардың аудару жігерлер қарсылығына, ғимарат мөлшерлерінің дұрыс арақатынасымен, оның бөлімдерінің өзара байланысымен, контрукциялардың және негіздің сенімділігімен жетуге болады.

Ғимараттың күрделілігі оның ұзақ өмірлілігі мен отқа төзімділік дәрежесі арқылы сипатталады. Ғимараттың ұзақ өмірлілігі, яғни ұзақ уақытта беріктік пен тұрақтылықты сақтау қабілеті, оның негізгі контрукцияларының ұзақ өмірлілігімен қамтамасыз етіледі. Ол, контрукциялар дайындайтын материалдардың, әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге қарсылығынан тәуелді болады, яғни су және аязға төзімділігі, коррозияға және шіруге қарсы және басқа материалдардың қасиеттерінен тәуелді.

Ұзақ өмірлік сонымен бірге ғимараттарды құруда құрылыс пен монтаж жұмыстарының сапасынан, яғни конструкцияларды мұқият дайындағанда, өзара құрастырғанда және құрылыс ісінің теориясы мен іс-тәжірибесі өңдеген басқа барлық өндіріс техникалық ережелерінен тәуелді.

Ғимарат қоршаушы контрукцияларына арналған ұзақ өмірліктің келесі дәрежелері анықталған: 1- ші дәреже қызмет мезгілі 100 жылдан кем емес; 2- ші дәре-же - 50 жылдан кем емес; 3- ші дәреже - 20 жылдан кем емес. Конструкцияның қызмет мерзімі 20 жылдан кем болса, оларды тек уақытша имараттарға қолданады.

Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі оның негізгі контрукцияларының өрт-ке қарсы сақтық қасиеттерінен тәуелді болады. Бұндай қасиеттерге жанғыштық дәреже және отқа төзімділік шегі жатады.

Жанғыштық дәрежесі бойынша барлық құрылыс контрукциялары дайындал-ған материалына байланысты, жанғыштығына сәйкес үш топқа бөлінеді.­

Жанбайтын деп, жанбайтын материалдардан орындалған (мысалы, кірпіш қабырға) конструкцияларды атайды.

Жануы қыйын деп, жануы қыйын материалдардан (мысалы, фибролит қал-қа), сонымен қатар оттан сылақпен қорғалған немесе жанбайтын материалдармен қапталған (мысалы екі жағы сыланған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.

Жанатын деп, жанатын материалдардан орындалған және оттан қорғалмаған (мысалы, сыланбаған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.

Контрукцияның отқа төзімділігі деп, сынақ басынан келесі белгілердің біреуі (жарып өтетін жырық; опырылыс; жылытылмайтын бетте температураның орташа 140оС жоғарылауы немесе сынақ басталардан бұрынғы температурамен салыстырғанда кез келген нүктеде 180оС немесе сынақ басталар алдындағы температурадан тәуелсіз 220оС) пайда болғанша өткен уақыт (сағат) шегін атайды.

Отқа төзімділік шегі контрукцияның сипаттамасынан, оның материалынан,көлденең қима мөлшерлерінен және басқа факторлардан тәуелді болады.

Құрылыс контрукцияларының жанғыштық топтары және отқа төзімділік шектері сынақ мәліметтері негізінде нормалармен орналастырылады. Бұл нормалар ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесін жанғыштық тобына және олардың негізгі конструкцияларының отқа төзімділік шектеріне сәйкес орнатады. ­

Отқа төзімділіктің бес дәрежесі анықталған:

- I және II отқа төзімділік дәрежесіне отқа төзімділіктің әртүрлі шекті жан-байтын негізгі конструкциялары бар тастан құрылған ғимараттар жатады;

- III дәрежеге – жанбайтын, қыйын жанатан және жанатын конструкциялар-дан құрылған тас ғимараттар;

- IV дәрежеге – жанудан сылақпен қорғалған ағаш ғимарат;

- V дәрежеге – сыланбаған ағаш ғимараттар.

Материалдар мен конструкцияларды таңдауды тек техникалық емес, соны-мен қатар экономикалық жақтан да, яғни таңдаудың мүмкін түрлерін техника-экономикалық салыстырумен негіздеу керек. Әсіресе, құрылыс ауданында шыға-рылатын, көлік шығынын едәуір төмендетуге мүмкіндік беретің жергілікті матери-алдарды қолдану мағынасын атап өту керек.

Ғимараттың сәулетшілік айқындығына оның бөлімдерінің пропорциональдығымен, әрлеуге арналған материалдардың лайықтысын қолданумен, сонымен қатар жұмыстардың жоғары сапасымен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге сәулеттік пішіндер қарапайым, қатал, қымбат бағалы сәндендірусіз болуы тиіс.

Жоғарыда келтірілген талаптар барлық ғимараттарға тиесілі. Бірақ қайсы да болса ғимараттарға олардың міндеті мен халықшаруашылық мағнасына тәуелсіз қойылатын сапасы бірдей талаптар, экономикалық тараптан мақсатқа лайықты емес болар еді.

Сондықтан «Құрылыс нормалары және ережелері» ғимараттар мен имарат-тарды кластарға бөлуді қарастырады. Әрбір ғимаратқа немесе имаратқа класты таңдау оны жобалауға тапсырма құрастыру барысында жасалады. Бұл жағдайда ғимараттың өзінің мағынасымен қатар (ондағы заттық құндылықтар мен өте сирек кездесетін жабдықтың, талап етілетін ұзақ өмірлілік және ұсынылатын қалалық құрылыс талаптарының шоғырлану көзқарасына сәйкес), халықшаруашылық мағ-насы, сол құрама объектінің (қоныстанған орын, өнеркәсіп мекемелері және тағы басқалар) құрамында тұрғызылатын құрылыстың мөлшері мен қуаттылығы есеп-теледі.

Осы нышандар жиынтығы бойынша ғимараттар мен әр түрлі имараттар төрт класқа бөлінеді. Сонымен I класс ғимараттары жоғары талаптарды, ал IV клас – ең төмен талаптарды қанағаттандыруы тиісті.

Құрылыс жобалау нормалары міндетіне тәуелді ғимараттардың әрбір класы үшін отқа төзімділік қажетті дәрежелерін, қоршаушы контрукциялардың ұзақ өмірлік дәрежелерін және ішкі сәулеттендірудің нақтылы талаптарын ескеріп орнықтырады.
Ғимараттарға қойылатын талаптарды шартты түрде төрт түрге бөлуге болады: технологиялық, техникалық (функционалдық), сәулет-көркемдік және экономикалық.

Технологиялық талаптарға:

а) кеңістікке – технологиялық және жүк көтергіш-транспорттық қондырғыларын сыйғыздыраитын және материал мен бұйымның, сонымен қатар технологиялық қондырғылардың жөндеу кезіндегі орын ауыстыруын қамтамасыз ететін жеткілікті өлшемдері болуы қажет;

б) жұмыс кеңістігі - өндірістегі адамдармен бөлімдегі немесе бөлме кеңістігінде адамдардың жүруіне арналған;

в) ауалық орта – ауа температурасымен ылғалдың әсер ететін технологиялық қондырғысын қорғап, сақтап және керекті сапалы өнімді алу кезінде адамның еңбек жағдайын жақсарту үшін қамтамасыз етуге арналған;

г) жарық режимі – цехтің кеңістігін, жұмыс орнын және керекті спектрлі шам құрамын жарықтандырумен қамтамасыз ету;

д) акустикалық режим – жұмыскерлердің халін төмендететін және техникалық процеске кедергі келтіретін шудың деңгейінен асатын жағдайда шу деңгейінің және айналадағы дыбыс изоляциясын керекті деңгейде қамтамасыз ету.

Техникалық талаптарға кіретіндер:

а) ғимараттың құрылыстық конструкциясының талаптарына қолданылатын материалдың және конструкция типіне байланысты оларға түсетін әсерді қабылдау – күштік (техникалық құралдардан) және күшсіз (температурадан, ылғалдан, ауада болатын агресивті химиялық қопалардан) әсерлерге тәуелді бетон беріктігі;

б) азаматтық ғимаратарға қарағанда өнеркәсіп ғимараттардың құрылыс конструкцияларының беріктігіне қойылытын талабы маңызды мәнге ие, өйткені қондырғылардың жұмыстары кезінде қауіпті вибрациялар тудырады.

в) жылжымалылық, аязға төзімділік, ылғалға төзімділік, коррозияға және био төзімділік сияқты факторлардың әсерінен ғимараттардың материалдары мен негізгі конструкциялардың ұзақ ғұмырлығына қойылатын талаптар.

г) жарылғыштық, өрт-жарылғыштық, өрт қауіптілігіне қойылытын талаптар, өйткені технологиялық процестер осындай қауіпті жағдайларға әкеп соқтырады.

д) желдету жүйесі және ауаның кондиционирленуі, сумен қамтамасыз ету, жұмыскер үшін шарт құүрылғысы және т.б. қарастыратын технологиялық процеске тәуелді санитар-технологиялық және ғимараттардың инженерлік қондырғысына қойылатын талаптар.



Өнеркәсіптік ғимараттар архитекторлық-композиционды шешімдерді ескеру керек:

а) егер өндірістік кәсіпорын мен өнеркәсіптік ғимараттарды қала жүйесінде орналастырса, қалақұрылыстық талаптар қойылады.

б) архитекторлық комплекске қойылатын талаптар, яғни өндірістік кәсіпорын өзімен бірге архитекторлық көркемдеу қатынасына алғанда, оның толық технологиялық мақсатын, қалақұрылыс талаптарын және табиғат ортасын қорғауды қамтамасыз ететін ансабль болуы тиіс.

в) өнеркәсіп комплексінің құрамына кіретін әрбір ғимараттар мен үймереттердің сыртқы келбетінің көркемдігіне байланысты, ғимараттардың архитектурасына қойылатын талаптар.

г) интерьерге қойылатын талаптар, яғни ол ғимараттардың ішкі бейнесі сияқты тартымды, барлық көрсеткіш бойынша ортаны құру (кеңістік, жарық, оның жоғарғы бетін шектейтін түс, интерьердің элемент композициясын құрайтын конструкция бойынша).

Экономикалық талаптарға:

а) көлемді-жобалау шешімінің үнемділігі;

б) конструктивті шешімнің үнемділігі;

в)архитектура-көркемдеушешімдергежіберілетін қаражаттың үнемділігі.
СӨЖ-ге арналған бақылау сұрақтары (1-тақырып):


  1. әдебиеттерден ғимараттарының негізгі жобалауы туралы мәлімет алу

  2. әдебитеттерден ғимаратарына қойылатын талаптар туралы мәлімет алу

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Маклакова Т.Г., Нанасова С.М.Конструкции гражданских зданий. Изд. АСВ, Москва, 2004 г.

2. Шерешевский И.А.Конструирование гражданских зданий, Москва, Изд. «Архитектура С», 2005 г.


3 дәріс.Тақырып: Ғимараттардың тағайындалуына және капиталдылығына қарай бөлінуі.

Дәріс жоспары:



  1. Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.

  2. Өнеркәсіп ғимараттарын жарықтандыру мен ауа алмастыру.

  3. Дірілдету мен шуылға қарсы күрес.

Өнеркәсіп ғимаратының көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімі олардың бекітуіне байланысты технологиялық процестердің сипаттамасын орналастыру және едәуір әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұндай ғимараттарды келесі белгілері бойынша жіктейді.



  1. Аралықтардың саны бойынша – бір аралықты және көп аралықты бір қабатты өнеркәсіп ғимараттар.

  2. Қабаттар саны бойынша – бір қабатты және көп қабатты.

  3. Көтергіш-транспорттық құрылғылары бар болуына байланысты – крансыз және кранды (көпірлі крандар немесе аспалы көпір).

  4. Жабын схемасының конструктивтілігі бойынша – жазық қаңқалы (арқалық, фермалық, қаңқалық, арқалық жабындыларымен), кеңістік қаңқалы (жалаң немесе екі жақты қисықты, бүкпе жабындылар қабатымен), әр түрлі типті аспалы, қиысқан, пневматикалық, сонымен қатар ауа тірегіштік және ауа көтергіштік.

  5. Негізгі көтергіш конструкциялардың материалы бойынша – темір бетон қанқасымен (құрамалы, монолиттік, құрама-монолиттік), болатты қанқамен, металлдық немесе ағаш конструкциясының жабындысымен.

  6. Жылыту жүйесі бойынша – жылытылмайтын және жылытылатын.

  7. Желдету жүйесі бойынша – қоршалатын конструкциядағы арнайы ойық арқылы табиғи желдетумсен немесе аэрациямен; желдеткіш көмегімен және ауаағар жүйесі арқылы жасанды кіру-сорып шығару желдеткіші; ауаны кондиционерлеумен, яғни берілген ауалық ортаның (температура, ылғалдылық, ауа тазалығының дәрежесі) параметрін тұрақтандыратын жасанды желдеткіш.

  8. Жарықтандыру жүйесі бойынша – табиғи, жасанды немесе қатар қолданылатын(интегралдық) жарықтандырумен.

Жабындының кескіні бойынша – шам құрылыстарымен немесе оларсыз. Шам құрылыстары бар ғимараттарды аэрация немесе табиғи жарықтандыру мақсатында жасайды.

Өндірістік орындарында ауа қозғалысы бойынша «ауа тазарту» табиғи және жасанды немесе механикалық болып бөлінеді. Өндірістік орындарда ауаның табиғи тазаруы ішкі және сыртқы ауаларының меншіктік салмағынан және жел әсерінен ауа алмасуының нәтижесімен жүзеге асады. Ауаның орын ауыстыруы үшін жасанды тазарту кезінде электр энергиясын пайдаланады.

Бөлмедегі ауаны табиғи тазарту келесі факторлардың нәтижесінде жүзеге асады:

а) инфильтрация, яғни саңылау арқылы, қоршау конструкциясының тығыз еместігенен және сол қоршауды дайындауда қолданылған материалдардағы кеуектері арқылы өтуі;

ә) желкөз, фрамуг, терезе, есік және қақпа арқылы басқарылуы ұйымдаспаған ауа алмасу;

б) аэрация немесе басқарылуы ұйымдаспаған табиғи ауа алмасу.

Егер ғимараттар капиталды қабырғамен немесе тұйық бөлулермен жабындыға дейін жететін немесе сыртқы қабырға бойынша тұрмыстық немесе әкімшілік бөлмелер қосқан кезде жеке бөлмелерге бөлінсе, аэрация жұмысы қиындайды. Бұл жағдайда жасанды ауа тазартуды пайдалану тиімді.

Техникалық және инженерлік қондырғылардың жұмысынан туындайтын шу маңызды өндірістік зақым болып саналады. Егер шу 15-20 дБА-ға артса, еңбек өнімділігі 10-20 %-ға дейін төмендеп, өндірістік жарақат ұлғаяды, кәсіптік ауруларға шалдығулар пайда болады.

Ұзақ уақыт бойы шудың әсері есту өткірлігін төмендетпей, 1,5 м жерде сөйле тұрған адамды анық түсінуіне бөгет етпейтін шудың деңгейін санитарлы-техникалық нормасымен рұқсат етіледі.

Өндірістік бөлмелеріндегі жұмыс орындары мен кәсіпорын территориясындағы жиіліктің октавты сызықтарындығы дыбыстық қысымның рұқсат етілетін мөлшері, дыбыс және Дба-дағы эквивалентті дыбыс мөлшері МЕСТ-те келтірелген.



Шуды техникалық нормалау – санитарлы-гигиеналық нормалауды орындайтын машина, қондырғылардың, құрылыс және басқа объектілердің сипаттамаларының шектеулерінің жүйесі. Санитарлық нормаларға қарағанда машиналардың барлық түрлеріне бірыңғай техникалық нормалауды енгізу мүмкін емес, себебі бұл нормалауды нақты техникалық сипатын ескере отырып бекітеді. Өнеркәсіптік ғимараттарының көлемді-жобалау және конструктивті шешімдеріне өндеріс технологиясы мен өндірістіке орта маңызды әсер етеді.

Осы өндірістік орта тек физика-техникалық аспекті, яғни кеңістік деп қана емес, сонымен қатар оны толтырып тұрған ауалық орта, жарық және дыбыс режимі деп те түсінеміз.Өндірістік орта көлемді-жобалау мен конструктивті шешімдер арқылы ғимарат пен өнеркәсіп орнының сыртқы келбетіне түгелдей әсер етеді. Көп өнеркәсіпті кәсіорындарының сыртқы келбетіне қарап оның қай мақсатта қолданылуын, және де конструкция материалдары мен конструктивті жүйесін ескере отырып, конструкцияны қайда қолдану керектігін оңай анықтауға болады. Басқа сөзбен айтсақ, өнеркәсіп ғимараттарының сәулетінде сәулеттің функционалды (технологиялық), техникалық және шығырмашылық салалары арасында өзіндік қатынас заңдылығы байқалады.

Өнеркәсіп ғимараттарының жобалау шешімі бөлмелерінің метеорологиялық режимі және ауалық ортаның зияндылық деңгейіндегі сипатына байланысты.

Меторологиялық тәртібі және бөлменің ауалық ортасының сипаттамасына байланысты өндірістік ғимараттарды жеке топтарға немесе аумақтарға (егер технологиялық үрдісте рұқсат етілсе) біріктіреді.

Сондай-ақ конструкциялық шешімнің қысқаруын қол жетеді. Бұндай аумақтандыру дыбыстық тәртіпте жүзеге асады.
СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмасы


  1. Әдебиет көздерінен өнеркәсіп ғимараттарының архитектура- жобалық белгісі бойынша классификациясымен танысу.

  2. Әдебиет көздерінен өнеркәсіп ғимараттарының турімен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. СНиП РК 3.02.-01-2001 «Жилые здания».

2. ГОСТ 21.501-93 Правила выполнения архитектурно – строительных рабочих чертежей


4 дәріс.Тақырып: Ғимараттар мен оның конструкцияларының бірыңғайлау. Құрылысты ұйымдастыру технологиясы

Дәріс жоспары:

1. Ғимараттың және олардың конструкциялық элементтерін бірыңғайлау және түрлерге жіктелуі.

2.Элементтерді бөлу осьтеріне байлау


Құрылысты ұйымдастыру технологиясы құрылыс-жинақтау жұмыстарының әдістерін таңдау және объектіні тұрғызудың негізгі этаптарымен құрылысты ұйымдастыру шаралары. Ол құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемін анықтаудан, бір жұмысқа технологиялық картаны құрудан, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары мен кұрылыстың бас жоспарынан тұрады. Құрылысты ұйымдастырудың негізгі бағыты - ғимараттың (үймереттің) құрылымдарын жинақтау технологиясы.

- жаңа жүк көтеретін мезанизмдермен кұрылымдарды тұрғызудың алдыңғы қатарлы әдістерін және оларды құрылыс алаңына тасымалдаудың дұрыс шешімдерін қабылдау;

- жинақтаудың алдыңғы қатарлы әдістерін құрылыстың мерзімін қысқарту мен ең аз еңбек шығыны арқылы таңдау;

- құрылыс - жинақтау жұмыстарының қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өзіндік құнын азайту мәселелерін шешу;

- жұмыс өндірісі мен ұйымдастыруы бойынша тиімді шешімдерді таңдау.

Технологиялық карта төмендегідей бөлімдерді құрайды:

- жұмыстардың көлемін, құрамын және олардың еңбек сыйымдылығын анықтау есебі;

-жұмыс өндірісінің әдістерін тандау және оларды техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша салыстыру;

- жинақтау крандарын, механизмдер мен жабдықтарды таңдау;

- уақытша бекіту мен салыстыру тәсілімен жинақтау реті және қабылданған әдістермен құрылымның жинақтау технологиясына қысқаша түсініктеме беру;

- құрылымдарды тасымалдау, оларды қоймаға орналастыру және жинақтау шешімдерін қабылдау;

- материалдық-техникалық қорлар қажеттілігін анықтау;

- жұмысшылардың звено және бригада құрамының сандарын есептеу;

- еңбек шығын калькуляциясы мен еңбек ақысын есептеуге нұсқаулар;

- еңбекті қорғау жэне техника қауіпсіздігі туралы шаралар.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары төмендегідей бөлімдерді қамтиды:

- объект бойынша жұмыс көлемдерін кестелік анықтау есебі;

- негізгі құрылыс жұмыстарының әдісі мен тәсілін және құрылыс машиналарын таңдау;

-машина-ауысым қажеттілігін және жұмыстардың еңбек сыйымдылығын анықтау;

- объектіге қажетті материалдық-техникалық қорларды анықтау.

Мерзімдік жоспар бойынша құрылыстың ұзақтығы мөлшерлік мәннен

аспауы керек.

Жұмысшылардың қозғалу кестесі мерзімдік жоспар негізінде құрылады.

Объектідегі кұрылыстың бас жоспары жер үсті жұмыстарын жинақтау кезінде өңделінеді.

- уақытша үймереттер мен ғимараттарды (санитарлық - тұрмыстық және әкімшілік - шаруашылық) орналастыру және санитарлық - тазалық талаптары, өртке қарсы талаптары арқылы құрамын есептеу. Сондықтан келесі негізгі принциптер орындалуы керек:

- мұнда үймереттер мен ғимараттардың көлемінің ең аз мәнін

қабылдаймыз;

- оларды құрылысқа жатпайтын алаңға орналастырамыз;

-алаң ішіндегі көлік жолдарының жүйесін шешу мүмкіншіліктерін қарастырамыз;

- электроэнергияның, судың, будың, жылудың, оттегінің, сығылған ауаның қажеттілігін есептеу;

- негізгі кұрылыс материалдарын, бұйымдарын, кұрылымдарын сақтауға ашық және жабық қойманың ауданын есептеу;

- кұрылыс аландары мен жұмысшы орындарын уақытшы жарықтандырды есептеу;

- құрылыстың бас жоспарына түсініктеме беру;

- еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары.

Құрылыстың бас жоспары төмендегілерді қамтиды:

- тұрғызылатын үймерет пен ғимараттың жоспары;

- уақытша және тұрақты автомобиль жолдарын, қажет болса темір жолдарын орналастыру;

- тұрақты және уақытша электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз етуді, канализация және телефонды орналастыру;

- кранасты жолдары, жинақтау аймағын қоршаумен жинақтау крандарын орналастыру;

- қойма алаңы мен құрылымды ірілей жинақтау;

- тұрмыстық бөлмелер, қоймалар және тағы да басқа ғимараттар.

Құрылыстың бас жоспардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

ені 6 м-лік бұрылыстағы жолдарды, өрт сөндіретін резервуар немесе гидрант жүйесімен суөткізгіш жүйесін, темекі шегетін орындар мен өрт сөндіргіш күзет постыларын карастыру керек.

Мерзімдік жоспардың кұрамына:

- жұмыс өндірістің мерзімдік жоспары;

- жұмысшылардың қозғалу графигі.

Осы бөлімде негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер де келтіріледі.

Технологиялық картада алымдарға бөлінген үймереттер мен ғимараттардағы немесе жинақтау ағымдарындағы жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру көрсетіледі.

Жинақтық крандарды орналастыру аймағын, тұрақтың орны мен уақытша қондырғыларды, механизмдерді орналастыруды, тасымалдау жолдарын, қойма аймағын және жинақтауға дейін құрылымдарды орналастыруды анықтау керек.

Элементтердің жинақтау реті, жинақтауға дейінгі құрылымдарды жинақтау технологиясы, жинақтау процесіндегі құрылымдар мен механизмдердің орны және құрылымдардың жобалық жағдайы көрсетіледі; жабдыктандыру, олардың типтері және бекіту орындары, ілмектеу қондырғылары, элементтер мен құрылымдарды уақытша бекіту әдістері көрсетіледі.


Бірыңғайғалауға қолайлы болуы үшін өнеркәсіптік ғимараттардың көлемін жеке бөлік және элементтерге бөледі.

Көлемді-жобалық элементі және ұяшық деп ғимараттың қабат биіктігіне, аралық және қадамның өлшеміне сәйкес бөлігін айтады.

Жобалау элементі немесе ұяшық деп көлемді-жобалау элементінің көлденең проекциясын айтады. Көлемді-жобалау және жобалау элементтері олардың ғимаратта орналасуымен байланысты бұрышты, бүйірлік, орташа және температуралық жік элементтері болып бөлінеді.

Кеңістіктік бірыңғайлылығы жолымен параметрлердің аралық, биіктігі және колонна қадамы бойынша ұйлесімділік саны қысқарды. Оларды қолдану өнеркәсіп ғиамарттарының үлкенділігі бойынша көптеген схема жасауға болады. Технологиялық үрдістердің сипаттамасына байланысты өнеркәсіптік ғимартатың бірыңғайланған габариттік схема әртүрлі өнеркәсіптік бағыттыр үшін қолданылуы мүмкін.


СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмасы

Әдебиеттерден, ғимараттардың құрама элементтерінің және бөлу осьтеріндегі ғимараттардың байламы туралы танысу.

Бағамдық жобаның нұсқауы бойынша бөлу осьтеріне ғимараттар элементтерін байлам жүргізу

5 дәріс.Тақырып: Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.



Дәріс сұрақтары:

1.Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.


Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі :

- жоба төлқұжаты;

- жалпы түсіндірме жазу;

- объектінің бас жоспары және көлік;

- технологиялық шешімдер;

- өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбек шарттары;

- сәулеттік-құрылыс шешімдер;

- инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер;

- құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде);

- қоршаған ортаны қорғау;

- азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары;

- сметалық құжаттар;

- инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника – экономикалық көрсеткіштер (В қосымша);

- негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және контрукция-лардың қажеттілік құрама ақпартізімі.

Кәсіпорын мұқтаждықтарына арналған тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру қажеттілігі болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттар құрамынан бөлек тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру жоба бөлі-ніп шығарылады. Ол «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысы-ның жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі туралы нұсқау» 4.2 тармағына және өзара байланысқан жалпы өнеркәсіптер үшін техника-экономикалық көрсеткіштер бар биналар, қалақұрылыс құжат-тарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелеріне сәйкес өңделе-ді.

Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жобаның ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде қарастырылады.

Жалпы түсіндірме жазу құрамы:

- жобаны өңдеуге арналған негізден;

- жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден;

- кәсіпорын қысқаша сипаттамасын, биналар және оның құрамына кіруші өндірістер, жобалық қуаттылық және номенклатура, сапа, бәсекеге қабілеттілік, өнімнің техникалық деңгейі,­ шикізат базасы, отынға, суға, жылу және электр қуаттарына қажеттіліктер, шикізаттарды, өндіріс қалдықтарын, екінші қайтару қуат қорларын комплексті қолдану, құрылыс ауданының әлеуметтік-экологиялық шарттары туралы мәліметтерден;

- бас жоспардың, инженерлік торлар және коммуникациялардың, аумақты инженерлік қорғау шараларының негізгі көрсеткіштерінен;

- жұмыс істеушілердің шарттарын және қорғауын, санитарлық-эпиде-миологиялық шараларды, еңбек қауіпсіздігін және ­азауқатты халық топтары-ның тіршілік әрекет шарттарын, негізгі шешімдерді сипаттайтын жалпы мәлі-меттерден;

- ойлап табуларды және патенттерді жобада қолдану туралы мәлімдеу-ден;

- жобаны өңдеу нәтижесінде алынған техника-экономикалық көрсет-кіштер, оларды объект құрылысына бөлінген инвестициялар және тапсыр-мамен анықталған және жобалауға бекітілген (мақұлданған) негіздеулерді салыстыру, жобаны орындау бойынша тұжырымдар мен ұсыныстардан;

- өткізілген жобалау шешімдердің келісулері туралы мәліметтерден;

- өңделген жобалау-сметалық құжатардың мемлекеттік қадағалау (ба-қылау) және мүдделі ұйымдар мен объекттің орналасу орнын келістірген тұлғалар берген, мемлекеттік нормаларға, ережелерге, бастапқы мәліметтер-ге, сонымен қатар техникалық шарттарға және талаптарға сәйкестігін растау-дан;

- жұмыс істейтін нормативтік құжаттардан шегінулер туралы орнық-тырылған тәртіппен келісімді орындаудан;

- негізгі принциптер көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдерден тұрады.

Объекттің бас жоспары және көлік:

- ауданның және құрылыс алаңдарының қысқаша сипаттамасынан;

- бас жоспар бойынша (аумақтың зоналауын ескере), алаң ішіндегі және сыртқы көліктердің шешімдері мен көрсеткіштерін, көлік түрін таңдаудан;

- негізгі жоспарлау шешімдерінен, аумақты сәулеттендіру шараларынан;

- инженерлік торлардың және коммуникациларының орналасуынан;

- кәсіпорын күзетін ұйымдастырудан - тұрады.

Негізгі сызулар:

а) бар және жобаланатын сыртқы коммуникациялар, инженерлік жүйелер және селитебтік аумақтар, санитарлық-қорғау зона шектері, ерекше күзетілетін аумақтар көрсетілген кәсіпорынның, ғимараттың, бинаның орна-лыстырылған ситуациялық (жағдайлық) жоспар, ал бойлық биналар (алаңнан тыс және алаң ішіндегі) үшін жол жоспары, ал қажетті жағдайда жолдың бой пішіні және жер салуларының көлденең пішіні келтіріледі;

б) жер массасының картограммасы (ұзындық биналардан басқа);

в) бар және жобаланатын (қайта құрылатын), сонымен қатар бұзуға жа-татын ғимараттар мен биналар, қоршаған ортаны қорғау және сәулеттендіру объектілері, аумақты көгалдандыру және алаң ішіндегі инженерлік тораптар мен көлік коммуникациялары, аумақтың жоспарлау белгілері белгіленген бас жоспар, сонымен қатар шығарылатын кешендерге кіруші объекттер, тораптар және көлік коммуникациялары бөлінеді.

Технологиялық шешімдерге:

- өндірістік бағдарлама туралы мәліметтер;

- өндіріс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама және шешімдерді негіздеу, еңбек сіңіргіштік (станок сиымдылығы), механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру туралы мәліметтер;

- қолданылатын жабдықтардың, соның ішінде импорттық жабдықтар-дың, құрамы және негізделуі;

- аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық өндірістер және процес-терді, жылуды және ұсталған химиялық реагенттерді қайта қолдану бойын-ша шешімдер;

- жұмыс орындарының саны және олардың жабдықталғандығы;

- цехаралық және цех ­ коммуникацияларының сипаттамасы;

- өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;

- жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша­ шешімдер;

- қуат сақтау бойынша шаралар;

- атмосфераға зиянды шығарулар мен су қайнарларына тастаулардың (бөлек цехтер, өндірістер, биналар бойынша) саны және құрамы туралы мәлі-меттер;

- қоршаған ортаға зиянды шығарулар мен тастауларды болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апаттақ жағдайлар пайда болу мүмкіндігін бағалау және оларды болдырмау бойынша шешімдер;

- пайдалану және жерлеуге жататын өндірістік қалдықтар көлемі, түр-лері, құрамдары;

- технологиялық процестердің жағармайлық-қуаттық және заттық ба-ланстары;

- негізгі технологиялық мұқтаждықтарға арналған қорлардың түрлеріне қажеттілік.

Негізгі сызулар:

а) технологиялық процестердің принципшіл желілері;

б) ғимараттар (цехтар) бойынша жабдықтардың және көлік құрал-дарының орналасу нұсқауымен технологиялық жоспарлау;

в) жүк ағындарының желілері.

Бөлімді өңдеуде технологиялық жобалау салалық нормаларын басшы-лыққа алу қажет.

Өндірісті, өнеркәсіпті және ұйымдарды басқару, жұмысшылар және қызметшілердің еңбек шарттары мен қорғауы Еңбек Министрлігі және Қа-зақстан Республикасының халық әлеуметтік қорғауының нормативтік құжат-тарына сәйкес орындалады.

Бұл бөлімде:

- кәсіпорынның және бөлек өндірістердің басқару құрылымын ұйым-дастыру, автоматтандырылған басқару жүйесі және оны ақпараттық, функци-оналдық, ұйымдастыру және техникалық қамсыздандыру;

- басқару қызметкерлерінің еңбектерін автоматтандыру, механикалан-дыру;

- жұмыс істеушілердің кәсіби-дәреже құрамын есептеу нәтижелері;

- жұмыс орындардың саны және жабдықталғандығы;

- кәсіпорында жұмыс істеушілердің санитарлық-гигиеналық еңбек шарттары;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ­ шаралар, соның ішінде өндіріс шуларын және дірілдерін, бөлмелердің газдануын, артық жылынуын, еңбек шарттарының комфорттығын жоғарылату шаралары ж.т.б. – қарастырылады.

Сәулетшілік - құрылыс шешімдер: ­

- құрылысқа арналған ұсынылатын участок сипаттамасын, оның тұрған жерін, мөлшерін, замандас күй-жағдайларын және қолдануын ескере: объект сәулеттік шешімдерін қысқаша суреттеуден;

- аумақтың, көліктің және инженерлік-құрылыс шарттардың, инженер-лік коммуникациялардың және оның үстімен немесе іргелес аумақтары арқы-лы өтетін өнім өткізу қабылетінің, жоспарлау шектерлердің және жұмыс іс-тейтін қала құрылысы құжаттардың экологиялық күй-жағдайы туралы мәлі-меттерден;

- ғимараттар мен биналарды бұзу, көшіру жөніндегі талаптардан;

- азауқатты халық топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуден, құрылыс ережелерінен, қалақұрылыс концепциясын сақтаудан, мәдениет ескерткіштерін және табиғатты сақтаудан, олардың қорғау аймақтарын және ерекше жөнге салу аймақтарынан;

- жер асты кеңістіктерін қолдану мүмкіншіліктерінен;

- сәулетшілік-құпылыс тапсырмасымен анықталған талаптардың орын-далуынан;

- объекттер (объекттердің) жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге арнал-ған жобаланушы инженерлік биналардың шешімдерін суреттеуден;

- жобаланушы объекттің негізгі сәулеттік-жоспарлау параметрлерінен;

- құрылыс алаңдарының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттарынан, сонымен қатар негізгі ғимараттар мен биналар бойынша қыс-қаша суреттеу және сәулеттік-құрылыс шешімдерін негіздеу туралы мәлім-деуден;

- өлшемнің қоршау контрукцияларының жылу сақтайтын қасиеттерін жақсарту, өндіріс шуларын және дірілдеулерін төмендетудің принциптік ше-шімдерін негіздеуден, жұмыс істеушілерге тұрмыстық, санитарлық қызмет ету шараларынан;

- электрлік, жарылыс, өрт қауіпсіздіктері бойынша шаралардан;

- құрылыс контрукцияларын, торларын және биналарды коррозиядан қорғау шараларынан;

- негізгі сызулар: жоспарлар, негізгі күштеу көтеруші және қоршау конструкцияларын көрсететін негізгі ғимараттардың және биналардың қас-беттері және қималардан – тұрады.

Инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер:

- канализация, сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа тазарту бойынша шешімдерден;

- бақылау, есепке алу және жөнге салу құралдарына бақылау бойынша шаралардан;

- ғимараттар мен биналарды: электр жабдықтау, электрмен жарықтан-дыру, байланыс және сигнал беру, радиоландыру және теледидар, өртке қарсы сақтық қондырғылармен, найзағайдан қорғаныш және басқа инженерлік жабдықтаудан;

- инженерлік жүйелерін басқаруды автоматтандыру және диспетчерлеуден – тұрады.

Негізгі сызулар:

а) жылумен жабдықтаудың, электр жабдықтаудың, газбен жабдық-таудың, сумен жабдықтаудың, канализацияның және басқалардың түбегейлі желілері;

б) инженерлік торлардың жоспарлары;

в) инженерлік торлардың кесілгендегі кескіндері (қажет болғанда);

г) негізгі биналардың сызулары:

д) жылыту-желдету жүйелерін түсірумен негізгі ғимараттардың жоспарлары және жылыту-желдету қондырғыларының түбегейлі желілері, сумен жабдықтау және канализацияның желілері;

е) электр жабдықтаудың, электр жабдықтардың, радиоландыру және сигнал берулердің, инженерлік жүйелер басқаруын автоматтандырудың жә-не басқалардың түбегейлі желілері.


Құрылысты ұйымдастыру
Бұл бөлім жұмыс істейтін нормативтерге және жобалау ізденіш жұмыстарды орындауға арналған келісім-шартта баяндалған шарттар мен талаптарды ескере,­ құрылыс материалдары, бұйымдары және контрукциялары нарығы туралы, сонымен қатар қызмет көрсету бар мәліметтерге сәйкес өңделеді ­.
Қоршаған ортаны қорғау
Бөлім республикалық құрылысты басқару органымен бекітілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға, табиғи қорларды және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің нормативтік құжаттарына және табиғат қорғауды реттеуші басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.


Сметалық құжаттар
Кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың (немесе олардың кезектерінің) сметалық құнын анықтау үшін Республикалық мемлекеттік құрылыс басқармасының нормативті-әдістемелік құжаттарында келтірілген тәртіптер мен тұлғаларға сәйкес сметалық құжаттар құрастырылады.

Жобалау сатыларында өңделген сметалық құжаттар құрамында:

- қолданылған сметалық-нормативті базаны, бағалар деңгейін және осы құрылыс айрықшалығын сипаттайтын басқа мәлімметтер келтірілетін түсіндірме жазу;

- құрылыс құнының құрама сметалық есебі, және қажетті жағдайларда шығындардың мәліметтері;

объекттік және жергілікті сметалық есептер;

- объектілердің құрылысына шығындардың (соның ішінде жобалау және іздеуніші жұмыстарға) бөлек түрлерінің сметалық есебі – болу керек.



Бұл құжаттар сараптауға және бекітуге беріледі.

Құрылыс құн анықтау үшін анықталған ретте әрекетке өңделетін және енгізілетін ­ жұмыс істейтін сметалық-нормативті базаны қолдану қажет.

Сметалық құжатта ­ құрылыс құнын бағалардың екі деңгейінде келтіру ұсынылады:

- жұмыс істейтін сметалық нормалардың және бағалардың негізгі (тұрақты) деңгейінде;

- сметаларды құрастыру уақытқа пайда болатын немесе құрылысты іске асыру уақытына болжамдалған бағалар негізінде анықталатын ағымдағы немесе болжамдық деңгейде.

Сметалық құжат құрамында анықталған,­ ағымдық (болжамдық) баға деңгейі негізінде, құрылыс өніміне тапсырыс берушілер және жалдаушылар келісім-шарттық бағалар қалыптастырады.

Жоба құрамында құрылыстың есепті құны ірілендірілген көрсет-кіштердің (бұдан әрі - ІНҚҚ), ірілендірілген сметалық нормативтік және прогресивтік жобалар-аналогтар көрсеткіштерінің негізінде анықталады. Қажеттілік болған жағдайда, құрылыс құны Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ағымдағы бағытымен, жобалау-сметалық құжатты өңдеу уақытына, шетел валютасына қайта есептеуі мүмкін­.

Инвестициялардың нәтижелілік және техника - экономикалық көрсеткіштер

Инвестициялар әсерліліктерінің есептері, жобаның сәйкес бөлімдерін өңдеу барысында, сандық және сапалық көрсеткіштер негізінде, орындалады. Жобаның экономикалық әсерлілігін бағалау орнықтырылған тәртіппен және әдістемелік нұсқауларға сәйкес орындайды.

Жобалауға тапсырмамен, осы объекттің құрылысына инвестиция негіздеулерінің құрамында анықталған, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер есептерінің нәтижесін және жалпыланған мәліметтерді салыстыру жаса-лынады жәна олардың негізінде жобаны іске асыру мен инвестициялау жөнінде ақырғы шешім қабылданады.

Жұмыс істейтін кәсіпорындардың, ғимараттардың және биналардың кеңейту жобаларына, қайта құруға және техникалық қайта жабдықтауға техника-экономикалық көрсеткіштер,­ қуаттылықтардың өсуіне де, толығы-нан объект бойынша да, кеңейту, қайта құру және техникалық қайта жабдықтау біткен соң келтіріледі.



Құрылыстық шешімдер:

- инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттар туралы мәліметтерден; құрылыстық шешімдерді негіздеу және олардың сәулеттік ниетке сәйкестігі, қалақұрылыс талаптарын ескере функционалдық тағайындалуынан, тапсырыс берушінің орнықтырған талаптары мен техникалық шарттарға көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер сәйкестігінен; ­

- құрылысты ұйымдастыру бойынша негізгі жағдайлардан;

- объекттің жарылыс және өрт қауіпсіздігі, құрылыс конструкцияларын коррозиядан сақтау бойынша шаралардан, бөлмелерде талап қойылған комфортты қамтамасыздандыру туралы мәліметтерден тұрады.



Технологиялық шешімдер:

- объекттің функционалдық тағайындалуынан;

- технология, технологиялық процесстерді механикаландыру, автомат-тандыру және олардың тапсырыс беруші берген деңгейіне және қауіпсіздік, еңбек шарттарының комфорттығына сәйкестігі бойынша қысқаша сипатта-мадан - тұрады.

Инженерлік жабдықтау шешімдер:

- инженерлік жабдықтар – жылыту, жылдету, ауа тазарту, газбен қамсыздандыру, канализация бойынша принциптік шешімдерді және диспетчерлеу, автоматтандыру және инженерлік жүйелерді басқару бойынша шешімдерді негіздеуден;

- электр жабдықтар, электр жарықтандыру, найзағайдан қорғау, қорғау және өртке қарсы сақтық сигнал берулер бойынша принциптік шешімдерден, суды, отынды және электр қуатын, оған қоса бақылауды, шығындарды есеп-теу мен реттеу бойынша шаралардан;

- инженерлік торларды шарлау тоқтарынан қорғау және коррозияға қарсы қорғау бойынша шаралардан, байланыс құралдары мен сигнал беру, радиофикациялау, теледидар бойынша, еңбек шарттарын жақсартуға арналған жабдықтар және өртке қарсы шаралар бойынша жобалық шешімдерден - тұрады.



Негізгі сызулар:

- 1:5000, 1:10000 масштабта ситуациялық жоспар;

- бас жоспар схемасы немесе 1:500, 1:1000 масштабында орындал-ған топографиялық негізде участок бас жоспары, қабаттар жоспарлары, қасбеттер, қүш көтеруші және қоршау конструкцияларының (жеке және қайта қолданылатын жобалар бойынша) схемалық бейнеленген ғимараттар мен биналар қималары;

- қайта қолдану жобаларының байлау каталогтық беттері;

- негізгі бөлмелердің ішкі көріністері (жобалау тапсырмасына сәйкес өңделеді);

- жеке конструктивтік шешімдердің схемалық бейнеленуі;

- негізгі жабдықтардың нормальдерге сілтемелері бойынша техноло-гиялық құрастырылуы немесе әр қабатта орналастыру жоспарлары;

- инженерлік жабдықтаудың принциптік схемалары және сыртқы инженерлік ­ коммуникациялар жолдарының схемалары;

- ішкі алаңшалар торлары жолдарының, оларға биналардың­ жоспарлары және объекттің электр жабдықтау схемасы;

- инженерлік жабдықтар құралдарын басқаруды және санитарлық-техникалық қондырғыларды автоматтандырудың принциптік схемалары;

- байланыс және сигнал беру ұйымдарының схемалары;

- қоқымды шығару схемалары.

Жобалаушы ұйым тапсырыс берушімен бірге жобалау-іздеуші жұмыс-тарын орындау келісім-шартында берілетін жобалау-сметалық құжаттары-ның даналар санын анықтайды, ал ол жоқ болған жағдайда тапсырыс беруші-ге төрт дана береді. Жалдаушы жобалау ұйымы­ бас жобалаушыға бес дана құжат береді.

6 дәріс.Тақырып: Құрылыс материалдарының халық шаруашылығындағы маңызы және қасиеттері

Дәріс жоспары:


  1. Құрылыс материалдары және олардың түрлері.

  2. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне байланысты жіктелуі.

  3. Құрылыс материалдарының қасиеттері

Материалдарды зерттеу барысында жасалатын маңызды қорытынды: - олардың негізгі қасиеттерінің көрсеткіщтері және пайдалану жағдайларындағы тұрақтылығы, құрамындағы заттардың қасиетіне және структурасының сипатына тікелей байланысты. Себебі, материалдарды құрайтын заттардың өздеріне тән химиялық , физикалық қасиеттері, белгілі бір структурасы болады. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне байланысты үш түрге бөледі: макроструктура – аспапсыз, құралсыз көзге көрінетін материал құрылысы; микроструктура - оптикалық прибормен көрінетін құрылысы; материал құрамындағы заттардың молекулалық иондық дәрежеде электрондық оптикалық қайта өзгертушісі бар рентгенмен зерттелетін ішкі құрылыс.

Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен қатар Құрылыс нормалары мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді ( ҚН; Е.) Олар тарауларға бөлінген төрт бөлімнен тұрады:

І- ші бөлімінде құрылыс материалдар мен бұйымдардың номенклатурасы, сызықтық мөлшерлері, олардың сапаларына қоятын талаптар, үйлерді және биналарды жобалау мезгілінде олардың класына байланысты материалдар мен бұйымдарды таңдап алу туралы деректер, материалдарды, бұйымдарды,конструкцияларды тасу, сақтау және қабылдау туралы ережелер келтірілген.

ІІ- бөлімінде үйлердің және биналардың топталуы, бір модульдік жүие, өртке қарсы талаптар, конструкциялар мен үй сылақтары және т.б. мәліметтер туралы жөн жағдай, жүктелуші түрлі конструкцияларды жобалаудың нормасы және т.б. жобалық нормалар белгіленген.

ІІІ- ІV – бөлімдерінде құрылыс жобасын жобалау, механизациялау және ұйымдастыру бойынша прогресивтік тәсілдерді, құрылыс жұмысын өндіру әдістері мен ережелері орындалған жұмыстарға қоятын талаптар және оларды қабылдау ережелері, сметалық нормалар, құрылым материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сметалық құнын анықтау ережелері , экономикалық сұрақтар туралы нұсқаулар мен ережелер жазылған. Бұл өте міндетті құжат.

Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылымын, сонымен қатар олардың физика-химиялық, физикалық, механикалық және басқа да әсерлердегі өзгеріс заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Кез келген материал құрылымда жүктемеге немесе қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Материалдың ғимаратта қолданылуы, жұмыс шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі:

1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)

2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)

Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты.

1. Құрылыс материалы дегеніміз – табиғи және жасанды материалдармен бұйымдар, үйлер мен ғимараттар салуда және жөндеуде қолданылады. Құрылыс материалдарының айырмашылығы оларға қойылатын талаптарға, қолдану орны мен пайдалану жағдайына және номенклатурасына байланысты. Құрылыс материалдары жалпы және арнайы материалдарға бөлінеді.



Жалпы материалдар: цемент және оның түрлері, бетон, темір бетон, ағаштық материалдар т.т.

Арнайы материалдар: акустикалық, жылу оқшаулайтын, отқа төзімді және берік т.б.

Құрылыс материалдарын дайындау дәрежесіне байланысты дайын және құрылыс алаңында немесе заводта дайындалатын материалдарға бөлінеді.

2. Құрылыс материалдарын реттейтін және талаптық құжаттарға:

- мемлекеттік республикалық стандарт; (МРСТ)

- құрылыс нормалары мен ережелері; (ҚНмЕ)

- уақытша қолданылатын құрылыс нормалары;

- құрылыс нормалары;

- техникалық жағдайы және тағы басқа мөлшерлік құжаттар;

Мемлекеттік республикалық стандарттарда құрылыс материалдары туралы негізгі мәліметтер, олардың анықтамасы, шикізаты, қолданылатын аймағы, топқа бөлінуі (классификациясы), сортқа немесе маркаға бөлінуі, сынақ әдістері, қоймада сақтау және тасымалдау жағдайы беріледі.

МРСТ заңды күші бар, сондықтан оны кәсіпорындар мен ұйымдар міндетті түрде орындауы қажет.

Техникалық жағдай – мөлшерлі техникалы құжат – өнім (материал) сапасын реттейді.

Құрылысшыларға заңды құжат – құрылыс нормалары мен ережелері. Онда: құрылыс материалдарының номенклатурасы (түрлері, типтері) мен негізгі өлшемдері, сапасына қойылатын талаптар, үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану жағдайына байланысты оларды таңдау мен қолдану ұсқаулары беріледі.

3. Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттері.

Орташа тығыздық дегеніміз – материалдар массасының табиғи көлеміне қатынасы.





= орташа тығыздығы

- үлгі массасы

- үлгінің табиғи көлемі (көлемге оның кеуектілігі қуыстары да кіреді) сыртқы формасы дұрыс болмаған жағдайда орташа тығыздығы анықтауға қолданатын формула.

V1- мензуркадағы судың көлемі

V2- мензуркадағы үлгі мен судың көлемі.

Борпылдақ, сусымалы құрылыс материалдарының (құм, гравий, щебень, топырақ, цемент т.т.) Орташа тығыздығына мына формуланы қолданады.



m1-ыдыс салмағы

m2-ыдыс пен құрылыс материалының салмағы

Vc-белгілі көлемдегі ыдыс

( 1л, 2л, 3,5л, т.т.) 1л-1000см3

Орташа тығыздықты құрылыс материалының салмағын өлшеуде немесе көлікпен тасымалдау кезінде қолданады. Құрылыс материалының орташа тығыздығы

1. Шойын мен болат 7800-7900 кг/м3

2. Керамикалық кірпіш 1600-1700 кг/м3

3. Силикаттық кірпіш 1800-1900 кг/м3

4. Бетон 1800-2400 кг/м3

5. Темір бетон кг/м3 2400-2500

6. Ағаш 400-600 кг/м3

7. Мипора (пенопласт) 10-20 кг/м3

8. Цемент 1100-1300 кг/м3



1кг/см3 = = =1000кг/м3

Орташа тығыздық материалдың кеуектілігі мен қуысына және ылғалдылығына қарай өзгеріп отырады. Ылғалдылығы жоғары болса, онда орташа тығыздық өседі.



2) Шын тығыздық дегеніміз – үлгі массасының абсалюттік көлемге қатынасы

= (г/см3)

– шын тығыздық

V – үлгінің абсолюттік көлемі

Шыны, битум,болаттың орташа тығыздығы шын тығыздығына тең. Себебі бұлар абсолюттік тығыз материалдар. Басқа құрылыс материалдарының кеуектілігі, қуысы бар, сондықтан олардың орташа тығыздығы шын тығыздыққа қарағанда аз. ()

Шыны – =2,2-2,7 г/см3

Кірпіш – =2,1-2,3 г/см3

Ағаш – =1,55-1,56 г/см3

3) Аязға төзімділік дегеніміз – суға әбден қаныққан материалдар үлгісін алма-кезек қатырып, ерітіп сынау кезінде бұзылмай өз қабілетін сақтау қасиеті. Материалдар үлгісін 2 тәулік су ішінде ұстап әбден қанықтырады одан кейін оны температурасы - 15-170С аязға қатырғышта 6 сағат ұстайды, одан кейін t=+ 200С бөлмеде 4 сағат ұстап ерітеді, бұны бір цикл деп атайды. Егер осындай сынақ кезінде беріктік шегін 25%- тен, ал массасын 5% артық жоғалтпаса онда материалға аязға төзімділік маркасы тағайындалады. МР3 10,15,25,35,50 т.т.300.



4) Су сіңіргіштік дегеніміз – материалдың суды, ылғалды өз бойына сіңіріп оны ұстап тұру қаблеті. Су сіңіргіштік көлемді және салмақты түрге бөлінеді. W=

m1 – құрғақ материал үлгісінің салмағы

m2 – суға әбден қаныққан үлгі массасы

V - үлгі көлемі



Салмақтық су сіңіргіштікті анықтау формуласы:

Материалдың салмақтық су сіңіргіштігін оның ылғалдылығы деп атайды. Салмақтық су сіңіргіштікке мысалдар: керамикалық плита – 4%

Гранит 0,5 -0,7 %

Керамикалық керпіш 8-20 %

Ауыр бетон 2-4 %

Материалдардың су сіңіргіштігі оның орташа тығыздығын және жылу өткізгіштігін өсіреді, беріктігін төмендетеді.



5) Кеуектілік – материал денесінің қуыстарымен толтырылу дәрежесі 1-100%. П0=1-d=()100 %

П0- кеуектілік, d-салыстырмалы тығыздық. Материалдарда ашық және жабық қуыстар болады. Олардың өлшемі 0,1–2мм дейін, – егер жабық қуыстар біркелкі орналасатын болса, онда ондай материалдардың жылу оқшаулайтын қасиеті артады.



6) Жылу өткізгіштік – материалдардың өз бойынан белгілі бір көлемде егер конструкция беттеріндегі t айырмашылығы 10С–тан артық болғандағы жылуды өткізу қасиеті.

Қуыс, кеуекті материал суық ауаны ұстап тұра алады. Сондықтан ағаш, керамикалық кірпіш, жеңіл бетон сияқты материалдарды қабырға конструкциясына қолданады. Жылу өткізгіштік – жылу өткізгіштік коэфицентімен анықталады. =0,23 - ағаш (=0,23 )

Силикат кірпіш = 0,87

темір бетон =1,7

көбікті (пено) бетон =0,02

7) Жылу сиымдылық дегеніміз – материалдарды қыздыру кезінде жылуды өз бойында ұстап тұру қасиеті. Мысал, пешке арналған материалдық керамикалық кірпіш.

8) Отқа төзімділік дегеніміз – материалдың ұзақ уақыт бойы өрт кезінде ыстық t-ға және суға шыдау қаблеті. Отқа төзімділік дәрежесіне байланысты. Жанатын, нашар жанатын және жанбайтын материалдар болып бөлінеді. Мысалы, нашар жанатын материал фибролит, абролит.

9) Отқа беріктілік дегеніміз - материалдың ұзақ уақыт бойы ыстық t-ға шыдап деформацияға ұшырамау қасиетін айтады. Отқа беріктілік қасиетіне байланысты 3 түрге бөледі. 1) оңай балқитын материал 13800С 2) Қиын балқитын материал 1380-15500С. 3) Отқа берік материал 15500С.

10) Беріктік дегеніміз – материалдың сыртқы күштің әсерінен пайда болған ішкі кернеуге қирамай, сынбай қарсы тұру қасиеті .

Үйлер мен ғимараттар әр түрлі сыртқы күштің әсеріне төтеп береді. Ол сығымдылық, созымдылық және иілу.

Сығымдылық деформациясы.


Р-сыртқы қирату күші

σ- ішкі кернеу

Мынадай құрылыс материалдары – кірпіш, бетон, темір бетон, табиғи тастар және т.б. Сығымдылыққа жақсы жұмыс жасайды. Ал ағаш және металл иілу мен созымдылыққа жақсы жұмыс істегендіктен оларды: балка, ферма, ригель тәріздес конструкцияларда қолданады.

Беріктік шегі дегеніміз – қирау күшін шақыратын кернеуді атайды.



R сығ= ( кгк/см2; Мпа)

R сығ – сығымдылық беріктік шегі

Р- қирату сыртқы күші

Fo – үлгінің сынаққа дейінгі бастапқы ауданы



Rсозу=

Сығымдылық беріктік шегін анықтау үшін формасы куб, призма, цилиндр тәріздес үлгілер қолданады. Ал созымдылықты анықтауға қимасы төртбұрыш, квадрат шеңбер тәріздес стерженді пайдаланады.



Созымдылықты сынау үлгісін сызу.

Иілу беріктік шегін мына формуламен анықтайды: Rиілу =

M – Сыртқы күштен пайда болған момент

W – қарсыласу моменті

P – қирату сыртқы күші

L – тіреу аралық пролет (ұзындық)

a – үлгі биіктігі

в – үлгі ені

Сығымдылық, созымдылық және иілу беріктік шегіне байланысты құрылыс материалдарының маркасы тағайындалады. M(R) 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50, 75, 100, 150 т.т 1000. Жазылған сандар ауданы F0= 1см2-қа келетін күшті көрсетеді.



Мысалы, керамикалық кірпіш маркасы М-100 болса, онда ол 30000кг салмақты көтере алады. Кірпіш өлшемі 250х120х65мм, кірпіш ауданы F0=12х25=300см2.

Rсығ =

Р=Rсығ·F0=100·300=30000кг

1.Серпімділік дегеніміз – материалдың сыртқы күштің әсерінен деформацияға ұшырап, ал күшті алғанан кейін өзінің формасымен өлшемін сақтау қасиеті. Ағаш, болат, резина, сияқты материалдар серпімділігі бар.

2. Созымдылық дегеніміз – материалдың сыртқы күштің әсерінен формасымен өлшемдерін сынбай, жарылмай өзгерту қабілеті. Мысалы: цемент қамыры, битум, лай балшық.

3. Морт сынғыштық дегеніміз - сыртқы күштің әсерінен деформацияға ұшырамай материалдың бірден қирау қасиеті. Мысалы: шойын, керамикалық кірпіш, плита, шыны т.т.

4) Соққыға қарсы тұру – материалдың соққы күштеріне қарсыласу қасиеті. Мысалы: жол конструкциясы, рельс, аспалы көпір астындағы балка т.т.

5. Қаттылық – материалдың өзінен басқа неғұрлым қатты дененің кіруіне кедергі жасау қасиеті. Мысалы: болат, ағаш, бетон сияқты материалдардың қаттылығын болаттық шарик әдісімен анықтайды. Қаттылық белгісі: НВ

Сынау үлгісі



Табиғи тастар қаттылығы қаттылық шкаласымен (МООС) таблицасымен анықтайды. Таблицада 10 минерал берілген, қаттылығы 1-10 дейін. Олардың қаттылығын күнделікті өмірде қолданып жүретін: тырнақ, пышақ, әйнек т.б. салыстырады. НВ = 1 тальк, бор адам тырнағымен сызылады. НВ = 10 алмаз, әйнекті оңай кеседі.

6. Уатылғыштық – сыртқы күштің әсерінен материалдың өзінің формасымен өлшемін өзгерту қасиеті. Мысалы: еден материалы, жол, саты басқышы т.б.

7. Құрылыс материалдарының химиялық қасиеті – ұзақ уақыт бойы олардың қышқылға, сілтіге немесе тұзға шыдауын айтады.





Материалдар атауы

Тығыздығы кг/м3

Шын тығыздығы

Орташа тығыздығы

Темір

Гранит


Әк тас

Құм


Цемент

Керамикалық кірпіш

Ауыр бетон

Қарағай


Кеуекті пласт (поропласты)

7850-7900

2700-2800

2400-2600

2500-2600

3000-3600

2600-2700

2600-2900

1600-1550

1000-1200


7800-7850

2600-2700

1800-2400

1450-1700

900-1300

1600-1900

1800-2500

450-600


20-100

7 дәріс. Тақырып: Табиғи тас материалдары. Тау жыныстарының негізгі түрлері және олардың жіктелуі.



жүктеу 7,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау