Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



жүктеу 7,41 Mb.
бет5/9
Дата18.12.2017
өлшемі7,41 Mb.
#4651
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс жоспары:

1.Табиғи тас материалдары мен бұйымдары туралы жалпы сипаттама.

2 Құрылыс саласындағы кең қолданылатын табиғи тас материалдарының жіктелуі.

3.Табиғи тау жыныстары және олардың генетикалық жіктелуі.


Табиғи тас материалдары және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын қарапайым механикалық өңдеу ( жару,тілу, ұсақтау және т.б.тәсілдер) арқылы алынатын плиталар , блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар,щебень, ұсақталған құм солар сияқты өнімдерді айтады. Тау жыныстарының физикалық- механикалық қасиеттері , минералдық құрамы өзгерілме сақталынады және де көпшілігі ешқандайда механикалық өңдеусіз ақ , тікелей құрылыс салаларына қолданылады ( қиыршық тас, құм, саз және т.б) Осы материалдардың бәрі әдетте руда емес құрылыс материалдары деп аталады.

Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын үлкен екі топқа жіктеуге болады:



  1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және т.б. инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады;

  2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика,шыны, минералдық байланыстырушылар және т.б. материалдар мен бұйымдар) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар.

Әрине , жасанды материалдарын алу процесінде табиғи тау жыныстарының құрамы,құрылысы және физикалық – механикалық қасиеттері өзгеріске толық ұшырайды. Сонымен тау жыныстарынан алынатын материалдар мен бұйымдар құрылыс салаларында көп ғасырлық дәстүрлі материал ретінде кең қолданып, шығысының 20 -дай үлесін қамтиды.

Тау тас материалдарын , оларды өндіру технологиясының ерекшелігіне байланысты, үш топқа біріктеруге болады:



  1. Жекеленген қабырға тасы - арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау сілемінен кесіліп алынатын геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.

  2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары – алдын-ала тас сілемінен кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейін түрлі тәсілмен фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды бұйымдар;

  3. Руда емес материалдар – ұсақталған тас (щебень, қиыршық тас, құм).

Табиғат тау – тас материалдарын тануда тау жыныстар қасиеттерін, оларды құрамалайтын минералдарды білуден бастаған жөн.

Тау жыныстары деп - жер қыртысын құрастыратын құрамы тұрақтылау минералдық сілемді (массаны ) айтады.Тау жыныстарының жіктелу негіздері ретінде олардың тегін (генетикалық жіктелуін) алады.Тау жыныстарының химиялық – минералдық құрамы, кристалдық құрылысы және структурасы ең алдымен олардың пайда болу жағдайларына байланысты.Генетикалық жіктелу бойынша , тау жыныстары үш топқа бөлінеді: ақтарылғандар, шөгінділер және метаморфиялықтар.

Ақтарылған тау жыныстары терең жер астынан көтеріле құйылып, қатпаған магмадан жаратылған. Магманың әр алуан жағдайда салқындауына байланысты ақтарылған жыныстар ерекше құрылысымен және қасиеттерімен бір – біріне ерекшелінеді. Бір жағдайларда сұйық магма жер қабатының белгілі бір тереңдігінде біркелкі баяу қатайып, өзара тұтастана қалыптасқан кристалдық түйіршік структурасы бар тереңдік тау жыныстарын құрайды.

Екінші бір жағдайда магма жер бетіне қопарыла төгіліп, тездете салқындай қатайған. Осылайша төгінді тау жыныстары құралған. Әртүрлі жағдайда суыған бір магмадан тереңдік және төгіндік деп аталатын , химиялық құрамы бірдей ,бірақ бір бірінен структурасы және қасиеті бойынша айырмашылығы бар тау тас жыныстары жаратылған. Жанартау атқылаған кезде пайда болатын жыныстар төгіндік тау жыныстарының түрлесі болып саналады.Олар үлкен қысымдықпен магма атылған кезде майда түйіршіктерге ыдырай , ауада тез суып жерге сіңіп қатып қалған түрлі мөлшердегі түйіршіктер қалпында келіп түсуден пайда болған. Сондықтан , бұл жыныстар кеуекті бос және структурасы аморфты болады.



І .Ақтарылған магматикалық

тау жыныстары.
Тереңдіктер Қопарыла төгілгендіктер Жанартаулықтар


Гранит

Сиенит

Диорит

габрро

Ескілері

Кварц

Ортоклаз

Порфир

Порфорит

диабаз

Жаңалары

Липорит

Трахит

Андезит

базальт

Бостары

Жанартау күлі,

Жанартау құмы, пемза.

Біріктірілгендері

Жанартау туфы, туф. Лава.


Т а б и ғ и м ү ж і л у п р о ц е с і

Шөгіндік тау жыныстары құрылу сипатына және құрамына байланысты үш үлкен топқа жіктеледі ; механикалық (омыртылғандар), химиялық және органогендік шөгінділері.


ІІ- шөгінді тау жыныстары.



Омырылғандары

Химиялық шөгінділер

Органогендік

шөгінділер



Бостары.

Құм, гравий

саз

Біріктірілгендері:

Құмдықтар,

Конгломераттар,

брекчийлер

әк тастары,

доломиттер,

магнезиттер,

гипс және

ангдридтер

әк тастар,

бор, трепел,

диотомит



Ж ер қ ы р т ы с ы н ы ң ж е р г і л і к т і д е ф о р м а ц и я л а р ы.



Метаморфиялық тау жыныстары – ақтарылған ( магматикалық) немесе шөгіндік тау жыныстар бұзындыларының жоғарғы температурада және қысымдықта , сонымен қатар , кейде химиялық процестердің әсерімен де құрылысы- құрамының терең өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болған.

Метоморфизм грекше - тау жыныстарының структурасы мен құрамының өзгеру процесі мағынасында айтылады. Метаморфиялық тау жыныстарынан құрылыста кеңірек қолданылатындары гнейстер, мраморлар, саздық сланцтар, кварциттер.


ІІІ- метаморфиялық тау жыныстары



Гнейс

(граниттен)

Сланцтар

(саздан)

Мраморлар

(әк тастан және

Доломиттен)

Кварциттер

(құмдықтардан)

Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Метаморфиялық тау жыныстарға жататындар және метаморфиялық тау жыныстарынан құрылыста кеңірек қолданылатындары қандай?

  2. Шөгінді тау жыныстары дегеніміз не?

  3. Тау тас материалдары және оларды өндіру технологиясының ерекшелігіне байланысты, қандай топтарға жіктеуге болады?

  4. Минерал дегеніміз не?

8 дәріс.Тақырып: Термиялық өңдеумен алынған материалдар. Керамикалык бұйымдар.

Дәріс жоспары:



  1. Керамикалық материалдарға қолданылатын шикізаттар.

  2. Керамикалық бұйымдардың өндіру әдістері.

  3. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

Керамикалық материалдарды сары топырақты (глина) пішіндеп күйдіру арқылы алады. Құрылысына қарай керамикалық материалдарды кеуекті және тығыз деп бөледі. Қолданылуына байланысты: қабырғалық – кәдімгі кірпіш, кеуекті кірпіш және тастар, ірі блоктар мен панельдер; жабынға арналған – тастардан жасалған балкалар мен панельдер, сыртқы каптама (облицовка) үшін қабырғалар мен едендерге арналған тақталар, санитарлы-техникалық бұйымдар, шатырлар, канализацияға арналған кұбырлар Керамикалық материалдарды дайындауда шикізат көзі ретінде сары топырақ, кварцты кұм, шамот, шлак, ағаш ұнтағы пайдаланылады.

Сары топырақ – сумен араласқанда пластиналы қоспа түзетін, кептіргенде белгІлі пішінде болатын, күйдіргенде тастың тығыздығына теңесетін минералды масса немесе тау тілімінің бір түрі. .

Сары топырақтың пластикалығы деп белгілі пішінде жарылмай, ақаусыз түзіп, осы пішінді кептіру және күйдіруде сактауы. Бұл пластикалық коэффициенттермен сипатталады.



мұндағы, WТ, WР – ылғалдылық мәндері, %.

Пластикалығына байланысты сары топырақтар:

жоғары пластикалы (П=25),

орташа пластикалы (П=1З-25),

мөлшерлі пластикалы (П=7-15),

төмен пластикалы (П=7) болып жіктеледі.

Сары топырақтың кұрамында сары топырақ фракциясы неғұрлым көп болса, соғұрлым байланысы берік болады.


Байланыстырғыш қабілеттілігі-пластикалық емес материалдар бөлшектерін байланыстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін шикізатты карьерларды ашық әдіспен алады. Мұнда массаны пішіндеу бастапқы шикізаттың қасиеттеріне және дайындалатын өнімнің түріне байланысты жартылай құрғақ, пластикалы және шликерлі (сулы) әдістермен өңдейді.

Пластикалық әдісте кептіру негізгі әдістердің бірі болып табылады. Кептіру процесі материалдың жылу және масса алмасуының қоршаған ортамен байланысы. Технологиялық процестің соңғы сатысы – күйдіру табылады.

Қабырғалық керамикалық материалдар төмендегідей жіктеледі:

1. Бұйым түріне байланысты



а) керамикалық және силикат кірпіш

б) керамикалык, силикат, бетон тастар

в) керамикалык, силикат, бетон, ұсак блоктар.

2. Қолданылуына байланысты:



қатарлық және биіктік.

3.Пайдаланылатын шикізат түріне және бұйымның дайындалуына байланысты:

сары топырақ, диатомит, трепелден пластикалык;

жартылай құрғақ әдіспен нығыздалып дайындалған бұйым.

4. Технологиялық қасиеті мен тығыздығына байланысты:

а) жылу технологиялық қасиеттері мен жоғары тиімділіктері тығыздығы 1400 кг/м кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 тастар.

б) шартты тиімділіктері – кірпіштің тығыздығы 1400 кг/м3 жоғары, ал тастың тығыздығы 1450-1600 кг/м3 аралығы.
Арнайы мақсаттағы кірпіштер мен тастар бұл топқа канализациялық құрылымдар мен жол жабындарына арналған тастар меп кірпіштер жатады. Олардың беріктігі, тығыздығы, аязға төзімділігі жоғары болуы керек. Лекальды кірпіш өндірістік түтін құбырлар қалауға қолданылады. Олардың кызу температурасы 7000 С.

Канализациялық кұрылымдарға арналған тастардың тығыздығы жоғары болуға тиіс. канализациялық құбырларды отқа төзімді сары топырақтан дайындайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Керамикалық кірпішті иілімді әдіспен өндіру қалай жүреді?

  2. Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіру қалай жүреді?

  3. Пластикалық дәрежесіне байланысты сары топырақ қалай жіктеледі?

  4. Термиялық өңдеу процестері қалай жүреді?

9 дәріс.Тақырып: Бетондар. Ауыр және жеңіл бетондар.


Дәріс жоспары:

1. Бетондар және түрлері мен қасиеттері.

2. Ауыр және жеңіл бетон өндіруде қолданылатын шикізаттар.

3. Бетон қоспаларын дайындау жолдары.


Бетон - белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Бетон көлемінің басым көпшілігін - 85-95% дейін құм мен щебеннен тұратын толтырушылар құрайды. Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталынатын әр-түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынадай белгілері бойынша жіктелінеді : орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар түрімен. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа тығыздығына оның басты қасиеттері ( мықтылығы, аязға төзімділігі, су өткізбейтіндігі, жылуөткізгіштігі және т.б. ) байланысты.

Ораша тығыздығы бойынша бетондар өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне жіктеледі.

Қолдану салаларына байланысты - конструкциялық және арнаулы бетондар болып бөлінеді.



Ауыр бетон - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға қолданатын бетонның басты түрі.Қазіргі кезде көбінесе В20 кластағы бетондарды өте жиі қолданады. Келешекте бетонды тек жуылған және фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу керектігі қарастырылған. Мысалы, үш – төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы майда толтырушылар негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы жақсы, структурасы бір текті бетондар алынатындығында күмән жоқ. АҚШ , мысалы , 15 фракция түрлі толтырушылар шығарады. Шет елдерде көптеген ғимараттар үшін қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және бетон араласпасын дайындау деңгейі нәзік химиялық технология процестері деңгейінде ұйымдастырады.

90-шы жылдары маркасы 500 цементтер мен суперпластификаторларды қолдануға негізделген жоғары мықтылық бетондардың жаңа технологиясы өңделінген. Мықтылығы жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды және бұйымдарды құрылыс практикасында барынша кең қолдану үшін Қазақстан аймақтарының барлығында сапалы толтырушылар алуға жарайтын , қатты тау – тас жыныстары жетерліктей.

Жеңіл бетондар. Кеуекті толтырғыщтар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын жақсаруына және сондықтан да, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын азайтуға (жеңіл бетондарды пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50 ға азайту, демек үйді жылытуға кететін энергия шығынын 10-25 ға қысқарту) ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа , аязға, және жер сілкінуге төзімділігін асырады.

Жеңіл бетондардан жасалған қабырға конструкциялары қалыңдығы кірпіштен көтерілген сондай конструкцияларымен салыстырғанда 2 есе жұқа және энергия сыйымдылығы шамамен 1,3 рет кем. Жеңіл бетондар көптеп жасалынатын конструкциялар ( қабырға панельдері, жабын плиталар, арқалықтар және т.б.) жасауға және гидротехникалық ғимараттарда пайдаланады. Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырушылар өндіру тәсілдері бойынша жанартаулық табиғи және минералдық шикі қордан және өнеркәсіп өндіріс қалдықтарынан алынатын жасанды толтырушылары болып екі топқа жіктелінеді.Егер өндіріс қалдықтарына ұқыптылықпен қарайтын болсақ, олар әрі бағалы және әрі жартылай дайын материалдар болып саналады. Айталық күл және құмшлактық қалдықты бетондар араласпасын дайындағанда біршама цемент орнына қоспа ретінде пайдалануға жарамды. Оларды автомобиль жол құрылысында және ауыл шаруашылығында қолдану тиімді екені дәлелді. Бетон технологиясында, әсіресе, құрғақтай алынған күл тиімділеу. Көптеген зерттеулер нәтижелері және өндіріс практикасы бойынша құрғақтай алынған күлді 100-150кг\м3 мөлшерінде қолдану ауыр бетондарда 30-40 кг\м3 цемент үнемдеуге, бетон араласпасының технологиялық қасиетін жақсартуға, тығыздығын, су өткізбейтіндігін, сульфат тұрақтылығын асыруға және басқа да қасиетін жақсартуға әсерін тигізетіндігі, майда түйіршікті бетонда- мөлшері 50-70 кг\м3 цемент үнемдеуді, жеңіл бетондарда майда толтырушылар орнына қолдануды және біраз цемент үнемдеуді, ұялы бетондарда – ұнтақталған кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байланыстырушыларды үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген.Бұдан былайғы зерттеу жұмыстарының міндеті – күл түйіршігінің және гранулометриясының, оның химиялық активтігінің және химиялық құрамының (әсіресе, сілтілер мен органикалық қалдықтардың) бетон қасиеттеріне тигізетін әсерлерін тексеру болып табылады; күл қосылған бетон мәнгілігін бақылау.

№6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1.Бетондар қалай жіктеледі?

2. Бетонның негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?

3.Ұсақ және ірі толтырғыш ретінде қандай мөлшердегі толтырғыштарды қолданасыз?

4. Құмның гранулометриялық кұрамын және толық қалдықты қалай анықтайсыз?

5. Жоғары беріктікті жеңіл бетон алудың принципі неде?

6. Керамзитті бетонның кұрамы қалай анықталады?

7.Кеуекті толтырғыш негізінде кеуектелген жеңіл бетонның құрамы қалай жобаланады?

10 дәріс.Тақырып: ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІСІ
Дәрістің жоспары.

1. Құрылыс ерітіндісі туралы жалпы түсінік

2. Құрылыс ерітіндісінің жіктелуі.

3. Әртүрлі ерітінділердің қолданылуы.


1. Құрылыс ерітіндісі - байланыстырғыш зат, майда толтырғыш пен судан тұратын қоспаның қатаюы нәтижесінде алынады. Құрамы жағынан бетоннан ерітіндінің айырмашылығы толтырғыштың майда болуы, яғни майда дәнді бетон сияқты. Сондықтан бетонға қойылатын заңдылықтар ерітіндіге де қойылады. Қажетті жағдайларда оның құрамына әр-түрлі минералды, химиялық т.б. қоспалар қосылуы мүмкін.

Байланыстырғыш затты сумен араластырғанда лай құрайды. Қатаю процесінде байланыстырғыш зат толтырғыштардың дәндерін бір-бірімен жақсы біріктіріп, жасанды тассылак жасайды.

Байланыстырғыш затты құрылыс ерітіндісінін қолданылуына және қатаю режиміне байланысты алады. Байланыстырғыш зат есебінде цемент, әк және гипс пайдаланылады. Ерітінділер байланыстырғыштың бір түрінен дайындалса жай (цементті, әкті, гипсті), ал бірнеше байланыстырғыштың қосындысынан дайындалса - күрделі деп екіге бөлінеді (цемент-әкті, цемент-сазды, әк-гипсті т.б.). Ерітіндіні қолдануда екі түрлі жағдайды ескеру керек: қалыңдығы 1-2см болатындай жүқа қабат есебінде жасалады, арнайы механикалық нығыздау қолданылмайды. Ерітінді кеуекті табанға жайылады (кірпіш, бетон, жеңіл тастар кеуекті тау жыныстарынан жасалған блоктар).

Колданылу орнына қарай ерітінділер қалау жүмысына сондай-ақ сылау және арнайы жүмыстарға арналған.

Қалау ушін қолданылатын ерітінді іргетас, қабырға, бағана өргенде жөне іріблокты немесе іріпанельді элементтерді монтаждау жүмыстарында пайдаланылады.

Өңдеу үшін қолданылатын ерітінді сылақ жүмыстарында, конструкциялардың беттерін тегістеу үшін, декоративтік жүмыстарда пайдаланылады.

Арнаулы ерітінділер - инъекциялы ыстыққатөзімді, қыш-қылға төзімді, рентген сәулесінен қорғауыш пен акустика-лық түрлері конструкцияларға арнайы талаптар қойылған жағдайда қолданылады.

Толтырғыштың түріне байланысты ауыр жөне жеңіл ерітінділерге бөлінеді. Ерітінділердің ерекше айырмашылық-тары олардың қүрғақ кезіндегі орташа тығыздығына (1500 кг/м3) байланысты және қүрамындағы толтырғыштың түріне қарай ажыратады.

Байланыстыргыштар түріне қарай цементтік, әк және аралас ерітінділер болып жіктеледі. Конструкцияның пайдалану жайына қарай байланыстырғыш тандап алынады. Құрылыс ерітінділері автоматты жұмыс істейтін орталықтандырылған зауыттарда пайдаланылып, одан тиісті объектілерге жөнелтіледі. Егер объект зауыттан қашық жерде болса, онда күрғақ ерітінді қоспаларын жүмыс орнында су араластырып дайындайды. Құрғақ қоспаның ылғалдылығы массасы бойынша 1%-тен аспауы керек.
Тас қалайтын жөне панельдер мен күрделі блоктардан жасалған қабырғаларға қолданылатын ерітінділер.

Ерітінді қүрамы мен түрі есептік кернеулері мен қалаудың пайдалану жағдайына байланысты.

Өңдеу ерітінділері - сылақ жөне декоративті болып екіге бөлінеді. Индустриялықәдісті қолдануға мүмкіншілік болған жағдайда, бүл ерітінділерді қүрылыста ылғалды әдіспен қолданады. Кәдімгі сылақжүмысын жүргізу үшін цементті, әкті, цементті-әкті және өкті-гипсті ерітінділер пайдала-нылады.

Әк ерітіндісі жағылған бетпен жақсы жабысады және қор-шаған ортаның өзгеруіне байланысты температуралық және ылғалдығының арқасында көлемі аз езгереді. Әк ерітіндісі қүрылыстың ішкі бетін әктеуге қолданылады. Әк ерітіндісі баяу қатады және үзақ уақыт кебеді.

Цемент-әкті және цемент ерітіндісін тез қатайғыш берік және суға төзімді сылақтар алу үшін колданады. Аталған сылақты цокольді, карниз, парапет, сыртқы қабырғаларға және үнемі ылғал болатын конструкцияларды сылауға пайда-ланады.

Декоративті ерітінділер мен қүрамдар үйдің немесе ғимараттың қасбеті мен интерьерін безендіру сапасын жақсарту үшін қолданады. Кебінесе декоративті түсті ерітінділерді зауытта қабырға панельдері мен іріблоктардың сыртқы бетін өңдеу үшін пайдаланады.

Құрылыс қоспалары бейорганикалық заттар (цемент, известь, гипс, глина), ұсақ толықтырғыштар (құм, ұсақталған шлак, су және кажет болған жағдайда басқа да бейорганикалық және органикалық заттарды қосындысынан тұратын қоспа. Жаңа дайындалған күйінде кез келген кедір-бұдырлықты толтыру үшін жұқа қабатпен жабуға болады. Олар ерімейді, қатаяды, беріктігі жоғарылайды, соңында тасқа ұқсас материалға айналады. Құрылыс қоспаларын кірпіш қалау, әэрлеу, жөндеу және т.б. жұмыстарда пайдаланады.

Құрылыс қоспаларын орташа тығыздығы бойынша төмендегідей жіктейді: ауыр р=1500 кг/м3 және жеңіл р<1500 кг/м3. Құрамындағы заттардың түріне қарай: цементті, известті, гипсті және аралас болып жіктеледі. Қолданылуына байланысты гидроизоляциялық, талтопогенді, инъекционды қалау, әрлеу және т.б. Физикалык және механикалық қасиетіне байланысты, сығылудағы беріктігі бойынша 8 маркаға бөлінеді – 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200; суыққа төзімділік дәрежесіне қарай 9 маркаға – Ғ 10-нан Ғ 300-ге дейін жіктеледі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Құрылыс ерітіндісі дегеніміз не?

  2. Құрылыс қоспалары дегеніміз не?

3. Құрылыс ерітіндісі қалай жіктеледі?

4. Әртүрлі құрылыс ерітінділері мен қоспаларды құрылыста колданудың маңызы қандай?


11 дәріс.Тақырып: Жабынды және гидроизоляииялық материалдар. Герметиктер.

Дәрістің жоспары.

1. Жабынды және гидроизоляииялық материалдар туралы жалпы түсінік

2. Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың жіктелуі.

3. Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың қолданылуы.
Жабынды, гидроизоляциялық орамалы материалдар құрылыста берік және үзақ уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың беріктігі құрылыстың ұзақ уақытқа шыдауына әсер етеді. Жабын материалдар тек беріктілігімен ғана емес, сонымен қатар ауа түтқырлығына, су түрақтылығына ие болуы қажет. Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен мен су өткізбейтіндігі, химиялық тұрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.

Бүл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.

Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар келесі түрлеге бөлінеді: орамалы, табакты және даналы материалдар; Сырламалы мате-риалдар — мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстыргыш түріне байланысты - битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай-полимерлі болып бөлінеді.

Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізгі және негізсіз. Негізсіз материалдарды органикалық байланыстырғыштар, үнтақ және арнайы қоспалардан түра-тын күрдері қоспаларды термомеханикалық өңдеуден еткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан айналдырып төсем түрінде алады. Қүрылыста ең көп қолданылатыны бірінші түрдегі материалдар.

Орамалы материалдарды қүрылыс класына, климаттық жөне эксплуатациялық жағдайына, шатырдың еңістігіне байланысты бір қабат етіп, көбінесе монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан олар шатырлық кілем деп аталады.

Қолданылуына қарай орамалы материал екіге бөлінеді: жабынды және жабынсыз.

Шатырлық кілемнің жоғары қабатында қолданылатын жабынды материалдарды кеп жағдайда негізін органикалық байланыстырғышпен сіңіріп және екі беткі жағына қатты органикалық байланыстырғыш жағып оның бетіне толтырғыштар, антисептиктер мен басқа копоненттер сеуіп жасайды. Мүндай материалдың беткі қабаты атмосфералық әсерлерді өзіне алады.

Жабынсыз материалдар шатырлық кілем қүрамының ортанғы және астыңғы қабаттарына салынады және беткі жабын қабаты жоқ.

Негізі бар жабын материалдары.

Жұмсақ жабын көп бөлігін жабын картоны негізінде орамалы материалдардан жасайды.



Рубериод - мата түрінде, яғни жабын қатты қағаздың ені 1000,1025,1050 мм дайындалып жөне ауданы 7,5-15 м2болып оралып шығарылады. Бүл материалды жүмсақ битуммен қатты жабын қағазын сіңіру жөне соңынан екі жағынан қиын балқитын битуммен жағады. Қолданылу орнына, сыртқы бетіне себетін материалдың түріне және қатты жабын қағазына байланысты рубероид 14 маркаларға бөлінеді.

Толъ - рубероидқа үқсас материал, бірақ қатты жабын қағазды битуммен емес қарамаймен сіңіреді. Ол ірі түйіршікті себінділермен жабылады.

Орамалы жабынды материалдар.

Бүл материалдарды қатты қағаз негізінде емес, ондан да берік және шірімейтін негіздер - шынымата, шыныкілем, металды фольга негізінде дайындайды. Оларға шыны рубе-роид, шатырлы шыныкілем (шыны изол), гидрошыны изол, фольгоизол жатады.



Шыны рубероид пен шыны изолды шыны талшықты негізге битум-полимерлі немесе резина битумды, биотөзімді қатты битумды екі жағынан жагу арқылы алады. Жағылған байланыстырғыш қабатының қалыңдығы шыны негіздің қалыңдығынан үлкен. Сонынан оның бетіне де себулер жағылады. Оларды су көп ағатын жерлерде, жабысқақ және гидро-және буды изоляциялау үшін, ыстық және салқын мастикаларға жаюға қолданады.

Фольгоизол - жүқа кедір-бұдырлы немесе тегіс, қалыңдығы 0,08..0,3 мм алюминий фольгасының бір жағына қалыңдығы 0,8..4 мм болатындай битум-резиналы байланыс-тырғыш жағылып дайындалады.

Жабын емес орамалы материалдар.

Бұл материалдар орамалы жабынды материалдар сияқты, бірақ олардың бетіне себулер болмайды. Негізі есебінде қатты жабын қағаз немес асбесті картон қолданылады.

Жабын қатты қағазын мұнай битумымен сіңіру арқылы маркасы П-300 және П-350 пергамин деген материал, ал қара-май мен сіңірілсе ТГ-300 және ТГ-350 маркалы жабын емес толь алынады. Пергаминді рубериодттің астына, ал бу изоля-циялау үшін оларды ыстық мастикаға жайып салады.

Гидроизол - асбес картонын тотыққан мүнай битумымен сіңіріледі. Физикалық-механикалық қасиеттері бойынша гидроизолдың екі маркасы болады. Бүл материалдар жерасты қүрылғыларын жабыстырылмалы, гидроизоляциялау үшін, жалпақ жазықтық жабындыларда және метал қүбырларда коррозияға қарсы жабын дайындау қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар қалай жіктеледі?

  2. Негізі бар жабын материалдарын қалай өндіреді?

  3. Жабынды және гидроизоляииялық материалдарды құрылыста қолданудың қандай маңыздылықтары бар?


Дәріс №12. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар.

Дәріс жоспары.

  1. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар туралы жалпы түсінік

  2. Жылуизоляциялық материалдардың жіктелуі

  3. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы мен касиеттері

Ғимараттардың қоршау конструкцияларында, өндіріс және энергетикалық жабдықтау орындарында және жылу жүретін қүбырларда жылу сақтау үшін қолданылатын қүрылыс материалдарын жылу изоляциялық материалдар деп атайды.

Мүндай материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болып келеді (0,18 Вт/м-°С шамасында) және оның аз мөлшердегі тығыздығы (600 кг/м3-тен артық емес). Осындай жылуды өткізбей, оны сақтайтын материалдардың қолданылуы күрылыс саласындағы техникалық прогреске жатады. Халық шаруашылығындағы мүндай материалдардың қолданылуы энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға жәрдемін тигізеді.

Жылу изоляциялық материалдардың көмегі арқасында жеңіл қабырғалық панельдер жасалынады. Бұл жұмыстар құрылыс саласын индустрияландыру деңгейін көтеруге жағдай жасайды.

Жылу қондырғыларын, технологиялық аппараттар және жылу құбырларын изоляциалау үшін жылу изоляциялық материалдардың қолданылуы тиімді болып есептеледі. Азаматтық тұрғын үй құрылыстарында жылу изоляциалық жұмыстардың қолданылу үлесінің көлемі 1% шамасында, өндіріс құрылыстарында 1,8%-ға дейін көтерілді, электр станциялар және мұнай-химиялық объектілердің құрылыс жұмыстарында 2,5-3%-ке дейін көтерілді

Бұл кезде жылу изоляциялық материалдарды пайдалану арқылы жылуды жоғалтуды азайту арқылы отын шығынын азайтуға, технологиялық үрдістердің қарқынды өсуін жәнееңбектің өнімділігі мен жағдайын жақсартуына себеп жасайды. Сонымен қатар жылу изоляциялық материалдардың өртүрлі мүздатқыш қондырғыларда суықтың шығын-дарын төмендетудің маңызы жоғары. Өйткені жылуды алуға қарағанда, суықты алудың бірлік бағасы 20 есе қымбат.

Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі келесі формасына байланысты жүргізіледі: құрылымы, формасы, негізгі шикізаттардың түріне, тыгыздығы, қаттылыгы, жылу өткізгіштігі және жануы.

Жылу изоляциялық материалдардың негізгі сипаттамасы оның жылу өткізгіштігі болып табылады, оның шамасына қарай үш түрлі класқа бөлінеді:



аз жылу өткізгіштігі А класы (0,058 Вт/м- °С ден аз),

орташа жылу өткізгіш Б класы (0,058...0,116 Вт/м- °С),

жогары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м °С).

Жылу изоляциялық материалдар іс жүзінде өздерінің тығыздықтары бойынша ажыратылып сортталады. Барлық жылу изоляциялық материалдар өздерінің тығыздықтары бойынша (кг/м3):



ерекше жеңіл (ЕЖ), маркалары: 15,25,35,50,75, 100;

жеңіл (Ж)-маркалары: 125, 150, 175, 200, 250, 300;

ауыр (А)-400, 450, 500, 600 болып табылады.

Берілген шикізаттың түріне қарай жылу изоляциялық материалдар жіктеледі: бейорганикалық (минералды және шыны аралас мақта, кеуекті бетон). Бұлар асбест, керамикалық және басқа материалдар негізінде болып келеді.



Органикалық материалдарға (ағашталшықты және ағашұнтақтарынан жасалған плиталар, пластмассадан жасалған материалдар т.б.) жатады. Аралас материалдар бейорганикалық шикізаттардан тұрады (арболит, фибролит, т.б.).

Жылу изоляциялық материалдар пішіні және сыртқы түріне байланысты:



даналық (плиталар, блоктар, кірпіш, цилиндрлер, жартылай цилиндрлер, сегменттер), орамалы (беттер, тіліктер (полосы), маталар), баулы (баулы жгуттар),

сусымалы және бос (минералды мақта, шыны, перлит пен вермикулит) болып дайындалады.

Қаттылығына қарай (салыстырмалы қысу деформация-сына байланысты) меншікті күші 2 КПа жылу изоляциялық материалдар келесі топқа бөлінеді:



жұмсақ Ж (сығылым-дылығы (сжимаемость) 30%-тен астам),

жартылай қатты ЖҚ- 6-30%,

қатты Қ- 6%,

қаттылығы жоғары ҚЖ-10%-ке дейін (меншікті күші 4 кПа)

өте қатты- 10%-ке дейін (меншікті күші 10 КПа).

Пайдалану орнына қарай көдімгі қалыпты температуралық жағдайда болатын конструкцияларды изоляциалау үшін құрылыс жылу изоляциялық материалдар, ыстық беттерді изоляциалау үшін монтаждық жылу изоляциялық материалдар қолданылады. Минералды киіздер (войлок) беттер немесе рулонды болып минералды мақтадан жасалады. Тығыздығы 100-150кг/м3, ал жылуеткізгіштігі 0,046...0,052 Вт/(м-°С). Мине-ралды киізден жасалған беттерді кірпіш, бетон және ағаш үйлердің қабырғалары мен жабындарын жылыту үшін пайдаланылады (сурет 7.1).



Сурет 7.1. Минералды мақтадан жасалған жылуизоляциялық

материалдар. 1 - киіз; 2 -жартылай қатаң плита; 3 - қабықша;

4-тігілген маталар.Минералды маталар (маты) минералмақта негізінде кілемнен (ковер) жасалады. Оларды бір-бірімен битумдалған кағазбен, шыныматамен немесе металл тормен мықты жіппен немесе сыммен тігіледі. Маталардың үзындығы 500 см-ге, ал ені 150 см-ге дейін және қалыңдығы 10 см. Тығыз-дығы 100-120 кг/м3, ал жылуөткізгіштігі 0,046. ..0,058 Вт/(м-°С). Маталарды тұрғын және қоғам ғимараттарының қоршау конструкцияларын жылыту үшін қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Жылу изоляциялық материалдар деп қандай материалдарды айтамыз?

2.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы және қандай касиеттері бар?

3.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдарының құрылыс саласында алатын орны қандай?

4.Жылуизоляциялық материалдардар қалай жіктеледі?

13 дәріс.Тақырып: ІРГЕТАСТАР МЕН НЕГІЗДЕРДІ Ж0БАЛАУДЫҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



Жоспар

1. Үйлердің, ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалаудың жалпы ережелері

2. Іргетастар мен негіздерді жобалауға қажетті алғашқы мағлұматтар

3. Грунттардың физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері

4. Грунттардың есептік кедергісін анықтау

5. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын бағалау

6. Іргетастар мен негіздерді есептеу тәртібі
1. Профессор Б.И.Далматов іргетастар мен негіздерді жобалау барысында үш принципті ұстауды усынады:

Бірінші принцип. Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу.

Екінші принцип. Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндей бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруының қажеттілігін ескеру.

Үшінші принцип. Мынадай деректерге сүйене отырып, іргетастар мен негіздерді жобалауды комплексті /жинақты/ түрде шешу: а) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайлары; б) салынатын үйдің грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналаскан конструкцияларға /үйдің қаңқасына/ тигізетін әсерін бағалау; в) жер казу жүмыстарын жүргізу мен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.

Сөйтіп, іргетастар мен негіздерді жобалау ғылыми негізде шешуді қажет ететін күрделі инженерлік мәселелер қатарына жатады. Сон- дықтан мұндай жоба жүргізгенде бірнеше альтернативті варианттар қарастырылып, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы іргетастардьң ең тиімді конструкциясы таңдалынып алынады. Содан кейін қаланатын үйдің іргетастары астындағы грунтты негіздерімен коса есептелініп олардың табандарының қажетті өлшемдері анықталынады. Есептеу барысында салынатын үйлердің іргетастарының шөгуі оның мүмкін болатын шекті мәнінен төмен, іргетастардың грунтты негізі орнықты және олардың конструкциясы берік деген тұжырымдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Грунтты негіздердің сығылуына байланысты іргетастардың шөгуі көбінесе үйдің жер бетіндегі бөлігін /қаңқасын/ қисайтуға әкеп соғады. Сондықтан іргетастарды жобалауды олардың грунтты негіздерін екінші шекті күй /деформация/ бойынша есептеу арқылы жүргізеді.

Ерекше жағдайда іргетастардың негіздерін бірінші шекті күй /беріктігі, орнықтылығы/ бойынша есептеу қажет болуы мүмкін.

Өндірістік және азаматтық құрылыста салынатын үйлер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалауды құрылыс нормаларының /СНиП/ нүсқауларына сай жүргізеді. Бірақ та, сонымен қатар жергілікті табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін еекеретін нормативті және техникалың нүсқаулардың да қолданылуы мүмкін.

Іргетастың конструкциясын есептеу оның материалдарының қасиеттерін ескере отырып бірінші шекті күй /беріктік/ бойынша жүргізіледі.

Агрессивті ортада пайдаланкяатын темірбетоннан жасалған ірге- тастарды есептеу үшінші шекті күй /жарықшақтануға бекемдік/ бойынша жүргізіледі.

Жалпы іргетастарды жобалау кезінде олардың салу тереңдігін, табанының өлшемдерін , конструкциясының тиімді түрін анықтауға мән беріледі.


2. Іргетастар мен негіздерді есептеу және жобалау жумыстарына кірісердің алдында мынадай алғашкы мағлұматтарды білу қажет:

І. Салынатын құрылыс объектілері туралы мағлұматтар: үйлер мен ғимараттардың конструктивтік схемаларының ерекшеліктерін /жертөленің болуын, жакын орналасқан уйлердің әсерін т.б./ ескеру; іргетастардың әркелкі отыруының салынатын үйлерге тигізетін әсерін олардың қаңқаларының қатқылдығы аркылы бағалау; жобаланатын іргетастардың грунтты негіздерінің шөгуінің қүрылыс нормаларының талаптарына сай шекті мәндерін анықтау; құрылыс материалдары мен конструкцияларының сипаттамаларын білу т.б. .

ІІ. Құрылыс жүргізетін ауданның инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және климаттык жағдайлары туралы мағлұматтарды /4/ қара.

ІІІ. Іргетастар көтеретін жүктерді жинау және олардың есептік мәндерін аныктау.

Салынатын үйлер мен ғимараттардың бойынан түсетін түрлі жүк- терді іргетастардың табанының астына орналасқан грунтты негіздер көтереді. Әр жүктің өзіне тән сипатына байланысты грунттарға ти- гізетін әсері әр калай болуы мүмкін. Сондықтан іргетастар мен негіздерді есептеу жүргізерде оларға түсетін әртурлі жуктердің ең тиімсіз деген үйлесімін /жиынтығын/ анықтайды. Жүктерді жинау және олардың есептік мәндерін анықтау құрылыс нормаларының нусқаулары бойынша жүргізіледі.

Іргетастардың грунтты негіздерін екінші шекті күй /деформация/ бойынша есептеу үшін есептік жүктердің негізгі үйлесімі ескеріледі. Бұл жағдайда коэффициент Ϫf =1 деп алынады.

Іргетастардың негіздерін бірінші шекті күй /беріктігі, ор- нықтылығы/ бойынша есептегенде есептік жүктердің негізгі үйлесімі немесе қажет болған жағдайда есептік жүктердің ерекше үйлесімі eскеріледі. Есептік жүктерді анықтағанда жүк бойынша беріктік коэ­ффициент Ϫf мәні 1-ден жоғары болады.

Үйлер мен ғимараттардың бойындағы жүктерді жобаланатын іргетастардың жиегіне дейін жинайды. Бүл денгейден төмен орналасқан жүктерді, яғни іргетастар мен олардың үстінде жатқан грунттардың салмағынан түсетін күштерді қосымша есептеу барысында анықтайды.

Жалпы жобалау кезінде пайдаланатын жүктер мен грунттың және құрылыс материалдарының сипаттамаларын,шартты түрде,есептеу қай шекті күй бойынша жүргізілетін болса, сол күйдің индексін көрсету арқылы белгіленеді.
3. Құрылыс мақсатына пайдаланылатын грунттардың сапасын бағалау үшін олардың механикалық және механикалық қасиеттерінің сипаттамала­рын анықтайды.

Грунттардың негізгі физикалық сипаттамалары ретінде тәжірибе жүзінде үш көрсеткіш анықталынады — ρ, ρs, W.

Грунттың тығыздығы ρ, т/м3 - грунттың табиғи күйіндегі массасын оның көлеміне бөлгенге тең. Сан жағымен алғанда табиғи күйіндегі грунттың көлемінің біp өлшеміне сай келетін масса мөлшері. Грунттың тығыздығы оның кеуектілігіне және құрамына енетін мине- ралдық.органикалык заттарға, су мен ылғалға байланысты кең аралықта өзгеруі мүмкін. Мысалы, бұл көрсеткіш шым тезекте /торф/ немесе жоғары кеуекті борпылдақ грунттарда 0,8 ....1,4 т/м3 шамасында болса,тығыз саздақ, балшық грунттарда 2,0 ... 2,2 т/м3 дейін жетуі мүмкін. Яғни, бұл сипаттама грунттардың құрылысқа жарамдылығын бағалағанда, қажет болғанда салмағы мен көлемін есептегенде және олардың салмақ күшінен пайда болатын кернеулерді анықтағанда қолданылады.

Грунт түйіршігінің тығыздығы / ρs т/м3 / - грунттың қурғақ күйіндегі /су мен ылғалсыз/ массасын оның тек қана қатты /минералдық/ түйіршіктерінің көлеміне бөлгенге тең.

Сан жағымен алғанда грунттың түйіршіктерінің көлемінің бір өлшеміне келетін масса мөлшері. Орташа мәні сусымалы грунттар­да 2,65 т/м3, балшықты грунттарда 2,7 т/м3 шамасында болуы мүмкін. Бұл сипаттама грунттардың туынды көрсеткіштерін есептеп табуға пайдаланылады.

Грунттын ылғалдылығы / W / - грунт сынамасының көлеміндегі ылғалдың массасын сол көлемдегі қатты /кептірілген/ түйіршіктердің массасына бөлгенге тең. Сан жағымен алғанда грунттың кептірілген қүрғақ массасының бір өлшеміне келетін ылғал мөлшері.Оның шамасы грунттардың түріне, олардың түйіршікті құрамына байланысты өэгереді. Бұл сипаттама да грунттардың туынды көрсеткіштерін есептегенде және олардың қүрылыстық қасиеттерін жуықтап бағалау үшін қодданылады.

Жоғарыда көрсетілген үш сипаттамадан басқа лабораториялық тәжірибе жүргізу арқылы зерттелетін грунттардың мынадай қосымша көрсеткіштері анықталынады:

балшыңты грунттардың аңқьгштык; тегі WL деп,олардың иленгіш күйінен аққыш күйіне /немесе керісінше/ ауысуына сай келетін ылғалдық шамасын айтады;

балшықты грунттардың иленгіштік шегі WР деп олардың қатты күйінен /немесе керісінше/ иленгіш күйіне ауы­суына сай келетін ылғалдық шамасын айтады;

сусыма грунттардың түйіршікті /гранулометриялық/ құрамы деп, оның сынамасының көлеміндегі әр шамалы түйіршіктердің сыбағалы мөлшерін айтады. Бұл сипаттама ,әдетте, процент арқылы көрсетіледі;

Грунттардьщ су өткізгіштік фильтрация коэффициенті Кф.

Бұл көрсеткіштің шамасы грунттардың кеуектілігіне , түйіршік құрамына және қатты түйіршіктерінің арасындағы байланыстардың табиғатына , судың температурасына тгагы баска йактврларға тәуелді болады.

Грунттардың туынды көрсеткіштері формулалар бойынша есептеу арқылы табылады.

Грунттардың классифиісациялық көрсеткіштерін олардың қасиеттерінің табиғатының ерекшеліктеріне байланысты екі топка бөліп балшықты /иленгіш /және сусыма/ қарастырады.

Сусыма грунттардың классификациялық көрсеткіштері: грунттың түйіршікті /гранулометриялық/ құрамы. Бұл көрсеткіш арқылы сусыма грунттардың түрін анықтайды.

Үйлер мен ғимараттардың іргетастарын жобалау кезінде олардың негіздері ретінде пайдаланылатын грунттардың физикалық қасиеттерінің көрсеткіштерімен катар механикалық сипаттамаларын білу қажет.

Негізінде бұл сипаттамалар тәжірибе жүргізу арқылы /лабораторияда немесе далада/ анықталынады. Кей жағдайларда жуық есептеулерді кол- дану мүмкін болғанда нормаларда келтірілген кестелер бойынша қабылданады.

Грунттардың маханикалық қасиеттерінің көрсеткіштері: беріктік сипаттамалары /с ,φ/ , деформациялық сипаттамалары /Е, m0, mv/ су өткізгіштік сипаттамасы / Кф /.

Грунттардың беріктік сипаттамалары: С - ілініс күші; φ- ішкі үйкеліс бұрышы. Бұл көрсеткіштер түрлі үйлермен ғимараттар жобалағанда кенінен қолданылады, мысалы: грунттың беріктігін бағалауда , грунтты құламалармен іргетастардың негіздерінің , сүйеме қабырғалардың орнықтылығын анықтауда, іргетастардың табандарының өлшемдерін алдын ала жуықтап есептегенде т.б.

Грунттардын деформациялыц сипаттамалары: m0 – сығылу коэффициенті; mv- салыстырмалы сығылу коэффициенті; Е - деформация модулі. Бұл көрсеткіштер іргетастардың қауіпсіз жұмыс істеуіне сай өлшемдерін анықтау мақсатында жургізілетін деформациялық есептеулерде пайдаланылады, мысалы, жобада қабылданған іргетастардың грунтты негіздерінің шөгу шамасын анықтауда , суға шылқыған грунт­ты негіздерінің шөгуінің жылдамдығын есептеуде т.б.

Грунттардың су өткізгіштік сипаттамасы: Кф- фильтрация ко­эффициенті. Бұл көрсеткіш грунттың кеуектігіне, түйіршік құрамына тағы басқа қасиеттеріне байланысты оның су өткізгіштік қасиетін сипаттайды. Фильтрация коэффициенті су жинайтын скважиналар мен құдықтарға ағып келетін судың шығынын, суға шылқыған грунттардан тұратын іргетастар негіздерінің шөгу жылдамдығын есептеуге пайдаланады.
4. Іргетастардың табандарының өлшемдерін алғашқы рет жуықтап

аныктағанда олардан негіздерге түсетін қысымды көтергіш ңабатты ңүрайтын грунттьщ есептік. кедергісімен /R/ салыстырады. Өйткені егер негізге түсетін қысым іргетастың табанында жатңаи гручттың есептік кедергісінін тамасымен шектелсе, онда "грунт механикасының" "сызык деформацияланатын денелердің принципі" бойынша, іргетастар мен негіздерді екінші шекті күй /деформация/ арқылы есептеуге серпімділік теориясын қолдануға болады. Себебі мұндай кернеулік күйде іргетастың грунттардан тұратын негізінде пластикалық деформация тумайды, ал туса да олардың шамасы аз болып, тигізетін әсері болмайды.

Сөйтіп, грунттардың есептік кедергісі / R / олардың тағы да бір маңызды сипаттамалары болып табылады.

Айталмыш сипаттаманың жуық мәнін СНиП 2.02.01-83 бойынша грунттардың шартты есептік кедергісін /R0/ анықтау арқылы білу­ге болады. Сонымен қатар егер үйлер мен ғимараттардың негіздері тегіс жатқан берік грунт қабаттарынан тұратын болса, немесе үйлер мен ғимараттар III класқа жататын болса , онда нормалардың нұсқауы бойынша олардың іргетастарының табандарының өлшемдерін есептегенде R0 мәнін пайдаланумен шектелуге болады.



Грунттардың есептік кедергісін /R / олардың беріктік сипаттамаларын /С, φ/ қолдану арқылы СНиП бойынша формуламен есептеп табуға болады.
2.5. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайларын бағалау
Профессор Б.И.Далматов бойынша іргетастарды жобалаудың алдында мынадай мәселелерді пысықтап алу керек:

  • жергілікті құрылыстың тәжірибесін ескеру;

  • инженерлік-геологиялық іздестірулердің мәліметімен танысу;

  • әрбір грунт қабатының нормативтік және есептік сипаттамаларын анықтау;

2.6-кесте. Грунттардың шартты есептік кедергісі /R0/



іргетастардың негіздерінің шөгуін есептеу және оның даму, таралу

ерекшеліктерін бағалау бұл мағлұматтарды СНиП белгілеген шекті шамалармен салыстыру;

Жергілікті құрылыстың тәжірибесін ескеру: бұрын салынып пайдаланылуға берілген үйлердің грунтты ңегіздерінің шөгуін бақылаудың нәтижелері; аварияға, күйреуге немесе деформацияға ұшыраған құрылыстардың себептері; үйлердің іргетастарын көтерген және негіздерін дайындаған кезде байқалған ерекшеліктер т.б.. Мұндай бағалы мағлұматтардың салынатын үйлердің эффективті іргетастары мен негіздерін анықтап қолдануда маңызы зop.

Инженерлік іздестірулердің материалдары үйлердің, ғимараттардың іргетастары мен негіадерін жобалау үшін қажет алғашқы мағлұматтардың біpi болып саналады және бұл мәліметтер салынатын объектілердің орынын анықтағанда, құрылысты жүргізгенде пайдаланылады. Мұндай материалдар жүргізіліп болған инженерлік іздестірулердің есебі /мәліметі/ ретінде беріледі. Негізінде бұл мәліметтер құрылыс алаңдарының орынын таңдауға, салынатын үйлердің іргетастары мен негіздерінің ұтымды түрлерін және оларды орнатудың эффективті технологиясын анықтауға, қажет болса грунттардың сапасын жақсартудың тәсілдерін белгілеуге , пайдаланылатын сыртқы табиғи ортаны қорғаудың жолдарын көрсетуге қолданылады.

Инженерлік іздестірулердің мәліметтерінде мынадай мағлұматтар беріледі: алаңның геоморфологиясы /рельеф/; грунт қабаттарының табиғи күйіндегі орналасу ерекшеліктері /геологиялық карталар мен қималар/; геодинамикалық құбылыстар /жылжу, суффозия.жер сілкіну/; грунттардың физикалык-механикалык қасиеттерінің сипаттамалары; жер асты сулары туралы мағлұматтар т.б. .

Үйлер мен ғимараттардың іргетастарын жобалауды олардың негіздері ретінде қолданылатын грунт қабаттарының табиғи күйінде жату түрлерін анықтап бағалаудан бастайды.

Инженерлік іздестірулердің мәліметтерінде геологиялық карта­лар және оларда көрсетілген скважиналар арқылы жүргізілген тік геологиялық бағаналар мен қималар келтіріледі. Бұл мағлұматтар бойынша құрылыс алаңындағы грунт қабаттарының орналасу және жату ерекшеліктерін білуге болады.

Геологиялық кималар мен бағаналарда мынадай мағлұматтар беріледі: грунт қабаттары және олардың литологиялық сипаттамалары; грунттардың физикалық-механикалық көрсеткіштері; әр қабаттың қалыңдығы және беті мен табанының абсолюттік отметкалары /белгілері/; жер асты суларының көріну және тұрақтанған деңгейлерінің абсолют­ен отметкалары, т.б..

Іргетастардың негізі болып саналатын грунт қабаттарын олардың табиғи күйінде орналасуымен жатуына байланысты мынадай түрлерге бөледі:



біртекті негіз; қабатты негіз; күрделі негіз.

Біртекті негіз тек бір ғана грунт қабатынан тұрады. Қабатты негізді әртурлі қабаттардан тұратын грунттар құрайды. Күрделі негіз грунт қабаттарының күрт еңіс немесе қисық , әйтпесе , олардың бір-бірімен қилысып /сына,линза түрінде/ орналасуынан болуы мүмкін, яғни негіз құратын грунттардың қасиеттерінің онын көлеміндегі әртектілігімен түсіндіруге болады.

Мұндай негіздерді сипаттайтын мағлұматтарды іргетастарды жобалау кезінде мынадай мақсатта ескереді: салынатын үйлердің негізін құрайтын грунттардың шөгуінің абсолюттік шамасын анықтауға және олардың бірқалыпты дамымауын бағалауда; жер қазу және іргетас көтеру барысында жасалатын жүмыстарды белгілегенде; салынып пайдалануға берілген үйлерге қажет болғанда қосымша нұсқаулар беруге /мысалы, олардың шөгуін үзақ бақылауға алу т,б./.

Сонымен катар құрылыс алаңыңдағы жер асты сулары туралы мына­дай мағлұматтарға ерекше назар аударган жөн: грунт суларының жыл мезгілдеріне сай деңгейлерінің өзгеруі және олардың құрылыс материалдарына катысты агрессивті қасиеттері , жер қазу жұмыстарына тигізетін әсері /арын күші/ т.б..

Инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалауды грунт қабаттарының табиғи күйінде жатуының ерекшелігін анықтап, іргетастың негізін құрайтын грунттардың сапалық қасиетін бағалап, құрылыс алаңына салатын үйді орналастырудан бастайды. Грунт қабаттары көрсетілген тік геологиялық қимада үйдің астыңғы бөлігі мен іргетасын көрсетеді. Бұл қимада грунт суларының деңгейі де белгіленеді.


2,1-сурет. Табиги негіздердің түрлері:

а-біртекті негіз; ә,б -қабатты негіз; б,в-күрделі негіз
Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау үшін іргетастардың негізі ретінде пайдаланатын грунттарды олардың физикалық және механикалық қасиеттерінің сипаттамаларының шамасына қарай шартты түрде берік және осал деп бағалайды.
14 дәріс.Тақырып:. Іргетастар мен негіздерді есептеу тәртібі
Үйлер мен ғимараттардың жер асты бөлігін жобалауда іргетастардың салу тереңдігімен табандарының өлшемдерін дұрыс қабылдауға үлкен мән бepіледі. Бұл параметрлерді бір жолата қабылдап, жобаға енгізу үшін іргетастардың шөгуінің есептеп табылған мәні оның СНиП талап ететін шекті мәнінен аспау керек. Алғашқыда іргетастардың табандарының өлшемдерінің жуык мәнін негіздің көтергіш қабатына түсетін жүктерден туатын қысымды сол қабатты құрайтын грунттың есептік кедергісімен шектеу арқылы анықтайды. Грунттың і есептік кедергісін /R/ анықтау үшіи оның беріктік сипаттамаларын, іргетастың ені мен салу тереңдігін т.б. деректерді пайдаланады.

Сөйтіп, іргетастарды жобалау кезінде бір-біріне байланысы жоқ есептеулер жүргізуге тура келеді. Егер де есептеудің нәтижесінде СНиП 2.02.01-83 қоятын талаптардың болмағанда біреуі орындалмаса, онда іргетастардың табандарының өлшемдері мен салу тереңдігін өзгерте отырып есептеуді қайталайды. Мұндай есептеулерді ЭЕМ арқылы жүргізуге болады. Ол ушін есептеудің алгоритмін жасайды. Жалпы іргетастар мен негіздерді жобалау кезінде пайдалану үшін мынадай ұтымды есептеу тәртібі ұсынылады:

Жобалауға қажетті алғашқы мағлұматтармен танысу:

а) салынатын құрылыс обьектілері туралы деректерді жинап пысықтау;

ә) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық , гидрогеологиялық және климаттық жағдайларын бағалау;

б) грунттардың бірінші және екінші шекті күйлер бойынша есептеуге қажетті есептік сипаттамаларын қабылдау;

в) іргетастарға түсетін жүктерді жинау, олардың бірінші және екінші шекті күйлер арқылы есептеуге арналған есептік мәндерін анықтау.
2. Іргетастардың салу тереңдігін қабылдау.

3. Іргетастардың табанындағы грунттардың есептік кедергісін анықтау.

4. Негіздің бетіне үйлерден немесе ғимараттардан түсетін жүктерден туатын қысымның шамасын сол қысымды қабылдайтын грунттың есептік кедергісімен шектеу арқылы іргетастардың өлшемдерінің жуық мәнін табу.

5. Іргетастардың грунтты негіздерінің шөгуінің абсолюттік және орта мәнін, әркелкілігін есептеу, сонан соң бұл деректерді СНиП талап ететін шекті мәндермен салыстыру.

6. Егер де шөгудің есептеу арқылы табылған мәндері олардың СНиП-те көрсетілген шекті мәндерінен аспаса, онда іргетастың табандарының өлшемдері дұрыс деп табылады. Егер де керісінше айтылған мәндер шекті мәндерден асып кетсе, онда іргетастардың табандарының өлшемдерін, салу тереңдігін өзгерте отырып есептеуді СНиП талап ететін шарттар орындалғанша қайталайды.

7. Кажет жағдайда бірінші шекті күй /беріктік, орнықтылық/ бойынша қосымша есептеу жүргізілуі мүмкін.

8. Іргетастардың материалдарының беріктігін есептеу және біржолата конструкциясын қабылдау.


жүктеу 7,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау