Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Əуе көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет69/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
АСУ қаз

3.7 Əуе көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері
Əуе көлігінің басты артықшылығы – қатынастың жеделдігі, 
жер шарының барлық аумағын қамту. Бұл əуе көлігі мен 
телекоммуникацияның функцияларын жақындата түседі, бұл 
жерде ең бастысы – ақпаратты жəне оның жаратушысын – адам-
ды жеткізу. Сонымен бірге, əуетасымалдау тек ең құнды жəне же-
дел жүктердің – ғылым мен өнеркəсіптің ең білікті іс-əрекетінің 
өнімінің орнын ауыстыруын қамтамасыз етеді. 
Əуе көлігі кейінгі кезге дейін көбінесе жолаушылар тасы-
малдаудың мамандандырылған құралы ретінде дамыды. Ол 


219
барлық көлік түрінің əлемдік жүк айналымындағы көлемінің 
өте аз пайыздық үлесін құрайды. Бірақ та оның жедел жүктерді 
жеткізудегі рөлі бəсекелесуге жол бермейді, ал шексіз халықа-
ралық еңбек бөлінісі кезінде бұл зор маңызға ие бола түседі. 
Авиациялық жолаушылар көлігі алыс жəне өте алыс бағыт-
тарда барлық өзінің артықшылығын анықтады. 
Əуе көлігі өзінің тұрақты жəне қауіпсіз жұмыс істеуі үшін өте 
күрделі инфрақұрылымды қажет етеді. Бұл тек ұшу қауіпсізді-
гіне емес, сондай-ақ жолаушыларды қабылдауға, оларға қызмет 
көрсетілуін ұйымдастыруға қойылатын қатаң талаптарды негіз-
дейді. Əлемдің маңызы бар қазіргі заманғы аэропорттар – 
жабдықтың ең қазіргі заманғы түрлерімен жарақтандырылған, 
өте күрделі инженерлік-техникалық ғимараттар – бірінші ке-
зекте бұл ұшақтардың ұшуы мен қонуын үздіксіз бақылау 
мен реттеуге, аэропорттарға қызмет көрсету аймағында авиа-
лайнерлермен байланысты үзбей отыруға мүмкіндік беретін 
радио 
локация мен телекомму 
никацияның күшті жүйелеріне 
жатады. Авиалайнерлерді барлық қажеттімен қамтамасыз ету-
ге арналған жерүсті техникасы күрделілігі кем емес. Аэропорт-
тар өз инфрақұрылымында ғылым мен техниканың барлық ең 
жаңа жетістіктерін іске асырып отыр. Елімізде авиация – кө-
ліктің ең қымбат түрі, бірақ та ең жылдам түрі. Мыңдаған ки-
лометр алыс жəне көліктің басқа түрі жиі қатынай алмай-
тын Солтүстік, Сібір жəне Қиыр шығыс аудандары үшін 
авцациялық көлік маңызды рөль атқарады. Бүгінгі күнде ішкі 
əуе қатынасында жолаушылар тасымалдау үлесі жалпы жолау-
шы лар айналымының 0,5 %-ын, халықаралық əуе қатынасының 
40 %-ға жуығын құрайды. 
Жүктер (жылына 2 млн. т-ға жуық) мен жолаушыларды 
тасымалдағаннан басқа, азаматтық авиацияның ұшақтары мен 
тікұшақтары халық шаруашылығының əртүрлі саласында пай-
даланылады: аэрофото түсіру үшін, жобалау-іздеу жұмыстарын 
жүргізген кезде, ауыл шаруашылығында, өртті сөндірген кезде.
Əуе көлігінің техникалық базасын əуе кемелері, əуе трассала-
ры (жер үстіндегі əуе кеңістігінің барынша көп ені 20 км, барын-
ша аз ені – 6 юн), аэропорттар, аэро дромдар, əуе-жөндеу зауыт-
тары құрайды.


220
Аэропорт – жолаушыларға қызмет көрсету, поштаны, багаж-
ды қайта өңдеу үшін, əуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, 
олардың ұшуын қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар 
кешені. 
Аэропорттың негізгі элементтері аэродромдар, аэровок за л- 
дар, қызметтік-техникалық салу, аэродром жанындағы аумақ, 
ұшу алаңы (ұшып-қону жолағы, қауіпсіздіктің бүйір жақ жолағы, 
қауіпсіздіктің соңғы жолағы), қосалқы жолдар, əуе кемелерінің 
тұрақ орындары болып табылады. 
Əуе көлігіндегі қозғалыс Əуе кодексі мен Əуе кеңістігінде 
ұшу қағидасы негізінде орындалады. 
Аэропорттар аймақтарында жəне трассаларда əуе кемелерін 
басқару жүйелері үшін ақпаратты алғашқы өңдеудің қазіргі 
заманғы аппаратурасын (ААӨА) «Приор» ЖАҚ əзірлеген. 
Жүйе барлық ақпарат ағынынан ұшақтардан «белгілерді» бөлгі-
леуге мүмкіндік бере отырып, бірнеше радиолокаторлардан 
түскен ақпаратты қабылдайды, біріктіреді, өңдейді жəне сүзеді. 
ААӨА «Радиолокатор - Əуе Қозғалысы басқармасының автомат-
тандырылған жүйесі» (ƏҚБ АЖ) арнасында бірінші звеноны 
құрайды. Сигналдарды өңдеудің бейімделген алгоритмдері жаңа 
элементтік базаның жəне қазіргі заманғы технологиялардың 
қолданылуын болжайды. Сүзу алгоритмдерінің көп бөлігі «Ниен-
шанц-Автоматика» жеткізетін Industrial PC стандартын авто-
маттандырудың қазіргі заманғы құралдары базасында əмбебап 
құралдармен жүзеге асырылған. 
«Приор» ақпаратты алғашқы өңдеудің аппаратурасы (ААӨА) 
Бүгінгі күні жабдықтың осы типімен 40-қа жуық ƏҚБ 
аэродромдық жəне трассалық орталықтары жарақтандырылған: 
ƏҚБ Мəскеу орталығы, ƏҚБ Солтүстік Кавказ орталығы, Сол-
түстік Батыс аймағы, Тюмень өлкесі, Қиыр шығыс аймағы, Қа-
зақстан, Армения. Кубаға жүйелерді жеткізу басталуда.
Аэродромдық жəне трассалық радиолокациялық кешендер-
дің жабдығы құрамында жұмыс істеуге арналған (ста ционарлық 
жайларға немесе қозғалып жұмыс істемейтін жыл жымалы нысан-
дарға орнатыла алады). Ол төмендегілерді қамтамасыз етеді:
− 
бірінші жəне екінші радиолокаторлардан ақпарат өңдеу;
− 
жеке сызықтар бойынша немесе стандарттық модем арқылы 
тапсырыс берушімен келісілген кодограммаларда ақпарат беру. 


221
Негізгі функциялары:
− 
метеотүзілімдерден, РЛС амплитудалық арнасының жиын-
тық сигналынан бейнеленген сигналдарды бөлу жəне өңдеу;
− 
табиғи селқос кедергілер фонында бірінші арна бойынша 
мақсаттардан сигналдарды табу (образаралық өңдеуді, табудың 
бейімделген табалдырығын, бейімдеу құралдарын қолдану арқы-
лы) жəне Əуе Кемелерінің (ƏК) координаталарын анықтау; 
− 
НРЗ арналарының деректері бойынша ƏК координатала- 
рын табу жəне анықтау;
− 
ƏҚБ жəне RBS режимдерінде ВРЛ жауапты сигналдарын 
табу жəне қайта кодтау, ƏК координаталарын анықтау;
− 
координаталық, ұшу ақпаратын өңдеу жəне оның обра-
заралық өңдеу есебінен дұрыстығын арттыру;
− 
бірінші жəне екінші арналар бойынша алынған ақпаратты 
біріктіру;
− 
РЛС қолданылу аймағында барлық ƏК туралы ақпаратты 
сүйемеледуге жəне траекториялық өңдеуге енгізу.
ҚБМБА – құжаттау, бақылау, мультирадарлық сүйемелдеу ап-
паратурасы:
− 
ақпараттың кемінде төрт көзінің дəйекті порттар бойынша 
ақпараттың қабылдануын қамтамасыз етеді
− 
бірінші жəне екінші арналар бойынша ақпараттың бірік-
тірілуін қамтамасыз етеді; барлық келіп түсетін ақпарат кейін 
жаңғырту мүмкіндігімен жазылады;
− 
ұқсас жəне цифрлық ақпаратты бейнелеу бөлігінде «ПРИ-
ОР» ААӨА функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану; радио-
локациялық деректерді құжаттау мен жаңғырту ААӨА мен 
РЛС техникалық параметрлерінің бақылануын жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді;
− 
UNIX операциялық жүйесінің негізінде салынған ҚБМБА 
бағдарламалық жасақтамасы айналдыру жəне іске қосу бойын-
ша географиялық таратып берілген жəне синхронизациялан-
баған радиолокациялық сұлбалардан түскен радиолокациялық 
деректердің мультирадарлық өңделуін қарастырады. 
ААӨА сəулетіндегі жаңалықтар:
− 
Аппаратураны модульдік салу тапсырыс беруішінің қа-
рап шешуіне байланысты кез-келген конфигурацияда ААӨА 


222
жеткізілуін, немесе РЛЛ кезең-кезеңмен жарақтандырылуын 
орындауға мүмкіндік береді;
− 
қазіргі заманғы элементтік базаны пайдалану оның аппа-
раттық жəне бағдарламалық деңгейлерде конфигурациясын ал-
мас 
тыруға, УКД əртүрлі құралдарымен жəне АА (Азаматтық 
авиацияда) қолданылатын құралдармен жедел түйіндесуін қам-
тамасыз етеді.
Түйіндесу:
− 
ақпаратты өңдейді: 
− 
РЛС 1РЛ-139, 1РЛ-1 18, СКАЛА, ИРТЫШ, ЭКРАН-85ТК, 
ДРЛ7-СМ бірінші арналарының;
− 
ЭКРАН-85ТК, ДРЛ7-СМ екінші арналарының;
− 
КОРЕНЬ, РАДУГА;
− 
не жеке сызық бойынша, стандарттық телефон байланыс ка-
налдары бойынша модемдер арқылы тұтынушыға ақпарат береді;
− 
байланыс тізбектерінің тізімдемесі, сигналдар параметрлері, 
деректер кодограммалары жəне алгоритмдер түйіндесу хаттама-
ларында нақтыланады. 
Қазіргі күні бизнес-процестерді автоматтандыру коммерция-
лық компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің іс-əрекетінің 
тиімділігін арттыру үшін ең өзекті міндет болып табылады. 
ЕВФРАТ жүйесі оның ең аз күшпен жəне қысқа мерзімде ше-
шілуіне мүмкіндік береді. Бұған озық технологияларды пай-
далану есебінен қол жеткізіледі: Workfl ow механизмі, авто-
матты құжаттар өңдеудің шағын жүйесі, құжат мазмұнын 
тал 
даудың шағын жүйесі. Олардың көмегімен кертартпалыққа 
негізделген операциялардың орындалуын автоматтандыруға 
болады. Кертартпалыққа негізделген операциялар кез-келген 
бизнес-процестерден тұрады. Мұнымен олардың орындалуының 
жылдамдығы мен сапасын едəуір арттыруға болады. 
ЕВФРАТ жүйесінің көмегі арқылы бизнес-процестерді авто-
мат тандырудың негізі Workfl ow технологиясы болып табыла-
ды. Оның көмегі арқылы рет-жосықтық ережелер жинағына 
сай құжаттар, ақпарат немесе тапсырмалар бір қатысушыдан 
басқа қатысушыға берілетін, процестерді автоматтандыруға бо-
лады. Бұл батыс ұйымдары үшін тəн процес тəсіліне сəйкес, 
сондай-ақ елімізде кеңінен таралған дəстүрлі функционалдық 


223
тəсілге сəйкес кəсіпорынның іс-əрекетін ұйымдастыруға мүм-
кіндік береді. Процесс тəсілі функционалдық тəсіл кезінде 
болатын, күрделі иерархия 
лық құрылымдарды жеңілдетуге
оң тай ландыруға, ұйымның көбі несе тұтынушыға (клиентке не-
месе азаматқа) бейімделуіне, бөлімшелер арасында ақпараттың 
берілуін жеңілдетуге, сондай-ақ нақты бөлімдер немесе адамдар 
жауапкершілік артпайтын «бос орындардың» - операциялардың 
болуына мүмкіндік береді. Процесс тəсілінің ISO 9000 стан-
дартының сапа менеджменті жүйесінің міндетті талабы болып 
табылатынын атап өту қажет.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау