226
ОМ3
D
облыстарының
құрылуы жайлы тың
ақпарат бере білу
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі ӛткізу - жиынтық бағалаудың
нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы
оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы
негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін
критериалды жүйе бойынша бағалаудың ӛміршеңдігі мен ұтымдылығы
дәлелденіп отыр.
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі.
Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен
қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және
басқа тілдерді меңгеру - заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл
құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы ӛте зор.
Әдебиеттер:
1. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі
критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.
2. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное
пособие
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау» 55-бет, 107-бет
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кабденова А. К.,
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»
Петропавл қаласы Alima_kaz@mail.ru
Қазақстанда заманауи білімді дамытудың басым бағыттарының бірі - жеке
тұлғалық әлеуетті дамыту болып табылады. Әр адамның қабілетін ашу үшін
қолайлы жағдай құру педагогтердің біліктілігін үздіксіз арттыруға ауысуды
анықтайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың жеке тұлғалық
үдерістері мен нәтижелеріне ерекше назар берілген және білімнің барлық
деңгейінде білім беру траекторияларының нұсқалығы болжанған [1].
Тұлғаға бағытталғaн оқыту - бұл педaгогтің ӛзіндік даралығының
ерекшелігін ескеруді қарастыратын ең маңызды қағида. Бұл педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім үдерісіндегі
жағдайын айқындайды. Педагогтердің біліктілігін арттыру үдерісін жетілдіру
кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін тиісті шарттар құруды талaп етеді. Ол
маманның кәсіби қызметін тиімді орындауға қабілеттілігі мен даярлығын