219
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ - БІЛІМ САПАСЫН
КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ
Жайлаубаева Алия Курбаналиевна,
Таскараева Қалбибі Ахметовна,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ-ң филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ
аға оқытушылары, Шымкент қаласы, aliya_ja@mail.ru
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Білім - адам баласының ортақ қазынасы.
Ж. Баласағұн
Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды
дамып келе жатқан заманда ӛмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай ӛзін -
ӛзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті
және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі
жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі,
оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен ӛлшенеді.
Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті
де кең болмақ.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен сындарлы саясаттар, ӛзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог
қауымының ойлауына, ӛткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы
толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары
анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру
жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болса, ал қазір
әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім
беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі ӛзекті мәселелердің бірі. Мұғалімнің
негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану
керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып,
ӛздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне осы мұғалімнің іс-
әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім
менеджер ретінде болуға тиісті.[1]
Жалпы алғанда, «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова
«Құзырлылық ұғымы -соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның
субьектілік тәжірибесіне ерекше кӛңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған
ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала
бойынша жан -жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да
бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді»
деп кӛрсетеді.