57
Жаттығулар
1. Модулі 2 бойынша қосыңыз:
- екілік сандарды 10101100 мен 11001010;
- ондық сандарды 15 пен 10;
- он алтылық сандарды 0В5 пен 37.
Ескерту: ондық және он алтылық сандарды алдымен екілік түрге айналдыру қажет.
2. Модулі 2
8
бойынша қосыңыз:
- екілік сандарды 10101100 мен 11001010;
- ондық сандарды 155 пен 100;
- он алтылық сандарды 0В5 пен 37.
Ескерту: ондық сандарды алдымен екілік түрге айналдыру қажет.
3. Циклдық ығысу операцияны орындаңыз:
- екілік сан 10101100 үшін солға қарай 5 разрядқа;
- он алтылық сан 9Е үшін оңға қарай 4 разрядқа;
- он алтылық сан 55 үшін оңға қарай 2 разрядқа;
Ескерту: он алтылық сандарды алдымен екілік түрге айналдыру қажет.
5
ДЕРЕКТЕРДІ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУ
ГОСТ 28147-89 АЛГОРИТМЫ
Бұл бөлімде ресей блокты шифрлау алгоритмы сипатталған. Бөлімде ГОСТ 28147-
89 алгоритмның құрылымы және деректерді шифрлау тәртіптері толық қарастырылады.
Бөлім мақсаты: блокты шифрлау ГОСТ 28147-89 алгоритмды зерттеу.
5.1 Негізгі мәліметтер
Ресейде жабық кілті бар блокты шифрлау алгоритмның стандарты ретінде 1989
жылы ГОСТ 28147-89 қабылданған болатын. Оның пайдалануы деректерді
криптографиялық қорғау үшін ұсынылады. Шифр принциптері американдық DES-қа
ұқсайды, бірақ оған қарағанда бағдарламалық жүзеге асурыға ыңғайлылау.
Американдық DES-қа қарағанда ГОСТ-ң кілті ұзынырақ - 256 бит. Одан басқа,
ресей стандарты шифрлаудын 32 раундын пайдаланады, ал DES-та – тек 16 ғана.
Сонымен, деректерді криптографиялық түрлендіру ГОСТ 28147-89 алгоритмның
негізгі параметрлері келесі: блок өлшемі 64 бит, кілт мөлшері - 256 бит, раундтар саны –
32.
Алгоритм классикалық Фейштель желісі болып табылады. Шифрланатын деректер
блогы екі бірдей бөлшекке бөлінеді, оң жаққа
R және сол жаққа
L. Оң жағы раундтын
қосалқы кілтімен қосылады және кейбір алгоритм бойынша сол жағын шифрлайды. Келесі
раунд алдында сол жағы және оң жағы орындарын айырбастайды. Осындай құрылым
блокты шифрлау үшін де дешифрлау үшін де бірдей алгоритмды пайдалануына мүмкіндік
береді. Шифрлау алгоритмда келесі операциялар пайдаланылады:
- модулі 2
32
бойынша сөздерді қосу;
- сөзді көрсетілген бит санына солға қарай циклдық ығысу;
- модулі 2 бойынша бит бойы қосу;
- кесте арқылы ауыстыру.