Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет15/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60

 
43 
– компастың  0-180
0
  диаметрін,  яғни  «оңтүстіктен  солтүстікке 
қарай» бағытты шынайы меридианның (шығыстағы немесе  батыстағы) 
бойымен беттестіреді; 
– картаның  жазықтық  қалпын  сақтай  отыра,  арретир  (бекітуші 
бұранда)  босатылған  соң  картаны  компас  тілінің  солтүстік  ұшы 
магниттік септеу δ бұрышымен дәлме-дәл келгенше ақырын айналдырсақ 
– бұл сәт бағдарлану әрекетінің аяқталғаны болады. 
– Сонымен,  бұл  тәсілде  бұрыннан  белгілі  А=А  m  +  (δ) 
кейіптемесінің қолданылғанына куә болып отырмыз. 
3.  Біліктік  меридиан  (Х  білігі)  бағыты  бойынша  бағдарлауда 
алдыңғы  тәсілдегідей  әрекеттер орындалады, бірақ  мұнда компастың 
0-180
0
  диаметрі  қайсыбір  Х  білігімен  беттескен  соң  картаны  компас 
тілінің солтүстік ұшы 
П = [(δ) - (γ)] (магниттік азимутқа енгізілетін түзету) бұрышымен 
дәлме-дәл келгенше айналдырады. Онда бұл сәт бағдарлау іс-әрекетінің 
орындалғаны  болады.  Мұнда  бұрыннан  белгілі  α  =  А  m  +  [(δ)  -  (γ)] 
кейіптемесінің қолданғандығына көз жеткізіп отырмыз. 
Бақылау сұрақтары: 
Жер  шары  бетіндегі  нүктеден  бағдарлау  бағыттары  қандай 
меридиандарадн өтеді?  
Азимут дегеніміз не? Оны қалай анықтайды? 
Жер телімін бағдарлау не үшін қажет? 
 
10. Топографиялық түсірілім 
Топографиялық  түсірілім  -  жер  беті  бөлікшесінің  жергілікті 
заттары  мен  бедерін  шартты  белгілермен  қағазда  белгіленген 
масштабта  бейнелеу  мақсатымен  жүргізілетін  далалық  және 
камералық  жұмыстар  кешені.  Топографиялық  түсіріс  ортогональді 
проекцияда  1:100  000  және  одан  ірірек  масштабтарда  жасалады. 
Мемлекеттік  геодезиялық  пландық  және  биіктік  тораптар  пункттері 
Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.  
Топографиялық түсірілімге қамтылатын шаралар:  
– түсіру торабын құру; 
– геодезиялық  пункттерден  және  түсіру  желісі  нүктелерінен 
жергілікті  жердегі  заттардың  орындарын  анықтау  және  оларды 
шартты  белгілермен  планшетке  түсіру  масштабына  сәйкес 
дәлдікпен және толықтығымен салу;  
– жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу;  
– картада  көрсетілетін  жергілікті  жердегі  кейбір  нысандардың 
сипаттамаларын: құдықтар, ағаштар белгілеу 


 
44 
Топографиялық  түсіріс  аэрофототопографиялық,  мензулалық 
және  фототеодолиттік  түрлерге  бөлінеді.  Аэрофототопографиялық 
түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық 
аспаптарда  камералық жағдайда  орындалады.  Топографиялық  түсіріс 
нәтижелерінің  планшеттері  түсіріс  масштабында  шығарылатын 
топографиялық  карталарды  жасаудың  түпнұсқасы  немесе  ұсақ 
масштабтағы  картаны  жасау  үшін  негізгі  материал  болады. 
Инженерлік  құрылыстар  үшін  орындалатын  тахеометриялық  және 
теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.  
Топографиялық  түсіру  (Топографическая  съемка)  –  жергілікті 
жердің  жоспары  мен  топографиялық  картасын  жасау  кезіндегі 
орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің 
жоспарлы  және  биіктік  қалпын  анықтау);  егжей-тегжейлі  түсіру 
(жергілікті  жердің  элементтері  мен  объектілерінің  жоспарлы  қалпы 
мен  биіктігін  анықтау,  жергілікті  жер  объектілерінің  өз  атауларын, 
олардың  сандық  және  сапалық.  сипаттарын  белгілеу,  топографиялық 
шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.  
 
10.1
  
Топографиялық түсірілім аспаптары мен құралдар 
Астрономиялық-геодезиялық  және  нивелирлік  торларды  құру 
кезінде, жердің топографиялық пландары мен карталарын жасағанда, 
инженерлік  құрылысты  салғанда  және  пайдаланғанда  жасалатын 
геодезиялық  өлшеулерді  орындау  үшін  қолданылады.  Жер  бетінде 
Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдар көмегімен 
сызықтық,  бұрыштық  және  биіктік  өлшеулер  жүргізіледі,  осыған 
байланысты  олар  қашықтық,  бұрыш,  бағыт  және  биіктік  өлшегіш 
аспаптары болып топтастырылады.  
Ұзындықты анықтау үшін:  

 
тікелей әдіспен  

 
жанама әдістермен өлшейтін аспаптар қолданылады.  
Тікелей  өлшейтін  аспаптарға  ұзындығы  20,  24  және  50  м 
болатын өлшеу ленталары жатады. Олар:  

 
штрихты (маркалары ЛЗ-20, ЛЗ-24, ЛЗ-50)  

 
шкалалы (маркалары ЛЗШ-20, ЛЗШ-24, ЛЗШ-50) болып бөлінеді. 
Бұлардың өлшеу дәлдіктері 1:1000 – 1:10000-ға дейін болады. 
Сондай-ақ, бұл топқа: 

 
болат рулеткалар (ұз. 10, 20, 30, 50 және 100 м; өлшеу дәлдігі 
1:50000 және одан да жоғары), 

 
таспа рулеткалар (5, 10 және 20 м; 1:500 – 1:1000),  

 
өлшегіш  болат  сымдар  (24  және  48  м;  1:30000  –  1:1000000) 
жатады. 


 
45 
Жанама әдіспен өлшейтін аспаптарға, геометриялық арақатынас 
принципіне негізделген аспаптарға оптикалық қашықтық өлшегіштер 
(маркалары Д-2, ДНР-8, ДН-8) жатады. Қашықтық өлшегіштің құрамына 
арнаулы  рейкалар  да  кіреді.  Электромагниттік  толқынның  таралу 
уақытын  электрондық  өлшеуге  негізделген  аспаптар  электрофизикалық 
аспаптарды құрайды.  
Электромагниттік толқынның түріне байланысты аспаптар: 

 
жарық қашықтық өлшегіш  

 
радио қашықтық өлшегіш болып бөлінеді. 
Жарық  қашықтық  өлшегіштер  жоғары  триангуляция  мен 
полигонометрия  торларында  базистік  қабырғаларды  өлшеуге  арналған. 
Олар инженерлік геодезия мен маркшейдерлік жұмыстарда қолданылады. 
Радиоқашықтық  өлшегіштер  кез  келген  метереологиялық 
жағдайда  қолданылады.  Қазіргі  кезде  триангуляция  торларының 
қабырғаларын  өлшеу  РДВГ  мен  “Луч”  радио  қашықтық  өлшегіш 
аспаптарымен  орындалады  (өлшеу  ұз.  30-40  км,  дәлдігі  1:200000  – 
1:300000). 
Бұрыш  өлшегіш  аспаптар:  жер  бетіндегі  горизонталь  мен 
вертикаль бұрыштарды, бағыт бұрыштарын өлшеуге арналған. Алғашқы 
бұрыш өлшегіш аспаптар 17 ғасырда пайда болды. Сол кезден бастап 
Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдарда: 

 
көру дүрбісі (1608),  

 
микроскоп (1609),  

 
верньер (1631),  

 
деңгейлеуіш (1660)  

 
жіптік тор (1670) тәрізді тетіктер қолданыла бастады. 
Осы  тетіктерді  біріктіру  нәтижесінде  1783  ж.  Дж.  Рамсден 
тұңғыш рет теодолит аспабын жасады. Қазіргі жасалатын теодолиттер 
дәлдігіне,  санақ  құрыл-ғысының  түріне,  горизонталь  дөңгелектің 
вертикаль өсінің конструкциялық жүйесіне және қызметіне байланысты 
топтастырылады. 
Теодолиттер дәлдігіне байланысты: 

 
жоғары дәлдікті  

 
техникалық болып,  
Санақ құрылғысына байланысты: 

 
верньерлік  

 
оптикалық болып бөлінеді.  
Қазіргі уақытта тек оптикалық санақ құрылғысы (микроскоп) бар 
теодолиттер (Т2, Т5, Т15, Т30, 2Т30) құрылды.  


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау