Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет14/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60

 
40 
Дирекциялық бұрыш (Т)  – координаттар торының вертикальді 
сызығының  солтүстік  бағытынан  берілген  нүктеге  шейін  сағат  тілі 
бойымен өлшенген бағыт бұрышы. 
Румб(Я) – ең жақын меридиан бағытынан берілген нүктеге шейін 
алынған  бағыт  бұрышы.  Бағыттардың  орналасуына  қарай  оған 
ширегіне сайкес атау беріледі. СШ, ОШ, ОБ, СБ. 
 
4-сурет. Дирекциялық бұрыш      5- сурет. Румб
 
   
 
 
Бағдарлаушы  бұрыштардың  өзара  байланыстылығы  магниттік 
есептеу  δ  және  меридиандардың  жақындасуы  бұрыштары  арқылы 
айқындалады  Қосымшада  келтірілген  магниттік  септеу  δ  мен 
меридиандардың жақындасуы ν бұрыштарының әсерін геометриялық 
талдау  бағдарлаушы бұрыштардың  А,  Аm  және  α  арасында  мынадай 
өзара тәуелділіктерді туғызады: 
 
    А=A m + (δ),          (1) 
және 
    А= α + (γ).            (2) 
Бұлардан 
    А m +(δ) = α + (γ) 
онда 
α= А m + [(δ) - (γ)]          (3) 
 
Жер телімін бағдарлау – бұл бақылаушы өзінің тұрған орнынан 
(Тұрақ  нүктесінен)  көкжиек  тұстарына  қатысты  бағыттарды  танып 
білу.  Бұндай  бағдарлау,  компас  немесе  карта  болмаған  жағдайда 
Темірғазық  жұлдызы,  күн  шуағы,  жергілікті  заттың  нышаны  және 
көлеңке төбесінің ауысуы бойынша бағдарлау тәсілдерімен орындалады. 


 
41 
1-тәсіл.  Шынайы  меридиан  бағытын  темірқазық  жұлдызы 
бойынша анықтау. 
Темірқазық  жұлдызы  тәулік  ішінде  шынайы  үйек  төңірегінде 
шыр  айналып,  шынайы  меридианды  екі  рет  қиып  өтеді  екен.  Осы 
құбылысты  бақылауда  Темірқазық  жұлдызының  Үлкен  жеті 
қарақшының  сол  жақтағы  ζ  (дзэта)  жұлдызымен  зілмауырлық  түзу 
бойында тұтасуын күту қажет. Осылайша табылған зілмауырлық түзу 
қалпының жер телімінде сырықтаумен белгіленуі шынайы меридианның 
бағыты болмақ. Дәлдігі – бірнеше минут. 
2-тәсіл.  Күн  шуағы  бойынша  бағдарлау.  Солтүстік  жарты  шарда 
Күн  сайын  15
0
-қа  «жылжып»,  декреттік  уақыт  бойынша  сағат  7-де 
шығыста, сағат 13-те – оңтүстікте, сағат 19 да – батыста болады. Күн 
және сағат циферблаты көмегімен бағдарлау былайша атқарылады: 
– сағатты  горизонталь  қалпына  келтіріп,  сағаттық  циферблатты 
(айтарлық, сағат 4 делік) Күнге қарай бағыттайды; 
– сағаттық  циферблат  «4»  (үзік  сызық)  пен  сағат  «1»  (сағат  тілі 
сызығы) арасындағы орталық бұрыш айқындалады; 
– орталық  бұрыш  биссектриса  бағытымен  қақ  бөлінсе,  онда  осы 
бағыттың  оңтүстік  үйекті,  ал  бұған  қарама-қарсы  бағыт-солтүстік 
үйекті көрсетуі болады. 
3-тәсіл.  Жергілікті  зат  нышандарының  жиынтығы  Күн  шуағына 
қатысты  көкжиек  тұстарын  жуық  шамамен  көрсетіп  тұрады  екен. 
Мысалы, құмырсқа илеуінің жатық және тіке беткейінің ағаш немесе 
бұта  діңінің  оң  немесе  сол  жағынан  орналасуы  беткейдің  тиісінше 
оңтүстікке немесе солтүстікке қарай бағытталғанын көрсетеді. 
4-тәсіл. Көлеңке төбесінің ауысуы бойынша бағдарлау. Күн шуақта 
жазық  жер  бетінде  бекітілген  жергілікті  заттың  (бағана,  сырғауыл) 
биіктігінен  пайда  болатын  көлеңкенің  төбелерін  бақылау  арқылы 
былайша орындалады: 
– дәл  осы  мезеттегі,  сосын  20  минут  өткеннен  кейінгі  пайда 
болған көлеңкелердің төбелерін жер бетінде нүктелейді; 
– төбелік  нүктелердің  аралығы  қақ  бөліп  перпендикуляр 
тұрғызылса, онда оның жергілікті затқа қарай бағыты солтүстік үйек 
тұсын,  ал  бұған  қарама-қарсы  бағыт  оңтүстік  үйек  тұсын  көрсететін 
болады. 
Көкжиек  тұстарын  адамның  қатысуымен  құрылған  обьектілер 
бойынша  болжауға  болады:  мысалы,  орман  жолының  солтүстіктен 
оңтүстікке  және  батыстан  шығысқа,  сондай-ақ  шіркеу  алтарының 
шығысқа қарай бағытталып саналады. 
Жер телімінің ойлы-қырлы, орман-тоғайлы болып келуі, көз көрерлік 
нышандардың  болмауы  (әсіресе  түн  ішінде)  сияқты  жағдайларда 


 
42 
бағдарлау  іс-әрекеті    азимут  бойынша  жол  жүру  арқылы  былайша 
орындалады: 
– карта  немесе  карта-схема  бетінде  маршрут  желісін  алдын-ала 
зерделеп  белгілейді  де,  бұрылу  нүктелеріндегі  нысаналарды  таңдап, 
түзу сызықты кесінділердің ұзындықтарын және бұрылу бұрыштарын 
өлшейді; бұрылулар жолдар қиылысы, байланыс және электр желілері, 
өзен  жағалаулары  мен    суқоймалары  маңындағы  құрылыстар  және 
басқадай  ғимарататтарда  жақын  орналасқан  болу  керек;  өлшенген 
қашықтықтар  карта  және  адымдар  масштабында  берілуі  керек  яғни 
метр және адымдар саны есебімен; 
– маршрут  кескінділерінің  1-2,  2-3,  3-4,  4-1  дирекциондық 
бұрыштары  α  магниттік  азимутқа  келтіріледі    А  m  =  α  -  [(δ)  -  (γ)]  , 
мұнда  δ  және  γ  магниттік  септеу    және  меридиандардың  жақындасу 
бұрыштары.  Егер  [(δ)  -  (γ)]  <  1
0
  болса,  оны  ескермеуге  болады; 
қашықтықтар  мен  магниттік  азимуттардың  мәндері  карта-схемада 
маршрут кескінділеріне маңайлас жазылып тұруы керек; 
– компасты маршруттың бастапқы нүктесінде (нүкте 1) жұмыстық 
қалпына  келтіріп,  магнит  тілінің  көрсеткіші  (А  m  =  100
0
)  бағыты 
бойынша  480  пар  адым  жасап,  маршруттың  екінші  нүктесіне  тап 
болады.  Осы  тәріздес  іс-әрекеттер  арқылы  маршруттың  3-ші  және  4-
ші нүктелері табылады. 
Жол – жөнекей маршрут бойында оң және сол жақтан орналасқан 
жер әлпеті (заттар мен тұлғалар) түсірімделіп отырады. 
Картаны  бағдарлау  дегеніміз  –  оның  жазықтық  қалпын  сақтай 
отыра, карта бетіндегі қайсыбір бағыттаушы сызықты жер теліміндегі 
осындай сызықтың бойымен паралель қылу немесе беттестіру. Оның 
үш тәсілі бар: жер теліміндегі заттар бойынша, шынайы (географиялық) 
меридиан  және  біліктік  меридиан  (Х  білігі)  бағыттары  бойынша. 
Кейінгі екі тәсіл компас немесе буссоль аспаптарының көмегімен іске 
асады. 
1.  Жер  теліміндегі  заттар,  мысалы,  жолдың  бағыты  бойынша 
бағдарлау. Бұл үшін: 
– тысқа  шығып,  жол  үстінде  карта  –  планшетті  жазықтық 
қалпына  келтіріп,  оның  бетіндегі  жолдың  бағыттаушы  сызығымен 
нысаналық сызғышты (визирная линейка) жанастырады; 
– карта-планшетті осы қалпында нысаналық сызғыштың бойымен 
қоса  көздеп  жолдың  бағытымен  беттескенше  ақырын  айналдырсақ  – 
бұл бағдарлану әрекетінің аяқталғаны болады. 
2. Шынайы меридиан бағыты бойынша бағдарлау үшін: 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау